Ббк 8. Д13 Давлатов Саидмурод



Pdf көрінісі
бет1/134
Дата18.10.2022
өлшемі6,49 Mb.
#43839
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   134
Байланысты:
2 5332646650437436556




Cаидмурод ДАВЛАТОВ
Мен 
және
АқшА


УДК 159.9
ББК 88.5
Д13
Давлатов Саидмурод
Д 13
Мен және ақша: бай адам сияқты ойлау. 
– 1 
бөлім
. –
Б.: 2011 ж. – 228 бет.
ISBN 978-9967-08-158-1
Кітап, сіз ақшаға емес, сізге ақшаны өзіңізге қалай жұмыс 
істете білуге болатындығын үйретеді. Ойлау қабілетіңізді өзгертуге 
және ақша табудың түрлі жолдарын көре білуге үйретеді, аз уақыт 
ішінде көп ақша таба білу мүмкіндіктеріңізді дамытуға көмектеседі. 
Қаржылық еркіндікке жол ашады. 
Д 03 0304 0000-09
ISBN 978-9967-08-158-1
УДК 159.9
ББК 88.5
© Давлатов С., 2009


3
Құрметті оқырман!
Қолдарыңызға алып отырған кітап тәжірибеге негізделген 
және менің жетістікке және табысқа жетуімнің мағынасын аша-
ды. Бұл кітапта мені көп затқа үйреткен ұстаздарымның берген 
білімі мазмұндалған. Ұстаздарым маған маңызды өмірлік ақиқатты 
түсінуге, жетістікке жету жолындағы түрлі қиындықтарды жеңуге 
және өзіме сенуге үйретті. Мен соғыс пен қайта құру нәтижесінде оқу 
орнының ақшасын төлей алмай екі ЖОО тастап кеткен қарапайым 
жігіт болдым. Барлығын басынан бастаған, көптеген қиындықтарды, 
сәтсіздіктер мен құлдырауды басынан кешірген, және бірте-бірте 
қателіктерді түсініп, өз тәжірибем негізінде содан нәтиже шығара 
білген жігіт едім. Сондықтан осы кітаптан алған білімдеріңіз өзіңізге 
сенуге, көптеген келеңсіз жағдайларды айналып өтуге және өз 
мақсатыңызға тезірек жетуге көмектеседі. 
Менімен өзінің құнды тәжірибесімен бөліскен адамдарға – негізгі 
қаржылық білім берген Бодо Шефтер және маған өмірдің рухани 
жағын ашып көрсеткен М.С. Норбековке алғысымды білдіремін.
Осы кітапты жазуға көмектескен журналист М.Т Алымбеков пен 
тамаша суреттердің авторы суретші Керимбек Джумадильханға 
алғысымды білдіремін. Осы кітап жетістікке және ауқаттылыққа жол 
бастаған әрбір адам үшін жолбасшы болсын. Ол өзіңізді түсінуге, шын 
мәнінде кім екеніңіз жайлы ойлануға мүмкіндік береді. Қатты қалаған 
адам барлығына қол жеткізе алатынына сенуге мүмкіндік береді. 
Кітап, сізге қиын жағдайларға қалай мойынсынбауға болатынын, қиын 
жағдайларға ұшырайтын және күрделі мәселелері бар адам жалғыз сіз 
емес екендігін түсінуге көмектеседі. Адам өзгелердің қиындықтарын 
азайтып өзінікін үлкейтіп көруге бейімделген. Басқаларға қарағанда 
тек сiзде ғана қиындыктардың көп болып көрiнетіні – жаңсақтық. 
Барлық ауқатты адамдар өз өмірлерінде түрлі қиындықтарды ба-
сынан кешірген. Алайда, олар, өздеріне сене білді, өз қателіктерін 
түсініп, басқалардың тәжірибесіне сүйене отырып, жетістікке қол 
жеткізу үшін қажетті тәлім ала білуімен ерекшеленді. Ал ең ба-
стысы олар, әрқашан жетістікке жететіндеріне сене білді, себебі, 
ертеңгі күнге деген сенім жетістікке жету жолының жартысы бо-
лып табылады. 
Алғы сөз


4
Мен және Ақша
Әрине, бұл кітап беретін білім жетістікке жетудің кепілі емес. 
Себебі, білетіндер көп, ал өз білімін қолдана білетіндер өте аз. Шы-
найы өмірде университетте алған білімдерін қолдана алмайтын 
жоғары білімді жастар қаншама! Сондықтан, білімді адам дегеніміз, 
тек дипломы бар адам емес, басқалары жасай алмайтын мәселелерді 
шеше білетін, басқа адамдар абыржып қалатын жағдайдан шыға 
білетін, өзіне және өз болашағына сене білетін адам. Білімді адам 
белгілі жүйеде жұмыс істеп қана қоймай, сол жүйені құрушы да бола 
алады. Қай салада екені маңызды емес, бұл бизнес, жанұя, өмір болуы 
мүмкін. Сен біреу құрған жүйеде жұмыс істейсің немесе сол жүйені 
өзің құрасың!
Өз өміріңізді жоспарлауды үйреніңіз. Болашағын жоспарламайтын 
адам, ол үшін басқалар жоспарлайтынын түсіну керек. Жетістікті 
жоспарламай тұрып, оған жету мүмкін емес. Егерде сіз кедейшіліктің 
ұрығын сепсеңіз, түбінде байлық шығады деп үміттенбеңіз.
Егер менің кітабым сіздерге өз өмірлеріңізді жақсартуға, оны 
жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік берсе, мен шын мәнінде қуанамын. 
Кез-келген адамға өзінің басқа адамның жетістікке жетуіне себепкер 
болғандығын түсінуі өте маңызды. Сіздер мақсаттарыңызға жетіп, 
армандарыңыз орындалсын деп тілеймін қымбатты оқырмандар. 
Сондай-ақ өз жетістіктеріңізбен бөліседі деп үміттенемін.
Өз өмірінің тәжиребесімен бөлісетіндіктен, менің өмір жолымда 
кезіккен әрбір адам менің ұстазым болып табылады. Және менің басты 
ұстаздарым, ол менің тыңдармандарым, себебі, оқу үрдісі екіжақты. 
Бұл кітапта менің жеті жылғы оқытушылығымның қорытындысы 
жазылған. Сондықтан осы кітапты жазуға өз үлестерін қосқан, менің 
барлық тренингтерімнің қатысушыларына алғысымды білдіремін. 
Менің көптеген тыңдаушыларым алған білімдерін орнымен қолданып, 
жетістікке жетті. Мен оларға өте ризамын. 
Бұл кітапта қаржылық еркіндіктің 6 негізгі құпиясы келтірілген. 
Олар бүкіл кітап бойынша шашыраңқы түрде көрсетілген. Олар-
ды тауып, түсіну үшін сіздерге бұл кітапты бірнеше рет қайталап 
оқу қажет,сонымен бірге қаржылық зияткерлігіңіз де жоғарылайды. 
Сіздің санаңыз дайын болған уақытта, тапқан құпияларды мозаика 
секілді құрап жинақтай аласыз. Сол кезде жұмыстың 50% орында-
лады! Оны тәжірибеге салу оңай болады. Тез арада іске кірісіңіз. Сол 
кезде құдайдың көмегімен сіз жетістікке жетесіз. 
Ақ жол менің қымбатты оқырманым! Осы кітап сізге байлық 
пен жетістікке, отбасылық бақыт пен ауқаттылыққа жетуге көмек 
болсын! 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   134




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет