Ббк 8. Д13 Давлатов Саидмурод


Кітапты оқу бойынша нұсқаулық



Pdf көрінісі
бет114/134
Дата18.10.2022
өлшемі6,49 Mb.
#43839
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   134
Кітапты оқу бойынша нұсқаулық
қажет. Оқыған кезде, әдеттегідей қолыңызда қарындаш 
болсын, онымен астын сызып, кітап шеттеріне белгі қою 
арқылы және өз ойларыңызды жазу арқылы оқыңыз.
Үш жылдан кейін айына қанша ақша тапқыңыз 
келетіндігі туралы сұраққа жауап бергенде, өзіңіздің по­
тенциалды мүмкіндіктеріңізге сүйене отырып, сонымен 
бірге өз қиялыңызды қоса отырып, соманы анықтауға 
тырысыңыз. Мысалы, егер оған қалай жететіндігіңіз 
жайлы ойламастан, 10 000 доллар деп жазсаңыз, осы 
санды сызғылап тастауға асықпаңыз. Мақсат қойыңыз 
және ынталы құлшыныс арқасында сіздің ойлағаныңыз 
өз жолын тауып қалар.
Себебі адам миының қабілеттілігі шексіз, онымен 
ешбір компьютер теңесе алмайды. Мақсатыңызды 
айқындап, ақпаратпен (бұл үшін мақсатты түрде көп 
кітапта оқу қажет, керек адамдармен сөйлесу қажет) 
қамтамасыз етіңіз, осылайша ми идеяларды ұсына от­
ырып, мәселелерді құлшыныспен шеше бастайды. Ол 
сіз ұйықтап жатқанда да жұмыс істейді. Өйткені Мен­
делеевке де өте қиын ғылыми мәселенің (химиялық 
элементтердің периодты кестеде орналасуы) шешімі де 
түсінде келген.
Тағы да ары қарай оқуды қарындашпен жалғас ты-
рыңыз. Бөлімде орындалуы міндетті болып табылатын 
нақты кеңестер берілген, себебі олар жүйені құрайды. 
Тіпті олардың қысқаша тізімінің өзі олардың бүкіл 
маңыздылығын ашып көрсетіп тұр:
Егер сіз бір нәрсені жасаймын деп шешсеңіз, 
күмәнданбаңыз, оны сенімде түрде жасаңыз;
Ешқашан түлкі болмаңыз;
Өзіңізді арыстандармен қоршаңыз;
Әр 72 сағат сайын өз жоспарларыңызды қарап 
шығыңыз;
Сәтсіздіктеріңіздің себебін тек өзіңізден іздеңіз;
Өз кедейшілігіңіз үшін ақтаушылық іздемеңіз;
Өзіңізбен жұмыс істеңіз.


206
Мен және Ақша
Ережелерді дәптеріңізге жазып алыңыз, оларды 
жаттап алып, өмірде қолданыңыз.
Сосын тағы ой елегінен өткізіп, сұрақтар қойыңыз, 
жауап беріңіз, талдау жасаңыз. Өз іс-әрекеттеріңіздің 
дұрыстығына күмәнданбай, барлық қағидаларды 
өмірде оңай қолдана алуыңыз үшін, әр тақырыппен 
тыңғылықты түрде жұмыс істеуіңіз қажет. Егер 
осыған сенімді болсаңыз, онда оқуды жалғастырамыз.
дАМудың Үш сФерАсы,
уАқытты дҰрыс БАсқАрА Білу,
Ақылдылық жӘне 
өз БолАшАғыңызды
дАМытуғА қАржы сАлу
Осы бөлімнің келесі тараулары төрт маңызды 
тақырыпқа арналған: дамудың үш сферасы, ақшаны 
дұрыс басқара білу, ақылдылық және өз болашағыңызды 
дамытуға қаржы салу. Ең бастысын өзіңіз астын сызасыз, 
ал біз тек айтып өтеміз. Сіздің ақыл-ойыңыз жобалы жо­
спарларды іске асыруда ең маңызды құрал болып табы­
лады. Ол қарапайым адам тек 2-5 пайызын қолданатын, 
потенциалды мүмкіндіктерге ие. Тіпті қуатты компью­
тер онымен теңесе алмайды. Себебі оның жасампаздық 
қиялдары жоқ. Ол ойлана алмайды, ал шешімді бәрібір 
өзіңіз қабылдауға тура келеді, ал компьютер бұл 
жағдайда сізге көмектесе алмайды. Алынған білімдер 
негізінде сізге не істеу қажеттігін өзіңіз шешуіңіз 
қажет. Осы тараудың басты қорытындыларының бірі: 
сіздің парасаттылығыңыздың даму деңгейін сіздің 
жоспарларыңыздың шынайылық деңгейі анықтайды. 
Бұл сіздің көңіл-күйіңз, сіздің тағдырыңыз сіздің ақыл-
ойыңызға тәуелді дегенді білдіреді.
Уақыт туралы тарауды да атап кеткен жөн, өйткені 
өз уақытын шебер басқару және үлестіру табысқа 


207


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   134




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет