Ббк 36. 82 я 73 а 89 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет81/269
Дата24.02.2022
өлшемі9,2 Mb.
#26346
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   269
43-суретте ДСП-24сн кептіргіші орнатылған кептіру-тазарту 

мұнарасының  ғимараты  көрсетілген.  Ғимарат 4 қабатты,  темір 

бетонды,  берік  қабырғалы,кептіргіштен  басқа  шикі  жəне 

кептірілген  астыққа  арналған  қораптар (1), өнімділігі 80….100 

т/сағ  сеператор,  автоматты  таразылар (2), өнімділігі 100 т/сағ 

жəне екі 45т/сағ өнімділікті нориялар орналасқан. 

Мұнарада  құрастырылған  жабдықтар  автокөліктен  астықты 

қабылдауға,  тазалауға  жəне  оны  кептіріп  вагондарға  тиеуге 

мүмкіндік  береді.  Кептіру-тазалау  мұнарасы  тасымалдаумен, 

қоймалармен тығыз байланысты. 

Кептіру-тазарту  мұнарасының – КТМ-1  ғимаратының  негізі 

оттық жəне автомобиль разгрузчиктен тұрады (12). Оттық (топка) 

кірпішті,  циклонмен,  қатты  отынды  жағуға  арналған.  Қазіргі 

уақытта осындай оттықтар сұйық отынды жағуға алмастырылған. 

Ол  үшін  алдыңғы  кесекті  қабырғаға,  оттық  есіктердің  үстіне 

1260х1000  мм  өлшемді  терезе  орнатылады,  болаттан  жасалған 

қалыңдығы 5 мм парақтармен жабылады, оған ауа шашыратушы 

форсунка бекітіледі.  

Оттықтың  сұйық  отынға  алмастырылуы  кептіргіштің 

өнімділігін, 

отынды 

жағу 


процесін 

автоматтандыруға, 

температураны  тұрақты  ұстап  тұруға,  тазалық  шарттарды  жəне 

астықтың кептіру сапасын жоғарылатуға мүмкіндік береді. 



ДСП-16  астық  кептіргіші.  Диірменді  элеваторларға  М-

2х100,  М-3х175  жəне  де  порттық  элеваторларға  П-5х350  орнату 

үшін  жобаланған.  Кептіргіш  құрама  панельдерден  бір 

темірбетонды  шахтаға  ие.Биіктігі 11800 мм  жəне  жоспарлы 

өлшемдері 3250х1000  мм.  Шахтыда  барлығы  қораптың 55 

қатары,  оның  ішінде 37 қатары  кептіргіш  камерасында.  Бірінші 

зонаға кептіргіш агенті ВРС№10 желдеткіші арқылы беріледі, ал 

екінші  зонаға  ВРС№8  желдеткіші  арқылы  беріледі.  Суыту 

камерасына  сыртқы  ауа  ВРС№10  желдеткіші  арқылы 

тығыздалады.  




 

164


 

ДСП-32  астық  кептіргіші.  Паралель  орналасқан  екі  шахталы 

ДСП-16  кептіргішінен,  олардың  арасында  үлестіруші  камерадан 

тұрады  (43-сурет).  Кептіргіш  Л-3х175,  Л-4х175  элеваторының 

ғимаратымен  байланысты  жеке  тұрған  ғимаратқа  орналастыру 

үшін  жобаланған,  сонымен  қатар  СОБ-32  кептіру-тазарту 

мұнарасында қолданылады. 

Əрбір шахта қабырға қалыңдығы 70 мм, биіктігі 1028 мм, 11 

темірбетонды  панельдерден  құрастырылған.  Панельде  бес  –бес 

қораптан.  Кептірудің  бірінші  зонасында  қораптың 23 қатары, 

оның  ішінде  он  бірі  апару  қорабы,  екінші  зонада  қораптың  

14  қатары,  оның  ішінде  алтауы  апару  қатары.  Салқындату 

зонасында  қораптың 18 қатары,  оның  ішінде  тоғызы  апару 

қатары.  Қораптың  құрылысы  мен  өлшемдері  43-суретте 

көрсетілген. 

Бірінші  зонаға  кептіргіш  агентті  ВРС№ 12 желдеткіші 

арқылы беріледі, ал екінші зонаға ВРС№ 10 желдеткіші арқылы , 

ал суыту камерасына ауа ВРС№ 12 желдеткіші арқылы беріледі. 

