Ал қазіргі емлеміз бойынша,
сиыр, қиыр, тиын, тиін, тиіс де-
ген сөздерді қалай буындаймыз? Дұрыс буындалуы:
сы-йыр,
қы-йыр, ты-йын, ті-йін болуы керек.
Ол үшін
сыйыр, қыйыр,
тыйын, тійін деп жазылуы керек еді.
и дыбысының бір буын-ды
сөздерде жуан не жіңішке айтылуының (яғни бұл әріптің
ый
немесе
ій деген дыбыстар қосындысын таңбалауының)
сөз
мағынасын айыруда үлкен мәні бар. Сол себептен қазіргі емле
ережелерімізде ескерту (ауытқу) ретінде
тый/ти, сый/си де-ген
сөздерді осы көрсетілген түрінде жазылады деп көрсетіп келеміз.
Қалған тұлғалардың бәрінде
и әрпі жуан дыбыстың да, жіңішке
дыбыстың да таңбасы болып жазылатындықтан, бұл әріппен
келген сөздерді дұрыс айтуда ұқыптылық қажет.
Сөз сазына келгенде, мәселе тек үндестік заңдарымен не-
месе дыбыстар кірігуі (жұтылуы) сияқты құбылыстармен
шектелмейді. Ғылыми тұрғыдан келгенде, шешіліп (зерт-
теліп) жатқан, әлі де қарастырыла түсуге тиісті мәселелер аз
емес. Әсіресе тіл-тілдің дыбыстар жүйесін мәшинеге салып,
бақылау барысында оны құлақпен есітіп қана талдау әдісі то-
лымсыз екендігі айқындалып отыр. Мамандардың айтуына
қарағанда, эксперименттік-фонетикалық әдіс дыбыстаудың
құлаққа естілмейтін нәзік сәттерін тануға мүмкіндік береді,
осының нәтижесінде құлақпен тыңдағанда тұтас дүние болып
естілетін кейбір дыбыстар артикуляция (айтылуы) жағынан
бір-неше элементтен тұратындығы байқалады екен
41
. Сөздің
жеке тұрғандағы дыбыстық құрылымы мен фразадағы
құрылымында айтарлықтай өзгешелік бар екендігі тек қазақ
тілі бойынша емес, өзге тілдердің материалдары бойынша да
дәлелденуде. Зерттеуші Мұхаметжан Исаев қазақ тілінде
сөздердің сөйлем ішінде орналасуы (айналасы) олардағы
дауыстылардың айты-луына әсер етеді дейді
52
.
Қазақ тілінің дыбыстық жүйесін зерттеуде дифтонгоидтық
деп аталатын құбылысқа ерекше назар аударылады. Бұл –
е, о,
Достарыңызбен бөлісу: