Ббк 1. С 94 Қазақстан Республикасы



Pdf көрінісі
бет44/151
Дата06.01.2022
өлшемі1,7 Mb.
#11899
түріБағдарламасы
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   151
Байланысты:
5d21b037778db5f4e2d6b8a379180dda

м, л, н сонорларының сөз соңында не ортасында орын алуын
және   оларсыз   келген   варианттар   қатарының   біреуін   әдеби
нор-мада   қалдырып,   екіншісін ығыстыру процесінің әлі  бір
жүйеге   түспеуін   оларды   ығыстыру   уәжі   дәлелденбеген
құбылыс болғандықтан деп санаймыз да, бұлардың екеуін де
нормативті тұлғалар санатына қосамыз.
Кірме сөздердің ішіндегі артық дыбысты қосар тұлғаларға
да (дос ~ дост, рең ~ реңк, ишара ~ ишарат) қолданылу рет-
тері (тұстары, орындары) бар бірліктер (сөздер) деп қараған
жөн, мысалы, өлең текстерінде.
Қазақ тілінде м ~ н ~ ң сонор дыбыстарының, б ~ м дыбыс-
тарының алмасуы да орын алған бірді-екілі фактіні таба ала-
мыз: бірдеңе ~ бірдеме ~ бірдеңке, ештеме ~ ештеңе ~ ештеңке,
дәнеме ~ дәнеңе, батыру ~ матыру, бас ~ мас. Бүгінгі қол-
даныста бұл қатарлар да жеке-жеке таза фонетикалық дублет
(яғни біреуі  ығыстырылатын) ретінде емес, сөзтізбеде орны
бар   жеке-жеке   тұлғалар   деп   танылып,   нормативті   бірліктер
қатарына   қойылады  (бірдеңке,  ештеңке  сияқты   бірен-саран
диалектілік тұлғалардан басқалары).
Лексикалық дублеттердің келесі тобын орыс тілінен ен-ген
сөздер   құрайды.   Олар:   1)   дыбысталуы   (фонетикалық
тұлғалануы) мен жазылуы (орфограммасы) жағынан дуб-лет
болып   келетіндері;   2)   орысша-қазақша   баламалары   қатар
қолданылып келген немесе  келе  жатқан дублеттер;  3) қазақ
тілінің әртүрлі қосымшаларымен келген кірме сөздердің жа-
рыспалы қатарлары.
Орыс   тілінен   орыстың   өз   сөздері   мен   өзге   шет   тілдер
сөздерінің   қазақ   тіліне   енуі   XX   ғасырдан   бұрынырақ   бас-
талғаны   мәлім.   Ену   каналдары   әртүрлі   болды:   күнделікті
тұрмысқа,   сауда-саттыққа,   шаруашылық   түрлеріне   қатысты
сөздер көбінесе ауызша сөйлеу тілі арқылы келіп, орын тепті.
Самаурын, шәйнек, патынос, шәй, шекер  (секер),  шыт, сәтен,
бөз  (вязь),  барқыт,  шәлі,  бақалшы  (бакалейщик),  пәкөс  (поко-
сы), іспірт, мұржа (труба), тұрба, божы (вожжи), жәмшік,
пеш, бөрене  (бревно),  бөшке  сияқты сөздер ауызекі сөйлеу тілі
арқылы   қалыптасқандықтан,   олардың   қазақтың   фонетикалық
жүйесіне бағындырылып, «қазақыланып» алынғанын көреміз.
101


Бұлар да о бастан бірден бір вариантта қалыптаспағандықтан,
әр өлке қазақтар өздерінше «сындырғандықтан», тұрба ~
мұржа, самауыр ~ самаурын, кереует ~ кірәуат, кір ~ гір (гиря),
білте ~ пілте (фитиль), күпәйке ~ пупәйке, ләмпәси ~ мәмпәси
сияқты   қатарлар   ауызекі   сөйлеу   тілінде   күні   бүгінге   дейін
жарыса   қолданылып   келеді.   Бұлардың   бір   вариантын   нор-
мативтік деп таныту әрекеті соңғы 50-60-жылдарда бастал-ды,
яғни   емле   сөздіктері   мен   мектеп   оқулықтарында   мұндай
қосарлардың біреуі көрсетілуде.
XIX   ғасырда   Ресей   империясының   қазақ   даласындағы
мемлекеттік-әкімшілік   жүйесіне,   сот   істеріне,   жаңа   сауда-
саттыққа, орысша оқу-ағарту саласына қатысты сөздер де енгені
мәлім, олар да негізінен сөйлеу тілінде қалыптасты: бексел, за-
детке, сома (сумма), мұнанай (меновой двор), жәрмеңке, кеңсе
(канцелярия), шкөл, кінеге, содия, сот, болыс (волостной упра-
витель), ауылнай, газет, минөт, пошты, шот (счет), доқтыр,
штат, үйез (уезд), гүбірнә, земтемір (землемер), мүлиеншік
(миллионер) т.б. Бұлардың бірқатары (мұнанай, ояз, үйез, болыс,
ауылнай)  бұл   күнде   тарихтық   сөздер  (историзмдер)  қатарына
кетіп, енді бірсыпырасы (задетке, кінеге, земтемір, мүлиеншік)
қазақша баламасымен алмастырылып, әдеби нормадан шығып
қалды. Ал кеңсе, жәрмеңке, сот, газет, минут, почта, шот
сияқтылары   қазірде   осылайша   айтылып-жазылатын   нормадағы
бірліктер   болып   саналады,  енді   бір  тобының  (доктор,  вексель,


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   151




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет