Ббк 1. С 94 Қазақстан Республикасы



Pdf көрінісі
бет93/151
Дата06.01.2022
өлшемі1,7 Mb.
#11899
түріБағдарламасы
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   151
Үндестік заңдары  деп аталатын құбылыстың мектепте төменгі
кластардан   бастап   оқылатыны   мәлім.   Бірақ   тағы   да,   өкінішке
орай, ережені оқытып жаттатуымыз бар да оқушылардың сөйлеу
үстінде оларды қалай сақтайтынын қадағалап отыру бар. Міне,
осыған көңіл бөлушілік шамалы тәрізді.  Қай пәннен болса да,
оқушы тақырыптың мазмұнын толық, бұзбай айтып берсе, баға
көбінесе   осы   дәрежеге   қарап   қойылады,   ал   сол   тақырыпты
баяндау барысында сөздерді қалай дыбыстап тұрғаны көбінесе
ескерілмейтіндігі байқалады. Оған он жыл-дық қазақ мектебін,
төрт-бес   жылдық   институттар   мен   универ-ситеттердің   қазақ
бөлімдерін   бітірген   диктор,   комментатор,   журналистердің
көпшілігінің үндестік заңдарын сақтамай,
бір қатар, бұл күнде, қол қойды, Жез қазған  деп қа-қақалап
тұратындары куә.
Қазақ   мектептерінде   әлі   күнге   дейін   тіл   мәдениеті   де-ген
проблемаға   жеткілікті   мән   берілмей   келеді.   Қазақ   тілін   оқыту
бағдарламасында   бір   кездерде   «Тіл   мәдениеті»  деген   тақырып
енгізілгенмен,   кейін   ол   алынып   тасталыныпты,   яғни   бұған
арнайы   сағат   бөлінбей,   оның   міндеті   «Тіл   ұстарту»   де-ген
бағдарламаға   жүктелген   сияқты.   Бірақ   оқулықтардағы   «Тіл
ұстарту» дегенге берілген материалдар бірер беттік қана екі-үш
тапсырмадан   тұрады   (мысалы,   8-класс   оқулығын   қараңыз),
түсіндіру   деген   жоқ.   Сонда   оқушы   тіл   ұстартатын,   яғни   тіл
мәдениетіне   баулитын   бұл   тапсырмаларды   (онда   да   бұлар
мақсатқа  сай келіп  жатса) қалайша орындайды? «Тіл ұстарту»
бөлігінің   бағдарламада   көрсетілген   міндеті   дұрыс-ақ:
«Мектептегі қазақ тілінің жүйелі курсы негізінде жүргізілетін тіл
дамыту жұмыстарында оқушының сөздік қорын, сөз байлығын
толықтыру, ой өрісін кеңейту, дамыту және өз ойын анық, дұрыс
етіп   ауызша,   жазбаша   жеткізе   білу   жолдарына   баулу   мақсаты
көзделеді»   дегенді   оқимыз.   Бірақ   әңгіме   –   осы   мақсаттың
орындалу сапасында, амалдары мен әдістерінің әлсіздігінде, тіл
мәдениетіне   баулудың   нақты   көрнекі,   матери-алды   негізде
жүргізілмейтіндігінде   және   осы   шараның   тек   тіл   дамытуға
арналған сабақтарда ғана емес, 10-11 жылдық оқу
211


процесінің бүкіл барысында, барлық пәндерді оқыту үстінде
үзбей қолданылмайтындығында.
«Сөз  мәдениеті»,   «дұрыс   сөйлеу  мәдениеті»,   «сауатты   жазу
дағдысы»   дегендерді   тек   бөлінген   сағаттың   бойында   ғана
үйреніп   шығуға   болмайды.   Тіл   мәдениетін,   сөзді   дұрыс   қол-
данып,   дұрыс   дыбыстап,   дұрыс   жазу   дағдысын   мектеп   табал-
дырығын аттаған күннен бастап, оны бітіргенге дейін (тіпті одан
кейін де) үзбестен игертуді тек тіл мен әдебиет пәні мұғалімдері
ғана   емес,   барлық   пәннен   сабақ   берушілер   сезініп,   күш
жұмсағанда ғана ана тіліміздің табиғи қасиетін, ғасырлар бойы
жиналған   мол   қазынасын,   бабалар   қалдырған   көркемдік
құдіретін сақтай аламыз. Әсіресе бүгінгі осал тұсымыз – сөйлеу
үстінде сөздерді дұрыс айтпау, яғни орфоэпиялық нор-маларды
білмеу, оған мән бермеу сияқты кеселдерден арылуға ең алдымен
мектеп   күш   салуы   керек.   Ол   үшін   сөзді   сазына   келтіріп   айта
білуді   мұғалімдердің   өздері   жақсы   меңгерулері   қажет   болса,
әзірге   бұл   саладан   олардың   қолдарында   арнаулы   құралдар   да
шамалы.   Ұсынылып   отырған   құрал   мұғалімдердің   осы
қажеттігін   өтейтін   орфоэпиялық   анықтағыш   болмақ.   Бұл
ережелер   –   тек   қазақ   тілі   пәнін   оқытатындар   үшін   ғана   емес,
барлық   пәндердің   мұғалімдері   үшін   де   қолдан   түсірмес
күнделікті көмекші құралы болуы тиіс.
Адам  орфоэпиялық   нормаларды,   олар  жөніндегі   ережелерді
негізінен жаттау арқылы емес, құлақпен тыңдап, үйрену арқылы
игереді. Бұл ретте күнде тыңдайтын радионың, теле-дидар үнінің
және   сахнадан   естілер   сөздер   мен   әндерд   і   ң   орны   айрықша.
Бұлар сөйлеу барысында сөздерді дұрыс айтуға үйрететін нағыз
ұстаздар болуға тиіс. Сахна қайраткерлері мен радио, теледидар
қызметкерлеріне   тілге   келгенде   қойылатын   талап   –   айтылмақ
сөздің (бұл жердегі «сөз» деп отырғанымыз жеке сөздер емес,
жалпы   айтылмақ   ой,   хабар   т.т.)   анық   және   әсем   болуы.
Анықтықты   актерлер,   әншілер,   дикторлар,   негі-зінен,   сөйлеу
техникасын жетілдіру мен сөз логикасына көңіл қою амалдары
арқылы қамтамасыз етсе, әсемдік пен әсерлілік, негізінен, сөзді
дұрыс   әрі   көркемдеп   айту   арқылы   жүзеге   асы-рылады.   Ал
құлаққа естілер сөздің көркем айтылуы дегеніміз
– оның үнді, әуезділігі (музыкалылығы). Үнділік сөйлеу үстінде
дыбыстардың бір-бірімен үндесіп, тілдің табиғи дыбыс
212


заңдарына бағынып айтылуы арқылы пайда болады. Дыбыстар
әуезін (гармониясын) сақтау – сахна сөзі мен радио, теледидар
сөздеріне мамандық тұрғыдан қойылатын талаптардың бірі.
Тіл   жайындағы   әңгіме   бүгінгідей   арнайы   көтерілмеген
күннің өзінде де қазақ сахна  өнері мен радиосының өмірге
келген   алғашқы   кезендерінде   қазақ   сөзі   бұларда   негізінен
дұрыс,   көркем   түрде   айтылып   келді.   Қазақ   сахна
шеберлерінің алғашқы буындары өз мамандықтары бойынша
білім-ғылым-ның   теориялық   жағын   оқып   білмесе   де,   қазақ
тілінің ана сүтімен кірген нормаларын іштей түсініп, тілдің
табиғи   үйлесімін   бұзбай   айта   білген,   сөз   арқылы   жететін
өнерді   көрерменге   (тыңдаушыға)   жақсы   ұсына   білген.   Ал
соңғы кезеңдерде бұл орайда бірнеше объективті-субъективті
себеп-термен тыңдаушыларды да, педагог, режиссерлерді де,
әсіресе тіл мәдениетін қадағалаушы ғалымдарды да алаңдатар
жайттар пайда бола бастады. Олар:
1) драма актерлері мен опера және эстрада әншілерінің, сон-
дай-ақ   радио   мен   теледидар   дикторларының,   комментатор-
ларының, жергілікті   тілшілерінің, кинодубляж  жасаушылардың
қазақ   тіліндегі   дауысты,   дауыссыз   дыбыстардың   үндестік
заңдары   –   сингармонизм   заңдылықтары   деп   аталатын   табиғи
гармониясын (үйлесімін) сақтамай, бұзып айтулары;
2) сөйлеу үстінде болатын логикалық  паузалар,  яғни  ой ек-
піні түскен сөздерді сәл кідіріп, бөліп айтуды немесе сөздер-дің
мағыналық   топтарына   қарай   қажет   жерінде   оларды   айрық-ша
бөліп я болмаса ұластыра қосып айту сәттерін біле бермеу;
3) «қос қанаттың сыңары» деп келген орыс тілінің әсеріне
байланысты   кейбір   қазақ   тілі   дауыстыларын   сәл   өзгертіп
(орыс тіліндегіше) айту фактісі;
4) әрбір   сөйлемнің   мағыналық   интонациясын   тап   баса
алмағандықтан,   оның   ішіндегі   сөздерді   дұрыс   айта   алмау-
шылық;
5)
қазақ сөздеріндегі жіңішке дауысты дыбыстарды кейбір
әншілердің жуандатып (айтеуыр, саулем, саулем, саулемсың)
немесе, керісінше, жуан сөздерді жіңішкертіп айтулары (мені 
сүйген бір әдәм бар) т.т.
Әрине, бұл көрсетілген кемшіліктер мен ағаттықтардың 
орын алу себептері – біреу емес, бірнешеу. Ең алдымен,
213


жоғарыда айтылған проблема алдымыздан тағы шығады, яғни
күні   бүгінге   дейін   қазақша   тіл   мәдениетіне,   орфоэпиялық
норма   дегендерге,   логикалық   екпін,   логикалық   паузаларды
дұрыс сақтай білуге  отбасы мен балабақшадан бастап, тіпті
институт,   университеттерге   дейін   жеткілікті   мән   берілмей
келе   жатқандығының   салдары   сахна,   радио,   теледидардан
айтыла-тын сөзге де кері әсерін тигізіп отыр.
Екіншіден,   қазіргі   барша   шаруамыз   жазу   арқылы   жүретіні
мәлім. Актерлар пьесадағы рөлдерін жазылған текст бойын-ша
игеріп, жаттайды, әншілер де шырқайтын өлең текстерімен қағаз
арқылы   танысады,   дикторлар   да   жазылған   тексті   алда-рына
қойып немесе көз алдында жылжып өтіп жатқан лен-тадан оқып
отырады, радио хабарлары да көбінесе жазылған дүние бойынша
айтылады   (оқылады).   Осыдан   барып   ауызша   айтылған   тексте
жазба   дүниенің   ізі   сайрап   тұрады.   Бұдан   кейбір   адамдардың
орфоэпиялық  ережелерді  қаншама  жақсы біліп  тұрса да,  оның
көз   жадында   сөздердің   жазылған   түрі   мықты   сақталып,   сол
қалпында   айтуға   бейімдеу   болатыны   байқалады.   Оның   үстіне
әрбір айтушы (актер, әнші, диктор т.б.) аузынан шығатын сөзін
тындаушыға   неғұрлым   анық,   айқын,   түсінікті   етіп   жеткізуге
тырысады. Мұндайда әдеттегі ауызша  сөйлеуге тән  интуитивті
автоматизмге,   яғни   сөздің   дыбысталуының   дұрыс-бұрысын
ойламастан, сөйлеу дағдысы бойынша өзінен-өзі дұрыс шығуына
(айтылуына) емес, керісінше, осылай айтсам, сөзім тыңдаушыға
анығырақ,   түсініктірек   жетеді-ау   деген   ойға   жол   беріледі.
Осыдан   барып,   әрбір   сөзді   жеке   айт-қандағы   қалпынша
дыбыстап, колғойұлды, бірғатар, Алма-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   151




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет