Ббк 36. 82 я 73 а 89 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет82/269
Дата24.02.2022
өлшемі9,2 Mb.
#26346
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   269
ЖЗС-22  кептіргіші.  Шахталы  металды  кептіргіш,  ол  көлемі 

3600  Х 1000 мм  жəне  биіктігі 10510 мм  болатын  параллель 

жатқан  екі  кептіргіш  салқындатқыш  камерадан  тұрады.  Əр 

камераның 12 тік  бұрышты  колонкасы  бар,  оның  жақтық 

қабырғасы  илген  жəне  көлденең  жатқан  жалюзді  тақтайлар 

түрінде  жасалған.  Колонкадағы  дəннің  өту  қашықтығы 120 мм. 

Барлық  колонканың  биіктігі  бойынша  каналдар  орналасқан,  ол 

арқылы кептіргіш агенттің жəне салқындатқыш ауаның жаңасын 

енгізіп  өңделгенін  шығарады.  Өндіріс  жағдайында  жасалатын 

бөлек секцияда астық кептіргішті құрастырады. Кептіргіш жұмыс 

кезінде колонкаларды бетіне дейін дəнмен толтырады. Кептіргіш 

агент  дəннің  қабатынан  қарама-қарсы  бағытта  өтеді.  Дəндерді 

ауыстыру жылдамдығын шығарғыш қақпағы арқылы реттейді, ол 



 

169


 

колонкасында  орналасқан.  Колонкалардың  астықпен  толы 

болуын  бақылап  тұру  қажет,  əйтпесе  кептіргіш  агент  жалюзді 

тақтай  арқылы  астықпен  толтырылмаған  күйде  сыртқа  шығады. 

Кептіргіш  салқындатқыш  камера  арасында  ені 120 мм  болатын, 

екі  кептіргіш,  екі  салқындатқыш  кеңістікті  түзетін  биіктігі 

бойынша  екі  тік  көпірі  бар  реттегіш  камерасы  орналасқан. 

Кептіргіш  биіктігі  бойынша 8 секциядан  жинақталған.  Беткі 

үшеуі биіктігі 4304 мм бірінші кептіргіш зонасын түзеді, ортаңғы 

екеуі биіктігі 2842 мм – екінші жəне соңғы үшеуі биіктігі 3363 мм 

–  салқындатқыш  зонаны  түзеді.  Кептіргіш  агентті  кептіргіш 

зонаға  түсу  үшін  ВПС  № 10 желдеткішті,  екіншіге – ВПС  № 8 

жəне  салқындатқыш  зонаға – ВПС  № 8 ауа  желдеткішті 

қолданады.  

Жалюзілі  қабырға  жанындағы  дəн  қыздырылып,  тез 

кептіріледі.  Дəнді  кептіру  мен  қыздырудың  теңсіздігін  жөндеу 

үшін  кептіргіш  агентті  бірінші  жəне  екінші  зонадан  астық 

қабатына əртүрлі бағытта жеткізеді.  

Кептіргіштің  шығарғыш  қақпағының 12 тесігі  болады,  ол 

жалюзилі  колонка  санына  сəйкес  келеді.  Қақпақты  КЭП-12  У 

прибор көмегімен басқарады. Қақпақтың жұмыс аралық уақытын 

20 сек-тан 4 минутқа дейін өзгертуге болады. Кептіргіш ғимарат 

сыртында  орналасады.  Кептіргіш  камералардың  қабырғалары 

жылудан  ажыратқыш  болады.  Қолданылған  кептіргіш  агентті 

шығаруға арналған тесігі козырек көмегімен қорғалып тұрады. 

Астық  кептіргіштің  пеші  сұйық  ертінді  арқылы  жұмыс 

жасайды.  Пеш,  кептіргіш  зона  желдеткіші  жəне  басқару 

қондырғысы ғимараттың ішінде орналасқан. 




 

170


 

 

45-сурет. ЖЗС-22 кептіргіші секцияларының көрінісі 



1-жалюздік  колонкалар; 2-жеткізетін  каналдар; 3-шығаратын 

каналдар.  

 

ЖЗС-22  кептіргіші  тазартылмаған  астықты  кептіруге 



арналған. Жоғары камерада ірі қоспаны ажырату үшін 70х70 мм 

тесігі  бар  решетка  орналастырылған.  Эксплуатация  тəжірибесі 

бойынша: кептіру кезінде бұл решетканы тазалау қиынға соғады. 

Басқа да жетіспеушіліктері байқалды. Жалюзилі колонкада зигзаг 

түрінде  астық  қабатын  араластыру  дəннің  кептіру  мен  қыздыру 

теңсіздігінің  алдын  алу  үшін  жеткіліксіз.  Ыстық  жалюзилі 

қабырғамен тип тұрған дəндердің сапасы нашарлау болады. 

Сусымалылығы  кенеттен  төмендейтін  шикі  астықты 

кептіргенде  қыздырудың  қауіптілігі  ерекше  өседі.  Көлбеу 

сөрелерде,  сондай-ақ  тікжəне  еңіс  сөрелердің  бұрыштарының 

арасында  орналасқан  астық,  ортаңғы  қабаттағы  астыққа 

қарағанда,  баяу  жылжиды,  осыған  байланысты  жылу  біркелкі 

таралмайды. 

Кептіргіштердің  каналдарын,  кептіргіштің  үрлегіш  агенті 

салқындатқышауа  арқылы  жиналып  қалған  жеңіл  қоспаларынан 

тазартып тұру қажет. 




 

171


 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   269




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет