Ұзақ мерзімді тәжірибе кезіндегі мектептің даму процесі және өзгерістерді басқару процесіндегі басшының өзін-өзі дамытуы туралы қорытынды есеп



бет1/12
Дата02.10.2023
өлшемі121,1 Kb.
#112332
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Ұзақ мерзімді тәжірибе кезіндегі мектептің даму процесі және өзгерістерді басқару процесіндегі басшының өзін-өзі дамытуы туралы қорытынды есеп

Ұзақ мерзімді тәжірибе кезіндегі мектептің даму процесі және өзгерістерді басқару процесіндегі басшының өзін-өзі дамытуы туралы қорытынды есеп
Ұзақ мерзімді тәжірибе кезіндегі мектептің даму процесі және өзгерістерді басқару процесіндегі басшының өзін-өзі қалай дамытуға болады деген сұрақ төңірегінде ойландым. Алдағы үш жылға перспективалық жоспар жасау кезінде соңғы жылдары әлемдік білім беру кеңістігінде пайда болған заманауи үрдістерді, еңбек нарығының жедел өзгеріп отыратын талаптары білім беру саласына қалай әсер ететінін ескердім. Жұмыстың жаңа формалары мен әдістері менің басшылық жұмысыма қалай көмектеметінін, нәтежеге жету үшін қандай құзіреттіліктерді дамыту қажет екенін айқындап алдым.

Өзгерістерді басқару процесі менің өзімді-өзім дамытуыма қалай және неліктен ықпал етті деген сұрақ төңірегінде көп іздендім. Қазіргі заман мектептерін менеджмент тұрғысынан басқаруда басқару технологиясындағы инновациялық үрдіс кездейсоқтық емес, белгілі бір нәтижеге бағытталатынын, инновациялар білім беруді тиімді басқару үшін енгізілетініне көзімді жеткіздім.


Курс барысында өз іс-әрекетімді талдауды, өз қызметім бойынша рефлексия жасау қабілетімді дамытуды үйрендім. Сондай-ақ өз жұмысымдағы мықты және әлсіз жақтарымды анықтай отырып , жіберілген кемшіліктерді түзету және жетілдіру жұмыстарын нақтылауға машықтандым. Осы кезде білім беру процесінің барлық қатысушыларын дамытуға бағытталған құзыреттердің тұтас ауқымын айқындау қажеттілігін түсіндім. Басшы ретінде өз бетінше білім алу, өзімнің кәсіби қасиеттерімді үнемі жетілдіру арқылы мектептің жаңа мәдениетін қалыптастырып, қолайлы білім беру ортасын құруға ұмтылуым керек екенін түсіндім.
Мен білім берудің басты құндылығы кәсіби, азаматтық және қоғамдық міндеттерді белсенді түрде орындау құзыреттілігіне ие адамның жеке тұлғасын қалыптастыру екенін түсіндім.Менің түйгенім, әрбір атқарылатын іс-шарамыз, қандай бағытта болмасын, тиімді әрі нәтижелі болу крек. Сол үшін өз бетінше білімін жетілдіру, өзін-өзі дамыту және өз бетінше білімді игеру сияқты құзыреттіліктерді оқушы бойына сіңіру бағытында жұмыс жасауым керек деп шешіп, жоспар жасауда осыны басшылыққа алдым.
Білімнің құндылықтардан тәуелсіз болуы мүмкін емес екені аян. Сәйкесінше, мектептегі оқу процесі көбінесе құндылықтар мен қарым-қатынастарға байланысты. Қазіргі білім берудің құндылығы мазмұнға негізделген білім беру, оқушы қажеттіліктерін ескеру екені белгілі. Осыны ескере отырып оқушының оқуға деген ынтасын қалыптастыру, балаларға қалай оқу керектігін үйрету, құзыреттіліктерін жаңарту қабілетін қалыптастыру мақсатында іс-шаралар жоспарланды. Атап айтсак, сын тұрғысынан ойлау, окушылардың функционалдык сауаттылығын арттыру бағытында танымдық ойындар, байқаулар, олимпиадалар өткізу көзделуде. Оқушыға берілетiн бiлiм оны болашаққа дайындау, өмір сүру қабілеттерін арттыруға бағытталған болу керектігін ескеріп, оқушы бойына ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды дарыту мақсатында «Жаныңда жүр жақсы адам» ауыл, аудан көлеміндегі құрметті азаматтармен кездесулер, «Дара тұлғалар» танымдық сағаттар. («Дара тұлға» жобасы аясында), «Кітап әлемінде» оку конференциялары («Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында), «Поэзия, сен менімен егіз ба едін?» акындар оқулары, «Театр» жобасы аясында сахналык көрiнiстер, «Жұмадағы жаксылық» қайырымдылық акцияларын ұйымдастыру сияқты іс-шараларды жоспарлауды жөн көрдім. Бұл бағыттағы жұмыс ҚР-ның «Білім туралы» Заңында атап көрсетілгендей, жас ұрпақты ұлттық сана мен қазақстандык патриотизмге тәрбиелеудің маңыздылығын анықтайды. Қазіргі заман талабына сәйкес оқушыларды мектеп бітіргеннен кейінгі өмірге дайындау, білімді колдана білу дағдыларын қалыптастыру мақсатында «ПИЗА тапсырмаларымен жұмыс» тәжірибелік алаң, PISA/ PIRLS зерттеу жобаларына дайындык мақсатында «Мен дарынды баламын» оқушылар олимпиадасын өткізу, «Балаға өз бетімен зерттеуге мүмкіндік туғызу» дөңгелек стол, «Біз дарынды баламыз» үйірме жұмыстары бойынша фестиваль, «Болашақ сауатты ұрпақ қолында» эсселер байқауы, «Зерделілер» көшбасшы балалар танымдық ойыны сияқты іс-шаралардыөткізуді жөн деп ойлаймын. «Білім беру жүйелері біздің санамызда ойлау дербестігін және өз бетінше әрекет етуге қабілеттілікті, басқаларға жанашырлық таныту, құрметпен қарау, жұмыста және өмірде өзара ынтымақтастыққа дайын болуға қабілеттілікті тәрбиелеуі тиіс» деп ЭЫДҰ білім және дағдылар жөніндегі директоры Андреас Шлейхер атап көрсеткендей, әр адам басқалардың алдындағы өз жауапкершілігін түсіну керек және өз мүмкіндігінің шегiн бiлуi керек екенін айтқаны мені қатты ойландырды. Осыған орай, педагогтар арасында қарым-қатынас және ынтымақтастық дағдыларын дамытуға және қолдауға назар аудару мақсатында «Кел, сен де жасап көр» ашық есік күндерін ұйымдастыру, «Мен көшбасшымын ба?» мұғалімдерге арналған тренинг, «Тәжірибе алмасайык» серіктес мектептер арасында вебинарлар ұйымдастыру, «Біз осылай жасаймыз» ықшам сабақтар көрмесі, тәжірибе алмасу алаңы жоспарланып отыр, нәтижесіеде мұғалімдер бірлесе жұмыс жасауға үйренді, тәжірибе алмасады, кәсіби қоғамдастық жұмысының маңызы артады деп сенемін. Қазіргі қоғамда табысты болу үшін негізгі үш құзыреттілікті игеру маңызды екенін түсіндім. Ол:
-таным құзыреттілігі, яғни зияткерлік міндеттерді шешу үшін ойлау дағдыларын пайдалану;
-басқа адамдармен қарым-қатынас құзыреттілігі
-өз іс-әрекетінің үйлесімділігін қадағалау құзыреттілігі,яғни өзін-өзі басқару.Осындай құзыреттіліктерді оқушы бойына сіңіре отырып,оқушының оқу нәтижелеріне деген көзқарасты кешенді өзгертуге қол жеткіземіз деп ойлаймын.
Мектепті дамытудың басым бағыттарын жүзеге асыру үшін ең алдымен мектептің миссиясы мен болашаққа бағдарын нақты анықтап алғанды дұрыс көрдім. Миссияны белгілі бір нақты мектепке тән мақсаттар мен соларға қатысты ұстанымдар, көзқарастар мен әрекеттер жиынтығы ретінде сипаттауға болатыны белгілі. Жалпы миссия дегеніміз мектеп қауымдастығы және білім беру мекемесінің келешекке белгілеген мақсаты,мақсаттары мен құндылықтары туралы және өзіне алған міндеттемелері туралы ресми түрде жарияланған шешім екенін анықтадық.Миссия нақты мақсаттар қою және қол жеткізу шеңбері мен бағыттарын белгілейтіндіктен, ол мектептің білім беру қызметін пайдалана алатын барлық адамдар үшін тартымды әрі түсінікті болу керек деп шештік. Мектеп әкімшілігімен ақылдаса отырып мектеп миссиясын анықтап алдық «Қазіргі заманға икемді,өзгерісті тез қабылдай алатын, жан-жақты,жаңа педагогикалық инновациялық технологияларды меңгерген педагог мен мектепте алған білімін өмірінде пайдалана білетін, өз бетімен білім ала алатын, құзыреттілігі жоғары тұлға қалыптастыру» Осы миссияда негізгі «ерекшелік», «жаңашылдық» бейнесі, ұжымымыздың бірегейлігі, тұтас әлемдегі, әсіресе білім беру әлеміндегі мектептің бағыт-бағдары қамтылып отыр деп шештік. Миссияны шынайы әрі қолжетімді етіп алдық деп ойлаймыз.
Оқыту, тәрбиелеу және басқару жүйелеріндегі сапалық өзгерістер нәтижесінде мектепте білім беруде жоғары нәтижелерге қол жеткізетініміз белгілі . Қазіргі таңда инновациялық қызмет әрқашан мектептің дамуының маңызды бағыты болып табылады. Сол үшін білім беру мазмұнындағы әдістер мен технологияларды, мектептің білім беру процесінің басқару жүйесіне түбегейлі өзгеріс енгізу үшін идеялар мен жаңалықтар қарастырған жөн. Мектеп басшысы ретінде менің негізгі ұстанымым педагогтар мен білім алушылар жаңашыл және шығармашыл болса, сол кезде ғана жеке қабілеттерін ашу арқылы өзін іске асыра білетін, өмір бойы дамуға және оқуға дайын, жалпыадамзаттық құндылықтарға ие, салауатты өмір салтын ұстанатын және әртүрлі проблемалардың оңтайлы шешімін таба алатын жан-жақты тұлғаны қалыптастыруға болатынына көз жеткізіп отырмыз. Мектептегі инновациялық менеджмент мұғалімдердің инновациялық қызметке және білім беру мекемесін дамытуға дайындығын қамтамасыз етуге бағытталған басқару технологияларын жүзеге асыруды қамтитыны белгілі. Инновациялық қызмет мектеп жұмысының маңызды аспектісі болып табылады және мектеп басшысынан тиісті инновациялық құзыреттілікті талап етеді. Осы арқылы мен болашақтағы өзгерістердің маңыздылығы мен қажеттілігін түсіндім.
Өзім басшы ретінде ұжымымды сендіре білдім деп ойлаймын. Түсіндіру, ашық талқылау, бейресми әңгімелесу барысында ұжым мені толықтай қолдап, қазіргі таңда мектепке өзгерістер енгізудің қажеттілігін келісу аясында ұжым жұмысын үйлестіріп отырмын деп айта аламын.
«Әлемді сүйіспеншілікпен өзгертуге болады. Егер әр істі сүйіспеншілікпен, шын жүректен жасасаңыз міндетті түрде жетістікке жетесіз» деген Элизабет Клюбер-Росс сөзімен ойымды аяқтағым келеді.
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
1.Модуль 1-Оқу құралы
2.Модуль 6-Оқу құралы
3. Білімді Ел-Образованная страна республикалық сайт


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет