мақсаты, бір қарағанда, түсінікті сияқты болып көрінеді. Ол –
өмірдегі өзге де құбылыстар сияқты, тілдің де қозғалысын бақылау.
Бұл ізденіс екі тұрғыдан, екі түрлі мақсатта жүргізіледі. Бірі – ғылыми
мақсат. Тіл білімі атты ғылым саласына қажет теориялық таным,
талдау мақсаты көзделеді. Екінші – прагматикалық мақсат көздеу,
яғни ескіріп, тіл өмірінен ығысып жатқан бірліктердің бір кездердегі
мағынасын, қызметін білу арқылы халықтың рухани-мәдени тарихы-
на үңілуге мүмкіндік алу. Бұл орайда зерттеулер «Мәдени мұра» атты
кең ауқымды, саяси мәнді бағдарламаға жанасады, бір жағынан, тіл
мәдени мұраны жеткізуші құралдардың бірі болса, екінші жағынан,
сол мұраның көрсеткішінің бірі болып шығады. «Халық белгілі бір
кезеңдерде нелерді қолданды? Не үшін күресті? Кімдермен (қай
жұрттармен) қарым-қатынаста болды? Таным-сенімі, яғни рухани
дүниесі қандай болды?» деген сауалдарға ескілік болып сақталған
315
жеке таңбалар (сөздер) мен тіркестер жауап бере алады. Бұл – бүгінгі
ғылыми-практикалық мақсат-мұраттарымызға сәйкес келетін іс-
қарекеттердің бірі болып шығады.
Мағыналары көмескі тартқан іргеден шығарып жіберу (ренжіген
әкенің баласына енші бермеуі), ту түбінде тұру (ұрысқа қатысатын
сарбаз, жауынгер болып қатарға ену), қосалықтап отау тігу (киіз
үйлерді екі-екіден қатар не бірінің ішіне екіншісін қосарлап, енгізіп
тігуі), қазақ шығу; қазақ шығып кету (қазақ болу, қазақ болып
кету), ұран отын жағу (жау әскерінің келе жатқанын хабарлайтын
белгі беру), қала шығу (сауда-саттық шаруасымен базарға бару) де-
ген тіркестер белгілі бір ұғымдарды ғана емес, сонымен қатар қазақ
халқының эстетикалық, суреттемелік талғамын да көрсетеді. Қазақ
бейнелеп, яғни метафоралап, теңеп, әсірелеп, мадақтап не кемсітіп,
сүйініп не ренжіп білдіретін қимыл-қарекетін атауға өте шебер, бұл
ретте бейнелі фразеологизмдердің ішінен ескіліктерді де молынан
табуға болады.
Тілдегі ескіліктерді теріп алып, жеке-жеке талдап, мағынасын,
түптөркінін, қолданыстағы кезеңін, кейінгі тағдырын сөз ету арқылы
адамзат тіршілігінде оны қызықтыратын, ойландыратын, әр нәрседен
хабардар ететін тіл деген феноменге көңілін аударту сияқты мұрат-
мақсаттардың бар екенін жоққа шығаруға болмайды. Ал бұл ізденіс
– өте қиын шаруа, көп уақытты, іздемпаздықты, ұқыптылықты, тілге,
санаға, танымға қатысты ғылыми теориялық білімді қажет етеді.
Бұл процестің қиындықтары өз алдына, яғни қазақ тілі сияқты тари-
хы тереңде жатқан, аса бай, мейлінше икемді, біршама таза (өзінің
архетипін сақтаған) тілдегі көне, ескі, ескірген, ескіре бастаған,
ескіру белгілері бар лексика-фразеологиялық бірліктерді жинаймын,
зерттеймін, талдаймын, танытамын деп алдына мақсат қойғандарға
қарата бұл айтқандарымыз лексикологиялық, оның ішінде этимоло-
гиялық-семасиологиялық ізденістердің қиындығын көрсету үшін
ғана емес, тақырыптың қызықтығын, өзектілігін, танымдық құнды-
лығын ескертуді көздейді. Ал бүгінгі таңда ұлттық барша құнды-
лықтарымызды түгендеу, зерттеу методологиясын айқындау, алдағы
жұмыстарымыздың бағыт-бағдарын біршама белгілеу сияқты
мақсаттар тұр деп білеміз.
Сөйтіп, оқырмандарымыздың көңілін бұл талдауларымыздың
танымдық-теориялық негіздеріне аудара отырып, бұған қосымша
мынадай түйіндерді айтуға болар еді:
Тілді тарихи лексикология саласында зерттеу а) семасиологиялық:
сөз мағынасының эволюциясын (қозғалысын, өзгерісін) тану және ә)
ономосиологиялық: объект атауларының өзгеру амалдарын зерттеу
деп бөліп қарастырылады. Лексикалық қазынаны тарихи тұрғыдан
316
зерделеу мезгіл факторына қатысты болып келеді, яғни тілдің белгілі
бір кезеңдердегі дамуы сөз болады, сондықтан тарихи зерттеу
жұмыстарының бұл түрі диахрондық тіл таным немесе динамикалық
тіл таным, тіпті эволюциялық танымдар саласы деп атауға бола-
ды. Демек, лексика-фразеологиялық ескіліктер, тарихи тұрғыдан
қарағанда, бұл тарихты көнеден, ертеректегі кезеңдерден бастап, күні
кеше өткен кезеңдерге қарай жіктеп, фактілер жинадық, ол фактілерді
(мысалдары, сөздерді) жоғарыда аталған тілтаным салаларының
теориялық ұстанымдарына сүйеніп талдадық. Нәтижесінде қазіргі
кезде әр кезеңдегі үлгілерді, әсіресе ертегілер, батырлар жырлары,
ғашықтық жырлар, тұрмыс-салт жырлары, шежірелер мен жылнама-
ларды, XV-ХІХ ғасырларда жасап өткен қазақ ақын-жырауларының
өлең-толғауларын, айтыс үлгілері мен өсиет-ақылдарын оқып,
тыңдап, жаттап жүрген дүниелерде бүгінгі қалың көпшілікке бейта-
ныстау, өздері еркін қолданбайтын мән-мағыналарын бірден тап ба-
сып айтып бере алмайтын жеке сөздер мен сөз бөлшектері (түбірі,
қос сөздердің сыңары, біріккен сөздердің құрамдасы), сөз тіркестері
кездеседі. Әрине, олардың барлығының табиғаты мен түптөркіні
бірдей емес. Бұндай сөздердің бір алуаны қазақ даласының барлық
өлкесіне бірдей тән емес, яғни жергілікті қолданыстар болуы
мүмкін. Олар ғылыми еңбектерде диалектизмдер немесе аймақтық
ерекшеліктер деп аталатыны белгілі. Таралу (қолдану) аясы шектеулі
бұндай сөздер көптен бері жақсы жиналып, зерттеліп, тіпті сөздіктері
де түзіліп, көпшілік қауымға біршама таныс құбылыс болып отыр.
Бейтаныс сөздердің бірқатары кейбір жазушылар (ақындар, жур-
налистер) өздері жасап алған сөздері болуы мүмкін. Әрине, бұлар өте
аз, көбінесе жалпы қолданысқа түспей кетеді. Сол сияқты бұларды
ескілік (ескірген не көнерген сөз) дегеннен гөрі бейтаныс сөз, оның
ішінде авторлық туынды (жасанды) бірлік деп тану керек.
Ескіліктердің ең үлкен тобында және нағыз ескі бірліктерді
құрайтындар архаизмдер (көнерген сөздер) мен историзмдер (ескір-
ген сөздер) болып табылады. Бұлар – осы жұмыста жан-жақты
талданып отырған нысандар (объектілер). Бұлардың ішінде жеке
қолданылғандар және қос сөз, біріккен сөз құрамында келетіндер
деп бөлек қарау керек болды. Сөйлем ішінде немесе тұрақты тіркес
құрамында жеке қолданылатын бірліктердің ертедегі, ертеректегі,
күнікешегі қолданыстағы мағынасы, түптөркіні, морфемдік құбы-
лысы, фонетикалық өзгерісі, кездесетін орындары зерделенеді. Ал
қос сөз сыңары болып келетін ескі бірліктер негізінен этимологиялық
талдаулардың нысаны болады. Бұлардың біразы «Қазақ тілінің
қысқаша этимологиялық сөздігі» (1966), Р.Сыздықованың «Сөздер
сөйлейді» (1980, 1994, 2004), Ә.Нұрмағанбетовтің «Қос сөздердің
құпиясы» (1991) т.б. сияқты еңбектерде жақсы талданып зерттелді.
317
Біздің осы жұмыста жасаған таным-талдауларымыздың мәні мен
қажеттігі жөнінде мынадай түйін-тұжырымдар айтуға болады:
1. Орта ғасырлардың соңғы жүзжылдыктарында (XV-XVI) және
одан кейінгі XVII-XIX жүзжылдықтарда қазақ тілінде дүниеге
келіп, ауызша да, ішінара қолжазба (жазба) түрінде де тарап, біздің
заманымызға жеткен әр алуан жанрдағы өлең-жырларда, эпостық
жанрдағы ерлік жырлары («батырлар жырлары») мен ғашықтық
жырларындағы, шешендік жанрдағы билер сөздері мен өте ертеден
келе жатқан мақал-мәтел, афоризм, дидактикалық ақыл сөздеріндегі,
ертеде қалыптасып, жырдан-жырға, ұрпақтан ұрпаққа (ақын-
жырауларға) ұласып жалғастық тауып келген бейнелі метафоралық
тұрақты сөз тіркестеріндегі ескі (көне және ескірген, ескіре бастаған)
сөздер едәуір кездеседі. Бірақ олардың қолданысы өлең-жыр жолда-
рын, мақал-мәтелдерді, шешендер монологін бейнелі сөз үлгісінің
(фразеологизмдік) жалпы мазмұнын біршама түсінуге кеселдік
етпейді, яғни көпшілік оқырман «бұл не деген сөз» деп көп ойла-
нып жатпайды. Дегенмен бүгінгі сауатты, әр нәрсені дұрыс біліп-
танығысы келетін адамдар оқып отырған дүниесіндегі бірен-саран
болса да түсініксіз сөздерді кездестірсе, бұл сөздің мағынасы қандай
деп ойланып қалулары әбден мүмкін.
2. Сондықтан бейтаныс бірліктерді түр-түрге бөліп алып, әрбі-
реуін жеке-жеке талдап, түсіндіріп беру – ғылымның тілтаным
саласының міндеті.
3. Бұл міндетті орындаудың нәтижесінде қазіргі қазақ тілінің
тарихын зерттеуге, оның ішінде лексика, семасиология, фонетика,
морфология тарамдарының тарихына қажет жиналған материалдар
үлкен үлес қосады.
4. Тілдің, оның сөздік қазынасының өткен кезеңдердегі жай-
күйін білу оның қазіргі болмысын дұрыс тануға септігін тигізеді,
ол сөздердің әрі қарай даму, сұрыпталу, толығу процестерін байқап
отыруға мүмкіндік береді.
5. Ескіліктерді зерделеу нәтижесі бүгінгі сөз мәдениетін көтеруге
атсалысады, яғни әрбір сөзді, оның ішінде бейтаныс көне, ескі
сөздерді өз орнында дұрыс қолдануға, қажет деп табылғандарын
қазіргі қажеттікке жарату, яғни әдеби нормаға айналдыру істеріне
жәрдемдеседі. Мысалы, бұл күнде өте жиі қолданысқа түскен алаш,
азамат, астана, аламан, алқа, ханым, төре (қаратпа сөздер ретінде),
зымыран сөздері бір кездерде қазіргіден өзгеше мағынада жұмсалып
келіп, қазірде жаңа семантикалық бірліктер қатарын түзіп тұр.
6. Көптеген бөгде тілдік атаулардың қазақша баламасын жасауда
кейбір көне және ескірген сөздерді пайдалану мүмкіндігі арта түсті.
Мысалы, диадема деп жүрген император, патша, хан сияқты жоғары
318
лауазымдықты көрсететін зат атауын бір кездерге қолданылған
тәтті сөзін, сол сияқты бәйгеге қосатын жүйрік аттарды бәйге ат-
тары демей, бедеу аттар немесе ақта аттар, одан да ықшамдап
бедеу, ақта деп атасақ, маңызы мен аумағы, көлемі, бағасы үлкен
сыйлықтарды сұйырғал деп атасақ, жөн болар еді.
7. Көне, ескі сөздердің бір кездердегі мағынасын немесе өзгеше
болып кеткен түпкі тұлғасын, «төркін жұртын», яғни қай тілдік
сөз екенін, оның қазақ тіліне қалай жанасып, сақталып жүргенін
әңгімелеу бүгінгі адамдардың, әсіресе жастардың ана тілі – қазақ
тіліне назарын аударып қызығушылықтарын тудыру, сол арқылы
тілдің беделіп арттыру, биікке көтеру сияқты мемлекеттік тілдің
өміршеңдігі мен болашағы үшін күрестің бір ұшы болып табылады
деп санаймыз.
ҚАДЫРҒАЛИ БИДІҢ «ЖАМИ’АТ-ТАУАРИХ»
АТТЫ ЖЫЛНАМАСЫНДАҒЫ ЕСКІЛІКТЕР
Қазақтың тарақ таңбалы жалайыр руының беделді биі – Қадырғали
Қосымұлы XVI ғасырдың соңғы жылдары мен XVII ғасырдың нақ
басында (1602 ж.) жылнама етіп жазып қалдырған қолжазбасының
бір көшірмесі Татарстан жерінен табылып, ғылым-таным дүниесіне
танылды. Орыстың, қазақтың, татардың акад. Ф.Х.Френ, проф.
И.Н.Березин, проф. В.В.Вельяминов-Зернов, Шоқан Уәлиханов,
А.Рахим (А.Ш.Абдрахимов), И.Халфин сияқты ғалымдары мен
шығыстанушылары қолжазба мәтінімен танысып, оның мазмұнын,
жазылу себебін, деректік мәнін, ішінара тілін сөз ете бастайды. Түркі
халықтарының қайсысының мәдени мұрасы екендігі, авторының
білім алған ортасы, кім екендігі де арнайы әңгіме өзегіне айнала-
ды. Қолжазба мәтіні алғаш рет 1854 жылы баспа жүзін көреді. Оны
орыстың белгілі түркітанушы ғалымы И.Н.Березин «Библиотека вос-
точных историков» деген циклмен шығатын жылнамалар жинағында
(т. II, ч. I) Қазанда басып шығарады. Қолжазба еш өзгеріссіз, араб
жазуымен хатқа түскен түрінде жарияланады. Ол мәтінді біз 135
жылдан соң қазіргі кириллица жазуына транцкрипциялап (көшіріп),
екі рет жарияладық (қара: Сыздыкова Р.Г. Язык «Жами’ ат-тауарих»
Жалаири. - Алма-Ата: Наука, 1989).
Жылнама қазақтың Тәуекел ханының немере інісі – Оразмұхам-
медтің Шыңғыс ханнан келе жатқан ата тегінің тарихын баяндай-
ды. Ол үшін XIV ғасырда парсы тілінде жазылған Рашид ад-диннің
«Жами’ ат-тауарих» атты еңбегінің Шыңғыс хан тарихына қатысты
тарауларын түркі тіліне өзінше аударып пайдаланады. Өз еңбегін
319
орыс патшалығының әміршісі – Борис Годуновқа арналған «Мадақ
сөзі» мен Қазан, Қырым хандықтары тарихына және Оразмұхаммедке
арналған тарауларын өз білгенінше өз авторлығымен ұсынады.
Бізден бұрынғы зерттеушілердің, әсіресе Шоқан Уәлихановтың
дұрыс танығанындай, Қадырғали өз жылнамасын сол кезеңнің
түркі мәдениеті үшін міндетті түрде қолданылатын жазба дәстүрі
ортаазиялық түркі жазба тілінде, яғни «шағатай тілінде» жазады,
бірақ көп тұстарында автордың қазақ екендігі, кей-кейде қазақтың ше-
шен билерінше бейнелеп көсіліп жазғандығы көрініп тұрады. Демек,
біз зерттей келе, Қадырғали бидің «Жами’ ат тауарихын» (жылнамаға
бұл атты орыс ғалымдары шартты түрде ұсынған болатын, өйткені
оның көп бөлігі Рашид ад-диннің «Жами’ ат-тауарихынан» алынған
еді), қазақтың ескі жазба тілінің үлгісі деп тануға әбден болады деп
таптық. Мұнда қазақ тіліне қатысы бар көптеген лексикалық бірлікті
(жеке сөздер мен сөз тіркестерін), морфологиялық көрсеткіштердің
қолданылғанын көреміз. Оларды біз қазақ тілінің ескіліктері
қатарында талдап, танытуды жөн көріп, бірқатарын осы жұмыста
ұсынып отырмыз. Мысалы, Қадырғали жылнамасы мәтініндегі аға,
ала йұнтлы (алалы жылқы), ару, атабек (регент), атқышыл (мерген),
ат-ұлақ (ұлақ – көлік), аты-чауы (аты шулы), баурчы, бегім (бикеш),
бәндә (пенде, басыбайлы адам), бұлғақ (аласапыран кезең), ел (ру, тай-
па одағы), жұда болу (айрылу), жүз ұру (бет алу), күш беру (жақтасу),
қарачу (ханның кеңесшісі), құма (әміршінің жеңілген елдерден ол-
жалап алған әйелі), қыз атау (құда түсу), сақыну (сақтану), сауқат
(олжа), сындыру (жеңу), тоңу (ұрыс, соғыс), тон (киім), тоңу (мұз
қату), туар қара (жылқы), оғул/ұғыл (бала), ұлус, орда, йұрт (жұрт,
ұлыс), шора (хан күзетшісі), чығай (кедей) т.т. Дыбыстық құрылымы
жағынан сәл өзгешелеу қалыптағы бұл сөздердің бірқатары –қазіргі
қазақ тілінде ескілік болып сақталған тұлғалар. Бүгінгі оқырман
қауым бұл мәліметтерді (фактілерді) де біле жүргенін дұрыс көріп,
оларды әліпби тәртібімен ұсынып отырмыз. Мысалға келтірілген
иллюстративтік сөйлемдер осы ескерткіштің 1991 жылғы мәтінінен
– Сыздықова Р., Қойгелдиев М. Қадырғали би Қосымұлы және оның
жылнамалар жинағы (Алматы: Қазақ университеті, 1991) атты басы-
лымнан алынды. Мысал етіп берілген сөйлемдердің ішіндегі кейбір
түсініксіз деген сөздердің қазіргі баламасы көрсетілді. Олар мына-
лар: туғмыш ерді – туған еді, аймас – айтпас, айғай – айтады, алып
турур ерді – алып жүретін еді, туар қара – жылқы малы, өлтүргей
деб – өлтірер деп, атлығ ерді – атты еді, ма’лум тұрур – мағлұм еді,
бисйар – көп, таба – қарай, күн туғуш таба – күн шығысқа қарай,
тоқуш қылды – соғысты, барғаһ – ту, әммә – барлық, пәкиза – пәк,
320
таза, бағайат – өте, асқан, суқуған – өрнектеген, туснақ – тұтқын,
бөләк – сыйлық , сандуқ – табыт , мәй – шарап , йүз ұрмақ – бет алу ,
үкүш – көп , сындурды – бағындырды , отчигин – қара шаңырақтың
иесі, хуб – аса, өте.
Қазақ жазба әдеби тілінің ең алғашқы үлгілерінің бірі болып
табылатын бұл ескерткіштің тілі, стилі, сөздік казынасы, графика-
орфографиялық бітімі туралы кеңірек танысқысы келген оқырман
1989 жылы орыс тілінде жарық көрген мына еңбекті оқуларына бо-
лады: Сыздыкова Р. Язык «Жами’ ат-тауарих» Жалаири. - Алма-Ата:
Наука, 1989.
Қадырғали Жалайыридің «Жами’ат-тауарих» атты
жылнамасындағы (XVI ғ.) қазақ тіліне қатысы бар с
өздердің қолданысы
АҒА – 1. Титул-дәреже атауы (жалқы есімдермен келеді): бек,
әмір, басшы, билеуші. Тоқай – Олжай хатундын туғмыш ерді, Келміш
ағаның қызы ерді; Мың ағасы, чора ағасы, Булад аға, Бүйүнчік аға,
Арғун аға т.б.
АҒА/АҚА – 2. Жасы үлкен ағасы. Өз ағасының оғлы Мөңгу хан,
аның ағасы Гүйүк хан...
АЙ – көне айт – Аның сауалыға мутабиқ білә жауаб айғай. Аны
йахшы теб аймас.
АЙЫР – Әскер санының бірлігі, әскер, адам. Қал’а уа хисар
ічінде толуқ атлан дегенде иүз мың айыр ануқ...
АЙ(Т)ТУРУБ ЕРДІ – айттырыб еді. Ұлуғ қызы [Чингиз ханның]
Фужин беги атлығ ерді. Аууал оны... Тусан Буқаға айт(т)уруб ерді.
АҚА – титул: хатун, жоғары дәрежелі билеушілердің
әйелдерінің титулы (монғолдың еке/ака деген сөзінен, мағынасы –
«ана»).
АХТА АТ – жорық аты, мініс ат. Үйірге түсіп келген айғырды 7-8
жаста ақтайды, ол ат өте күшті, мықты болады, монғолдар көбінесе
ахта аттарға мініп жүрген. Уа анларны йахшы ахта атларға
міндіріб, йолда йүргүздім. Ечкілі оғлы Хасан Едіге бинің ахта атын
алып турур ерді.
АҚТАЧЫ/АХТАЧЫ – көне. атбегі. Шыңғыс хан тағайындаған
мәртебелі 10 қызметтің біреуінің иесі, сондықтан жалқы есіммен
тіркесте келеді. Бүқатай ахтачы, һурун ақтачы.
АҚТАЧЫ/АХТАЧЫ БЕКЛІГІ – атбегі тобы (Орда жылқысының
атбегін білдіретін титул). ...Шул қаум татар ақтачы беклігі төрт казик
ерді.
321
АҚ ТУҚ/АҚ ТУҒ – ақ ту [Найманның падшаһы] Тайан ханның
тоқуз пайалы ақ туқы бар ерді.
АЛА БАРГАһ АҚ ОРДА – ала тулы ақ орда. ...атланыб чықсаң
йер хучагі дек ала баргаһ ақ ордаң ... бар.
АЛА ЙУНТЛЫ – алалы жылқы. Ала йунтлы, йағни туар қарасы
йахшы болғай.
АЛАЧ МЫҢЫ – қазақ халқы. Қазақ тайпа одағының жалпы,
алғашқы атауы. Майсара ақуам қаум алач мыңы ерүр... Әммә алач
мыңы арасында ұлұғы тарақ тамғалы Жалайыр болғай.
АЛТЫН ХАНЫМ – титул: ханның үлкен әйелі, бәйбіше, ханым.
Ондан сұлтан ... алтын ханым Байм бегімді туған ерді. Татлы ханым,
Чуйум ханым – Ондан сұлтаннын қатындары.
АРИҒ – ару, сұлу. Аның бір пакиза арығ хатуны бар ерді.
АТА – 1) әке, 2) ата. Соң атасы орныға ол ‘ал аһду падшаһлық ол
биледі. Қара хан атасы тұрған йуртында ерді.
АТА – Бай Соңқур Чингиз ханның бешінші атасы ерді.
АТАБЕК/АТАЛЫҚ – хан балаларының (ұлдарының)
тәрбиешісі, регент. Уа қарачулары, аталық, емелдешлері хан
хазратларының үстіне нисарлар қылдылар.
АТЫ ЙАХШЫ – атақты, белгілі. Йыл йашасун, йүз йашасун
аты йахшы Барис хан.
АТҚЫЧЫЛ – мерген. Оғланларының ұлұғы ерді Кучар атлығ,
бағайат атқычыл мерген ерді.
АТ УЛАҒ – ат-көлік (улағ – жүк артатын көлік малы). Қаһан
ләшкәр ач уа сусақлығ етсәләр, туар қара, ат улағы һарығай...
АТЫ ЧАУЫ – атағы. ...Хытай ләшкәрі білән мундағ харб
қылышыб, атраб жаһанда аты чауы чықты.
АШҚАРА ҚЫЛ – әйгілеу, жария ету. [Хатун] қоруқты әгәр аш-
кара қылсам Худайға табунмақны, аны оғлы білә біргә өлтүргей теп
сақынды.
БАЗИРГЕНЛӘР – сауда жасаушылар. Базиргенләр бізге алтун
білә суқуған тонлар уа таңсуқлар, йахшы нәрселер алыб келүрлер.
БАҚТҰРДЫ – бағындырды. Бату булар білән... көб уилайатлар-
ны бақтурды.
БАҚШИШ ҚЫЛУ – табыс ету, сыйлау, тарту ету. Аны һәм кім
ерсә гә бақшиш қылды. Хасса өз ләшкәрін аңа бақшиш қылды.
БАУРЧЫ/БОҚАУЛ – хан сарайында ас-суды басқарушы. Қара:
боқаул. Анларның қымыз ічетурған алтын айағы бірлә бір баурчысын
алды.
БАҺАДУР – 1) ер жүректі, батыр адам. 2) батырға берілетін
атақ, титул. Көбінесе бұл титулды Шыңғыс ханның аталары мен
322
ұрпақтары иеленген: Бартан баһадур, Субутай баһадур, Тоқучар
баһадур, Иесуге баһадур (Шыңғыс ханның әкесі).
БЕГИ/БЕГІМ/БЕГИМ – титул: бикеш (әйел есімімен тіркесте
келеді) Сойур Қоқты беги, Алақай беги, Йахшым беги. [Чингиз
ханның] улуғ қызы – Фужин беги атлығ ерді.
БЕГІМ – титул: монғол, қазақ хандары әйелдерінің атағы,
ханым. Байм бегім (Шыңғыс ханның әйелі), Йахшы бегім (ол да),
Дәдем бегім.
БЕК – 1) әмірші, нойан, ханнан кейінгі екінші билеушінің
атағы; 2) ақсүйек, бекзада. Бірі хан, бірі бек болуб йүрүр ерді... Чин-
гиз ханда бу төрт бек мағлум турур.
БЕК – титул: әмірші. Андын [соң] Хоразми бек болды. Андын Ха-
сан бек болды. Андын Шейх Мамай мырза улусны биледі, әмма өзі
бек болмады. Мұса бекнің оғлы Шейдақ бек болды.
БЕК – жалқы есіммен келеді. Қадырберді хан білән Едіге бек
тоқуш қылдылар.
БӘНДӘ – басыбайлы адам. Ораз Мухаммед бәндәләрні туснақдын
алыб азад қылды.
БИ – ру, тайпа басшысы, билеуші, бек. Тасуқа би, Сейдой би.
Қадырғали би, Қосум би. Синонимі: бек.
БОҚАУЛ/БАУРЧИ – хан сарайында ас-суды басқарушы.
Шыңғыс хан енгізген 10 түрлі қызмет иесінің бірінің атауы. Толағай
бек баурчы ерді, Онгур нойан уа боқаул баурчы ерді.
БӨЛӘК – сыйлық. Ол елчілер өзләрі білән ақ саңқурлар,
бөләклер келтүрді.
БӨРТЕ – жылға, өзен тарамы. Жайыкдан чықған Елек суы ту-
рур. Андын [йоқары] үч бөрте чықар.
БҰЛҒАҚ – аласапыран (қарсылық әрекет кезіндегі). Арикан
Йеке... Ариц Букенің бұлғақында өлді.
БҰЛҒАҚЛЫҚ – аласапыран кезең. Ол уақтыда кім Ариқ Букенің
бұлғақлығында йығылып ерді.
БІТІЛУ – жазылу, баяндалу. Ол хикайатны бітіділәр. Бу мың асл
насхада бітілген йоқ ерді.
БІТІЛДІ – жазылды, баяндалды. Нух ғалайассаламдын беру
Оғузға дегәч... Чингиз хандын бұ заманға дегәч – тамамысы бітілді.
ЕКЕ/АҚА – қара: ақа.
ЕКЕЧІ – көне. Титул – дәреже атауы. Хатун титулы қызметтес,
көбінесе қумаларға берілген. [һулагу ханның оғлы Йушмут] қумадын
туғуб ерді, [қуманың] аты Нуқачин екечі атлығ ерді.
БІТУ – жазу, баяндау. Жочи ханның он төрт оғлының атларыны
бітүдүк.
323
ЕЛ – 1) ру-тайпалар одағы, мемлекет; 2) күшпен не еркімен
Достарыңызбен бөлісу: |