Ббк 84 Қаз 7-44 б 78 Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті



Pdf көрінісі
бет24/26
Дата31.03.2017
өлшемі1,81 Mb.
#11030
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26
өз ағысымен ағып жатқан. Ауданнан, әрі-бері өткен поездағы 
адамдардан  «жау  бақайшағына  дейін  қаруланған  екен», 
«жаулап алмаған жері қалмаған екен», «баса-көктеп Украинаға, 
Белоруссияға кіріп кетіпті», «тіпті Мәскеудің өзін таяп қалса 
керек», – деген секілді алып қашты дүркін-дүркін хабар естіледі. 
Бұдан былай бұл станциядан өтетін жолаушылардың да, поезд 
сүйреген  жүктің  де  түр-түсі,  сан-сапасы  өзгере  бастады. 
Мұздай  боп  киінген  әскери  адамдар,  әскерге  енді  алынған 
уыздай  жігіттер  мен  қыздар  өтеді,  қол  бұлғап.  Осыған  дейін 
жүргіншілер мен жүк екі жақта бірдей ерсілі-қарсылы саулап 
өтетін,  енді  тек  Батысқа  қарай  атылатын  болды.  Шығысқа 
барар вагондар кейде салдырлап бос кетіп бара жатар еді. Осы 
ілгерілі-кейін  ағылған  поезды:  семафорын  жағып,  жезласын 
көтеріп,  суын  құйып  беріп,  темір  жолын  сақадай  сайлап 
аттандырғаннан  басқа  манданға  тигізер  көмектері  болмады. 
Осындай күнделікті тірлікпен зымырап бір айдай уақыт өтті.
Әкесінен  қалған  тоқал  тамында  отын  жағып,  шайын 
қайнатып  Дархан  жүрді  күйбеңдеп.  Сонау  темір  жол  қолы 
шағатын  сырқат  пайда  болды.  Қол  қусырып  қарап  отыруға 
болмайды,  күні  бойы  жұмыста.  Ал,  шойын  жолдың  жұмысы 

333
шаршағаныңда ертеңге қалдыра тұратын шөп шабу, отын кесу 
секілді емес, бір сәт тізе бүгіп отыра алмайсың. Бір сәт тізе бүгіп 
отырсаң  оқтай  зулап,  түтіні  будақтап  келе  жатқан  паровозды 
қиратасың,  не  болмаса  бүкіл  қозғалысты  тоқтатып  жауапқа 
тартыласың. Құланды станциясына қарайтын жолда қандай да 
шикілік  табылса,  ең  әуелі  жауап  беретін  жол  мастері.  Соғыс 
басталтан соң Құландыға он сегіз, он тотызыншы разъездерді 
қосып берген. Енді жұмыс екі есе көбейген-ді.
Осы күні кеште Қамбар шақырады деген соң кеңсеге барды. 
Майланып  матасы  жемтірленіп  қалған  ескі  ағаш  столдың 
басында ін аузындағы суырдай жалғыз өз шоқиып отыр екен; 
әлденеге қобалжулы секілді. Қол беріп амалдасқан соң:
– Төрге шық, – деді Дарханға. – Біздің үйге келуді қойдың 
ғой, Дәке.
– Қайта-қайта қылқиып бара бергеннен гөрі сағындырып, 
шақыртып барайын деп бұлданғаным да.
–  Ырысымды  ішіп  кетпессің,  жалғыз  өзің  шошайып 
құманның шәйін сораптағанша, Дүрияның сары самауырынын 
сораптамайсың ба, өзің де бір самауырды жалғыз тауысатын- 
дай  шәйшілсің.  Жағдай  мынадай,  Дархан:  маған  әскерден 
шақыру  қағазы  келді.  Мен  ғана  емес,  осы  ауылдан  үш-төрт 
жігітпіз. Бәрі де тәжірибелі жұмысшылар, тепсе темір үзетін 
азаматтар.  Солай,  досым,  екі-үш  күннен  соң  аттанамыз 
майданға, – деп өмір-бақи тастамайтын қамшысын сарт еткізіп 
ауаға сілтеп қалды.
Сонда қалай, біз жоқпыз ба? – деді таңғалып.
–  Әзірше  жоқсыңдар.  Мүмкін  бронмен  қалдырар,  әуелі 
кезек менікі болып тұр.
–  Қызық  екен.  Қолымызға  мылтық  ұстауға  жарамай 
қалғанбыз ба? Үйелмені бар сенен гөрі менің барғаным дұрыс 
еді.
–  Енді...  дәм  солай,  қайтесің.  Солдатқа  кімді  алып,  кімді 
қалдырарын  екеумізден  сұрамайды.  Мәселе  кімнің  барын, 
кімнің  осында  қалатынында  емес,  жұмысшы  күші  азайып 
қалар түрі бар. Бұрын он сағатты көпсінуші едік, енді жиырма 
сағат жұмыс істеп, төрт-ақ сағат демалатын заман туды. Өзің де 
көріп жүрсің: батысқа вагон-вагон азаматтар аттанып жатыр, 
ал  қайтып  жатқандары  шамалы.  Дұшпанның  беті  қатты. 
Жігіттерді  шақыртып  жібердім,  қазір  келеді,  –  дегенінше 

334
есік ашылып, Бати және басқа да теміржолшы жігіттер кірді. 
Дабырласа есендескен соң төрде отырған Қамбар тыныштық- 
қа шақырды.
– Жолдастар, – деді тамағын кенеп, – ел басына күн туды. 
Соғыстың басталғанына бір ай уақыт өтті. Бізге қатысы жоқтай 
тып-тыныш жаттық. Енді кезек бізге де келді. Мені қосқанда 
бес  жігітке  әскерге  алыну  қағазы  келіпті.  Ертең  еру  болып, 
бүрсігүні аманшылық болса аттанамыз.
– Кімдер бар? – деп қай-қайсысы да елеңдеп, өзім жоқ па 
екенмін  деп  қауіппен  құлақтарын  түріп  отыр.  Қамбар  маң- 
дайына  сипалап  біразға  дейін  үндемеді.  Теміржолшылар  да 
тым-тырыс.
–  Айтсаңшы  енді,  діңкемізді  құртпай!  –  деді  стрелочник 
Төленді шыдамы жетпей. Көзінің астымен қараған Қамбар:
– Қорықпай-ақ қой, сен жоқсың, – деп еді, «жоқсың» деген 
сөзді естіген осы ерленіп кетті білем.
– Неден қорқамын, қазір алып кетсе де дайынмын, әкеңнің 
аузын, қолқасын жұлып қолына берейін!
–  Саған  бұл  соғыс  Құландының  бозбалалары  емес, 
жағасына  жармаса  кететін.  Бұның  аты  –  соғыс.  Бұрын  жер 
бетінде  болмаған  ұлы  қырғын,  –  деді  Қамбар.  Өзі  біртүрлі 
мазасызданып отыр.
– Өздерін ұстап әкеліп көрер ме еді, түрлері кандай екен? 
– деді Дүйсен деген сушы жігіт.
– Көргің келсе, көрерсің, мә... повесткаң. – Қамбар созған 
бір жапырақ қағазды қолы қалтырай алған Дүйсеннің өңі бір 
сазарды, бір қызарды, бойында аздап  қорқыныш бар секілді, 
осы толқыған сезімін басқысы келді ме:
– Несі бар, қолыма мылтық берсе болды қоғадай жапырам.
– Мынау Ермектің повесткасы. Ол қайда өзі?
– Жол қарап кеткен.
– Біреуің кешке табыс етерсіңдер. Ал мынау маған...
Мынау саған, Байғабыл... мынау біреу – Қазтайдыкі.
–  Ол  да  жоқ,  –  деген  дауыс  шықты.  –  Бағана  Ақшидегі 
әйелінің төркініне бала-шағасын ертіп қонаққа кеткен.
– Тез шақырту керек, уақыт аз қалды.
– Маған ше? – деді Бати гүр етіп.
– Бәке, бұл тізімде әлі сіз жоқсыз.
–  Баласы  жас,  өсірсін  деген  ғой,  –  деп  Төленді  қағытып 
қалып еді.

335
– Суырдың айғырындай аңқиттамай жәйіңе отыршы, – деп 
Бати алара қарап тыйып тастады.
Осымен  «шүлен»  үлестіру  аяқталды.  Повестка  алған 
жігіттер  қазірден  бастап  боссыңдар,  жолға  дайындалыңдар, 
–  деп  Қамбар  жиналыстың  біткенін  білдірді.  Орнынан  белі 
кеткендей самарқау тұрған Төленді.
–  Не  дайындалатыны  бар,  қыз  айттырғалы  бара  жатқан 
жоқпыз, – деді тыржыңдап.
– Апыр-ау, Төленді-ау, сен бұл шақыруда жоқсың дедік қой. 
Несіне арамтер боласың.
– Келесісінен қалдырар дейсің бе. Бармай қалса ғой атып 
тастайды, ә, – деп артына қарады.
–  Отан  қорғаудан  есі  бар  кісі  қашар  ма  екен?  –  деді 
Дархан.
– Өзің жоқ болған соң мығымсып тұрсың-ау. Жау Құланды- 
ны  шапса  бір  сәрі.  Сонау  өзіміз  көріп-білмеген  жердің  жыр- 
тысын жыртып... құрысыншы бәрі де, – деп қолын бір сілтеді 
де елден бұрын шыға жөнелді.
– Тағы бір Оспан табылды, – деді Дархан басын шайқап. 
Жігіттер алды-алдына тарап, екеуден-екеу қалған соң:
– Жүр, бажа, біздің үйге барайық, – деді Қамбар қамданып. 
Бұлар  келгенде  Дүрия  жайраңдап  қарсы  алды,  ойында  еш 
нәрсе жоқ. Тегі күйеуінің соғысқа аттанарын естімеген секілді. 
Шайын әзірлеп тосып отыр екен.
–  Түу,  осыншама  кешіккендерің  не?  Дені-қарның  сау 
ма,  Дархан?  Саяқсып  есік  ашқанды  қойдың  ғой.  Ақшидегі 
жұрағаттар бір асым ет беріп жіберген екен, қуырдақ қуырып 
қойдым,  мақтап  жүреді  екенсің.  Екі  кештің  арасында  бұл 
не  жиналыс?  –  деп  самбырлай  сөйлеп,  қолды-аяққа  тұрмай 
безектеп жүр. Шынында Дархан көптен бері келмеп еді, біраз 
өзгерістер  бар  екен.  Шағын  бөлмені  қуыршақтай  етіп  жинап 
қойған  –  мұнтаздай  таза,  шашылып  ыбырсып  жатқан  артық-
ауыс зат жоқ, ұядай. Тумысынан пысық Дүрия бүгінде, ойдан 
орап, қырдан қырып жоқ нәрсені тауып әкелетін сартылдаған 
әйел болған. Қажып-қайғыруды, жоқтан-өзгені уайымдап жан 
тоздыруды білмейтін бейқам әрі қылымсуы жоқ, кімге болсын 
бетің-жүзің демей ойындағысын айтып салатын өжет. Бір әке, 
бір шешеден туған егіз қыз: Гүлия мен Дүрияның арасындағы 
осы жер мен көктей айырмашылық, әсіресе, Дарханды қайран 

336
қалдыратын. Оның көз алдына Ақжайлауда шашын өріп бұлақ 
басында  тұрған  қос  қыз  елестеді.  Аққудың  көгілдіріндей 
әдемі  еді;  киімдері,  мінез-қылықтары  қандай  еді...  Иә,  адам 
өзгермейді деген өтірік. Ол да бір тәтті де әдемі қимас күндер 
екен-ау...
– Не ойлап кеттің, Дархан? Шайға кел, – деген Дүрияның 
саңқылдаған  үні  селк  еткізді.  «Иә,  дауысы  да  өзгеріпті,  егер 
Гүлия тірі болса ол да осылай өзгеріп, бөтен тартар ма еді».
–  Сонымен,  начальник  жолдас,  не  мәселе  қарадыңдар?  – 
деді ашық ажармен Дарханға шай ұсынған Дүрия. Құр шайды 
сораптап  отырған  Қамбар  үндеген  жоқ,  ол  ләм  демеген  соң 
Дархан да талап бірдірмеді.
– Кісі өлтіргендей түнермей, бірдеңе айтсаңдаршы, – Дүрия 
өкпелеп қалды. Қызық, дидары әп-сәтте өңін алдырды.
– Өлтірмесек – өлтіреміз, – деген Қамбар самарқау қалпы- 
мен омырау қалтасынан шақыру қағазын алып әйеліне ұсын- 
ды.
– Жау шапты.
Қағазды  қолына  алған  Дүрия  тез-тез  оқи  бастады.  Үнемі 
қаны  тамып  тұратын  қос  беті  боп-боз.  Самаурынның  шүмегі 
қайта  бұралмай  ыстық  су  сарылдап  ағып  тұр  еді.  Дархан 
ұмтылып барып бекітіп тастады.
– Сенікі қайда?! – деді Дарханга жалт қарап.
– Маған келген жоқ.
– Не деген сормаңдай едім... – Ботадай боздап жылаған күйі 
тәртіппен жиналып, үстіне шілтері жабылған төсекке етпетінен 
құлады:  –  Құдайым-ай,  енді  қайттім!  Енді  қайда  барып  күн 
көрем, не незет, всю жизнь не мезет? – деп Семейден үйренген 
орысшасын да араластыра жастықты жұмарлап еңіреді.
–  Жә,  жетті!  Ботырама!  Тірі  отырмын  ғой,  –  деп  Қамбар 
еркектік  жасап  еді,  оның  жекігенін  әйелі  құлағына  да  ілмей, 
айғайын үдетіп өрши түскен.
– Сенің ендігі тірлігіңнен не пайда. Көрерсің әлі, қаңғыған 
оқ ең әуелі саған тиеді.
– Қой, олай айтпа, Дүрия. Ақылың бар еді ғой, – деп Дархан 
басу айтты. Іштей тіксініп те қалған.
–  Ылғи  сен  аман  қаласың.  Басыңа  неше  рет  ажал  төнді, 
бірақ сен тірісің! Міне, тағы да повестқа келмеген.
– Доғар былшылды! – деп Қамбар тұра атылып еді, Дархан 

33
жібермей  ұстап  қалды.  Іргеде  жатқан  қамшымен  сырмақты 
бүрк  еткізіп  салып  қалып,  келесі  жамбасына  аунай  қисайды. 
Үн-түнсіз  орнынан  тұрған  Дархан  түсі  өрт  сөндіргендей 
түтігіп,  үйден  шығып  кетті.  Мың-миллион  құмырсқа  миын 
талап  жеп  көзінің  алды  жыбырлай  бастады.  Жан-жағына 
жалтақтамастан, артына қайырылып бұрылмастан, тура темір 
жол бойына тартты. Ондағы ойы – кез келген поезға жабысып 
ауданға  бару,  ауданға  барып  Қамбардың  орнына  соғысқа 
жібер  деп  өтіну,  осылайша  мынау  Құландыдан  қашу,  өсек-
аяң,  көрер  көзден  мүлдем  құтылу,  біржола  құру.  «Ылғи  сен 
тірі қаласың» деген Дүрияның сөзі оның санасында баттиып 
тұрып мәңгіге өшпей жазылды, жаудың оғынан бетер жанын 
тағы  да  жаралады.  «Рас,  –  деді  көкірегі  қарс  айрыла,  –  рас 
сөз. Білмей, қапылыста айтқан жоқ. Өлмейін деп жүр ме, өле 
алмай жүр ғой жазған. Соған жазықты ма, бәрі де маңдайдағы 
жазуға байланысты. Алланың алғысы келмесе қайтеді енді. Тек 
қорқақтар немесе шалығы бар аурулар ғана өзін-өзі өлтіреді. 
Тәңірім-ау, жер басып жүргенімді көп көрген екі сөз естідім. 
Біріншісін – Төленді айтты. Оныкі жөн делік. Дүрияға не жоқ... 
әлде әйелдік долылықпен аңдаусызда айтып қалған шығар, – 
деп және тоқтамға келді.
Станция бойынша кезекшіден ендігі поезды қашан келеді 
деп  сұрауға  бұрылды  да,  ол  ойынан  айныды.  Темір  жолдың 
үстіне шоқайып отырған күйі жыпылықтай тоса берді. Саналап 
қараса, талай апаттан аман қалған екен-ау. Ертістің үстіне көпір 
салып жүргендегі жарылыс – бір; Оспанның оғы бұған дарымай 
әйеліне тиді – екі; қардың астында қалып оңбай үсіді – үш... 
Міне  төртіншісі  –  осы  оқыс  оқиғалардың  арасындағы  ұсақ-
түйек  апаттар  қаншама.  «Құзғындай  ұзақ  жасап,  тасбақаша 
жорғалап жүре берсін», деп жазып берген шығар пешенеме».
Стрелочник жігіт әлі үйленбеген уыздай жас еді. Дарханның 
жанына келіп:
Қайда барайын деп отырсыз, аға? – деп сұрады.
– Аякөзге.
– Жәй ме?
– Әскерге ал деп өтініш білдірмекпін.
–  Қызық  екен,  –  деп  күлді  жас  жігіт.  –  Жұрт  бармаудың 
амалын іздеп жанталасып жатса...

338
– Ондай адам тылда қалып та жарытпас, – деді Дархан. Бала 
мұрты тебіндеп, жаңа шыға бастаған бозбаланың бетіне сынай 
қарады. – Осы сенің жасың нешеде?
– Он жетідемін, аға.
– Ым, – деп ойланып қалды. – Саған ертерек екен. – Әкең 
соғыстан өлердей қорқады, бағана ат-тонын ала қашты. Әйтеуір 
суішкілігі бар екен, осы жолғы шақырудан аман.
–  Білемін,  –  деді  бозбала  мұңайып.  –  Әкемнің  ондайы 
бар...
–  Төлендінің  шатақ  мінезін  көрмеп  едім  бұрын,  талай 
рельсті бірге төсеп едік.
– Адамның мінезін ұғып біле ме, – деді жас жігіт. «Төленнен 
осындай жақсы ұл туар деп кім ойлаған».
– Сен ше, сен қорықпайсың ба соғыстан?
–  Қорыққанмен  жан  қала  ма,  аға,  не  ол  өлтіреді,  не  мен 
өлтіремін. Қырық жылғы қырғында тек ажалды өледі деген сөз 
бар. Кім біледі...
– Рас айтасың, інішек, қырық жылғы қырғында тек ажалды 
өледі. – Жас жігіттің зерделілігіне қатты риза болды. «Ақылды 
ұрпақтарымыз бар екен-ау», – деді ішінен өзінің бағанадан бері 
қинап, «неге ажал алмайды?» деген сұрағына жауап тапқандай 
серпіліп қалды. Гүлияның жаны тірі болып, аман-есен босанса, 
өзінің де баласы осылайша ержетіп, ел намысын қуар еді-ау. 
Қазір  тура  он  екі  жасқа  толып  бұлтылдатып,  жанына  ертіп 
жүрер еді-ау. Мұрат қандай еді... Айтып-айтпай не керек, алды-
артын түгел жалмап, қу басы отыр. «Иә, бақсының моласындай 
жалғыздықтан қорқынышты не бар бұл жалғанда».
– Поезд көрінді, мен жұмысыма барайын, аға.
–  Бара  ғой,  бар.  Жезлаңды  дайындай  бер.  Сен  рұқсат 
етпесең  бірде-бір  паровоз  орнынан  қозғала  алмайды,  –  деп 
үш ұмтылып әрең тұрды. Тізесі ұйып қалған екен, шымырлап 
аяғын  бастырмады.  Желдей  есіп  салдыр-күлдір  келе  жатқан 
«товарняк» екен, вагондары бірін-бірі түйгіштеп тоқтады. Су 
құйып  алуға  біраз  уақыт  кетті,  араға  бір  сағат  уақыт  салып 
әрең  дегенде  қозғалды-ау.  Жабық  вагондардың  ішінде  не 
бары белгісіз, ал жайдағының үсті толған мал – төрт түліктің 
бәрі бар, азан-қазан шулап жер-көкті басына көтереді. Кейбір 
қорапқа ағаш тиелген. Осы сеңдей соғылысқан вагонның біріне 
жабысқан Дархан қолына қалақшасын ұстап күле қарап тұрған 
стрелочник жігіттің жанынан өте бере қол бұлғады.

339
Таңдап  кірген  вагонның  ішінде  теңките  қаптаған  ұн  тай-
тай  болып  үйіліп  жатыр.  «Осының  бәрін  майданға  жөнелтіп 
жатыр-ау». Поезд өз әлінше зулап келеді. Қораптың жабығынан 
далаға қарады. Ши басып, көгіс тартқан дала зымырап артқа 
қарай  қашып  барады.  Аякөз  онша  алыс  емес,  көп  дегенде 
бір  сағаттық  жол.  Жақындаған  сайын  алжасылданған  жота, 
қыраттар  таз-тақырланып,  топырағы  сарғайыңқы  жүдеу  жер 
ұшыраса бастады. Аякөз станциясына келіп түскенде үсті-басы 
аппақ үн, диірменшінің пошымына енген.
– Қал қалай, батыр? – деп машинист қораптың есігін ашты. 
– Ұнның қаншасын жедің?
–  Бір-бірлеп  жолға  тастап  отырдым.  Қайтарда  жинап 
аламын.
– Қыңыр сөйлемесең қазақ болармысың, – деп күліп вагон-
қораптың  есігін  сарт  еткізіп  бекітіп  тастады,  –  жүр  вокзалға 
барып шай ішелік.
– Рахмет, асығыс шаруам бар. Райкомға баруым керек.
– Қайда? – деп қайта сұрады машинист.
– Рай-ком-ға.
–  Мына  түріңді  райкомдағылар  көрсе,  көрден  кебінін 
сүйретіп шыққан аруақ шығар деп, жүректері жарылып өлер. 
Жақсылап қағынып, тазаланып бар, ойбай. Ал мен сусындауға 
кеттім. Қош бол!
– Жолың болсын.
Киімін әбден тазартып, құдықтағы суға беті-қолын жуған 
соң да көше қыдырып біраз жүрді. Қазір түс мезгілі, кеңседе 
ешкім  жоқ  болуы  мүмкін.  Аякөз  үлкен  станция.  Ауданның 
орталығы. Құландымен салыстырғанда қала сияқты. Дегенмен, 
орталықта жаңадан кірпіштен салына бастаған мекеме үйлері 
болмаса,  айналаның  барлығы  жер-жатаған  қотыр  тамдар, 
сықпыты  қожалақтанып  көзге  сұрқай  көрінеді.  Әр  үйдің 
ауласына  кертіп-кертіп  керіскендей  қылып  тезек,  қи  жинап 
қойған. Күннің ыстығы мұнда тіпті қатты біліне түседі екен. 
Пысылдап терлей берген соң мешпетін шешіп, білегіне асып 
алды. Көшеде халық онша көп емес, күннен қорғалай ма, әлде 
түскі  тамақтарына  жаңа  ғана  бас  қойды  ма,  әйтеуір  саябыр. 
Басы  ауған  жаққа  қаңғи  беруден  жалыққан  Дархан  аяңдап 
райком орналасқан үйге келді. Сыртта бекер жүріпті, іші толған 
адам, ілгері-кейін жосиды.

340
Аякөз аудандық партия комитетінің хатшысын бұрыннан-
ақ  танушы  еді.  Ауылдарына  сан  рет  келген  былғары  киімді 
жігіт. Сондықтан да еркін басып кіріп еді, есік көзінде отырған 
хатшы қыз шәңкілдеп жібермеді.
– Ол кісі бос емес.
– Мен танушы едім... – деді Дархан сасқанынан.
– Танысаңыз қайтейін, ол кісінің бұл ауданда білмейтін адам  
бар ма.
Осы кезде есік ашылып ішінен топ-тобымен әскери киімді 
жігіттер шықты. Орыс-қазағы аралас.
– Аты-жөніңізді айтыңыз, ескертіп шығайын.
–  Е,  сөйтші  айналайын.  Құланды  станциясынан  Дархан 
Таңатаров келіп тұр де.
– Кіріңіз, – деді іле оралған қыз. – Секретарь жолдас сізді 
күтіп отыр.
Былғары киімді жігіт ұп-ұзын бөлменің қақ төрінде отыр 
екен, орнынан ұша түрегеліп Дарханға қарсы жүрді. Қос қолын 
бірдей ұсынып, күле амандасты.
– Қаранар-ау, қайдан жүрсің, бір Құдай жетелеп, бір Құдай 
айдаса да Құландыдан ұзап аттап баспаушы едің.
– Бұл дүниеде бар екенімді көрсетейін деп шықтым інімнен. 
Иә, өзің есен-саумысың. Өсіпсің. Орның құтты болсын.
  –Орынның  құтты,  құтсыз  болуы  өздеріңе  байланысты 
ғой, – деп Дарханның арқасынан өзімсіне қағып стол алдында 
көлденең тұрған жұмсақ орындыққа отырғызды.
–  Еліңізде  не  жаңалық  бар?  –  деді  темекісін  тұтатып. 
Дарханға да ұсынып еді ол «тартпаймын» деп басын шайқады.
– Дұрыс істейсің. Біз бір үйренген соң қоя алмай жүрміз.
– Елде не жаңалық болушы еді, бұл күнде жұрттың аузында 
жалғыз-ақ ауыз сөз.
–  Иә,  –  деп  ойлана  аузындағы  түтінді  үрледі.  –  Есімізді 
енді  жия  бергенде  жау  шапты.  Барлық  күшті  майданға  жұ- 
мылдырудамыз. Тылды да күшейту керек. Құландыдан әскер 
қатарына шақырылған азаматтар бар шығар.
–  Жігіттердід  алды  ертең,  бүрсігүні  аттанбақ,  ол  тізімнің 
ішінде  менің...  –  деп  сөзін  аяқтағанша  қара  телефон 
шылдырлады.
– Кешір, бір минутқа, – деген секретарь телефон трубкасын 
қолына алды.

341
–  Ало,  тыңдап  тұрмын.  –  Ар  жағындағы  адаммен  қысқа 
ғана  есен-саулық  сұрасқан  соң,  ауданның  қазіргі  жағдайын 
мәлімдей бастады.
– Халымыз жаман емес, Александр Александрович... енді 
аянар жер қалған жоқ. Иә-иә, аттанып жатыр, егіннің шығымы 
биыл  жаман  емес,  төл  басы  да  аман...  Түркісібтен  дейсіз  бе, 
поезд  атылып  тоқтаусыз  жүруде.  Мұнда...  Менің  бөлмемде 
Қаранар досыңыз отыр, жақсы, жақсы, айтайын... Так, түсіндім, 
бронь  береміз  ғой.  Көнсе...  көнбесе  де  дейсіз  бе...  Ал,  сау 
болыңыз,  Александр  Александрович,  бар  жағдайды  өзіңізге 
хабарлап тұрармын. – Трубканы ершігіне қойды да сөніп қал- 
ған  шылымын  қайта  тұтатты.  Сосын  көзіне  шапқан  түтінді 
алақанымен қуалап, терезеден сыртқа қарады.
– Саған Соболев жолдас сәлем айтады.
– Сәлемет болсын.
–  Құланды  станциясына  осындай  қысылтаяң  уақытта 
тәжірибелі,  беделді  коммунистер  керек.  Түркісібтің  бойымен 
жүретін поезд бұрынғыдан екі-үш есе кебейді. Демек, жұмыс 
та  сонша  рет  ұлғаяды  деген  сөз.  Сондықтан,  сені  броньмен 
қалдырып, бала-шағаға бас-көз болуды өтінеміз.
– Егер бұл өтініштеріңді орындамасам ше...
–  Ондай  жағдайда  тәртіпті  бұзған,  партияға  бағынбаған 
коммунист ретінде жазаға тартамыз.
– Солай ма... Ал, мен соғысқа, соғыс болғанда нақ өртеніп 
тұрған жеріне жіберуді өтініп келіп отырмын.
– Алғы шепке дейсің ғой...
– Иә, сол алғы шебіңе.
– Әр еңбектің өз алғы шебі бар. Әрине, мен білемін, сені 
ешкім,  ешнәрсе  қорқыта  алмас.  Сен,  Қаранар,  соғыстан  гөрі 
тылға, яғни мұнда керегірек болып тұрсың.
– Ендеше мені сен де түсін, жолдас секретарь, жазаласаң 
жазала,  жазаланатын  нем  қалды.  Денем  өзімдікі,  басым  бас- 
қаныкі  секілді.  Ел-жұрттың  ортасында  сүйкімім  жоқ,  алды-
артын  жалмаған  жалмауыз,  қу  бас  атандым.  Құланды  стан- 
циясының  қазіргі  начальнигі  Қамбарды  өзің  де  жақсы  тани- 
сың,  Дүрияның  күйеуі.  Соған  келген  шақыру  қағазын  менің 
атыма өзгертіп бер. Алғашқы да ақырғы да өтінішім болсын, 
оның  семьясы  бар,  оқыған,  білімді,  қызметін  тиянақты  істеп 
жүрген жігіт. Қайталап айтам, соңғы тілегім болсын, Қамбар- 
дың орнына мені жібер соғысқа.

342
Секретарь  ықыласпен  тыңдап  алды  да  басын  шайқап 
күлді.
Бұл не сонда, бажаңа жасаған жақсылығың ба?
– Жоқ, бұл сапар – менікі.
– Біріншіден, – деді қарындашпен столды тықылдатып отыр- 
ған  секретарь,  –  білімді,  сауаты  толық  жігіттер  майданға  да 
керек. Совет әскерінде офицер кадрлары жеткіліксіз, баяғыда 
оқып алғаныңда...
–  Апырай,  білімсіздігімді  бетіме  баса  бердіңдер-ау. 
«Іздегенің есіктен табылса төрде нең бар» деуші еді.
Бұл  бетке  басқандық  емес,  сөздің  шындығы  сол,  Дархан, 
Армия  басқару  мен  ел  басқарудың  арасында  біраз  айырма- 
шылық бар, оны былай қойғанның өзінде, обкомнан Соболев 
жолдастың  өзі  сенің  тылда  қалғаныңды  қалап  отыр.  Енді 
«қалмаймын»  деп  айтты  деп  қайтадан  звондай  алмаймын. 
«Неге үгіттемедің?» деп өзіңе ұрсады. Тіпті, одан да қорқып 
тұрғаным жоқ. Қамбар майданға қандай керек болса, сен тыл 
үшін одан әрі қажетсің, осыны түсін.
– Мен түсінемін ғой, – деп күрсінді Дархан. – Ел түсінсе...
– Түсінбесе түсіндір. Жалғыздықты ешкім де тәңірден тілеп 
алмайды. Жалғыздықты жеңе білудің өзі – ерлік. Ал, келістік осы- 
ған, іске сәт. Кейін қол тигенде жұмыстарыңды көріп қайтамын, 
– деп орнынан тұрып қолып ұсынды. – Сау бол.
Көтерем сиырдай орнынан әрең көтерілген Дархан:
– Сонымен не болды өзі? – деп еді қолын беріп жатып.
–  Ауылыңа  қайтасың.  Бүгіннен  бастап  Құланды  стан- 
циясының  начальнигісің,  қалған  жұмысшыларды  іріктеп  алу 
өз  билігіңде  Әсіресе,  әйел  жолдастарды  темір  жолға  көбірек 
тартып, азаматтардың бар кезінде іске үйрету керек. Күні ертең 
станцияның барлық ыстық-суығын солар көтереді.
– Онда жетісерміз...– деп күңкілдеді Дархан. Көз көрген, ескі 
досының алдынан нәумез болып қайтты. Далаға шыққанында 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет