Ббк 1. С 94 Қазақстан Республикасы



Pdf көрінісі
бет46/151
Дата06.01.2022
өлшемі1,7 Mb.
#11899
түріБағдарламасы
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   151
Байланысты:
5d21b037778db5f4e2d6b8a379180dda

Грамматикалық варианттар
Қазақ тілінде грамматикалық  тұлғалар мен амал-тәсілдер
саласында   варианттар   қатарын   түзетіндері   аса   көп   емес.
Әдетте кейбір зерттеушілер шылау, үстеу сияқты сөз таптары-
на жататын жеке сөздердің лексика-фонетикалық вариантта-
рын морфологиялық тұлғалардың варианттары деп қарайды,
оларға  шейін  ~  дейін,  бірдеме  ~  бірдеңе,  мұндай  ~  бұндай,
меніңше ~ менімше, барайық ~ баралық, жасамыс ~ жасамыш,
іскер ~ ісмер, жұқалтаң ~ жұқалаң, ұлы ~ ұлық, кіші ~ кішік
сияқты қатарларды жатқызады
12
. Біздің байқауымызша, бұлар
да – лексика-фонетикалық варианттар, тек мұнда варианттық
тұлғалардың   пайда   болу   көздері   әртүрлі.   Мысалы,  ұлы  ~
ұлық, кіші ~ кішік дегендердің соңғы сыңарлары көне түркілік
қалдықтар болса, мұнша ~ бұнша-лардың жарыспалылығы
–  м  ~  б  дыбыс алмасуларының  нәтижесі, қысқасы, бұлар –
морфологиялық амалдың варианттары емес, фонетикалық ва-
рианттар.
Морфологиялық,   синтаксистік   варианттар   деп   граммати-
калық  амалдардың  жарыспа  қатарларын  айту  керек   болады.
қазақ әдеби тілінің қазіргі қолданысында кейбір морфологи-
ялық   категориялардың   тілдік   көрінісінде   варианттар   қатары
бары байқалады. Оларды семантикалық-морфологиялық
деп атаған жөн, яғни мұнда вариант құрайтын негізгі объект
12
Бизақов С. Тілдік норма және варианттылық. - Алматы: Ғылым, 1997.
- 73-75-б.
106


морфологиялық категория ұғымының әртүрлі тұлғамен (жұр-
нақпен) берілетіндігі көзделеді. Мысалы, бұйрық рай семан-
тикасы екі-үш түрлі амалмен жүзеге асырылады: 1) етістіктің
II жақтық жекеше-көпше, анайы-сыпайы тұлғалары арқылы:
кел, келіңдер, келіңіз, келіңіздер; 2) шартты райдың II жақтық
тұлғасы   арқылы:  барсаң,  барсаңыз,  барсаңдар.  Әрине,   бұл
варианттар қатары тепе-тең емес, қолданылар кеңістіктері де
бөлек, мағыналарында да бір-бірінен ажыратылатын бұйрық
мәндері (семалары) бар: бар, барыңыз – «таза» бұйрық болса,
барсаң, барсаңыз  тілек мәнді, өтініш мәнді бұйрық.
Супин (мақсат) мәнді етістік тұлғаларының да вариант қа-
тары бар: бару керек ~ бармақ керек.Күні кешеге дейін мұның
-ар+ға  жұрнақты   варианты   жарыса   қолданылып   келген:
«Қарағайға қарсы бұтақ бітсейші Найзаға сап қыларға» (Ма-
хамбет), «Мұңдасарға кісі жоқ сөзді ұғарлық» (Абай).
Тұйық етістіктің де  екі түрлі  тұлғалық варианты бар:  
жұрнақты,  -мақ  жұрнақты:  бару,  бармақ.Бұл вариант қатар-
ларының бұл күнде    варианты активтеніп, -мақ  тұлғалысы
орын   таңдап,   көбінесе   поэзия   тілінде   қолданылуға   ығысып
бара жатқан сияқты. Ал  -мақ  жұрнақты қатар XX ғасырдың
басына дейін әлдеқайда актив тұлға болғанын Абай, Шәкәрім
және бұлардан көп бұрын өткен ақын-жыраулар поэзиясы тілі
көрсетеді.
Көптік категорияны, көптік мағынаны білдірудің де бірнеше
морфологиялық амалдары (тұлғалары) бар; аффиксация ама-лы:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   151




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет