Ббк 1. С 94 Қазақстан Республикасы



Pdf көрінісі
бет92/151
Дата06.01.2022
өлшемі1,7 Mb.
#11899
түріБағдарламасы
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   151
Байланысты:
5d21b037778db5f4e2d6b8a379180dda

қалқанқұлақ,  қалқанқұлақ  деп жатса, «Жоқ,  балам,  сен оны
құлағы   үшін  мазақтама,   ал   мазақтайды   екенсің,   онда
қалқанқұлақ  деме, бұл сөзді сен  қалқаңғұлақ  деп айт» деген
сияқты түзету жасап жат-пайтын тәріздіміз.
Әрине, ол үшін қазақ тіліндегі сөздердің дыбыстары бір-
бірімен қиюласып, үндесіп айтылатын заңдылықтарын алды-
мен ересектердің, ата-аналардың өздері жақсы білулері керек
(бұл құрал сондықтан осы мақсатты өтеуге арналады).
Осы   талаптар   балабақша   тәрбиешілеріне   де   қойылады.
Олардың «Мәнерлеп оқу»  сияқты тәрбие сағаттарында көңілді
тек оқып беруге ғана аудармай, сол оқыған мәтіндегі сөздердің
дұрыс   айтылуына   зер   қою   абзал.   Бүлдіршіндерге   өлең-тақпақ
айтқызғанда,   олардың   тек   тілі   келмейтін   дыбыстарын   түзету
емес,   ең   алдымен,   сөздерді   қиюластырмай,   бөлек-бөлек   айту-
лары сияқты қателіктеріне де көңіл аудару  қажет.  Бүгінгі қала
балалары әр нәрсеге үйренуді отбасынан гөрі балабақшалар-дан
бастайды, өйткені ата-аналардың көбі жұмыс істейді,
207


олардың кешкі екі-үш сағат баламен бірге болған уақыттары күн
ұзаққа балабақшада өткізген тәрбие-сабақпен теңесе ал-майды.
Оның   үстіне,   жоғарыда   айттық,   әзірге   біздің   жас   ата-
аналарымыздың,   оның   ішінде   әсіресе   қала   тұрғындарының
өздері қазақ тілінің сөзді дұрыс айту нормаларын, ғылыми тіл-
мен   айтқанда,   орфоэпиялық   ережелерін   жақсы   білмейтіндік-
терін ескеру қажет. Сол себептен ана тілімізді үйретуде алғашқы
үлкен жүк балабақша тәрбиешілеріне түседі.
Бұл орайда  балабақша  тәрбиесіне  ұсынылатын  оқу-мето-
дикалық   құралдарда   қазақ   тілінің   орфоэпиялық   заңдылық-
тарына арнайы назар аударылса, тіпті бүлдіршіндерге арнал-
ған   кейбір   өлеңдердің   дұрыс   айтылу   (оқылу)   үлгісін   қоса
көрсетіп отырсақ, артық болмас еді. Мысалы, балабақшаларда
оқуға  арналған бір жинақта  («Оқып,  ойнап,  ән шырқайық»,
1983) берілген «Бұл қалай?» деген 8 жолдық өлеңнің мәтіні
мынау:
Аппақ гүлден 
Қызыл алма өседі.
Қара бұлттан От 
шығады деседі. 
Аппақ гүлден
Ақ бұлт неге 
өнбейді? Бұлт ішінде 
От қалайша 
сөнбейді?
Жазуда осылай берілген бұл өлеңді тәрбиеші балаларға бы-
лайша оқып беруі керек:
Әппақ гүлден 
Қызыл алма өсөді.
Қара бұлттан От 
шығады деседі.
Әппақ гүлдөн
Ақ бұлт неге 
өмбөйді? Бұлт ішінде 
От қалайша 
сөмбөйді?
Осылайша   оқығанда   ғана   өлең   құлаққа   жағымды,   тілге
(айтуға)   жеңіл   болып   шығады.   Мұны   бүлдіршіндер   жаттап
алғанда, жазылуынша емес, осылайша оқылуынша жаттауға тиіс.
Бұл мәтінде еріндік дыбыстардың үндесуіне және б дыбы-


208


сынан бұрын тұрған н дыбысының м болып айтылатындығына
(өсөді, өмбөйді, сөмбөйді) көңіл бөлінеді.
Тағы бір мысал. 5-6 жастағы балаларға арнап, Тұманбай
Молдағалиевтың «Көл» деген шағын өлеңі ұсынылған, оны
ба-лалар былайша айтып жаттаса:
Жатыр әсем көл тұнұп, 
Көзүндей жас ботаның. 
Құшақтаймын 
толқұнын, Құуанышқа 
батамын. Жағадағы тал 
ғұрақ Өзүн содан көрөді.
Қозұлардай жамырап, 
Құстар ұшұп келеді. 
Күлүмсүреп күн гүндүз, 
Көг аспанды шолады.
Кешке ғарай көб жұлдұз
Кеудесіне қонады. 
Әлдилейді майда жел, 
Таң нұрланыб атады. 
Тербетіліп айна гөл 
Жерде аунап жатады.
Мұнда  тұнып,  көзіндей,  тал   құрақ,  өзін,  көреді,
қозылардай, ұшып, күлімсіреп, күн күндіз, көк аспанды, кешке
қарай, көп жұлдыз, нұрланып атады, айна көл деп жазылған
сөздердің  өлең тексінде келгендегі дұрыс айтылуы (оқылуы)
көрсетілді. Егер тәрбиеші өлеңнің осы көрсетілген тұстарын
жазылған түрінде оқыса, ол сөз сазынан үлкен қате жібереді,
өйткені   мұнда   еріндік   дыбыстар   үндестігін   де,   қатаң
дыбыстардың ұяңдайтын сәттерін де ескеру қажет.
Балаларға   жасы   өсіңкіреген   кезде   (5-6   жастарында),
әсіресе   мектеп   жасында   Абайдың   табиғат   туралы   немесе
«Аттың сыны» сияқты өлеңдерінен үзінділер оқып, жаттатуды
дағдыға   айналдыру   қажет,   өйткені   Абай   өлеңдері   әуенді
(музыкалы)   бо-лып   келеді,   ол   әуенді   бұзбас   үшін,   өлең
сөздерінің   бір-біріне   үндесетін   сазын   сақтап   айту   керек.
Мысалы,   «Жаз»  деген  өлеңінен  мына   бір  үзіндіні  былайша
оқыған   дұрыс   (бір   деммен   айтылатын   сөздерді   қосып
жібердік,   ал   жазуда   бұлар   түбірлері   сақталып,   бөлек-бөлек
жазылады, мысалы, көшіп ауыл, ұшып тұрса т.т.):
209


Жаздыгүн шілде болғанда, 
Көгорай шалғын, бәйшешек 
Ұзарыбөсүп толғанда. 
Күркүрөб жатқан өзеңге 
Көшүбауыл коңғанда. 
Шұрқұраб жатқан жылқының
Шалғыннан жонұ қылтылдап.
Атайғырлар, бійелер Бүйүрү 
шығып, ыңқылдап, Сұуда 
тұрұп, шыбындап, 
Құйрұғұмен шылпылдап. 
Арасында кұлұнтай Айнала 
шауұп бұлтұлдап. Жоғары 
төмөн үйрекқаз Ұшұптұрса 
сылпылдап.
Бұл үзікте еріндік үндесуімен келген сөздердің шоғырла-
нып келуі өлеңнің бірыңғай дыбыс үнін сақтауды, сол арқылы
белгілі   бір   әуезбен   айтылуын   қажет   етіп   тұр.   Бұл   әуенді
сақтамасақ, өлеңнің музыкалық бояуы жоғалып, құлаққа түр-
підей тиер еді. Міне, осы жайттарды  мектепке дейінгі бала
тәр-биесімен   айналысатындар   ата-аналар   мен   балабақша
тәрбие-шілерінен   бастап,   даярлық   кластардың   мұғалімдері,
тіпті   1,   2-кластарда   сабақ   беретіндер,   оларға   арнап   оқу-
методика-лық   құралдар   ұсынатын   авторлар   жақсы   біліп,
ескеріп, көңіл аударулары өте-мөте қажет.
Мектепке   дейінгі   бала   тәрбиесінің   ана   тілімізде   жүргізілуі
енді ғана қолға алына бастағандықтан, әлі көп нәрсе жоқ екендігі
мәлім.   Бүлдіршіндерге   қазақ   тілінде   оқитын   өлеңдердің,   ай-
татын ертегілердің өте аз екендігі, кейбіреулері баланың жасына,
танымына,   психологиясына   сай   еместігі,   дидактика-лық
материалдардың,   методикалық   құралдардың   кемшіні   –
осылардың барлығы – сөз жоқ, баланы ана тілімізде тәрбиелеуде
салқынын тигізетін жайттар. Дегенмен баланы қазақ тіліне ба-
улуда бірнеше міндетті қатар атқаруға тура келеді. Солардың бірі
және   бүгінгі   күнде   ақсап   жатқан   саласы   –   сөзді   дұрыс   айту
болса,   ауызша   сөйлеу   барысында   сөздерді   дұрыс   дыбыстауға
үйретуді бір сәт көңілден шығаруға болмайды.
Адамның тіл үйренудегі, ана тілін жақсы игерудегі келесі
баспалдағы – мектеп.Мектептің алдыңғы сатыдан үлкен айыр-
210


масы   –  мұнда   тілді   игеруде   тек   үлгі   көрсетіп,   ауызша   түзетіп
отырмайды,  сонымен қатар тіл заңдарын оқытып үйретеді.  Ол
заңдардың ішінде, әрине, сөзді дұрыс айту қағидалары да бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   151




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет