Ббк 1. С 94 Қазақстан Республикасы



Pdf көрінісі
бет85/151
Дата06.01.2022
өлшемі1,7 Mb.
#11899
түріБағдарламасы
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   151
-дікі, -тікі),  бір дауыс  ырғағымен айтылатын қос  сөздердің,
біріккен   сөздердің   ішінде   бірі   –   жуан,   екіншісі   –   жіңішке
буынды   сөздер   аз   емес:  аз-кем,  Айгүл,   Гүлзайша,  бұларды
қалай біркелкі жуан,  не жіңішке ай-туымыз және жазуымыз
керек: әз-кем, әйгүл, Гүлгәйшә ма әлде басқаша ма?
Әрине, тіл – тарихи құбылмалы, аса күрделі, үнемі дамушы
құбылыс,   сондықтан   ол   өзгеріссіз   болмайды,   кейбір   тұстары
сетінеп де жатуы  мүмкін.  Аралас буынды кірме элементтердің
мол болуы және көбінің күнделікті қолданыста жиі келетіндігі
бір кездегі буын үндестігін әлсірете бастаған тәрізді. Сірә,
190


кейбір араб, парсы сөздерін аралас буынды етіп жазуды өзіміз
жасағанға   ұқсаймыз,   өйткені  мұғалім,  қадір,  қазір,  қауіп,
қате
сияқты сөздер күні кешеге дейін, әсіресе араб, латын жазуы
кезінде мұғалым, қадыр, қазыр немесе кәзір, қауып, қата ва-
риантында жазылып келді. Буын үндестігін қазіргі кезде, ор-
фоэпияда (сөзді дыбыстауда) біршама ұстануға болар, ал ор-
фографияда   кірме   сөздердің  басым   көпшілігін   жазуда   буын
үндестігіне сәйкестендіру мүмкін емес тәрізді.
Емле нормаларын реттеуде көніл аударатын және бір тұсы –
біріккен  сөздердің ара-жігіндегі  қ,  к  қатаң дыбыстарын сөздің
айтылу   нормасына   сай   ұяндатып   айту   және   жазылуын   соған
сәйкестендіру мәселесі. Мысалы, қазіргі емле ережеміз бойын-
ша  шекара,  қыркүйек,  көкөніс,  қылқалам  түрінде жазып жүрген
сөздер   айтылуда  шегара,  қыргүйек,  көгөніс,  қылғалам  түрінде
келеді, емле ережелерінің латын жазулы жаңа кодексінде (тіпті
оған дейін де) бұл тәрізді коррективтер болуы мүмкін.
Сөйтіп,   бүгінгі   жазу   мәдениетіміздің   бірнеше   онжылдық
тәжірибесінде   ойласатын,   пікір   алысатын,   әрі   қарай   ғылыми
негізде зерттеп, дәлелдейтін, жаңа ұсыныстар жасайтын тұстары
баршылығына   қарамастан,   қазақ   тілінің   орфографиялық   нор-
малары   біршама   айқындалып,   көбі   тұрақталып,   қызмет   етіп
отыр.   Олар   емле   ережелері   ретінде   көрсетіліп,   сол   ережелер
бойынша орфографиялық сөздіктер ұсынылып келеді.
Орфографиялық   ережелер   белгілі  принциптер  негізінде
түзіледі.   Көптеген   тілдердің   емле   зандарына   екі-үш,   кейде
үш-төрт түрлі принцип негіз болады. Олар: фонематикалық,
фонетикалық, морфологиялық, тарихи-дәстүрлік т.б.
Морфологиялық принцип бойынша, сөз бөлшектерінің (мор-
фемалардың)   түбір   тұлғалары   сақталып   жазылады,   фонема-
тикалық принцип бойынша жазуда дыбыстардың бір сөз ішіндегі
немесе   сөз   аралықтарындағы   бір-біріне   тигізетін   әсер-лері
ескерілмей,   олардың   негізгі   фонемалық   түрі   сақталады.
Фонетикалық   принцип  бойынша,  сөз  бөлшектерінің   дыбыстық
өзгеріске   ұшыраюы   есепке   алынып,   олар   айтылуынша   жа-
зылады,   ал   тарихи   -   дәстүрлік   принцип   бойынша   жазу   сөз
бөлшектерінің  түбір  тұлғасын  сақтау  ережесіне  де,   естілуінше
жазу   ережесіне   де   сай   келмейді,   мұнда   сөздердің   бір   кездегі
қалыптасып, үйреншікті болып кеткен жазылу түрі сақталады.
191


Қазақ   орфографиясының   негізгі   принциптері   морфоло-
гиялық,   фонематикалық   және   фонетикалық,   сонымен   қатар
тарихи-дәстүрлік принцип те орын алады. Бұл принциптердің
әрқайсысының   қолданылатын   тұстары   жайында   қысқаша
мәлімет берсек.
Морфологиялық   принцип   сөз   бөлшектерінің,   яғни   түбір,
жұрнақ, жалғауларының түбір тұлғаларының сақталып жазы-
луын талап етеді. Мысалы,  жұмыс,  іс,  аш  деген түбірлерге


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   151




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет