ө сияқты дауыстылардың алдында й, у деген қосамжар
дыбыстардың айтылуы (естілуі). Әдетте мектеп оқулықтары
мен орфоэпиялық ережелерімізде е, о, ө дауыстыларының
4
Зиндер Р.Л.Общая фонетика. - Л., 1961. - С. 70.
5
Исаев М.К. Фразовые модификации гласных в структуре казахского слова //
Вопросы казахской фонетики и фонологии. - Алма-Ата, 1979. - С. 92-97.
221
қосарланып дыбысталуы, яғни олардың алдында й, у қосамжар
элементтерінің айқын байқалатын жері сөздің басында ке-луі деп
айтылып жүр. Ал қазақ фонетикасын эксперименттік әдіспен
зерттеуші маман – Ә.Жүнісбековтың көрсетуі бойын-ша е
дыбысынын дифтонгоидтық сипаты дауыссыздан кейін тұрғанда
едәуір әлсірейтіндігімен, мүлде жойылып кетпейді екен
63
, яғни
бес, бет, бер сияқты сөздердің айтылуында да е дыбысы э-ге
жуықтап емес, алдынан сәл
й
қосамжар элемен-ті
қатысатындығы мәшиненің (эксперименттің) көрсетуінен ғана
байқалмайды, тіпті ауызша айту мен құлақпен естуде де
байқалады. Мысалы, орыс тіліндегі бес (жын, сиқыршы) сөзі мен
қазақ тіліндегі бес (сан) сөзін әр тілдің өз орфоэпиялық заңымен
дұрыс айтып көріңіз. Зерттеушілер аталған дыбыстың
дифтонгоидтық сипаты орыс тіліне қарағанда, әлдеқайда күшті
болғандықтан, қазақ тіліндегі е дыбысымен келген кейбір есім-
дерді орысша таңбалауда оның естілуіндегі дифтонгоидтық сазы
(йе болып айтылуы) әсер етіп, е-мен жазылуға тиісті тұстарында
и әрпі жазылып кеткенін көрсетеді. Мысалы, Ал-маты
маңындағы үстіне тау құлап, жоғалып кеткен Есік көлін Иссык
деп, Шелек деген жер атауын Чилик деп жазылып жүргенін
білеміз
71
.
Қосамжар дыбыстар көрінісі, яғни протеза құбылысы ы, і
қысаң дауыстыларының жазылу-жазылмау, соған орай айтылу-
айтылмау мәселесін де қамтиды. Бұл мәселеге арнайы назар
аударған зерттеушілер (Ш.Сарыбаев, Б.Қалиев, І.Кеңесбаев,
И.Ұйықбаев т.б.) қолданылып жүрген емле ережелерімізде сөз
ішінде және сөз басында ы, і әріптерінің жазылу-жазылма-уында
қайшылықтар бар екенін айтады. Шынында да, солай. Әрине,
сөздің жазылуы, яғни орфография ережелері – өз ал-дына бөлек
дүние, бірақ біз әңгіме өзегі етіп отырған сөз сазы-на, яғни
орфоэпияға қатысы зор, әсері бар мәселе. Сондықтан емле
заңдылықтарының бірізді болып келуі сөздерді дұрыс
дыбыстауға жәрдемін тигізеді. Дегенмен сөз сазының, яғни
графема мен фонеманың әрдайым үйлес келе бермейтіндігі бел-
гілі, сондықтан қалай жазылса, солай оқу мүмкін емес болады.
6 Джунисбеков А. Заметки о фонеме (е) в казахском языке //Вопросы казахской
фонетики и фонологии. - Алма-Ата, 1979, с. 90.
7Сонда, 90-бет.
222
Қазіргі емле ережесі бойынша сахна, рахмет, ресми сияқты бес-
он сөздің екі буынының ортасына ы, і әріптерін кірістірмей
жазып жүрміз. Сондай-ақ ерін, орын, халық, ауыл, әріп, көрік,
құлық сияқты сөздерге -ым, -ың, -ы (-ім, -ің, -і) деген тәуелдік
жалғаулары жалғанғанда, екінші буындағы ы, і дыбыстары
«сусып түсіп қалады» деп, олардың таңбаларын жазбаймыз:
орным, орның, орны, халқы, халқымыз, аулым, аулың, әрпі,
көркі, құлқы (мінез-құлқы) т.т. Ал осыған ұқсас екінші буыны ы,
Достарыңызбен бөлісу: |