12.5. Астықты жылдам желдетуге арналған қондырғылар
Қоймаларда кеңінен қолданылатын тұрақты желдеткіш
қондырғыларға еденге көлденең орналасқан ВНИИЗ – СВУ – 1,
СВУ – 2, СВУ – 3 жəне ауа желдеткіш. Қоймалардағы еденнен
орнатылған қозғалмалы қондырғылар қоймалар мен аумақтарда
кеңінен қолданылған ЦНИИ өндірістік жоба, қозғалмалы
құбырларға орнатылған ПВУ – 1 маркалы ВНИИЗ қондырғыға
телескопты желдеткішті ТВУ – 2 қондырғысы.
Едені еңіс болып келетін қоймаларда дəндерді желдету үшін
Ростов астық өндірісі жобасы жəне Каркас ВЗИПП қондырғысы
қолданылады.
Көлденең еденді қоймаларда (77-сурет)дəндерді желдету
үшін арналған стационарлы қондырғының сызбасы а – СВ – 1; б -
СВУ – 2, в - СВУ – 3, г – ауа желдеткіш, 1 – ағаш қалқандар, 2 –
ауа шығаратын қуыстар, 3 – желдеткіш каналдардың ойықты
жабындылары.
СВУ – 1, СВУ – 2, СВУ – 3 тұрақты желдеткіш қондырғылар
11 СВУ – 1 қондырғысы еденге қос-қостан жəне екі жеке-жеке
еденге бекітілген каналдардан тұрады. Бұл каналдар қойманың
бір басынан екінші жағына дейінгі көлденең тартылып,
каналдары қалқанмен бекітілген. Олардың астын 0,120 м щебен
төселіп, əк қосылған қоспа құйылады. Канал қабырғалары
кірпішпен өріледі, үстінен яғни, қалқандармен еден бетімен
тегістеме жабылады. Жанынан ауа мен дəндер кіріп тұру үшін ені
0,045 м қуыс қалдырылады. Көлденең табаны асфальттанады.
Каналды жауып тұратын ағаш қалқандарға тіреуіш ретінде қойма
еденінен 0,08 м тереңдікте өрілген кірпіш қатарлары қызмет
етеді.
283
77-сурет. Едендерінде көлденең дəндер қоймаларын
желдетуге арналған стационарды құрылғы сұлбасы
78-сурет. Қоймалар мен алаңдарда дəндерді желдетуге
арналған еденге орнатылған қозғалмалы жəне құбырға
орнатылған жылжымалы қондырғылар
Каналдың ұзындығы 19 м, тұрақты ені 0,4 м жəне тереңдігі
0,6 м басында, ал соңында 0,7м тең болады.
284
Қондырғы ауаны желдеткіш қондырғы арқылы беріп
отырады, ол қойманың артында орналасады да, қойманын артқы
қабырғасында орналасқан потрубка арқылы жіберіліп отырады.
Барлығы 13 потрубка қондырылады, олардың 11- қосарлы
каналдарға, ал екеуі алдыңғы қабырғадағы жеке каналдарға
жалғасады.
СВУ-2 қондырғысы - СВУ-1 қондырғысынан өзгертілген
түрі. Ондағы каналдардың ұзындығы жартысына дейін
қысқарған, ал секция саны көбейтілген. Сыйымдылығы 3200 т
дəндерге арналған типтік қоймаға арналған СВУ-2 қондырғысы
48 ауа жүретін каналдардан ұрады, қойманың еденіне көлденең
орнатылған негізгі осьтің екі жағында 0,5 м жеткізбей
орналасқан. Əрбір іргелес екі канал, алдыңғы қабырға жақтағы
шекті төртеуінен басқасы өзінше дербес секцияларға жалғасқан.
Шеткі төртеуінде бір каналдан бар.
Ауа каналдары 26 ауа кіретін патрубкалар арқылы кіреді, ал
олар қойманың ұзынша қабырғаларын бойлай екі жағынан
орналасқан. Əр каналдың ені 0,5 м, ұзындығы 9 м, ал тереңдігі 0,5
– 0,15м дейін өзгеріп отырады. Каналдардың арақашықтығы
колонналардың орналасуына орай əртүрлі: 1,35 – 1,9 м дейін
өзгеріп отырады.
СВУ-1, СВУ-2 қондырғыларының арасындағы тұйық кеңістік
1,9 м-ге дейін жетеді де, жинау кесірінен дəндер үймегіне
жіберілетін ауа дұрыс бөлінбейді, ол тұйық кеңістікте ауа дұрыс
алмаспайтын болғандықтан, тұрып қалатын үйінділердің пайда
болуына əкеп соқтырады.
СВУ-3 қондырғысында тұйық кеңістік 0,5 м аспайды, ал бұл
дəндер үймегін бірқалыпты желдетуге мүмкіндік береді. Ол ауа
кіретін потрубкалармен жəне ауа бағыттағыш аэродинамикалық
күрекшелермен жабдықталған. Көлемі 3200 т типтік қоймада 16
бірдей секция орналасқан: сегіз секция қабырғаларды ұзынынан
бойлай орналасқан. Əр секция магистральді каналдан жəне 18
бүйірге орналасқан каналдардан тұрады, ал олар магистральді
каналға перпендикуляр жəне симметриялы түрде əр жағында
тоғыз-тоғыздан орналасқан. Магистральді каналдар қойманың
ішінде көлденең, оның ұзынша осіне перпендикуляр, оған 0,3 м
жатпай орналасқан.
285
СВУ - 3 қондырғысын төменгі транспортер галереясы жоқ
қоймаларға да жəне осындай галереясы бар қоймаларға да
орналастыруға болады.
ГИПЗП - 48 жəне ГИПЗП - 55 еденге орналасқан жəне
жылжымалы қондырғылар. Олар кең қолданысқа ие болуда.
Дəндердің көлемі 3200 т типтік қоймаларда қондырғының сегіз
блок секцияларын əр есікке біреуден орналастырылады. Оларға
ауа кіретін потрубка орналастырылады, төсеніш тақта
қондырылып, желдеткіш қосылады. Қойманың есігінен оның қақ
ортасына дейінгі магистральді канал құрайтын төрт ағаш өтпе (П)
жəне үш тұйық (Г) қалқан орнатылады. Ұзындығы 1,290 м, ені
1,815 м, биіктігі 0,207 м.
1948 ж ауаны тарату торларын қондыру құрылымы қиындау:
ұзындығы 1,920м 5 көлденең ағаш бөрене тіркеулердің биіктігі
0,070м, сондай - ақ үш қабатты көлденең төселген ағаш
тақтайлардан, жасалған жабындылар мен рейкалардан жасалған
ауа жүретін өтпелі жолдан тұрады. Əр қалқанның екі жанынан
үш қатардан тұратын ауаны тарататын торлар жалғанады.
Тордың өлшемі 1,920 х1,3 х0,125 м
1955 жылғы ауаны тарату торлары 1948 жылғыға қарағанда,
екі есе жеңіл, берік, құрылымы мен дайындалуы жəне
қолданылуы да оңай. Торлардың көлемі 1,95х0,65х0,15 м.
Құрылымы
мен
қолданылуы
қарапайым
болғанына
қарамастан, еденге бекітілген қозғалмалы қондырғының
төмендегідей кемшіліктері бар. Олардың қалқаны мен торлары
еден бетінен жоғары шығып жəне қозғалмалы механизмдердің
қоймалар мен алаңдарда дəндерді түсіріп-тиеу үдерістерін
біршама қиындатады. Қондырғыларды пайдалану біраз қол
еңбегін қажет етеді. Қондырғының ағаштан жасалған қалқандары
п. Ол дəндер үймегіне ендірілетін құбыр мен оның үстінен
кигізілетін жеке желдеткіштен тұрады. Қондырғыны тобымен
пайдаланады, яғни бір мезгілде жеті құбырдан кем емес құбырлар
тобын дəндер үймегінің жан-жағынан үшбұыштап үш немесе
одан да көп қатар етіп орнатады.
Ауа айдағыш құбыр төменгі жəне үстіңгі бөліктерден тұрады
да, конус формалы муфтаға өтедіде, желдеткішпен жалғасады.
Құбырдың диаметрі 102 мм, қабырғаларының қалыңдығы 1,5 -2,0
мм. Төменгі 2,15 литрлік бөлігі бар басынан конус сияқты
286
жасалған, ал ол үймекке ендіруді жеңілдетеді. Екінші басындағы
муфта вирромолотпен жалғанады.
Құбырдың төменгі бөлігі (0,6 м) тесіктерінің диаметрі ø 2 мм
тордан тұрады.
Құбырдың жоғарғы бөлігінің ұзындығы 1,5 м, ол өз кезегінде
дəндер үймегінің биіктігі жоғары болған жағдайда құбыр
ұзындығын созуға мүмкіндік береді.
Құбырды дəндер үймегіне батырып, вибромолоттың
(қозғалмалы балғаның) көмегімен дəндерді алады. ПВУ-1
қондырғысы өздігінен қызып кетуден жоюға қолданылады, бірақ
оны профилактикалық желдету үшін де пайдалануға болады.
ТВУ-2 қондырғысы. Қоймалардағы жүк алаңдардағы
дəндерді желдету үшін ТВУ-2 қондырғысын қолданады. Ол-
əртүрлі диаметрлі 5 бөліктен тұратын телескопиялық құбыр.
Бірінші бөлігі қалыңдығы 2 мм біртегіс болат беттен жасалады
да, салазкаға қондырылады, ал қалған төртеуі ø 3 мм тесіктері бар
перфорациялы қабырғалардан тұрады, олардың да қалыңдығы
алғашқынікіндей, бірақ екі қабаттан тұрады. Құбырдың əр
бөлігінің соңында сақиналы қатты фланцтары болады, ол
олардың
ішіне
киізден
жасалған
нығыздатқыштарды
орналастырады.
Телескопты құбырдың өн бойымен ø 9,9 мм болат тросс
өтеді, оның ұзындығы 12 метр. Тросстың бір басы қысқыштармен
соңғысының, бесіншінің соңына бекітілген, ал екіншісі – бірінші
бөлік арқылы шығып, ілмекпен аяқталады.
Құбырдың барлық бөліктері жиналған күйінде бірінші
бөліктің ішінде орналасады, ал ол өз кезегінде қорғаныш
қабықтың қызметін атқарады да, перфоациялы бөліктерді белгілі
бір арақашықтықта қабырғалардан тесік жасайды. Қойманың іші
мен сыртынан есіктер ілініп, құбырды тартып алған жағдайда
дəндердің төгіліп ысырап болмауы үшін автоматты түрде
тесіктердің жабылуын қамтамасыз етеді.
ТВУ қондырғысын жұмыс орнына жиналған күйінде
жеткізеді. Содан кейін қойманың немесе алаңның еденіне
орналастырып, түзу сызық бойымен ұзындығы жеткенше қойып
шығады. Оның жұмыс жағдайындағы жалпы ұзындығы 9,86 м
қондырғының созылған күйінде дəндерді үстіне үйеді. Дəндерді
төккен кезде созылған бөліктердің қозғалып, сынып кетпеуі үшін
287
шаралар қолданылады. Бұл дəндер үймегінің астынан дəндерді
үздіксіз сорып алу үшін қажет. Құбырдың үстіне дəндер төккен
соң, оған желдеткішті қосады.
Қажетті технологиялық нəтижеге қол жеткізген соң ТВУ-2
қондырғысы үймектің астынан шығарып алынады. Бұл жағдайда
салқындайтын бөлікті қозғамай-ақ жаңадан түсіп жатқан
дəндерді өңдеуге болады. Телескопты құбырды үймектің астынан
суырып алу үшін оны желдеткіштен ажыратады, ал тросстың
ілмегін автомобиль немесе басқа транспорттың ілгішіне кигізеді.
Автомобиль құбырдан тура қозғалып, тросты тартады да, бір-
біріне кигізгенімен барлық бөліктерді қоса тартады.
ТВУ-2 қондырғысын қоймалардың қабырғаларын жағалай
төгілген дəндерді желдету үшін пайдалы болат сымдар
тартылады. Барлық тартылған сымдар бірыңғай кеңістік каркасты
құрайды да, қойманың қабырғаларын берік тартып тұрады.
Вертикальді перфорациялы бөлгіш құбырларды болат сымдарға
комыттар арқылы бекітеді. Əр құбырға жіңішке тросс ілініп,
арнайы поршень бекітілген. Құбыр бойымен поршень
қозғалғанда ауаның біркелкі бөлінуі қамтамасыз етіледі немесе
өңделетін үймекке фумиганттың жеткізілуіне қол жеткізіледі.
Бұл қондырғылар өзінің құрылысы мен пайдалануы жағынан
қарапайым, жылдам жəне дəндерді желдетуді іс жүзінде
толығымен маханизациялауға мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: |