Ббк 36. 82 я 73 а 89 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет240/269
Дата24.02.2022
өлшемі9,2 Mb.
#26346
1   ...   236   237   238   239   240   241   242   243   ...   269
Бұрама (bostrychidae). Бұлардың ішінде астық қоры үшін ең 

қауіптісі – біздің  елімізде  соңғы  жылдары  пайда  болған  дəндер 

кеміргіш ( Rhizopertha dominica F.). 

Қоңыздың ұзындығы 2,5-3,0 мм, денесі цилиндр пішінді, түсі 

сарғыш  қызыл,  егеу  секілді  қысқа  мұрты  бар.  Алдыңғы  кеуде 

жалбағай  секілді  болып  аяқталып,  басты  түгелімен  қаптап 

тұрады. Кеміргіш күндізгі жарықта жəне шам жарығында жақсы 

ұшады. 


Ұрғашылары  бүкіл  тіршілік  еткен  кезінде  дəндер  бетіне  бес 

жүзге  дейін  жұмыртқа  салады.  Жұмыртқадан  шыққан  балапан 

дəндерді  тесіп  өтіп,  соның  ішінде  дамып,  жетіледі.  Қуыршақтан 

пайда  болған  жас  қоңыз  бірнеше  күн  сол  дəндер  ішінде  жатып, 

эндосперм  қалдығымен  қоректенеді.  Балапан  құрттар  мен 

қуыршақтардан кейін əрдайым ақ ұнтақ пайда болады, мұны олар 

дəндердегі  өздері  кірген  тесіктен  тырмалап  шығарады.  Дəндер 

арасында  ұн  ұнтағының  пайда  болуының  белгісі – оның 

зақымдануының белгісі. Мұндай ұнтақ малға беруге жарамайды. 

Кеміргіш  бидайды,  қарабидайды,  сұлыны,  күрішті,  тарыны, 

қонақ  жүгеріні  (сорго),  жүгері  мен  қарақұмықты  зақымдайды. 

Келтіретін  зияны  жөнінен  бұл  жəндік  аса  қауіптілер  қатарына 




 

454


 

жатады. Дəндер кеміргіш – жылу сүйгіш жəндік. Оның тіршілігі 

үшін  ең  қолайлы  температура 32

0

С,  ал  ең  қолайлы  ылғалдылық 



(дəннің) 14-15% (ылғалдылығы 8% дəндерде  де)  дамып  жетіле 

алады.  Температура  6

С  болған  кезде  қоңыз  мұздап  қалады. 



Қолайлы жағдайда жылына 8-9 ұрпақ береді. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   236   237   238   239   240   241   242   243   ...   269




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет