Астық қоймалары жəне олардың құрылысы. Бұл да қызу
үдерісіне себеп бола алады. Қойма неғұрлым ылғал өткізбейтін
болса, қабырғалары, едені мен төбесі жылу өткізбейтін, дəндер
арасына ауаның өтуі реттеліп отыратын болса, өздігінен қызу
қауіпі де соғұрлым төмен болады.
Астық сақтау шарттары жəне оған күтім жасау
тəсілдері. Үйінді биіктігі дəндердің күйіне байланысты.
Ылғалдылығы жоғары екпінді физиологиялық құбылыстар орын
алатын астық жиілігін анабиоз күйіндегі астыққа қарағанда,
жұқарақ етіп салған жөн. Қызып кетпеуі үшін оны ұдайы
бақылап, қадағалап отыру қажет.
Астықты орып алғаннан кейінгі өңдеу тəсілдері оның
физиологиялық екпінділігін төмендетуге, дəндердің мөлшері мен
399
сапалық жағынан жақсы сақталуын қамтамасыз етуге, өздігінен
қызуды болдырмауға бағытталуы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |