табылды. Соболевың қазақ орыс ауылында қазақ балаларымен
ойнап өскенін қайдан білсін.
– Жолдастар, СССР Еңбек және Қорғаныс Советінің
Түркістан-Сібір темір жолын салу туралы қабылдаған шешіміне
тура бір жыл болды. Бұл жолдың басты мақсаты – СА жолдарын
Ташкент Орынбор магистралімен, ал Қазақстанды Сібір, Орта
Азия аудандарымен жалғастыру, сайып келгенде, кең байтақ
қазақ сахарасына жаңа заманның күре тамырын соқтыру.
191
– Мынауың орыс емес, – деді бір шал күдікпен. – Қалай-
қалай сайрайды. Құдайға хақ орыс емес...
– Мырзалар, тынышталыңыз, – деп қалды Оспан, шалдың
сөзін ешкім елемесе де пысықсынып.
– Елсіз немесе жартылай елсіз жерлерді басып өтетін шойын
жолға Совет өкіметі екі жүз миллион сомдай қаржы бөлген, – деді
Сомлен сөзін одан әрі жалғастырып. – РСФСР Халық Комиссар-
ларының шешімі бойынша Түркісіб жұмысына жәрдемдесу
комитеті құрылғанын білесіздер. Мұндай комитет губерниялық
және уездік атқару комитеттерінің жанынан да құрылып отыр.
Мен болсам, губерниялық жәрдемдесу комитетінің өкілімін, ал
мына жігіт – былғары киген жігіт жолдас уездік жәрдемдесуден
келді, – деп өз-өзінен жымия күліп жанындағы мұртты өкілге.
– Тоқ етерін айтыңызшы, тоңып кеттік, – деп дауыста-
ғандарға: – Тоқ етерін дейсіздер ме? – деді Соболев қыраулана
беретін көзілдірігін алып. – Партияның социалистік индус-
трияландыруға бағытталған ұлы жоспарын жүзеге асыру
жолындағы шындықты, шың сара жолында кездесетін көптеген
проблемаларды жалғыз ауыз сөзбен айтып жеткізу мүмкін
емес, жолдастар.
– Айтыңыз, айтыңыз, – деген дауыстар шықты. Бүгінде
кеңсеге айналған Омар бай үйінің басқышы биік еді. Онда
тұрған өкілдер де біртабан еңселі көрінді. Бір қолын қалтасына
салып, қазықтай қазқайып тұрған былғары киімді жігіт топ
арасынан әлі де қымбат киімі тоза қоймаған Гүлияны көзі
шалды. «Апыр-ау, бұл қайдан жүр, – деген ой келді. Семейге өз
қолымнан аттандырып жіберіп едім ғой». Ол Гүлияны танадай
жарқыраған жанарынан танып еді. Ал, түбіт шәліні тұмшалап
сондықтан бетіндегі тыртықты байқаған жоқ. Осылайша өз
ойымен өзі болып жиналыстың жалпы ауанынан шығыңқырап
кетіп еді, құлағына Александр Александровичтің мүдірмей
айтқан сөзі сарт-сарт соғылғанымен ұзын-ырғасын ұқса да
талдап тармақтап жатпады. Алдында армандай болған қыз тұр.
Бірақ жалғыз емес: «Анау жігіт кім болды екен?» Оны Гүлия
да жазбай танып өздеріне үлкен көмегі тигенін әлі өксігін баса
алмай кемсеңдеп күйеуіне сыбырлап айтады.
– Жергілікті халықтан, яғни, қазақтардан өз жұмысшысын,
құрылысшысын маман кадр даярлайтын уақыт жетті, жолдастар,
– деді Соболев сөзін одан әрі жалғап. – Ондай мамандар
192
даярлайтын курстар Алматы мен Семейден ашылды. Барамын
деп талап білдірген жолдастар қазірден бастап тізімге тіркеліп,
ертең-ақ қалаға аттанып кетулері керек. Мұнымен қатар
«қабылдау пункттердің беделін күшейтіп, ел-елге шығып, темір
жол құрылысына бүгін жиналысқа келмей қалған азаматтар-
ды үгіттеу керек. Қане, іштеріңізде маманданған жұмысшылар
бар ма?
– Бұлардың арасында жоқ, – деп жауап берді Оспан.
– Неге жоқ, мен бармын! – деп дауыстады Дархан. Бригадир
жалғыз көзін ежірейтіп қитықтана қалды.
– Үлкен кісінің сөзін бөлме. Күрек ұстағандардың барлығы
кадр емес, осы тұрған қазақтың боқ күремегені жоқ.
– Сенің де сырың белгілі, – деді Дархан, Гүлия жеңінен
тартып еді тыңдай қоймады. – Қараңғы елге арамза бастық
болғаннан басқа бітіргенің шамалы. Атқа мінгеннің жөні
осы екен деп, малдан құрық, адамнан сырық түсірмей әбден
сілікпесін шығардың. Аузымды қышытпа.
– Әй, Таңатардың тірі жетімі, – деп еселесе беріп еді,
«қоя тұрыңыз» деді былғарылы жігіт. Сәл тосылып қалған
Соболев:
– Мен сізді бір жерден көрген секілдімін, – деді Дарханға
жылы ұшырая қарап.
– Осыдан сегіз ай бұрын Ертіс үстінде көпір саламыз деп
сіз бен біз қопарылыстың астында қалғанбыз.
– Иә, иә... қалай ғана қара басып танымай қалдым? Дархан
қара күштің атасы, орыс-қазақты таңқалдырған қара нар!
– деп басқыштан түсіп қарсы жүрді. Енді екеуі кәдімгі ескі
достардай төстерін түйістіре құшақтасып амандасты. Алқа-
қотан тұрған жұрт ысырыла жол беріп, аңтарыла қарап қалған.
Оспанда ес жоқ. Басқа басқа, мынау Дархан дәл осылай көз
алдында биіктеп кетер деп ойлаған жоқ. Сықырлаған аязда
маңдайынан ьп-ыстық тер шығып, суық сорған арық бетіне
жабысқан бес-алты қыл өз-өзінен үрпиіп, тосын жағдайды
олар да жатырқағандай дірілдеді. Қипақтап бір орнында тағат
таппай өп-өтірік жөтелді.
– Жұрт күтіп қалды ғой ана кісіні, – деп сыбырлады
жанындағы ауданнан келген ескі таныс хатшыға. Ол үндеген
жоқ, былғары киген жігіт бағанағы «Гүлияның күйеуі осы
болмасын» деген ойын нығыздай түсіп, күдікті көңілмен
193
қарады. Қыз күлімсіреп тұр екен. «Осы жігіт, деді ішінен,
келбетті екен». Содан соң өзі танысып үлгермеген жұмысшы
жігіттің маңдайдағы бағын қызғанғысы келмеді ме, күзде
берген бата сөзін қайталады. «Бағы ашылсын, аяулы жан еді».
Губерниядан келген өкіл Дарханның арқасынан қағып, қазірде
мінбеге айналған басқыш-сатыға алып жүрді.
– Жолдастар, негізгі мәселеден ауытқып кеткеніме кешірім
сұраймын. Дархан Таңатарұлы екеуіміз ескі доспыз, көпірде
болған жарылыстан соң жым-жырт жоғалып кетіп еді, өлі-
тірісінен хабар ала алмай көп іздедім. Ал, бұл болса ауылында
тығылып, әлеуләйін салып жүр. Ертіс үстіне салынған дәу
көпірдің тағандарын су астына орнатқан қара нар – осы.
Қайран қаламын, кірпігі ғана қимылдап ауруханаға түсіп еді,
тірі қалыпсың, жарқыным.
– Жолдас, Саша, – деп баяғысына басты Дархан. Өзімсініп
әдейі еркелеп айтты. – Қырық жыл қырғында тек ажалды ғана
өледі деген, Түркісібтің дәмі жібермеді.
– Әй, тарланым-ай, өзгермепсің, міне нағыз жұмысшы
деп сені айт, Питерліктерден бір де кем емес. Артынан
сөйлесерміз...
Дархан Оспанның жанына барып тұрды. Анау сәл ығысып
орын бергендей болды. Соболев сөзін әрмен жалғастырды.
– Сонымен, жолдастар, біздің алдымызда ұлы міндеттер
тұр. Түркісіб темір жол құрылысына жәрдемдесу Комитетінің
председателі Тұрар Рысқұлов жолдас пен Солтүстік құрылыс
басқармасының бастығы Владимир Сергеевич Шатов жолдас
сіздерге зор сенім арттырып отыр. Енді екі жылда қазақ
сахарасының күре тамырына айналар теміржол құрылысын
аяқтау міндеті тұр алда. Мұндай іске дүниежүзі прогресшіл
еңбекшілері көмектесуде. Әйткенмен қазақтың маманданған
өз кадрлары керек. Алматы мен Семейде ашылған курсқа
жазылыңыздар! Әрине, зорлау жоқ, өз ырықтарыңызбен.
– Шырағым, қазаққа бергісіз бала екенсің, – деді жалбағай
тымақты бір шал асықпай басып өкілдерге жақындап. – Айтқан-
дарыңның бәрі көңілге қонады. Қазаққа енді жетпеген отарба
еді, оны да көретін күн туар. Сонда деймін-ау... Сол түйеше
боздаған темір арбаға мініп қайда барамыз? Анау қырдың
астындағы айында бір қатынар ағайынға шолақ торым да шыдас
берер. Қалада ас беріп, асар жасап жатса да шаруам шамалы.
194
– Әй шал, – деп қалды мұндайда аузы қышып, тұра алмайтын
Оспан. – Халық жаурап кетті, қысқартып айт.
– Құйысқанға қыстырылма. Астындағы бозжорғаның буы
шығар ширыққаның. Сен білгенді – мен де білем. Жол салып
жатқан жолдастарға көмек деп жалғыз байталымды сойып
тастадым. Күніге құрғатпай сусындарын жеткізіп берем,
әйтеуір күнді күнді-күнге, таңды-таңға ұрып мұрнымыздан
шаншылып жүрміз. Өкілдер қаладан күнде келмейді, сенің
түрің болса мынау, дікеңдеп аттан түспей айқайлағанды ғана
білесің. Түсінбегенімізді сұрап алғанның несі айып, несі шам?
Расында да осы отарбаға мініп қайда барады жұрт, өз басым
үйде отырғым келеді, өз отымның басында өлгім келеді.
Топ көңілді, қозғалып күліп жатыр. Жауап қайыруға өкіл-
ден қаймығып, қаны қайнаған Оспан «Сен шалдың сақалын
талдап жұлармын, тұра тұр бәлем» деп тісін қайрады.
– Сіз бармасаңыз, сіздің балаларыңыз, ұрпақтарыңыз
барады, – деп еді былғарлы жігіт:
– Олар қайда барады, от басын тастап қайда барады деймін-
ау?! – деп шалың шатақ шығара бастады.
– Отарбаға мініп сендер бармасаң, сол отарбаға мініп
басқалар келер. – Уездік партия комитетінің хатшысы алғаш
рет сөзге араласты. –Ұйқыдан жаңа оянған қазақ даласы үшін
темір жолдың қаншалықы маңызы барын еңбектеген баладан
еңкейген кәріге дейін білмей ме. Ақсақал сіздің сұрағыңызды
ұға алмадым. «Қайда барамыз?» деген сұрау бола ма екен.
Социализмді толық орнатып, коммунизмге барамыз!
– Ендеше мен ұқтым, шырағым. Ар жағын айтпай-ақ қойың-
дар. Біз бармасақ та басқалар келеді екен отарбаға мініп.
– Сіздер де барасыздар, неге бармайсыздар... өзгелер де
келеді. Қысқасы, үлкен өмір, байтақ елмен араласамыз. Циви-
лизацияға жетеді, жас Совет өкіметінің қанаты қатая түседі, деді
хатшы қиқар шалдан құтылғысы келгендей. Әңгімені жымия
тыңдап тұрған Соболев тамағын кенеп қол көтере жұрттың
дабырын басқысы келді.
– Жолдастар! Тынышталыңыздар. Күннің суығы болса мынау.
Айтысуға уақыт тар. Темір жол құрылысының Солтүстік бас-
қармасы рельс төсеу жұмысын 192 жылдың он бесінші июлінде
бастаса, ал Иванов басқарған Оңтүстік басқарма сол жылдың
ноябрь айының аяқ шенінде іске кірісті. Екі жақтың түйісер
195
тұсы Айнабұлақ станциясы болып белгіленіп отыр. Өздеріңіз
де естіген шығарсыздар, Оңтүстік басқарма бізді жарысқа
шақырады. Рельс төсеу қарқынын шапшаңдатып, Айнабұлаққа
қайткенде де бірінші болып жету керек. Ол үшін сіздер шойын
жол құрылысына бір кісідей атсалысуларыңыз сұралады.
Әрине, көмектеспей отырған жоқсыздар, оған рахмет. Әлде де
болса жеткіліксіз.
– Айнабұлаққа алғашқы болып жеткендерге берер бәйгесі
бар ма? – деді қарағайдың қабығына бояған қызыл тонының
жағасынан әрең қылтиып көрініп тұрған арық қазақ.
– ВКП(б) Орталық Комитеті мен Халық Комиссарлар Советі
тауды тіліп, тасты жарып жапан далаға жан бітіргеніміз үшін
алғыс айтады, – деді Соболев салмақты қалпын бұзбай. Одан
әрі езбелеп, соза беруді артық санады ма: – Ендігі үміт, ендігі
сенім – мына тұрған сіздер. Іске сәт, жолдастар! – деп жина-
лысты тұжырымдады. Басқыштың үстінде тұрған былғары
киген жігіт, Дархандар бастаған топ қол шапалақтап қалып еді,
ығы-жығы болып буы бұрқырап тұрғап күпілі, тонды, сырма
шапанды қазақтар теріден тіккен қолғаптарын ұрғылап іліп ала
жөнелді. Далада ашық аспан астында аязды күні өткен мәжіліс
аяқталып, абыр-дабыр көбейді.
– Қане, жолдастар, курсқа жазылам дегендеріңіз кеңсеге
кіріңіздер де, қалғандарыңыз ертең қайла, күректеріңізді алып
жұмысқа кірісіңіздер, – деді. Жұрттың кейбірі тарап, азын-
аулағы тізімге тіркеліп, оқуға аттану үшін саулап ішке кіре
бастады. Ең қызығы, ой мен қырдан қазақтар осы жиынды
күтіп жүргендей жұмыла кіріскені рас еді. Совет өкіметінің
ұлы саясатын түсінгендері де, түсінбей әншейін кәсіп іздеп жан
сақтау деп ұққандары да жамырап, шойын жол құрылысына
ұмтылды. Әсіресе, осында ұзыннан-ұзақ созылып, Семей
қаласынан басталып Аякөзді баса оңтүстікке қос ішек тартқан
алып домбырадай рельс маңына көбірек үйірсектеп, өз жолын,
өз бақытын, өз кәсібін іздеген шаруа баққан қазақ жігіттері
атты-жаяулы ағылып жатты. Әрбір сегіз-он шақырымға
орнаған шағын разъездің барлығы бір жағынан малын бағып,
екінші жағынан шойын жол жұмысын қолға алған елдің ендігі
тіршілігіне, ертеңгі тағдыр мекеніне айналды. Қайла, күректен
өзге түгі жоқ, нарком тарапынан бөлінер бір жапырақ нанға
қарап, телміріп отыру мүмкін емес еді. Елден әкелген төрт
196
түліктің, тұқым қорын үзбей, өзін-өзі асырап, жұмыла жұмыс
істеді. Сахарада қалыптаскан қазақ пролетариатының таңба
басты айырмашылығы да – осында; күнделікті ішіп-жемін
өкіметтен дәметпей өздері тауып, жұмысшылық пенен жеке
шаруашылықты егіз ұстауында еді. Мұның өзі әлі де болса
етек-жеңін жинап кете алмаған, материалдық игілігі тым қораш
жас совет елінің шапшаң өркендеуіне көп көмегін тигізді.
Жиналыс аяқталған соң Соболев Дарханмен қайта амандасты.
Қазіргі қарекетін, үй-жайын қазбалап, молынан қанықты. Елден
бөлініп оқшаулау қалған қайғылы Гүлияны қастарына
шақырып танысты. Былғары киген жігіт те жақындап келіп
Гүлиямен есендесіп, көңіл айтты. Дарханмен қол алысып,
біліскен. Сонау қарашада көргендей емес Омардың қызы көп
өзгергенін сезді. Әсіресе, оң жақ бетіндегі тыртықты көріп, өз
бетін жаралағандай іштей толқып, жанашыр көңілмен аяп еді.
Тарихын сұрап, ескі жараның аузын тырнағысы келмеді.
– Қазақ пролетариатына сен секілді мықты жігіттер керек,
– деді Соболев Дарханға. – Тек қара күшің ғана емес, басқаға
бас алқы болар шеберлілік, ақыл-кеңес те қажет. Ол үшін білім
алып, сауаттана түспесе болмайды. Бүгінгі қайла мен арба күні
ертең алып техникаға айналса, ат құлағында ойнағандай шырқ
үйіретін білікті маманға зәруленеміз. Ендеше сауатсыз адам
– соқыр адаммен бірдей. Менің саған айтар ақылым, Алматыға
оқуға жіберейін, білім алып қайт. Балаларың әзірге жоқ, салт
басты екенсіңдер. Келін қарсы болмас.
– Мен өзім де осы ақылды айтып жүр едім, – деді Гүлия.
– Көнбейді. Енді сіздің тіліңізді алатын шығар.
– Александр Александрович, – деп сөзге араласты Ақназаров.
– Құланды жол участогіне де тәжірибелі жұмысшылар керек.
Дархан Түркісібтің басын өзі бастаған екен, енді аяқтауға
қатыссын, білгенін өзгеге үйретсін.
– Менің ойымша Оспанның орнына бригадир тағайындау
керек. Коммунистік партияның шыңдалған мүшесі, ал біздің
қазіргі бригадиріміз ВКП(б)-ның қатарында жоқ, ұйымдас-
тырушылық қабілеті болғанымен, саяси сауаты, идеялық
көзқарасына күмәнім бар.
– Оспан жөнінде ауданның пікірі жақсы, – деді хатшы. –
Жол құрылысы басқармасындағы жігіттердің де көңілі дүзік,
– деді Соболев. – Онда істейтін кейбір жігіттермен Семейдің
19
курсында бірге болған көрінеді. Елге шыққан бір сапарда
орнынан алып тастау қиянат болар. Өз басым жете білмейтін
жігіт, ал Ақназаров жолдас қолдайды. Әпербақандау екені рас
та шығар. Бірақ, ондай қызуқанды, айғайшы адамдар артықтық
жасамайды. Кейін, ойы мен білімі толысқан байсалды әрі
жұмысты тиянақты атқаратын кадрлар даярлап алған соң, өз-
өзінен жағалауға шығып қалады. Сондықтан да Дарханды не
Семейге, не Алматыға оқуға жіберу жөн болар. Өзі шешсін.
– Шарда көпір салып жүргенімде Семейдің рабфагына
жіберген. Орныма досым Қамбар Қалқаманұлын ұсынып,
бармай қалып едім. Келініңіздің білімі бар, қыздар училищесін
бітірген, сауатымды осы кісіден ашармын.
– Солай ма? – деп сүйсіне қарады ұялы жанарын жасырған
Гүлияға. – Ендеше бұл ауылда жаңадан ашылатын мектепке
сабақ беру керек. Ертеңнен бастап қызметке кірісе берсін.
Қырдағы қазақ халқын сауаттандыру кезек күттірмейтін номер
бірінші проблема. Приказ беріледі. Сіз қарсы болмасаңыз,
– деп Ақназаровқа қарады. Анау басын изеді. – Ал, Қаранар,
өзің не істейсің?
– Қайламды қайрай берем де...
– Қайла қайда қашар дейсің.
– Александр Александрович, маған бір ой келіп тұр, – деді был-
ғары киген мұртты жігіт. – Құланды жол құрылысының осы
участоктегі рельс төсеу жұмысын бүтіндей Дарханға тапсы-
рып, Оспанды Аякөздегі ашылғалы жатқан станцияға алып
кетсек қайтеді?..
– Оспанды Құландыдан қууға асыға бердің-ау, – деп күлді
Соболев. – Әзірше істей тұрсын. Уездік басқармамен ақылдасып
көрерміз. Хатшы не дейді екен?
– Мен осында қалдырғанды жөн көрер едім.
– Ол жігітпен байларды конфискациялау кезінде аз күн
дәмдес, істес болғаным бар-ды. Бүлдіре ме деп қорқамын, –
деді былғары киген жігіт.
– Түзелер. Рельсті толық төсеп біткен соң, Құландыға да
начальник станция керек болар. Дарханның кандидатурасын
сол кезде ұсынарсың. Ал, қазір рельс төсеу жұмысының мастері
ретінде приказ беру керек.
Кеңседен Оспан шықты.
– Сыртта тұрып тоңып қалған жоқсыздар ма? Қүн суытып
кетті.
198
– Жолға шығалық. Алда әлі Айғыржал участогында жолға
құм-тас төгіп жатқан жұмысшылар бар, соларға соға кету керек,
– деді былғарылы жігіт.
– Аттанайық, – деді Соболев.
– Шәй ішіп кетпейсіздер ме, біздің жаман лашығымызды
көріңіздер, – деді Дархан. Оспан да құрақ ұшты.
– Апырай, асығыс болдыңыздар-ау, бір малдың басын жеп,
түстеніп дегендей...
– Алдыменен Айнабұлаққа аман-есен жетіп алайық. Тойдың
көкесін содан соң көрсетеміз, – деп шанаға беттеді Соболев.
– Ал, жолдастар, сау болыңыздар.
– Сау болыңыз.
Қос қарагер Айғыржалды бетке алып ағыза жөнелді.
Әлемдегі жұмыс атаулының ең ауыры жер қазып, тоң
қопарып топырақ үю, сақылдаған сары аязда колыңды
карып түсер зілдей рельсті кетеріп, кеспелтектей кесіп, май
жағып тастаған дөңбектерді көтеру екенін қыр қазақтары
тұңғыш рет сезінгендей болды. Солтүстіктен Орта Азияға
дейін созылып жатқан ұзыннан-ұзақ шойын жол сілемінде
«адамның жаны сатылып» соның кезегінде тұрғандай қыбыр-
лап жүрген жұмысшылар ұлы істің таңғажайып шеруін құрап
арпалысады. Техника атаулы жоқтың қасы. Тек қана қол арба
сүйреп, қайла ұстаған жұпыны киімді, бетін суық сорған,
тойып тамақ ішіп, бел жазып, дем алуды әлдеқашан ұмыт-
қан алба-жұлба орыстар, қазақтар... Оқта-текте мойны сорай-
ған түйелер мен аш-арық аттар ұшырасады. Төсінде қара шегірт-
кедей қаптаған адамдардың мазасыздығына налығандай жер
жарықтық көндімге көшіп, жым-жырт жатыр. Жауған қарды
сонау күзде басталған құбыланың желі айдап сай-сайға апарып
жасырып тастаған. Дөңестеу жер, ши-шидің түбі қасатқа толып,
жазық даладан еңсесі ит жондайып есе түскен темір жол бойын
әлсін-әлсін қармен нығарлап әлекке салады. Айналанып алған
аспан аласа төніп, қабағын қарс жауып, дүниедегі бар пәлекетті
төндіргісі келгендей, – не жаумай, не жадырамай қоқан лоққы
жасағанына неше күн, – елдің де, жердің де берекесін алып
болды. Наурыз айы жақындаса да күннің райы бұзық. Өліара
тынымсыз өткен. Жылан жылының соңғы күндері жер бетінде
қыбырлаған жан-жануар, адамзаттың бар-барлығына қиын
тиіп, жуанның жіңішкеріп, жіңішкенің үзілер уағы таянып-ақ
тұр. – Жылқы жылы әлі алда... Ертең, бүрсігүні басталар...
199
Жауған қарға қоныс таптырмай айдаған соң тыржа-
лаңаштанған даланың қазіргі сықпыты алашабыр, жарылып-
жарылып тісі ақсиып көрініп жатыр. Сахара өлгендей, мәң-
гілікке көзін жұмғандай еді. Осынау марқұмданған сахараның
кеудесіне жан салып, бойына қан жүгіртіп, тамыр тартып
жүрген түркісібшілер, олар да бір ұлы оташылар іспеттес.
Өкілдер келіп қайтқаннан бергі қырық күнде, топырақ үю
аяқталып, бірыңғай рельс төсеу жұмысына кіріскен Дархан
адам танымастай болып жүдеп еді. Ат арыса тулақ, ер арыса
– аруақ, деген сөзді растағандай, жазды күні жайлауда жинаған
қоңы тайып, жалғыз-ақ айда сылынып түсті. «Ет көтермейді
екенсіз, Дархан», деп әзілдеген Гүлияға: – «Сенің де жүрегіңді
май басып тұрғаны белгілі», – деп әйелінің соңғы кезде екі
ұрты суалып, көз аясы үлкейе түскенін есіне салғам. Жүдеулік
өзінен гөрі Гүлияға, тіпті жараспайды екен. Дөңгеленген ақ
дидары ұзындап, пышақ тиген тыртығы терең тартқандай көзге
бірден ұрады. Оқтау білек, жұмыр мойны сорайып, ептеп төс
сүйегі де көрініп қалған. Әйтсе де, шырадай жанып тұратын
қос жанар тағынан таймаған. Сол қос жанардағы жасырын мұң,
көлеңкеленіп көзінің алдына көгіс бітейін деген бе? Алақайыңа
салып салалап қана отырар әдемі сүйрік саусақтары шыт-шыт
жарылып, қасаң тартқан. Көсеудей қара емес, әйтсе де тотығып
үлкейген. Құландыдан ашылған бастауыш мектепке сабақ
береді. Жоқтан барды құрап, ертеңгі асын асығыс іше, әкесінің
бір бөлмесіне орналасқан мектепке зыр жүгірер еді.
Бұл мектептің Гүлия үшін қиындығы мен қуанышы бірдей.
Күні кеше ғана өзі боташа ойнақтап өскен бөлме, енді міне
жат, мүлдем бөтен. Үзбей жағар отын жоқ, іші азынаған суық.
Сабақ беріп тұрып ауық-ауық ойға беріліп, меңірейіп тұрып
қалатын. Ондай сәтте үркердей үйіріліп, үрниісіп отырған
оқушылар мұғалима апайына таңдана қарап, қашан сабағын
жалғастырғанша тым-тырыс отыратын. Әкесінің төсегі тұрған
бұрыш тұсында бүкіл қанатты тұтас алған әдемі кілем болушы
еді. Әне шешесінің төсегі, оның да қабырғасында үлкен кілем
бар болатын. Жүк аяқ пен абажадай сандық қойылатын бұрышта
бір құшақ отын жатыр. Омар бай қала көріп, мәдеииеттің дәмін
татып қалған. Рахияның бұйыруымен өз бөлмелерін жаңаша
жинайтын. Осы соңғы жылдары биік столға тамақ ішетінді
шығарған. Әкесі алғашында әумезкөңілмен «ағаш атта
200
отырғандай жегенің батпайды екен», – деп жақтырмай жүрді.
Ал, Гүлия мен Дүрия үшін жерге жалп ете түспей, аса еңселі,
биіктен ішкен тамағы әлдеқайда дәмді көрінетін. Иә, бұл үйді
салуға әкесінің қаншама қаржысы кетті десеңізші. Осы арадан
тым алыс та емес, Георгиевка деген орыс-қазақ поселкесінен
ағаш шеберін жалдап, екі жыл салдырды. Сол бір төрт орысты
Гүлия да көрген. Ішінде қаздың балапанындай үрпек сары
жігіті бар еді. Мұны көрсе болды адал көңілмен ыржия күліп,
сап-сары кірпіктері жыпылықтап ала жөнелетін. Ұялғаны.
Дүрия бозбаланың осы қалтқысыз ұялысын сұлулыққа деген
құштар көңілін ермек қылып мазақтай беруші еді. «Орыспен
сүйіскен қандай болады екен, көрейінші» деп жан алқымнан
алғанда жанын қоярға жер таппай қашқалақтаушы еді, байғұс
бала.
Онда киімдері қазіргідей ме еді. Үлде мен бүлдеге бөленіп,
күніге біреуін ауыстыратын. Киім тігу, кір жуу дегеннің не
екенін білмей бұла өсті. Осы үйдің отымен кіріп, күлімен
Достарыңызбен бөлісу: |