Сұрақтар мен тапсырмалар:
1. «Сөз жатықтығы» деген тіркесті қалай түсінеміз, оның «таза сөйлеу» «әдемі сөйлеу» «анық сөйлеу» деген сөз тізбектерімен қандай байланысы бар. Өз ойларыңды күнделікті көріп жүргендеріңмен, теледидардағы көрермен қауымның тілдерімен, не басқа да жағдайлармен салыстырып дәлелдеңдер.
2. Сөйлеушінің өзі жатық болу үшін әдеби тіл нормасын еркін меңгеруі керек. Сонда «әдеби тіл» дегеніміз не, оның негізін салушы кім? өздерің оқып жүрген бір әдеби шығармадан үзінді алып тіліне талдау жасап көріңдер. Сондағы сөздердің барлығы жалпыхалықтық тілге жата ма, жатпаса ол қандай сөздер? (диалект, жаргон т.б.)
3. Сөз жатығын жүзеге асыру үшін тілдік норманы қандай принциптермен іске асырамыз? Өз ойларыңды бір жүйеге келтіріп, бір тақырыптың төңірегінде сөз саптап көріңдер.
4. Диалект сөздерді әдеби тіл нормасына енбейді дейміз. Сонда диалектілер тек қана жергілікті тіл ерекшелігі ме, немесе олардың әдеби тіл қатарына жақындап түрленіп, өзгеріске түсейін деп жүргендері бар ма? Мысал келтіріп, өз ойларыңды белгілі бір дәлелдермен айтып қараңдар.
5. Қазақ тілінің орфографиялық, орфоэпиялық нормасының сөз жатықтығына қандай қатысы бар? Сөздердің дұрыс айтылуына көңіл бөліп театр тілімен (театр актерларының тіліне еліктей отырып) бір әдеби шығармадағы монологтарды, табиғат суреттерін жатқа айтып көріңдер.
6. Кейбір сөз орамдары ғылыми. Ресми мәнде де өз орнын таппай тұрады. Естігенде құлаққа түрпідей тиіп шындыққа сайымыз болып келеді. Ал поэзиялық шығармаларда ол өзгеше бір еренге еріп, құлпырып кетеді. Бұл неліктен деп ойлайсыңдар? Мысалы: («сөнбейтін серік», «қайғысыз күлкі», «ой тұлпарды қоямын күрмеп-күрмеп»)
Осындай сөз өрнектері бар ресми мәтіндермен бір лирикалық шығарманы салыстырып көріңдер.
1-тапсырма: Қазақ әдеби тілін тиімді пайдалана отырып, көңіл айтуды қарасөзбен жеткізіп көріңдер. Өз ойларыңды толық терең мағынада жеткізу үшін мақал-мәтелдерімен қанатты сөздерді пайдаланыңдар! Өлең мен қара сөздің айырмашылығын түсіндіріңдер.
Орынбай ақын Кертақұлының Шыңғыс пен Зейнепке Шоқан қайтыс болғанда көңіл айтқаны.
-Уа, Шыңғыс, Зейнеп ханым, көтер басты,
Қай қазақ ой ойлаған сенен асты?
Баласы жеті момын келіп тұрмыз,
Күңіреніп босағаңа төгіп жасты.
Тарихтан талай адам көрген едік,
Қызықты нелер дәурен сүрген едік.
Жасымыз мұнша жасқа келгенінше,
Шоқандай науша жасты көрмеп едік.
Қыршын жас, қайран шоқан өткен бүгін,
Күйзелтіп ел-жұртын кеткен бүгін.
Аяулы жарқын жүзін еске тастап,
Дүниеден ем таба алмай өткен бүгін.
Әуелде солай жазса, не істейсің,
Бұйырса тағдыр, қалай бас имейсің?
Қайран жас қызғыш болған халық үшін,
Қалайша қазасына күйзелмейсің!?
Тұлпар бар ма тұяғы майрылмаған?
Сұңқар бар ма қияғы қайрылмаған?
Қашанда тағдыр – ажал жеткен күні,
Кімдерден кімдер жылап айырылмаған!?
Өлеңдегі «науша», «қызғыш», «майрылмаған», «қиядағы» деген сөздердің баламасын табыңдар, бұл сөздер әдеби тіл нормасына ене ме, түсіндіріңдер.
2-тапсырма: Мына мәтіннің құрамындағы диалект сөздердің баламасын дәл тауып, әдеби тілдегі сөздермен алмастырып, қайтадан құрыңдар. Бұл сөздердің тілге жеңіл, ауызекі тілде жиі қолданылатындығына көңіл бөліңдер.
Мысалы: - Сен тағын, тағын бастадың ба?! Қанша үрмет қысам да бомай-ақ қойдың ғой, жүдә! Сен албасты! Секеңдеген шәйтән. Қараңғы үйге жалғыз өзіңді қамап, қояйын ба, шыли. Көзіңді бозартып – деп, Мақпал біраз қабағын түйіп, өтірік ашуланған боп қарап тұрды. Сөздері әсер ететін емес. Тамсанды да, аяғын екі-үш басып:
- Қараң қағыр, қоясың ба, жоқ па? Тұр ғой міні, мыналар адамша тып-тыныш... әлде жын ұрды ма сені, түге? – Үй, тілеуің құрсын өл де маған?... Секеңдеген албасты, наяты... неткен бүліксің сен... Құдай ұрып?!
- Үй, сарамас... буазына не бересің тентектің!... жәйің осы... осы. Бұдан артық қаяққа апарам сені? Оттығың бар. Бедең әні! – деп ішінен:
- Байлап қойсам ба екен, жүдә?... (М.Ә. «Білекке білек»)
3-тапсырма: Төмендегі портреттерді сала отырып, түсінгендеріңді жазбаша жеткізіп көріңдер. Адамның жан дүниесін білдіретін сөздерді тауып, олардың мағынасына талдау жасаңдар.
...Исаны менің алғаш көруім 1922 жылдың жазында, Қызылжар қаласында. Сондай бір ақын келіпті дегенге пәтеріне іздеп барсам, түр-тұлғасы жараған кейіптей қағылез, бет-ауызы бір-ақ уыстай кішкене, «тақия сыймас шекелім» дегендей, шекесі жалпая біткен, лақ-текедей сыртына тебе біткен кішкене қара көзді, ұшы имектеу, тұмсығы көтеріңкі біткен жіңішке мұрынды, сүйір иек, жұқа ерін, жіңішке ұзын мойындағы жұтқыншағының үлкендігі кішігірім баланың жұдырығындай, көкпар аттың ойнақы мінезді жігіт екен. Басында жасыл пайымен тыстаған, алдыңғы жағын түре киетін пұшпақ бөрік, үстінде жаңасына қара барқыт салған түйе жүн шекпен, аяғында қазақы етік, костюмі қалаша (С.Мұқанов).
Бұл жолы қырықты алқымдаған, денесі сәл имиген, ұзын тұра мұғалімнің аты – Шабақ. Мектеп директорының немере ағасы. Ол өткен жылға дейін бастауыш класқа сабақ беретін. Соңғы кезде облыс орталығындағы педагогика институтын сырттан оқи бастаған көрінеді...
Шабақ ағай «әй, өй» деп тұрпайы сөйлейтін, саба түсіндіруі алдыңғы оқытушыға қарағанда көп олқы, бағаны алалап қоятын кісі екен. (М.Гумеров «Ерегес»).
Соғыс кезінде маған хат жазып тұрған көп қарындастарың бірі – Сима деген қыз суретіңді жібер деп өтінді. «Осының өзі қандай жігіт екен, көрейінші» деген болу керек. Дұрыс қой, бірақ қыздың өтінішін орындауға пәрмен болмады, окопта отырған солдаттар кім суретке түсіре қойсын. Сонда да қыз ренжімесін деп жауап жаздым. Майданда фотография жоқ, сондықтан суретімді айтайын деп, мынадай өлең жаздым:
Достарыңызбен бөлісу: |