құлап қала жаздадым деген етістіктер – күрделі сөздер, бұл
тіркестердің әрқайсысы бір-бір ұғымды береді, олардың
құрамындағы екі сөз жеке екі ұғымды, үш сөз үш бөлек-бөлек
үш ұғымды емес, бір-ақ ұғымды білдіретін күрделі сөздер
болып танылады. Күрделі етістіктерді жазуға келгенде көп
қателеспейміз, оларды тіркес ретінде әр компонентің бөлек-
бөлек жазамыз.
Күрделі сөз категориясы басқа сөз таптарында да бар: зат
есімдер де (жан қалта, төс қалта, бет орамал, қол орамал,
183
жақ сүйек),сын есімдер де (ақ сары, қара көк, қызыл күрең,
ал қызыл; ұзын бойлы, ақ көңіл, қара ниетті),үстеулер де
(таң ата, ат үсті), сан есімдер де (он бір, отыз бес, он бес)
күрделі болып келе береді. Бірақ бұлар – бір мағынаны бер-
генмен, біріккен сөздер емес, әр компоненті (құрамды бөлігі)
бөлек-бөлек жазылатын күрделі сөздер дегенді мектептен ба-
стап мықтап үйрете алмай келеміз немесе күрделі сөздердің
семантикалық-тілдік табиғатын зерттейтін лексиколог ма-
мандар көпшілік қауымға мұны айқын, анық етіп түсіндіріп,
дәлелдеп бере алмай келе жатыр. Нәтижесінде біреулер қате
атүсті, алқызыл, таңата, онбір деп жазса, оған емле ережесі
«кінәлы» болып шығады. Демек, кей сәттерде сөздерді қосып,
не бөлек, не дефис арқылы жазылуын реттейтін емле
ережесінің өзі емес, сол ережеге мысал болып келетін сөз
табиғатын дұрыс танытатын ғылым саласы болып шығады.
Фразеологизм деп аталатын сөз тіркестерін жазуда ереже
анық: фразеологизм компоненттері бөлек-бөлек жазылады.
Соған қарамастан, атсалысты деп қосып жазушылық жиі
ұшырасады, ал осыдан табиғаты жағынан өзгешелігі жоқ
құйрық тістесті, қамыт киді, қамшы жеді, шошқа таза-
лады, үзеңгі қазысты деген тіркестерді бөлек жазамыз. Бұл
көрсетілген әрбір тіркес бір ғана ұғымды, ауыспалы, бейнелі
ұғымды білдіреді, фразеологизм дегеннің көп қасиетінің бірі
де – осында.
Тегі, кейбір екі компонентті тіркесті қосып жазып жіберуге
олардың біреуінің не екеуінің де аз буынды сөздер болып
келетіндігі болар деп топшылаймыз. Мысалы, ат салысты
дегенде бірінші сөз – бір буынды, ал үзеңгі қағысты дегенді
қосуға екі сөздің де көп буындылығы кедергі жасай ма екен?
Әрине, бұл – әлсіз топшылау. Ал, шындығында, атүсті, атса-
лысты дегендерді бір кезде қосып жазып жіберіп, дағдыға ай-
налу факторын жоққа шығаруға болмайды. Емле мәселесінде
қалың жұртшылықтың көзін үйрету, дағдыландыру дегеннің рөлі
өте зор, өйткені жазу процесі, ауызша сөйлеу сияқты, негізінен
автоматизм сипатында жүреді, яғни сауатты адам әрбір сөздің
жазылу ережесін есіне түсіріп ізденіп отырмайды, сөздер
«өзінен-өзі» жазылып жатады.
184
Жазба дүниені көп оқитын адам сауатты жазады. Олардан
атүсті, атсалысты, алқызыл деп жазылғандарды оқи-оқи,
көз алдында бұл сөздердің осылайша қосылып жазылған
таңба-лары санадан тыс түрде сақталып отырады. Сондықтан
сау-атты жазуда кітап, газет, журнал сияқты дүниелердің
жауап-кершілігі, қызметі орасан зор болады. Емле ережелерін
адам мектепте не өзге де оқу орындарында, олардың да
филология факультеттерінде бір-ақ рет оқиды, ол ережелердің
көбі уақыт өткен сайын ересектердің есінде де қалмайды,
бірақ қатесіз жазады, өйткені әрі қарай жазу дағдысы іске
қосылады, сол дағдының бір каналы – жазба дүние
беттеріндегі сөздердің «суреті».
Емле қағидаларын түзуде қиындық келтіріп, кейде пікір-
таластарға соқтырып отыратын тұстар – жалғыз біріккен, бір-
ікпеген сөздер емес, қазақ тілінің сингармонизм зандарын
сақтап жазу не олардан ауытқу, кірме сөздерде түбір мен
қосым-шалардың жазылуындағы ерекшеліктерді ескеру
сияқты сәт-тер де қазіргі ұстанып отырған емле
ережелерімізге корректив-тер енгізуді: қайта қарастыруды,
түзетуді, реттеуді, бір жүйеге келтіруді қажет етеді. Бұл
реттегі мәселенің ең үлкені – орыс тілінен енген сөздердің
қазақ жазуындағы танбалануы жай-ында. Жалпы қазақ тіліне,
тіпті оның емле сияқты «қосалқы бөлшегіне» заманымыздың
«құқайы» – саясаттың араласқан тұсының бірі – осында.
Орыс тілінен енген (әлде «келген, алынған» дейміз бе,
өйткені енген сөз – кірме сөз, ал кірме сөздің статусы – өз
алдына бөлек таным) сөздерді генетикалық, яғни төркіні
жағынан екі топқа бөліп әңгімелеу керек. Орыс тілінің өз сөздері
және өзге тілдік, негізінен интернационалдық, халықаралық деп
аталатын, ғылым, мәдениет, техника салаларына жататын сөздер
қоры. Алдыңғысы сан жағынан соңғы топқа қарағанда әлдеқайда
аз және көбі – қарапайым сөздер, интернационалдық сөздер
негізінен терминдер болып келеді, олар қазіргі қазақ тілінің
жазба дүниесінде бірнеше есе көп. Оған нақты мысал ретінде
мынадай статистикалық мәліметті келтіруге болады. Бұдан 7-8
жыл бұрын бір мақала жазу үстінде мынадай фактілерді жинап
алдық: «Егемен Қазақстан» сияқты саяси-әлеуметтік беделді
газеттің 1992 жылдың 21 қаңтарындағы бір нөмірінде орыс
185
тілінен (тілі арқылы деуге де болады) алынып, газет бетіне
түскен 862 сөз бар екен. Олардың 12-сі қазақша тұлғаланған:
Достарыңызбен бөлісу: |