Ббк 36. 82 я 73 а 89 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет75/269
Дата24.02.2022
өлшемі9,2 Mb.
#26346
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   269
8.3.  Астықты кептірудің тəртіптері 

 

Кептіру  тəртібі  дегеніміз – жылу  жəне  ылғал  алмасуының 

жиілігін  үйлестіретін  белгілі  бір  мақсатты  сəйкестігін  жүзеге 

асыратын,  астықты  сақтау  мен  кептірілген  астықтың  сапасын 

жақсартуды  қамтамасыз  ететін  үдерісінің  негізгі  өлшемдерінің 

жиынтығы болып табылады. 

Негізгі  тəртіп  өлшемдеріне  астықтың  температурасы, 

ылғалдылығы 

мен 

кептіру 


агентінің 

жылдамдылығы, 

ылғалдылығы,пайдалану  мақсаты  дақылдың  түрі  жатқызылады. 

Сонымен бірге кептірудің ұзақтығы да ескеріледі. 

Кептіру  агентінің  температурасы  негізгі  өлшемдерінің  бірі 

болып  саналады  жəне  астықты  кептірудің  жеделдігі  мен  одан 

ылғалдың  буланып  шығуын  айқындайды.  Жоғарғы  температура 

мен  кептірілетін  агенті  кептіргішке  берудегі  ылғалдылығының 




 

140


 

шамамен төмен болуы тұтастай алғанда кептіру үдерісінің жедел 

жүруіне ықпал етеді. 

Алайда,  астықтың  сапасын  сақтап  қалу  мен  жақсартуды 

қамтамасыз  етудің  қажеттілігіне  орай  температураның  мəні  де 

шектеледі. 

Жұмыс  істеп  болған  кептіру  агентінің  жоғары  шамалы 

ылғалдылығы  жəне  кептіру  камерасындағы  температураға 

жақындайтын  төмен  температурасы  жылу  жеткізуші  жəне 

ылғалды  бойына  сіңіруші  ретіндегі  оның  кептіргіш  қабілетін 

барынша  пайдалануға  болатындығын  көрсетеді.  Сонымен  бірге 

ол жұмыстың экономикалылығының түп қазығы болып саналады. 

Астықтың ылғалдылығы кептірудің температуралық тəртібін 

таңдап  алуға  елеулі  түрде  ықпал  етеді.  Астықты  қыздыру 

кезіндегі  ең  шекті  мөлшердегі  температурасын  арқылы 

анықталатын  дəндердің  термотұрақтылығы  көп  жағдайда 

бастапқы  ылғалдылыққа  байланысты  болады:  астықтың 

ылғалдылығы  неғұрылым  жоғары  болған  сайын,  оның 

термотұрақтылығы  да  күшейеді  немесе  керісінше,  болады. 

Кептірген соң астықтың ылғалдылығын сақтау жəне қайта өңдеу 

жағдайларына байланысты таңдап алады. 

Температуралық  тəртіпті,  таңдап  алу  үшін  астықты  кептіру 

үдерісінің ұзақтығы да маңызға ие болады. 

Кептіру  тəртібін  негіздеу  кезінде  дəндердің  қандай  мақсатқа 

арналған 

дақылдың 

түрін 

айқындайтын 



технологиялық 

құрылымының  ерекшеліктерін  еске  алудың  қажет  екендігін  атап 

өткен жөн. Сонымен қатар оның пісіп, жетілу дəрежесі бойынша 

жиналу тəсілдері мен əртүрлі сапалылығы да ескеріледі. 



Азық-түліктік  мақсаттағы  астықты  кептіру.  Мұндай 

астықты  кептіру  кезінде  “Азық-түліктік  жемдік  астықты,  май 

шығаратын-тұқымдық 

астықты 


кептіру 

жəне 


астық 

кептіргіштерді  пайдалану  жөніндегі  нұсқаулар”  талаптарына 

сəйкес тəртіптер қолданылады (13-кесте).  

Ылғалдылығы 20%-дан  астам  астық  пен  ылғалдылығы 19%-

дан  астам  сыра  қайнатуға  арналған  арпаны  тік  ағатын 

кептіргіштерде екі рет өткізу, ал рецеркулярлықта –бір рет өткізу 

арқылы кептіреді. 

Бидайды  кептіру  кезінде  ақ  ұлпаның  бастапқы  саны  күшті, 

жақсы,  нашар  жақтары  ескеріледі.Ақ  ұлпасы  нашар  бидайды 



 

141


 

кептіру  кезінде  температураны  жоғарылату  ақ  ұлпаның 

тығыздалуына  əкеліп  соғады,  бұл  болса,  оның  сапасының 

артуына əсер етеді. 

Шахталық  астық  кептіргіштерде  негізінен  бастапқы 

тампературалық  тəртіп  сақталады.  Оның  мəні  мынада- 

термотұрақтылықты  есептеу  арқылы  кептіру  камерасында 

астықтың  ылғалдылығын  төмендету  арқалы  кептіру  агентінің 

температурасы табылады. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   269




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет