Ббк 81. 2 С 84 Главный редактор


Қ.Қ. Мұқанова, А. Мухтарова



Pdf көрінісі
бет23/40
Дата12.03.2017
өлшемі4,09 Mb.
#9150
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   40

Қ.Қ. Мұқанова, А. Мухтарова 
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті 
Қазақстан Семей қ. 
 
ҚАЗАҚ ТІЛІН ЖОБАЛАП ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ 
 
Қазіргі таңда, елімізде білім беру саласында түрлі реформалар жүргізіліп, әлемдік білім беру 
кеңістігіне  аяқ  басудамыз.  Заманның  талабы  қоғамға  қажетті  білімді  жастар  болғандықтан,  сол 
жастарды  озық  әдістермен  оқыту  барша  ұстаздардың  басты  назарында.  Бұл  жайында:  Қазақстан 
Республикасының «Білім туралы» Заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті ұлттық және жалпы 
адамзаттық  құндылықтар,  ғылым  мен  практика  жетістіктері  негізінде  жеке  адамды  қалыптастыруға 
және  кәсіби  шыңдауға  бағытталған  білім  алу  үшін  қажетті  жағдайлар  жасау,  оқытудың  жаңа 
технологияларын  енгізу,  білім  беруді  ақпараттандыру,  халықаралық  ғаламдық  коммуникациялық 
желілерге  шығу»,  -  деп  білім  беру  жүйесін  одан  әрі  дамыта  түсуді  мақсат  етеді  [1].  Аталған 
мәселелерді шешу үшін әр мұғалім инновациялық технологияларды жетік меңгеруі шарт.   
Жалпы  алғанда  оқытудың  жаңа  технологиясының  түрлері  көп.  Мысалы,  Д.Б.  Эльконин  мен 
В.В. Давыдовтың «Дамыта оқыту технологиясы», П.И. Третьяков, К. Вазина, М.М. Жанпейісованың 
«Модульдік оқыту технологиясы», В. Дьяченконың «Жобалап оқыту технологиясы» және т.б. 
ХХІ  ғасырда  білім  беру  жүйесін  жаңартудың  басым  бағыттары  мектеп  білімін  жетілдіру, 
жаңарту  болып  есептеледі.  Негізгі  мақсаты  оқушылардың  өз  бетінше  білімге  деген  құлшынысын 
қалыптастырып, оны іс жүзінде қолдана білуге үйрету. Дамыған заманымызда оқушылардың зерттеу 
жұмыстарын жүргізіп, жоба жасауға үйренуі де кезек күттірмейтін мәселелердің бірі. Сондықтан да 
жобалап оқыту технологиясының тиімділігі күн санап артуда. 
Білімалушылардың  ғылыми-зерттеу  қызметін  тиімді  ұйымдастырып,  ғылыми-ізденушілік 
жұмыстарға  бағыт  беретін  жаңа  оқыту  әдістерінің  бірі  ретінде  жобалап  оқыту  әдісін  көрсетуге 
болады. 
Жобалап  оқыту  әдісі  -  білімалушының  жеке  тұлғалық  қабілеттерін  заманауи  талаптарға  сай 
дамытуға, шығармашылық, танымдық қабілеттерін жан-жақты жетілдіруге  жол ашатын жаңа оқыту 
түрінің бірі. Жобалап оқыту әдісі арқылы оқу үрдісін ұйымдастыру қазіргі "Жаңа мектеп" алдындағы 

151 
 
міндеттер мен мәселелерді шешуге мүмкіндік береді. Бірақ кез келген оқыту әдісінің жемісті болуы 
оқытушылардың  жаңа  технологияны  қолдана  алу  дайындығы  мен  ынтасына,  ең  бастысы,  оқу 
мекемесінің  материалдық-техникалық  жабдықталуына  тікелей  байланысты  болатынын  естен 
шығармауымыз керек.  
Жобалап  оқыту  әдісін  жеке  тұлғаға  бағытталған  даралап  оқыту  формасына  да,  ұжымдық 
оқыту формасына да жатқызуға болады. Жобалап оқыту әдісі оқытудың екі формасын да іске асыруға 
мүмкіндік  береді.  Өйткені  жоба  жұмысын  білімалушы  жеке  өзі  орындауы  да  немесе  топпен 
орындауы  да  мүмкін.  Даралық  сипатта  орындалатын  жоба  жұмысының  өзіндік  айырмашылықтары 
бар. Жоба жұмысы орындалу мерзіміне қарай қысқа мерзімді (2-3 сабақтық, 2-3 апталық) және ұзақ 
мерзімді (тоқсандық немесе жылдық) болуы мүмкін. Ал мазмұндық сипаты жағынан ғылыми-ізденіс 
және  қолданбалы-практикалық  болып  екіге  бөлінеді.  Көпшілік  жағдайда  ғылыми-ізденіс  жобалары 
ұзақ  мерзімге  жоспарланса,  қолданбалы-практикалық  жобалар  қысқа  мерзімде  орындалады. 
Жобаның  қандай  түрінде  болсын  зерттеушілік  пен  шығармашылық  басты  орын  алады.  
Шығармашылық  жұмыстар  білімалушылардың  өз  беттерімен  іздену,  зерттеу,  қорытынды  жасау  іс-
әрекетіне  түрткі жасай  отырып,  оларды  ғылыми  ізденіске жетелейді.  Ғылыми-ізденіс  жобаларының 
түрлеріне зерттеу, шығармашылық, пәнаралық, т.б. жобалар жатады.  
Жобалап оқыту әдісі білімалушылардың ойлау қабілеттерін белсендіруге жеке тұлғаның өзін-
өзі  шығармашылық  тұрғыда  жетілдіруге,  алған  білімдерін  іс-тәжірибеде,  өмірде  қолдана  білуге 
бағытталған.  Кез  келген  жоба  нақты  бір  мәселенің  шешімін  білімалушының  өз  бетімен  шешуіне 
негізделген іс-әрекеттер жүйесі. Сондай-ақ, жобалап оқыту әдісі арқылы білімалушылардың сөйлеу 
тілін, көркем сөйлеу мәдениетін жетілдіруге, көркем ойлауын дамытуға болады.   
Жобалап  оқыту  технологиясы  өткен  ғасырда  АҚШ-та  дүниеге  келген.  Оны  проблема    әдісі 
деп  атаған  америка  педагогі  Дж.  Дьюи  мен  оқушысы  У.Х.  Килпатрик  ойлап  тапты.  Колумбия 
университетінің  жанындағы  мұғалімдер  колледжінің  профессоры  Уильям  Херд  Килпатриктің 
айтуынша, балаларды өз жұмысының жемісін көруге ынталандыру арқылы үлкен өмірге дайындау  - 
бұл технологияның негізі. «Өзіне көйлек тігіп киген бойжеткенді мысалға алайық. Егер ол кейін өзі 
киетін көйлегі үшін жанын аямай, ерінбей, аса қызығушылықпен көйлек үлгісін өзі ойлап тауып, өз 
бетімен өлшеп, пішіп, тігіп кисе, бұл  мысал жобалау технологиясының нағыз типтік үлгісі»-, деген 
екен Килпатрик [2]. 
Жобалап  оқыту  ағылшын  тілінен  аударғанда  «cooperative  learning»  -  бірге  үйрену  деген 
мағынаны  білдіреді.  Ал  түсіндірме  сөздікте  оған  мынадай  анықтама  берілген:  Жобалап  оқыту 
технологиясы-  оқушылардың  жоспарлау  және  күрделене  беретін  тапсырмаларды  орындау  арқылы 
меңгеретін білім [3]. Аталған технология бойынша, оқушыға өмірден алынған проблема қажет және 
оны шешу үшін өзінің алған білімін пайдалануы міндетті. Ал мұғалім өз кезегінде оқушыға ақпарат 
көздеріне  байланысты  бағыт-бағдар  бере  отырып,  ұсынылған  проблемаға  оқушының 
қызығушылығын оятып, жоба жасауға жетелейді. Жоба орындауда оқушыға қойылатын жалғыз талап 
-  өз  ынтасымен,  өз  қызығушылығымен  жобаны  мерзімінде  аяқтау.  Жобаның  тиімділігі  оқушыны 
ізденімпаздыққа,  тапқырлыққа,  жауапкершілікті  сезінуге,  топпен  жұмыс  жасауға  үйрету.  Бұл  өз 
кезегінде бізге жан-жақты дамыған, кез келген кедергілерден сүрінбейтін, қоғамда адаспай өз орнын 
таба алатын, инттелектуалды ой-өрісі кең дамыған  азаматтарды дайындап береді.  
Жобалау  технологиясы  мерзіміне,  көлеміне,  типіне,  қатысушы  санына  байланысты  бірнеше 
түрлерге топтастырылады. Қазақ тілі сабақтарында осы технология аясында доклад, реферат, слайд, 
видеофильм, шағын қойылымдар, көрме ұйымдастыруға болады. Бұл тапсырмаларды  әр оқушының 
қабілетіне қарап мұғалім өзі бөліп береді. Жоба тақырыптың өзектілігіне қарай бір екі сабақтық не 
апталық,  айлық  тіпті  тоқсандық  және  жылдық  мерзімде  орындалады.  Ең  бастысы  жоба 
тапсырмаларын  беруде  оқушылардың  жас  ерекшелігі  міндетті  түрде  ескеріледі.  Қазақ  тілі 
сабақтарында жоба жұмысын жасату тиімді болып есептеледі. Мысалы үшін, бүгінгі таңдағы өзекті-
тақырыптардың бірі - әлеуметтік желілер. Осыған орай 7-9 сыныптардың оқушыларына «Әлеуметтік 
желілердегі  тілдік  қолданыстар,  тілдік  ерекшелік,  тіл  тазалығы»  т.б.  сынды  тақырыптарды  ұсыну 
дұрыс  секілді.  Ал  төменгі  буын  оқушыларына  «Қазақ  мультфильмдеріндегі  этнографизм 
элементтері»  тақырыбы    аясында  жоба  жасауға  болады.  Жоғарғы  сынып  оқушыларына  өздері 
болашақта  таңдағалы  отырған  мамандықтары  бойынша  неологизм  сөздерден  «Терминологиялық 
сөздік құрастыру» тапсырмасы сәйкес келеді.  
Сонымен  егер  де  оқушы  жоба  тақырыбын  дұрыс  таңдай  алып,  оны  өз  деңгейінде  орындап 
жатса, болашақта, ғылымда жаңалық ашар тұлғалардың бар екеніне кәміл сенуге болады. Оған дәлел 
ретінде жаһандану заманында, техникалардың тілін жетік меңгерген жапондықтар осы технологияны 
білім беру жүйелеріне әлдеқашан енгізгеніне қарап айтуымызға болады. Конфуцийдің «Естігенімді-

152 
 
ұмытамын, көргенімді-есте сақтаймын, өзім істегенді меңгеремін» деген қанатты сөзі жобалап оқыту 
технологиясының негізі деп айтсақ та қателеспесіміз анық. 
Әдебиеттер тізімі: 
1.
 
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы.// Қ.М., 2/6 шілде, 1999. 
2.
 
Килпатрик  У.Х.  «Метод  проектов.  Применение  целевой  установки  в  педагогическом  процессе» 
(1928) /Спец.прилож. к журналу «Лицейское и гимназическое образование», вып. четвертый, 2003. 
- С. 26-6. 
3.
 
Тіл білімі терминдерінің түсіндірме сөздігі. – Алматы: «Сөздік-Словарь», 2005. - С. 469-45 
 
 
ӘӨЖ: 60:001.92 
Қ.Қ. Мұқанова, Серік Берікбол 
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті 
Қазақстан Семей қ. 
 
ОРТА МЕКТЕПТЕ ҚАЗАҚ ТІЛІН КОМПЬЮТЕРМЕН ОҚЫТУ  
 
Жастардың  интеллектуалды  потенциалының  деңгейі  еліміздің  экономикалық,  әлеуметтік, 
саяси  дамуының  ең  маңызды  факторларының  бірі  болып  табылады.  Ол  әрине  білім  сапасымен 
тікелей байланысты.  
Соңғы  жылдары  қоғамдық  және  әлеуметтік  өмірде  болып  жатқан  елеулі  өзгерістер,  барлық 
саладағы  еңбек  жағдайының  түбегейлі  өзгеруі,  ғылыми-техникалық  ақпараттар  ағынының  бұрын-
соңды болып көрмеген қарқыны, басқа да саяси-әлеуметтік жағдайлар білім беру саласының алдына 
көптеген  жаңа  міндеттер  қойып  отыр.Сондай-ақ,  ғылым  мен  техниканың  даму  қарқыны,  адамзат 
баласының талап-талғамының өсуі, электронды есептеуіш құралдарының күнделiктi өмiрiмiзде  кең 
көлемде  қолданылуы    ағарту  саласында  жаңа  технологиялық  әдістерді  енгізуге  ықпал  ете  отырып, 
оқу үрдісіне үлкен өзгерістер енгізуді, оқыту әдiстемесiн жетiлдiре түсудi көздейді. 
Бүгінгі  таңда  мультимедиялық  үйретуші  бағдарламалар,  электрондық  оқулықтар  білімді 
ақпараттандырудың негізгі факторларының бірі болып саналады. 
Мемлекеттік  тілді  жан-жақты  меңгертуде  ақпараттық  технологиялардың  мүмкіндігін  тиімді 
қолдана  білу,  сабақ  жүргізудің  жаңа  оқыту  әдістерін  әзірлеу  қазіргі  кезеңде  ең  өзекті  мәселелердің 
бірі. 
Оқыту  технологиялары  оқу  процесіне,  сабақ  түріне  байланысты  жан-жақты:  проблемалық 
оқыту,  ойын  арқылы  оқыту,  тірек  сигнал  арқылы  оқыту,  компьютерлік  оқыту,  электронды  оқыту, 
коммуникативтік технологиялар, инновациялық оқыту, жаңа технологиялар бойынша оқыту.  
Сұрыпталған  жаңа  педагогикалық  технологиялардың  әрқайсысы  –  білім  стандартында 
көзделген  оқыту  нәтижелеріне  қол  жеткізу  жолындағы  мақсат,  мазмұн,  әдістер  мен  құралдардың 
біртұтас қызметін ұсынатын оқыту технологиялары. 
Компьютерлік  оқыту  технологиясы  жеке  тұлғаның  өзін-өзі  дамытуға,  өздігiнен 
шығармашылықпен  жұмыс  iстей  бiлу  қабілетін  және  қызмет  барысындағы  іскерліктері  мен 
дағдыларын  қалыптастыруға  бағытталған,  қазақ  тілін  үйретуде  алға  қойған  мақсатқа  жетудің 
тиімділігін, нәтижелілігін қамтамасыз етуді көздейтін, берілген тілдік материалды жедел әрі сапалы 
меңгертуге бағытталады. 
Компьютердің  білім  беру  үдерісінде  кеңінен  қолданыла  бастауына  байланысты  «Оқытудың 
жаңа ақпараттық технологиясы», «ақпараттық технология» деген терминдер пайда болды.  
Жалпы сабақ барысында компьютерлік технологияны қолданудың ерекшеліктерін қарастыру 
үшін, алдымен оның негізгі міндеттерін анықтап алған жөн. Ол үшін: 
1
 
Жаңа ақпараттық оқыту технологиялары ұғымын айқындау қажет; 
2
 
Ақпараттық  технологияларды  білім  беруде  қолдану  және  оны  енгізу  ұстанымдарын 
нақтылау қажет; 
3
 
Сабақта ақпараттық технологияларды қолданудың тиімді әдіс-тәсілдерін анықтау қажет. 
1 Егер оқыту дегеніміз оқушыға тиісті ақпаратты жеткізу деген қағиданы ескерсек, онда В.Н. 
Глушковтың  анықтамасы  бойынша  (ақпараттық  технология  –  ақпаратты  өңдеумен  байланысты 
үрдіс), ақпараттық технология білім беруде үнемі қолданылып келе жатыр деген қорытынды жасауға 
болады.  Сонымен  бірге,  әрбір  педагогикалық  технология  ақпаратты  оқушыға  қалай  тиімді  жеткізу 
мәселесін  қарастыратынын  ескерсек,  кез  келген  педагогикалық  технология  ақпараттық  бола  алады. 

153 
 
Демек,  ақпараттық  оқыту  технологиялары  білім  беруде  кеңінен  қолданыла  бастағаннан  бұрынырақ 
пайда болған.  
Ақпараттық технология мәселесін зерттеп жүрген В.М. Монахов, А.А. Кузнецов, В.В. Папов, 
В.  Гузеев  сияқты  көптеген  ғалымдардың  тұжырымдарын  талдай  келе,  Н.В.  Апатов  ақпараттық 
технологияның төмендегі түрлерін көрсетеді: 
1. Компьютерлік оқыту жүйелері (оқыту машиналары, бағдарламалы оқыту) 
2. Оқыту құралдары (ЛОГО, гипермәтін, мультимедиа, микромир) 
3.  Инструменталді  жүйелер  (мәліметтер  базасы,  бағдарламалау,  авторлық  жүйелер,  топтық 
оқыту құралдары) 
Көріп  отырғанымыздай,  жаңа  ақпараттық  технологиялар  –  техникалық  және  бағдарламалық 
қамтамасыз етілген компьютерлер. 
Ал ғалым Е.В.Кудрявцеваның тұжырымын ескерсек, төмендегі қағидалар іске асқан жағдайда 
ғана ақпараттық технолгия жөнінде сөз қозғауға болады: 
-
 
педагогикалық технологияның негізгі ұстанымдарына негізделуі керек (алдын ала жобалау, 
тұтастық, мақсат айқындығы); 
-
 
дидактикада  шешімін  таппаған  теориялық  немес  практикалық  міндеттердің  шешімін  табу 
қажет; 
-
 
ақпаратты қабылдап, жеткізу құралы компьютер болуы тиіс. 
Бұл жерде де басты құрал – компьютер екенін көруге болады. Сондай-ақ, Г.А.Боровский мен 
В.Л.  Извозчиковтер  де  жаңа  ақпараттық  технологияларды  білім  беру  үрдісінде  оқытудың  жаңа 
электрондық  құралдарын,  соның  ішінде,  компьютерді  пайдаланумен  байланыстырады.  Мұндай 
көзқарасьы  басқа  да  көптеген  ғалымдар  қолдайды.  Сондықтан  «жаңа  ақпараттық  технология» 
терминін қысқартып «компьютерлік технология» деп те атайды.  
Компьютерлік  технология  оқытушылардың  оқыту  әдістері  мен  оқу  үдерісін  ұйымдастыру 
түрлерін түбегейлі өзгертуге, оқу үдерісін үнемі жаңартып отыруға, оқытушылар мен үйренушілерге 
өзіндік және бірлесіп шығармашылық жұмыс істеулеріне мүмкіндік береді. 
Қазақ  тілі  сабағында  компьютерді  қолдану  мәтіндер  мен  ақпараттарды  білуге  жол  ашады. 
Тыңдаушылардың  өз  бетінше  жұмыс  істеу  дағдысын  және  олардың  танымдық  белсенділігін 
арттырады.  Орфографиялық,  лексикалық  дағдыларын  қалыптастырады.  Компьютер  әсіресе,  тіл 
үйренушілердің  әр  түрлі  тілдік  жаттығу  жұмыстарын  орындау  кезінде  одан  көп  көмегін  тигізеді. 
Негізінен мына әдіс-тәсілдер қолданылады: 
1) Сұрақ-жауап диалогы, тапсырманың мәні компьютердің сұрағына тура жауап беру; сұрақ 
құрастыру үшін негізгі тілдік мәтін пайдаланылады. 
2)  Таңдап  алынған  жауаптар  диалогы.  Жауап  беруші  ұсынылған  жауаптар  тізбегінен  өз 
жауабын таңдайды. 
3) Бос орынды толтыруға арналған жаттығулар. 
4) Сөздікті қаншалықты меңгергендігін бақылауға арналған жаттығулар: компьютер аударуды 
керек ететін сөздер тізімін ұсынады; орысша-қазақша жазылған сөздер ұсынылады. Олардың ішінен 
дұрыс эквиваленттерін тауып, жұп құрау қажет. 
Компьютер  интерактивті  оқытудың  жоғарғы  сатысын  қамтамасыз  етеді.  Бұл  жаттығу  жасау 
барысында  оқушының  іс-әрекеті  компьютердің  үнемі  әрі  тез  реакциясы  арқылы  жүзеге  асады. 
Оқушылар жұмыс қарқынын өздері белгілейтін болғандықтан, компьютерлік оқу өз бетімен оқудың 
принциптеріне толық жауап береді. 
Компьютерге  үйретуші  техника  ретінде  қарау,  оны  қазақ  тілін  үйрету  үшін  пайдалану 
мүмкіндігі  оқыту  үдерісін  өзгертті  және  оқыту  әдістемесіне  түбегейлі  түрде  әсер  етті. 
Психологтардың  пайымдауынша,  сабақта  әр  түрлі  компьютерлік  технологияларды  пайдалану 
оқушылардың қызығушылығын арттырады және өз қабілетіне сенімділігін тудырады. 
Ғалым Қ. Қадашева былай дейді: «Жаңаша жаңғыртып оқыту, жоғары белсенділікті дамыту 
және  деңгейлік  оқыту  әдістемелерін  жоғары  дәрежеде  дамыту  оқытудың  техникалық  және 
электронды  құралдарын  жан-жақты  пайдаланғанда  ғана  толық  орындалады.  Бірақ  оқытудың  жаңа 
техникалық және электронды құралдарын тиімді пайдалану оқытушының шеберлігіне байланысты. 
Қазақ  тілін  оқытуда  компьютерді  қолдану  оқушылардың  тек  көру  сезіміне  ғана  сүйеніп 
қоймайды.  Компъютердегі  дыбыстық,  қозғалыс  жасау,  түрлі  анимациялық  мүмкіндіктер 
оқушылардың  сезімдік  дамулары  арқылы  ақыл-ой  қызметінің  де  белсендірілуіне  жайлы  жағдайлар 
жасайды.  Мультимедияның  өзіне  тән  мүмкіндіктерін  бай  әрі  мол  етіп  қолдана  отырып,  мәтінді 
оқытуда оны түрлі әдіс-тәсілдер арқылы кеңейте аламыз.  

154 
 
Компьютер арқылы мәтінді оқытуда қолданылатын оқу-әдістемелік материалдар өзара ерекше 
мазмұндағы жүйені құрайды. Компьютерді қолдану барысында оқушылардың компьютерлік сауаты 
дами  түседі,  қазақ  тілін  оқытудың  көптеген  міндеттері  компьютерге  «жүктеледі».  Қазіргі  кезде 
белгілі болып отырған компьютер арқылы оқытатын арнаулы мынадай программалар бар:  
-
 
Уордсток (сөздікпен жұмыс жасау программасы);  
-
 
Мэтчмастер (сәйкестіктерді іріктей алуға дағдыландыруға арналған программа); 
-
 
Чойсмастер (варианттарды іріктей алуға дағдыландыратын программа); 
-
 
Клоузмастер  (бос  орынды  қажетті  жауаппен  толтыру  дағдысын  қалыптастыруға  арналған 
программа); 
-
 
Кроссводмастер (кроссвордтарды толтыруға үйрететін программа);  
-
 
Юнисаб (сөз немесе сөз тіркесін, дыбысты алмастыруға дағдыландыру программасы);  
-
 
Юнилекс (Мәтін бойынша сөздікпен жұмыс жасау программасы);  
-
 
Гэпмастер (жіберілген бос орындарды толтыруға дағдыландыру программасы);  
-
 
Пинпойнт (іздену, шешу, табу дағдыларын қалыптастыруға арналған программа);  
-
 
Спидрид (оқушыны шапшаң оқуға дағдыландыратын программа); 
-
 
Сториборд (мәтінмен жұмыс жасауға арналған программа);  
-
 
Тестмастер (сұрақ-жауап формасындағы тест алуға арналған программа).  
Дидактикада оқыту процесіне сәйкес маңызды орын алатын  - кері байланыс. Кері байланыс, 
әсіресе,  оқушы  үшін  маңызды.  Осы  жол  арқылы  ғана  оқушы  өзінің  білім  алу  әдістерін  қалай 
меңгергенін керсете алады. Оқушының компьютерді қолдана отырып қазак тілін үйренуі мұндай кері 
байланыстың жедел және белсенді өтілуіне мүмкіндіктер жасайды. 
Мәтіннің  мазмұны  дауыстап,  мәнерлі  түрде  жазылған,  яғни  мәтін  компьютерде 
мультимедиялық жүйе аркылы берілген. Бұл бөлімде компьютердің дыбыстық, көру мүмкіншіліктері 
іске косылып, оқушының көру, оқу, есту, тыңдау әрекеттері арқылы мәтіннін мазмұнымен танысуы 
басталады.  Одан  соң  оқушылар  компьютердегі  мәтіннің  оқылуына  еліктеп,  өздері  солай  оқуға 
дағдыланады.  Мұғалім  өзінің  шеберлігіне  сай  бұл  бөлім  бойынша  сабақта  түрлі  әдістер  қолдана 
алады.  
Жаңа  әдістерді  пайдалану  –  бүгінгі  күннің  талабы.  Жаңаша  жаңғыртып  оқыту,  интерактив 
әдістер, жаңа технологиялар тіл үйренушінің танымдық, білімдік белсенділігін тудыруға, уәждемесін 
тудыруға бағытталған. Қазақ тілін үйренуде бұл әдістер арқылы елеулі нәтижелерге жетуге болады. 
Бірақ бұның бәрі оқытушының шеберлігіне байланысты, оқытушы үнемі ізденісте болуы қажет. 
Әдебиеттер тізімі: 
1.
 
Богалюбов  В.И.  Педагогическая  технология:  эволюция  понятия.  //Вопросы  образования.  –  М., 
1983. - №2. - С.125-132. 
2.
 
Селевко Г.К. Современные образовательные технологии. – М.: Народное образование, 1988. – 274 
с. 
3.
 
Қараев Ж.А. Педагогическая технология обучения Караева. – Алматы, 1988. - 112 c. 
4.
 
Исабек  Е.Н.  Студенттерді  компьютерлік  технологияны  кәсіби  іс-әрекеттерде  пайдалануға 
даярлаудың теориялық және практикалық негіздері. Автореферат. – Алматы, 2005. -29 б. 
5.
 
Бұзаубақова К.Ж. Жаңа педагогикалық технологиялар. – Тараз: ТарМУ, 2003.  
 
 
УДК: 378.372 
И.С. Мусатаева 
Государственный университет имени Шакарима города  Семей 
Казахстан, г.Семей 
 
КОМПЕТЕНТНОСТНЫЙ ПОДХОД В ОБУЧЕНИИ БУДУЩЕГО ПЕДАГОГА 
 
Все  нововведения,  любые  инновации,  связаны  с  развитием  компетентностного  подхода  в 
образовательной  системе.  Нормативные  документы,  государственные  программы  описывают  и 
указывают,  нам  какие  компетенции  помимо  знаний,  умений,  навыков,  необходимо  развивать  у 
обучаемых. И это касается всех уровней образования: школы, вузов и др.   
Автор  учебного  курса  «Компетентностно-ориентированное  обучение  в  образовании» 
профессор,  д.п.н.  Громкова  М.Т.  предлагает  к  рассмотрению  основные  объективные  факторы 
модернизации образования. Модернизация образования в мире – это совершенно объективный факт и 
он продиктован состоянием окружающего мира, а именно стремительностью перемен в мире. Мир 

155 
 
меняется  и  потому  необходимо  менять  подходы  в  обучении,  методологию.  При  этом,  не  перечив 
достигнутому,  необходимо  пересматривать  существующие  подходы.  К  этому  обязывает  состояние 
окружающего  мира,  где  происходят  стремительно  перемены.  И  если  во  внешнем  мире  такая 
ситуация, чаще нестабильно, потому как стабильных ситуаций мало, они повторяются, но в другом 
виде,  и  потому  во  внутреннем  мире  должны  происходить  изменения,  чтобы  человек  умел  быстро 
адаптироваться, менять взгляд на самого себя, правильно понимать ситуацию и правильно принимать 
решения.  И  этому  молодое  поколение  учиться  у  нас,  педагогов  за  счет  инновационных 
образовательных технологий. 
Второй  фактор  влияние  внешнего  мира  на  внутренний  –  увеличение  плотности 
информационного  пространства.  Для  обучаемых,  для  учащейся  молодежи  в  век  бурного  развития 
технологий главная задача – уметь правильно выбрать информацию, отобрать ее: это важно-неважно, 
нужно-ненужно.  Для  этого  надо  много  понимать,  надо  информацию  структурировать,  кроме  того, 
если  мы  адаптируемся  к  ситуации,  то  информацию  необходимо  генерировать,  т.е.  отбирать 
собственные  мысли  и  знать,  как  эту  информацию  использовать.  Этот  фактор  обязывает  увеличить 
акцент  значимости  на  работе  с  информацией,  на  умении  работать  с  информацией.  Сегодня  когда 
шквал  информации,  ее бум,  взрыв  –  информацию  необходимо систематизировать,  упорядочить.  На 
это направлены все инновационные технологии в образовании...[1]. 
Осознание  –  поиск  ответов  на  вопросы  Для  чего?  Что?  Как?  –  основа  образовательного 
процесса.  Сейчас  в  арсенал  методов  включаются  методы  проектные,  исследовательские  которые  в 
основе имеют одни и те же компоненты: цель, содержание, способы.  
К  пониманию  образовательного  процесса:  если  мы  начинаем  действие  из  сознания,  из 
внутреннего  мира  во  внешний  мир.  Сначала  это  поварилось  в  нашем  внутреннем  мире,  и  у  нас 
появился  проект  –  с  ним  мы  пошли  во  внешний мир.  И  обратно,  если  во внешнем  мире  мы  что-то 
совершили  и  это  совершенное  мы  начинаем  осознавать.  Это  осознание  включает  в  себя  два 
взаимопроникающих процесса: проектирование и рефлексия. 
При  рассмотрении  компетентностного  подхода  к  реализации  образовательных  программ 
акцентируем  внимание  на  различных  состояниях  сознания.  Динамика    внутреннего  состояния  с 
педагогической  позиции:сначала  учащийся  находится  в  состоянии  Я  –  такой,  затем  переходит  в 
состояние  Я-осознающий,  т.е.  готов  отвечать  на  вопросы  Для  чего?  Что?  Как?  затем  переходит  в 
состояние  Я  –  действующий,  т.е.  совершает  определенные  действия.  В  изучении  методики 
преподавания школьного курса определенного предмета будущим педагогам необходимо определить, 
какая цель стоит перед учителем.  
Каждый  день  в  своей  педагогической  деятельности  можно  наблюдать  следующее:  до  входа 
учителя  в  класс  всем  ученикам  хорошо  –  они  находятся  в  естественном  состоянии,  они  ничем  не 
напряжены. 
Вошел педагог, ученик уже ждут, что их начнут напрягать, так как учитель всеми известными 
ему способами, приемами переводит учеников в состояние осознанности, заставляет их осознавать: 
«Ой,  для  чего  это  мне  это  нужно?»,  «А  что  из  этого  я  могу  полезного  извлечь?»,  «Что  могу 
использовать?»,  «Как  это  знание  в  практике  пригодится?».  И  перевести  учащихся  в  это  состояние 
Осознающих – очень сложно. И нельзя эту способность приобрести за один час или один день – это 
необходимы  годы  тренировок,  профессиональный  опыт,  в  котором  мы  пробуем    и  приемлемые,  и 
неприемлемые  приемы  для  того,  чтобы  держать  аудиторию  в  состоянии,  и  из  этого  состояния  не 
выйти, только разве для перехода в состояние Я – действующий! 
Когда учащиеся все время в работе, что-то записали, что-то зарисовали, работают с опорными 
конспектами, и педагог дает указания, что делать? Что сопоставлять, что поставить под вопрос, что 
обсудить с соседом по парте – это все в руках учителя это все требует мастерства, педагогического 
мастерства.  
Педагог  должен  умет  различать  три  состояния  сознания  ученика.  Когда  входит  педагог  в 
кабинет,  класс,  аудиторию,  то  обучаемые  должны  быть  напряжены,  активизированы 
образовательными  технологиями  –  это  есть  профессиональная  работа.  Весь  профессионализм 
педагога  направлен  на  то,  чтобы  перевести  обучаемых,  с  которыми  работаем  перевести  из 
естественного состояния в состояние осознающий, используя все механизмы. Т.е. из слов ХОЧУ, и 
категории Потребности переводим в новую категорию мы ставим цель – ДЛЯ ЧЕГО.  
Каждый  компонент  отдельной  системы  взаимодействует  и  в  конечном  счете  влияет  на 
формирование способов деятельности, подпитанных личностным самоопределением и оценкой своих 
действий…  –  это  и  есть  процесс  формирования  компетенций.  Применение  наглядных  средств, 

156 
 
применение  педагогических  инноваций  повышают  эффективность  образовательного  процесса, 
влияют на развитие и внимания, и памяти, и восприятия, и мышления – психологические механизмы. 
Педагогический процесс – специально организованный процесс, ориентирован на подготовку 
компетентных  выпускников.  В  педагогическом  процессе  продуктивно  должны  реализовываться 
активные  и  интерактивные  технологии  обучения,  обеспечиваться  достижение  компетентностно-
ориентированных результатов обучения. 
Переход  к  компетентностному  подходу  в  обучении  приводит  каждого  преподавателя  вуза  к 
необходимости вести поиск инновационных образовательных технологий, улучшающих организацию 
и результаты образовательного процесса. Инновации связывают с разработкой и внедрением новых 
технологий,  методов  и  средств.  При  этом  самым  актуальным  остается  вопрос,  как  повысить 
мотивацию  учебной  деятельности,  как  увеличить  объем  материала,  изучаемого  на  занятии,  как 
ускорить  темпы  обучения,  как  устранить  потери  времени  и  т.  д.  Внедрение  более  продуманных 
методов,  использование  активных  форм,  интерактивных  технологий  обучения  позволяет 
преподавателю достичь наилучшего результата.  
При  подготовке  будущих  учителей  большое  внимание  и  основной  акцент  ставится  на 
преподавание  дисциплин,  связанных  с  рассмотрением  методики  обучения  школьных  предметов. 
Основной  целью  изучения  методических  дисциплин  является  формирование  профессиональной 
компетентности  будущего  учителя,  т.е.  овладение  студентами  необходимых  для  их  будущей 
профессиональной деятельности компетенций: 
1
 
Готовность  применять  современные  методики  и  технологии  для  обеспечения  качества 
учебно-воспитательного  процесса  на  конкретной  образовательной  ступени  конкретного 
образовательного учреждения; 
2
 
Способность 
применять 
современные 
методы 
диагностирования 
достижений 
обучающихся; 
3
 
Способность  использовать  возможности  образовательной  среды,  в  том  числе 
информационной, для обеспечения качества учебного процесса; 
4
 
Овладение  ярко  выраженной  способностью  к  коммуникативному  взаимодействию, 
воздействовать словом на собеседника и коллектив в разнообразных социальных ситуациях; 
5
 
Умение  использовать  активные  и  интерактивные  методы  обучения,  усиления 
самостоятельной и проектной работы и др. 
Для  повышения  интереса  к  изучаемой  теме,  заинтересованности  студентов  в  получении 
определенных  компетенций  мы  применяем  на  занятиях  интерактивные  методы  обучения,  при  этом 
студенты  получают  наглядный  пример,  приобретают  некоторый  опыт  их  использования.  Наиболее 
эффективными, на наш взгляд, являются лекция-визуализация, лекция-беседа, применение опорных 
конспектов,  игровые  технологии,  решение  практико-ориентированных  задач,  моделирование 
ситуаций и т.п. 
Мы подчеркиваем мысль ученых и акцентируем внимание будущего педагога на том, что от 
профессионализма  учителя,  его  компетентности  зависит  не  только  успешное  обучение  учащихся  в 
школе,  но  и  успешность  в  жизни.  Поэтому  в  работе  учителя,  должны  оптимально  сочетаться 
современные  формы,  методы,  средства  обучения,  при  которых  развивается  личность  каждого 
ученика. Задача учителя заключается не в передаче знания, а в поддержке зарождающихся в самом 
ученике  новых  видов  деятельности,  обучении  новым  способам  мышления.  Ориентация  учебного 
процесса  на  самостоятельную  и  поисковую  деятельность,  несомненно,  обеспечивает  умение 
использовать знания с наибольшей эффективностью. [2, c.76] 
Далее мы рассматриваем, какие необходимо ставить цели изучения определенной темы, для 
чего,  что  и  какими  методами  мы  будем  формировать  компетенции  учащихся,  для  этого 
рассматриваются  методические  особенности  изучения  вопросов.  Очень  сильно  повышают  учебную 
мотивацию игровые формы. Так на примерах решения задач и выполнения заданий на интерактивной 
доске  студенты  –  будущие  учителя  информатики  учатся  использовать  игровые  технологии  для 
закрепления знаний и формирования компетенций учащихся.  
Рассмотренный  опыт  преподавания  в  высшей  школе,  опыт  применения  различных  методов 
для  повышения  эффективности  учебного  процесса  позволяют  сделать  вывод.  Использование 
интерактивных  методов  обучения  способствует  развитию  компетентностного  подхода  в  вузе,  что 
очень  актуально  на  этапе  модернизации  системы  высшего  образования.  Одним  из  важных  качеств 
педагога является умение организовывать длительное и эффективное взаимодействие с обучаемыми. 
На  примере  преподавания  дисциплин  будущим  учителям  показано,  что  внедрение  более 

157 
 
продуманных методов, использование интерактивных форм и новых технологий обучения позволяет 
повысить эффективность формирования профессиональной компетентности будущих специалистов. 
В  результате  перехода  на  компетентностный  подход  обучения  будущие  педагоги  будут 
способны  ориентироваться  в  комплексе  инновационных  методов  обучения,  готовы  пересмотреть 
методический  материал  и  педагогический  опыт  с  целью,  их  перевода  на  интерактивные  методы 
обучения,  способны  использовать  иновационные  методы  обучения  в  образовательной  практике, 
способны  создавать  собственные  методические  пробы  индивидуальных  комплексов  методов 
обучения, развивать собственный индивидуальный стиль организации образовательного процесса на 
основе  инновационных  методов  обучения.  Учитель  должен  знать  принципы  и  логику 
компетентностного  подхода  в  учебном  целеполагании,  классификацию,  специфику  и  критерии 
выбора  методов  обучения,  принципы  оценки  уровня  интерактивности  учебных  занятий.  Все 
работают на формирование компетенций обучаемых [3]. 
Современный  учитель  действительно  творческий  человек.  К  основным  качествам,  которые 
необходимо  развить  у  будущего  учителя,  могут  быть  отнесены  такие,  как  умение  поставить 
творческую  цель  и  её  достигнуть,  способность  к  быстрому  переключению  мыслей,  умение 
планировать  свою  деятельность  и  осуществлять  самоконтроль,  стремление  к  повышению 
профессионального  мастерства  путём  самообразования.  Опыт  преподавателей  вуза  в  применение 
интерактивных  методов  обучения  и  общение  со  студентами  являются  основными  источниками 
повышения мотивации будущего учителя к обучению. 
Список литературы: 
1
 
Громкова М.Т. Модульное обучение как основа компетенций (учебно-методическое пособие для 
преподавателей). - М: МСХА, 2009. – 90 с. 
2
 
Стекленева  С.  Слагаемые  профессиональной  компетентности  современного  педагога  в  школе 
будущего // Материалы международной научной конференции «Актуальные вопросы современной 
педагогики» г. Уфа, 2011 – С. 76-79. 
3
 
Мусатаева  И.С.  Повышение  мотивации  обучения  будущих  учителей  информатики  //  Сборник 
статей  Международная  научно-практическая  конференция  «Роль  психологии  и  педагогики  в 
развитии общества» 23 июня 2015 г. - г. Уфа, РФ. – 2015. – С. 51-53 
 
 
ӘӨЖ: 37.02; 371 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет