Ббк 81. 63. 24. я 73 КӨптілділік бүгінгі заманның ЕҢ басты өзекті мәселелерінің бірі



Pdf көрінісі
Дата03.03.2017
өлшемі0,55 Mb.
#7036

 

80 


ББК 81.63.24. я 73  

 

КӨПТІЛДІЛІК БҮГІНГІ ЗАМАННЫҢ 

ЕҢ БАСТЫ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІНІҢ БІРІ 

 

Журсиналина Г.К., ф.ғ.к. 



Шолпанбаева Ғ.Ә., аға оқытушылар 

Ловцова Д.П. 

(А.Байтұрсынов атындағы Қостанай МУ) 

 

 

 

XXI ғасыр – ғылым ғасыры. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың «Жаңа әлемдегі жаңа 

Қазақстан»  атты  халыққа  Жолдауында:  «Білім  беру  реформасы  табысының  басты 

өлшемі-тиісті  білім  мен  білік  алған  еліміздің  кез  келген  азаматы  әлемнің  кез  келген 

елінде  қажетке  жарайтын  маман  болатындай  деңгейге  көтерілу  болып  табылады.  Біз 

бүкіл  елімізде  әлемдік  стандарттар  деңгейінде  сапалы  білім  беру  қызметіне  қол 

жеткізуге  тиіспіз»-деген  болатын  [5,  4б.].  Осы  мақсатта  Қазақстан  Республикасының 

азаматын қалыптастыру, оның тез өзгеріп отыратын әлемде табысты білім алуға деген 

сұранысын қалыптастыру, бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу және оқыту басты мақсат 

болып отыр. 

Сондықтан оқушыларға қазіргі заманға сәйкес көптілді білім беру мақсатында әр 

түрлі шаралар қолға алынды. 

Халқымыз ежелден тіл абыройын биік көтеріп, «Өнер алды ــ қызыл тіл» деп, сөз 

өнерін бар өнердің алдына қойып, жоғары бағалаған. Әдетте тіл жөнінде, тіл ــ адамдар 

ара  қарым-қатынас  жасау  құралы  деп,  оған  жай-жадағай  анықтама  берілгенімен,  іс 

жүзінде тіл тек адамдар ара қарым-қатынас жасау құралы ғана болып қалмастан, қайта 

онан  да  маңыздысы,  ол  белгілі  бір  ұлттың  ұлттық  сана-сезімі,  халықтың  халықтық 

қасиеті, оның жалпы тарихы, әдет-ғұрпы, мәдениеті қатарлыларды тұтастай өз бойына 

қамтып жататын күрделі ұғым. Сондықтан тіл - мейлі қайсы ұлттың болмасын тарихы 

мен  тағдырының,  тәрбиесі  мен  тағылымының,  бүкіл  халықтық  болмысының  баға 

жетпес асылы, сарқылмас құнды қазынасы, ұлт рухының ұйтқысы болып келген. 

Бір  азаматтың  өз  ана  тіліне  қанық  болуы  шарт  астында  өзге  бір  ұлттың  тілін 

жеттік игеріп,  сол  ұлт азаматтарымен  ойдағыдай  тіл  табыса  білуін  үлкен  біліктіліктің 

белгісі  деуге  болады.  Өмірде  өзге  бір  ұлттың  тілін  игерген  адам  сол  халықтың  ішкі 

жан-дүниесін түсініп, күллі мәдени қүндылықтарымен танысу орайына ие бола алады. 

Азаматтарымыздың қазіргі ай сайын алға ілгерлеп, күн сайын жаңарып, тез қарқынмен 

дамып  бара  жатқан  өзгерісшең  өмірге  ойдағыдай  сәйкесуі  үшін,  қос  тілді  болып  қана 

қалмай, қайта көп тілді болуы төтенше қажеттілікке айналуда. Бұлай істеу әр азаматтың 

өзіне де, өзгеге де тиімді. Сондықтан қазіргі қоғамда көп тілді  болу  әрқандай адамды 

кең өріске, тың өмірге бастайтын жол есептелмек. 

Кезінде халқымыздың «Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл» деген аталы 

сөзі  дәл бүгінгі дамыған дәуірімізге сәйкес айтылғандай. Тарихи деректерге жүгінсек, 

осыдан  12  ғасырдың  алдында  жасаған  энциклопед  ғалым,  әлемде  Аристотелден  кейін 

екінші аға ұстаз аталған ұлы ғұлама Әбу Насыр  Әл-Фараби бабамыз өз өмірінде 70-ке 

жуық  ұлттың  тілін  жеттік  білгендіктен,  артына  мәңгі  өшпес  мол  рухани  құнды  мұра 

қалтырып кеткендігі анық. 

Көптілді меңгерген адам әуелі өз тілінде ой қортып, туған халқына өнеге болып, 

өзге жүртпен бәсекеде ырықты орынды иелеп, сан мәдениетті санасына салып сараптай 

алса, онда ол өз өмірін қалайда мағыналы өткізетін айтулы тұлға болып жетілері қақ. 


 

81 


Бүгінгі таңда елімізде «Көптілділік» мәселесі көкейкесті мәселелердің бірі болып 

саналады. Елбасымыз сол үшін де тілдердің үштұғырлылығын міндеттеп отыр. 

Көптілділік  мәселесі  –  Қазақстан  үшін  ғана  емес,  бүкіл  әлемнің  алдында  тұрған 

көкейтесті  мәселелердің  бірі.  Бұл  ұғымға  жалпылама  тоқталсақ…  көптілділік,  белгілі 

бір  әлеуметтік  ортада,  мемлекетте  бірден  үш,  одан  да  көп  тілде  сөйлей  білушілік. 

 Көптілділіктің үштілді меңгеру дәрежесі сол адамның немесе бүтіндей халықтың өмір 

сүрген тілдік ортасы, әлеуметтік, экономикалық, мәдени өмірі, тұрмыс-тіршілігі секілді 

көптеген факторларға байланысты [4, 266 б.]. 

Қазақстан  Республикасының  Президенті  Нұрсұлтан  Әбішұлы  Назарбаев 

Қазақстан  халықтары  Ассамблеясының  12  сессиясында:  «Қазақстандықтардың  жас 

ұрпағы  кем  дегенде  үш  тілді  білулері  тиіс:  қазақ,  орыс,  ағылшын  тілдерін  еркін 

меңгерулері  қажет»-деп,  Еуропадағы  мектеп  түлектері  мен  студенттерінің  өзара 

бірнеше  тілде  еркін  сөйлесулері  қалыпты  жағдайға  айналғандығын  атап  өтті.  Кем 

дегенде үш тілді меңгеру-заман талабына айналып отырған қажеттіліктердің бірі. 

Қазіргі  таңда  адам  қызметінің  барлық  салаларында  жаһандану  үдерісі  орын 

алғандықтан,  білім  беру  саласында  қайта  қарастырулар  жетілдіруде.  Сол  себептен 

ақпараттық-комуникативтік  құзырлықпен  қатар,  полимәдениеттілік  бүгінгі  уақытта 

әлемдік  білім  беру  қоғамдастығының  кеңістігін  қалыптастыратын  білім  беру 

құзырлығының басты бағыттарының бірі ретінде анықталды [1, 13 б.]. 

«Жаңа  онжылдық-жаңа  экономикалық  өрлеу-Қазақстанның  жаңа  мүмкіндіктері» 

атты  Жолдауын  жүзеге  асыру  мақсатында  дайындалған  Қазақстан  Республикасында 

білім  беруді  дамытудың  2011-2020  жылдарға  арналған  мемлекеттік  бағдарламасы- 

білім  беру  жүйесінің  бәсекеге  қабілеттілігін  арттыру,  адам  капиталын  дамыту  үшін 

білім  мазмұнын  түбегейлі  жаңғырта  отырып,  білім  саласында  кезек  күттірмей  тұрған 

мәселелерді шешуге бағытталған. 

«Қазақстан  әлемде  тұрғындары  үш  тілді  қатар  қолданатын,  яғни  қазақ  тілі-

мемлекеттік  тіл,  орыс  тілі-халықаралық  тіл  ретінде,  ағылшын  тілі-  әлемдік 

экономиканың  жетістікті  интеграциясы  ретінде,  жоғары  білімді  елдер  қатарында 

қабылдануы  тиіс»- деді Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев. 

Қазіргі  таңда  Қазақстан  қоғамының  әлеуметтік-экономикалық,  рухани 

қалыптасуының жаңа міндеттерін іс жүзінде асыруға дайын жас ұрпақты тәрбиелеудің 

негізгі факторларының бірі- мектепте көптілді білім беруді жолға қою болып табылады. 

Көптілді білім- көп мәдениетті тұлғаны қалыптастырудың өзегі. Бүгінгі таңда көп 

тілді  оқыту  –  жас  ұрпақтың  білім  кеңістігінде  еркін  самғауына  жол  ашатын,  әлемдік 

ғылым құпияларына үңіліп, өз қабілетін танытуына мүмкіндік беретін қажеттілік. Үш 

тілде  оқыту  –  заман  талабы  десек,  оның  негізгі  мақсаты:  бірнеше  тілді  меңгерген, 

әлеуметтік  және  кәсіптік  бағдарға  қабілетті,  мәдениетті  тұлғаны  дамыту  және 

қалыптастыру. Қазақ тілі мемлекеттік тіл, ал орыс тілі мен шетел тілдерінің бірін білу 

тұлғаның  ой-өрісін  кеңейтеді,  оның  «сегіз  қырлы,  бір  сырлы»  тұлға  болып  дамуына 

жол  ашады,  ұлтаралық  қатынас  мәдениетін,  толлеранттілігін  және  планетарлық 

ойлауының қалыптасуына мүмкіндік туғызады. Маманға шет тілін меңгеру кез-келген 

шетелдік  ортада  өзін  еркін  ұстап,  жаңа  кәсіптік  ақпараттар  легіне  немесе  жалпы 

ақпараттық  ғаламшарға  бейімделу  мүмкіндігіне  ие  болады.  Әр  адамның  түрлі 

әлеуметтік  қызметтерінде  жеткен  жетістіктерінің  нәтижелері  түрлі  болмақ,  сол 

себептен  шетел  тілін  оқытудың  мақсаты  тек  нақты  білім  іскерліктерін  біліп  қана 

қоймай,  сондай  тілдік  тұлғаны  қалыптастыру  болып  табылады,  оған  шет  тілі  «өмір 

заңдылықтарында»  және  «нақты  жағдаяттарда  қарым-қатынас  жасай  алу  үшін»  қажет 

болмақ. 


Бұл халықаралық тұрғыда бағытталған тұлғаны тәрбиелеуде тікелей құрал болып 

есептеледі, яғни өзін өркениетті және тарихи субъект ретінде тани алатын, даму кезінде 



 

82 


өз  елінің  және  адамзат  тарихын  қабылдай  алатын,  өзі  үшін,  халқы  үшін,  мемелекеті 

үшін, адамзат болашағы үшін жауапкершілік жүгін сезінетін, өзара тәуелділік пен әлем 

бүтіндігіне,  адамзат  өркениетінің  ғаламдық  мәселелерін  шешуде  мәдениаралық 

қатынастың  қажеттілігін  жете  түсінетін,  адамның  азаматтық  құқықтарын  (мәдениет 

және  тілдік  құқықтарын  қоса)  мойындайтын  және  саяси  бостандыққа  ұмтылатын, 

қоғамдағы гуманизм идеалын жасау үшін басқа адамдармен, қозғалыстармен, қоғамдық 

институттармен қызмет атқаруға дайындығы мен қабілеттілігін көрсете білетін және де 

қоғам, адам және табиғат арасындағы ынтымақтастықты қалыптастыратын ұқыпты да 

тиянақты,  білікті  маман  мен  адамды  дайындау  осы  заман  оқытушылары  мен 

ұстаздардың алдында қойылатын үлкен заман талабы деп білуіміз керек. 

Елбасы  Н.Ә.Назарбаев  өзінің  жылдағы  дәстүрлі  Жолдауында  «Тілдердің  үш 

тұғырлығы»  мәдени  жобасын  іске  асыруды  жеделдету  тиістігіне  ерекше  мән  береді. 

Сонымен қатар бүкіл қоғамымызды топтастырып отырған мемлекеттік тіл ретінде қазақ 

тілін  оқытудың  сапасын  арттыру  қажеттілігіне  ерекше  назар  аударады.  Сондықтан 

қазақ тілін тереңдетіп оқыту, сонымен қатар көптілділікті меңгеруді жолға қою- бүгінгі 

таңдағы  орта  білім  жүйесінде  педагогикалық  үдерістің  негізгі  бағыттарының  бірі. 

Әлемдік  білім  беру  іс-  тәжірибесінде  көптілді  және  билингвалды  білім  беру  жаңалық 

емес, атап айтқанда, АҚШ пен көптеген Еуропа елдерінде, әсіресе соңғы жылдарда бұл 

бағытта жетістікке қол жеткен. Бірақ, қазақстандық білім беру жүйесінде көптілді және 

билингвалды білім берудің халықаралық іс-тәжірибесінде қолданыс тапқан моделдерін 

енгізу-  жаңа  педагогикалық  проблема,  өйткені  ол  жаңа  жағдайларда  шығармашылық 

тұрғыдан іске асырылуы тиіс. 

Көптілді білім беру ісінде атқарылып жатқан жұмыстардан шығатын қорытынды 

мынадай: 

-  көптілді  білім  беру-  бұл  мектепте  оқу  пәндерін  екі  немесе  одан  да  көптілде 

аудармасыз оқыту; 

- билингвалды білім беру - оқу және оқудан тыс жұмыстардың негізгі бағыттарын 

екі тілде іске асыру, педагогикалық үдерісте екі тілді оқыту құралы ретінде пайдалану

-  әрбір  мектеп  бітірген  Қазақстан  Республикасының  азаматы  қазақ,  орыс, 

ағылшын тілдерін жетік біліп шығады; 

-  көптілді  меңгерген  оқушылар  өзгермелі  кезеңде  еркін  әрекеттер  жасауға  бейім 

болады; 


- көптілді меңгеру еңбек нарығында да жоғары бағаланады; 

- алыс және жақын шетелдерде тілдік көмекті керек етпейді. 

Демек,  «Тілі  бірдің-тілегі  бір»,  «Тіл  тағдыры-ел  тағдыры»  екендігін  жадымызда 

ұстай  отырып,  ел  бірлігінің  негізі  -  тіл  бірлігіне  қол  жеткізу  жолында  қызмет  ету 

қазақстандықтардың  ортақ  парызы.  Ендеше  жас  ұрпақтың  қазақ  тіліне  деген 

сүйіспеншілігін,  өзге  тілдерді  оқып  білуге  деген  қызығулары  мен  ұмтылыстарын 

арттыру  арқылы  олардың.  Отанға  деген  махаббаттарын  оятып,  өз  тағдырын  ел 

тағдырымен  мәңгілікке  байланыстыратын  ұрпақ  болып  қалыптасуына  қол  жеткізу 

мақсатына өз үлесіміз бар екендігін мақтан тұтамыз! 

 

 



 

Әдебиеттер мен деректер: 

1.

 



Солташұлы Ы. Заман талабы ــ көптілді болу. // Ақиқат. 26 қараша - 2012 ж. № 11. 14-15 б. 

2.

 



Жаминова  Р.Ж.  Модульдік  оқыту  технологиясын  қолдана  балалардың  тілдік  құзыреттілігін 

қалыптастыру. // Мұғалімнің кәсіби дамуы: дәстүрлері мен өзгерістер. ІІ халықаралықғылыми-

тәжірибелік конференция. ІІ том. Астана - 2012 ж. 115-120 б. 

3.

 



Пассов  Е.И.  Коммуникативный  метод  обучения  иноязычному  говорению,  2-е  изд.  –  М.: 

Просвещение, 1991. – 116 б. 

4.

 

Тер-Минасова С.Г. Язык и межкультурная коммуникация. – M.: Слово/Slovo, 2008. с. 264-270. 



 

83 


5.

 

 http://www.akorda.kz/kz/category/poslaniya_narody.  Қазақстан  Республикасы  Президентінің 



Ресми сайты. 

6.

 



http://www.surak-zhauap.kz/

 

 



 

 

ББК 81.63.24. я 79  

 

ТОПТЫҚ МЕНЕДЖМЕНТ – МҰҒАЛІМНІҢ КӨШБАСШЫЛЫҚ 

ҚАСИЕТТЕРІН ДАМЫТУДЫҢ НЕГІЗІ 

 

Журсиналина Г.Қ., Құрмашева Ж.М. 

(А.Байтұрсынов атындағы Қостанай МУ) 

 

 



 

Мақсаты:  Кәсіби  білім  негізінде  жаңаша  жобалау  арқылы  ұстаздарда 

көшбасшылық қабілетті дамыту және бірлескен мақсат жетістігіне қол жеткізу 

үшін қажетті қасеттер қалыптастырудың жолдарын таныту 

Міндеті:  Ұстаздардың  ортақ  ,бірлескен  мәселелерінің  түйіндерін  шешу 

арқылы  тамаша  нәтижелерге  жетуге  бағытталған  негізгі  мақсаттарының 

орындалу жолдарын  бірлесе  шешіп,табуға негізделеді. 

 

Білім  беруді  жаңарту  үнемі  алға  қарай  ұмтылу  мен  дамыту  үдерісі,  бұл  білім 

беруде  кезең  кезеңімен  өтетін  және  алынған  нәтижелерге  бағытталған  өзгерістер. 

Қоғамдағы  жүріп  жатқан  өзгерістер,  ғылыми  техникалық  прогресс  және  жалпы  білім 

беретін  мектеп  құрылымының  өзгеруі  -  жас  ұрпақты  тәрбиелеуді  дамытып 

қалыптастыруды  талап  етеді.  Қазіргі  өркениетке  жеткізетін  құрал  тек  қана  -  білім. 

Білімді  ұрпақ қана болашақ иесі  болып табылады. Білім  - қоғамды әлеуметтік мәдени 

ғылыми үрдіспен қамтамасыз ететін ғажайып құбылыс, қауым үшін де, қоғам үшін де 

жоғары  құндылық.  Мемлекеттік  білім  беру  жүйесін  әлемдік  үздік  үлгіге  сәйкес 

деңгейге  көтеру  көзделген.  Жеке  тұлғаның  білім  алу  және  рухани  қажеттіліктерін, 

оның мүмкіндіктерін ескеріп қанағаттандыру. 

Оқушылардың  сапалы  білім  алуы  мұғалімдердің  білімділік  және  кәсіби 

шеберілігін  қажет  етеді.  Үлгілі  ұстаз  ғана  қабілетті,  жан  -  жақты  шәкірт  тәрбиелей 

алады. Шәкіртті қарапайым бала деп емес, жеке тұлға ретінде дамыту қажет. Әр ұстаз 

оқу  тәрбие  жұмысына  шығармашылықпен  қарап,  жаңа  заман  талабына  сай,  осы 

бағдарлама мазмұнына сай,  сабақты түрлендіру  мақсатында оқытудың түрлі  әдістерін 

пайдаланса, игі нәтижеге жетері сөзсіз. 

Елбасымыз  Н.  Ә.  Назарбаев  кезекті  жолдауында  «Бізге  экономикалық  және 

қоғамдық  жаңару  қажеттіліктеріне  сай  келетін  осы  заманғы  білім  беру  жүйесі  қажет» 

деп көрсеткен еді. Қоғамымыз өте тез, шапшаңдықпен қарқындай дамып отырған мына 

заманда халық ағарту саласының қызметкерлеріне түсер салмақтың жеңіл болмасы да 

анық.  Заман  талабы  мен  уақыт  көшіне  ілесу  ұстаздар  қауымына  үлкен  сын.  Сіздерге 

таныс  курс  барысында  оқыған  бағдарлама  жеті  модульді  қамтыған  еді  соның  соңғы 

мәселесі  -  Оқытуды  басқару  және  көшбасшылық  бүгінгі  біздің  дәрісіміздің  арқауы 

болмақ. Бағдарлама мазмұны нәтижеге бағытталған 7 модульді  қамтитын еді  соларды 

еске түсірейікші:  

• Оқу мен оқытудағы жаңа тәсілдер.  

• Сыни тұрғыда ойлауға үйрету.; 



• Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау  


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет