305
Табиғи-климаттық жағдай. Дəнді дақылдардың өсіп дамуына,
дəндерінің химиялық құрамына, олардың сандық мөлшеріне көп
əсер етеді.
Жаңбыры көп болатын ылғалды жерде дақылдың өнімділігі
жоғары болады да, бірақ азот мөлшері аз жиналып, дəндердегі
ақуыздың мөлшері төмен келеді.
Астық дақылының өнімі пісіп келе жатқан кезде ауаның
ыстығы 35°-40°С шама кезінде дəндер құрғап кетеді, керекті
тұтқыр түріндегі заттарының қозғалысы тоқтап қалады. Ол
толығымен пісіп жетілмейді. Егістіктен келіп түскен астық
массасы құрамында өлшемі, салмағы, пішіні, химиялық құрамы,
биологиялық өзгешеліктері бар əртүрлі дəндерден құралады.
Дəндер мен тұқымның сорттық өзгешеліктері оның
сақталуына көп əсер береді. Əр дақылдың сортын технологиялық
талап бойынша жеке түсіріп, өңдеп, сақтауды қамбаларға,
қораптарға, силостарға қоспай жайғастырады.
Дақылдардың сорттарына байланысты оның химиялық
құрамында, оған байланысты барлық қасиеттерінде өзгерістер
болады.
Сондықтан
ұндық,
нандық,
жалпы
айтқанда
технологиялық көрсеткіштерінде көп өзгешеліктері орын алады.
Достарыңызбен бөлісу: