НОРМА ЖӘНЕ ВАРИАНТТЫЛЫҚ Тіл біліміндегі вариант, варианттылық терминдерінің бе-
ретін мағынасы «ұқсас тілдік бірліктердің (единицалардың)
жа-рыспа қатарлары» деген жалпы ұғыммен ұштасып
жатқанымен, өзіндік ерекшеліктері бар. Әсіресе «тіл
мәдениеті», «әдеби норма» дегендерге қабыстыра
қолданғанда, вариант сөзін «жарыспа элемент (сөз, тұлға,
олардың жазылуы, айтылуы)» деген жалпы мағынада да
қолдануға болатындығын, сонымен қатар шектеулі (қатаң)
терминдік мән беріп жұмсау керектігін де айтамыз.
Тілдік құбылыстарды зерттеуші маман-теоретиктердің
пайымдауынша, варианттылық жалпы тілге, тілдік жүйеге тән
қасиет (сипат), екінші сөзбен айтқанда, тілдік бірлік-
тұлғалардың баршасы вариантты болып келеді. Мұны түсіну
үшін, алдымен, вариант пен инвариант деген терминдердің
мағыналарын біліп алған жөн. Вариант деректі ұғымды атай-ды,
ал инвариант сол ұғымды білдіретін дерексіз «дүние», бір-келкі,
ұқсас объектілердің ұғымдық «түпатасы». Айталық, т фонемасының қолданыста бірнеше варианты бар: қатаң айты-
латын (ат дегендегі), жіңішке айтылатын (ет дегендегі). Бұл
жерде т фонемасы – инвариант , ал оның қолданыста жуан,
жіңішке, келте, созылыңқы деген сияқты көріністері (айтылуы,
естілуі) – варианттар. Вариант/инвариант деген танымдар о
баста фонология атты тіл білімі саласында дүниеге келген-ді.
Мұнда фонеманың (дыбыстың) өзін инвариант (ортақ түбі,
түпатасы) деп, ал оның қолданыстағы түрлерін сол фонеманың