Жұмысты  орындаған  агент  жəне  ауа  алып  кету  камерасының 

жоғарғы тесіктері арқылы сыртқа шығады.  

ДСП-32  кептіргішінің  оттығы  сұйық  отында  жұмыс  істейді. 

Жағу  бөлмесінде  форсункіге  отынды  жіберу  үшін  отын  құбыры 

орнатылған.  Жоғарғы  қысымды  желдеткіш  -ауа  беру  үшін 

орнатылған. Кептіргіш пультпен жабдықталған.Ол дистанционды 

басқаруға,  отын  жағуды  автоматты  реттеу  жасауға  жəне  де 

кептіргіш агенттің температурасын реттеуге арналған.  

Астықты  кептіруден  шығарғаннан  кейін  КЭП-12У  автомат 

машинасымен реттейді.  

Үлкен  астық  дайындау  элеваторларын  екіден  немесе  үштен 

астық  кептіретін  ДСП-32  машиналары  орналасқан.  Үшагрегатты 

кептіргішті  ғимараттың 22 700х7000х3200  мм  өлшемі  бойынша 

жəне  өндірістің 14 

300х8700х5000мм  өлшемімен  жасайды. 

Барлық  үщ  астық  кептіргіш  үшін  кептіргіштің  үстінде 

сыйымдылығы 280 т  жəне  кептіргіштің  астында 300 т  болатын 

қораптар  қарастырылады.  Осындай  үлкен  қораптарды  бірнеше 

сағат  бойы  үздіксіз  кептіру  жұмысымен  қамтамасыз  етеді. 

Барлық  үш  астық  кептіргіштер,  астыңғы  жəне  үстіңгі  қораптар 

бір  ғимараттың  ішінде  тепшекті  клетка  жəне  лифт  бойынша 

орналастырылған.  




 

165


 

 

 

43-сурет. ДСП-32 дəн кептіргішінің жалпы көрінісі 

 

ДСП-32от  дəн  кетіргіш.  ДСП  кептіргішінен  айырмашылығы 



металды  шахта  бидай  кептіргіш  ғимараттан  бөлек,  жұмысшы 

ғимаратта  не  корпустарға  жабыстырылып  орналастырылады. 

ДСП-32  бидай  кептіргіш  біздің  мемлекетте  кең  тараған,  оның 

зауыттарда  белгіш  бір  шарттарда  жасалған  тапканы  жеке 2 

қабатты  кептіргішті  ғимаратта  араластырады, 2 паралельдің 



 

166


 

орналасқан  шахта 7 секцияда  жинақталған; 1 секция  биііктігі 

1650 мм. 1 ші кептіргіш зонада 24 қатар короба, 2-қатарда жəне 

салқындату 18-қатарда  орналасады.  Əр  горизонтальді 3 бөлімге 

бөлінген, 2 зонасы  кептіру  жəне 1 бидайды  салқындату 

мақсатында. Бірінші зонада кептіруді Ц4-70 № 12 аппаратына 2- 

ші Ц4-70 №10 желдеткіш ауа Ц4-70 №12 салқындатылады.  

Шахтаның қабырғасы жылы мақтамен жəне сырты болатпен 

қапталған шахтадағы қорап биіктігі 2500 мм, сыйымдылығы 18 т 

бидай 3 мм  болат  пішімдерімен  жасалады.  Əр  шахта  астына 

кептіргіш 

қорап 


орналастырылған, 

осы 


қораптардан 

транспортерге түседі. 

Жоғарғы  бекіткіш  қозғалмайтын  жəне  астыңғы  жағы 

сығылмалы рамка, 1.7 кВт қуатпен редуктор қозғалады. Жоғары 

қозғалмайтын рама 6мм, өлшемі 3205х1105 мм, биіктігі 585мм.  

Төменгі қозғалмалы рамма 2 секциядан тұрады пластинкамен 

байланысқан құйылған рамма 16 мм қалыңдықта. Пластин санын 

өзгерту  арқылы  қозғалмалы,  қозғалмайтын  раммаларды 

басқаруға болады. Қозғалмайтын рамманы қайта қалыпқа келтіру 

не  бұрынғы  орынға  келтіру  үшін  целиндрлік  пружинаны 

пайдаланады. 

ДСП-32  бидай  кептіргішті  орнату  барысында  элеватор 

корпусында  байланған,  осыдан  оперативті  қораптар  ішіндегі 

дымқылынан кептірілген бидай түседі.  

СЗШ -16 астық кептіргіш (44-сурет) 2 паралельді орналасқан 

шахтадан  тұрады. 2 камерадан,  желдеткіштен  жəне  ауалы 

өткізгіштерден  тұрады.  Дымқыл  бидайды  жіберу  үшін 4 камера 

қызмет  атқарады.  Кептіргіштің  жұмыс  істеу  барысында  оларға 

қосымша  нория  орнатылады.  Ол  бидайды  салқындатқыш 

камерада  қабылдап,  алуын  қамтамасыз  етеді  жəне  одан  əрі 

тазалауға жіберіледі.  

Шахта  біртекті  секциялы  камерадан  тұрады.  Бір-бірінің 

үстіне  орнатылған.Шахта  ішінде 14 қатарлыбес  жақты  форумды 

əр  қатарында 8 қораптар  орналасқан.  Жоғарғы  жағындағы 

секцияның  жиналған  түрі  оның  төменгі  жағына  қарағанда 180° 

бұрылған.  Осының  арқасында  жоғарғы  қораптар  төменгі 

қораптардың орналасуынан 122 мм дейін ауытқиды.  



 

167


 

 

 

44-сурет. СЗШ -16 астық кептіргіші 

1-пеш; 2-кептіру агенті үшін ауа тасымалдағыш; 3, 14-жұмыс 

атқарған  кептіргіш  үшін  ауа  тасымалдағыш; 4, 12-шахталар;  

5, 13-желдеткіштер; 6, 7, 10, 11-дымқыл  астықты  шахтаға  жəне 

кепкен астықты салқындату камераларына толтыратын нориялар; 

8, 9-салқындату камералары; 15-шығару механизмі. 

 

Шахтаның сыртқы қабырғасы дымқыл сорғыш диффурзордан 



орналасқан  оның  ішінде  су  сорғыш  корабалар  орналасады  ол 

желдеткішке  қатысты  болады.  Əрбір  шахта  Ц9-57  немесе  Ц4-70 

№8  желдеткішімен  қызмет  атқарады.  Шахта  аралықтарында 



 

168


 

құлама  диффузатор  қолданылады.  Төменгі  бөлігіне  ауатасы- 

малдағыш орналасады. Ол кептіру қызметіне арналған.Əр шахта 

астында  кептіргіш  қорап  орнатылған,  қораптарға  қосымша 

өлшегіш  тасымалдағыштар  жоғарғы  жəне  төменгі  денгейде 

орналасқан. 

Қондырғыда  екі  кептіргіш  өздігінен  ағатын  құбырлары  бар 

қорап  орналасқан,  дəн  сол  құбыр  арқылы  норияға  түседі. 

Құбырларда клапандар бар, ол дəнді кішкене мөлшерде жинауға 

арналған,  оның  температурасын  өлшейді.  Астық  шахтадан 8 

латок  арқылы  үздіксіз  қозғалатын  қондырғы  көмегімен 

шығарады.  Қондырғының  қозғалмалы  кареткасы  тербелістің  аз 

амплитудасы (4-тен 20 мм) қайта түсіргіш қозғалысы жəне үздікті 

түрдегі  бір  тербелістің  амплитудасы 135 мм  тең  болатындай 

қозғалыста  болады.  Каретка  приводы  мотор  редукцтордан 

басталады.  

Салқындатқыш  камера  екі  көлденең  цилиндрден  тұрады, 

шлюздықақпақ 

жəне 

электроприводы 



бар 

желдеткіштің 

перфорирленген  қабырғадан  жəне  түбі  конусты  болады.  Сырқы 

цилиндрдың  диаметрі 1260 мм,  ал  ішкі  цилиндр 760 мм; 

камераның  биіктігі 2750 мм.  Кішкентай  цилиндрдің  ішіндегі 

желдеткіштің  жұмысы  кезінде  ауа  сыртқы  цилиндрдің 

перфорирленген  қабырғасы  арқылы  астық  қабатынан  өтіп,  оны 

салқындатып  ішкі  цилиндрге  түсіп,  сыртқа  шығарылады. 

Камераның  толу  кезінде  салқындатылмаған  дəндер  құбыр 

арқылы жинағыш бункерге түседі.  





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   269




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет