Ббк 84 Қаз 7-44 б 78 Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті



Pdf көрінісі
бет2/26
Дата31.03.2017
өлшемі1,81 Mb.
#11030
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26
шыққан  өмірінің,  куәгері  ғана  емес,  темір  жолдың  ыстық-
суығын бірге татқан жансерігі – бар шайлығы, бар байлығы. 
Ендеше, Құдай-ау, көзі жұмыла қалса артында не қалады?
Тағы да Кеңгір бабасының бейітіне қарады. Даланың сақ- 
шысындай  менмұндалаған  тәкаппар  моланың  осы  өңірдегі 
барлық  заттан  биік,  ақыр  аяғы  разъездің  ана  жылғы  салған 
мұнара  құбырынан  да  еңселі,  бар  дүниенің  үстінен  үңіле 
менсінбей қарап тұр. Адам болған соң артына тым болмағанда 
зәредей  игілікті  іс  қалдырмау  қандай  аянышты  өлім  еді. 
Баяғының  «күнім  өтіп  барады»  деп  зар  еңіреп  жылайтын 
заржақ шалдары – осының бәрі-бәрін ой таразысынан өткізіп, 
арғы  дүние  мен  бергі  дүниені  сабақтастыра,  күннен  бұрын 
бағамдаған-ау;  тіпті,  олардың  өмірін  қызыға,  қызғана  еске 
түсіруге болар.
Ол  Кеңгір  батырдың,  моласына  соншалық  бір  өкінішті 
мол  уайыммен  қарады  да  терең  күрсінді.  Жаңа  осы  әзірде 
ғана  талмауыр  тартқан  Құландының  тыныштығын  бұзған 
поездың,  тарсылдақ  үні  естілді.  Түн  қойнауынан  суырыла 
шыққан жалғыз көзді жалмауыз сықылды ысылдап-пысылдап 
ұмтылған  поездың  тақылдаған  таңдайы  Дарханның  миына 
шеге  боп  қағылып,  жүрегі  лоблыды.  Көзі  қарауытып,  басы 
айналды. Екі шекесін сығымдай ұстап шөке түсіп отыра кетті. 
Жолаушы поезы болуға керек, Құландыға тоқтамай оқша зулап 
өте  шықты;  тек  есен-саумын  дегені  ме,  айбат  шеге  екі  рет 
қышқырды. Соңғы шамы жылтырап, Аякөзге қарай зымырап 

14
бара жатты. Осы қалпында құйрығына шала байлап жіберген 
арғымаққа ұқсап құйын-перін мөңкіп жөнелген.
Төңіректі тағы да мызғулы күй жайлады. Қыбыр еткен пенде 
болмады. Жалғыз стрелочник қана үлкен пәледен құтылғандай 
үйшік-үйіне  қайта  кірді.  Көрші  үйдің  әтеші  шақырды,  ол  да 
еріншек тартып, ұялғаннан шақырғандай болды.
Есін  енді  ғана  жиған  Дарханның  мұрнына  ең  әуелі  көң 
иісі  келді...  Кеңсірігін  қытықтап,  түшкірткен  соң  мен  қайда 
жатырмын  дегендей  жан-жағына  барлап  қараған;  басымен 
сүзе құлап, беті майда көңге кіріңкіреп қалыпты. Шынтағымен 
таяна  әрең  тұрып,  жүрелей  отырды.  Соңғы  жылдары  өзін 
иектеп  жүрген  осы  аурудың  түбі  алмай  қоймасына  иланды 
ма, көзін кіртите ашып, айналасына қимай қарады. «Моланы 
тездету керек,– деп ойлады.– Әйтпесе күнәлі болармын».
Еңкеңдей басып үйге қайта кірді. Жым-жырт. Адамды осы 
жым-жырт  тыныштық  қажытып,  сескендіреді:  сығырайған 
терезеден шалажансар туған айды, жасық нұры құлап, қоңыр 
салқындықпен сыздау тартқан бөлмені бозамық сәулеге бөлеп 
тұр. Шалқып кеп, шанағынан асып кеп сабасына қайта түскен 
тентек.
Өзеннің жуасындай, ойшыл мұңмен тыныстаған жұпыны 
тамнан жұлындай көтеріліп, түтін шыққаны болмаса, бұл да бір 
мола, жанға жат әрі суық тарта бастағалы қашан. Айналдырған 
жиырмадай  үйдің  өз  тірлігі  өзінде  –  Дархан  шалды  мүлдем 
ұмытқандай  еді.  Үйге  еңкейіп  кіріп,  іргедегі  ағаш  төсекті 
сықырлата жатқанда есінен әлі де «моланың құрылысын түзету 
керек»  деген  ой  шықпаған-ды.  Осындай  қаумалаған  ойдан 
құтылып,  талықсып  барып  таң  алдында  көзі  ілінгені  сол  еді 
– таңдай тақылдап, Дарханның жаман үйін селкілдете тағы бір 
поезд өтті. Селк етіп оянған Дархан бұрышта қаңсып жатқан 
«коптилқасына» тұра ұмтылып бас салды, содан соң баяғыда 
пенсияға шығып кеткені есіне түсіп, қайта құлады бөстегіне. 
«Новосибирскіден келе жатқан товарняк қой» деді күбірлеп.
Жүк поезы сүт пісірімдей аялдады да боздап жолға шықты. 
Бірін-бірі жұлқи тартып, сықырлаған вагон тізбегі ирелең қағып 
қаша жөнелді. Маңайды тағы да тыныштық биледі. Бағанағы 
еріншек  кәрі  қораз  қайта  шақырды,  стрелочник  үйшік-үйіне 
қайта  кіріп,  Дархан  болса  көзіне  тығылған  ұйқыны  уқалап 
үркіте алмай қайта қалқыды.

15
Көне  Түркістан-Сібір  магистралінің  өн  бойын  қуалай 
қонған  көп  разъездің  бірі  –  Құланды  ауылы  тағы  бір  таңды 
қарсы алды. Қазір рахат, бұрынғыдай сырнай тартылып, битар 
атылып жатқан жоқ.
Бейбіт те бейқам: ұйықтай бер, көбі автоматтандырылған. 
Қазір  тамаша,  поезды  қол  шаммен  қарсы  алып,  жыланның 
тіліндей жіңішке рельс «ТИП-ША»-ның заманы емес, екі күннің 
бірінде айқай-шу болып, жатпайды. Иә, қазір тыныш... Бірақ 
осынау  тыныштық,  бейқам  өмір  Дарханның  мазасын  алып, 
жанын  жегідей  жеп  бітті.  Ол:  «Неге  соншалық  тыныштық? 
Неге  соншалық  жаймашуақ  ерке  өмір?  Неге  көп  ұйықтап,  аз 
жұмыс  істейтін  болып  барамыз?  Неге...  Неге?»  –  деген  көп 
сауалдың  жауабын  таба  алмай  түн  ұзағы,  күн  ұзағы  басын 
қатырып сандалатын. Ауырғаннан бергі екі жылда ешкімді, еш 
нәрсені суқаны сүймейтін, тіпті көрші үйдің әтеші шақырып, 
иті үрсе де мұның шамына тиетін болды. Ал, поездың тақ-тақ 
үні аза бойын қаза етіп, безгегі ұстағандай өз-өзінен дірілдеп-
қалшылдап  шошынатын  мүшкіл  халге  жеткізді.  Баяғыда 
осының бәрі, әсіресе поездың доңғалағы, бұған ән салып бара 
жатқандай әдемі әсерге жетелейтін.
Иә,  баяғыда,  поезд  өтіп  бара  жатқанда  бәрі  де  басқаша 
секілді еді; тіпті адамдар да: шаршамайтын, әйтеуір бір нәрсеге 
сенетін, ең бастысы нанның, еңбектің қадірін білуші еді.
Баяғыда  Түркістан-Сібір  темір  жолы  домбыраның  қос 
шегі  секілді  тағылып,  мынау  жалпақ  даланың  ғасырлар 
бойғы  қысталанып  келген  мұң-қайғысын,  бүгінгі  қуанышын, 
ертеңгі бақытын күй қылып шерткен; баяғыда құлан жортқан 
түзде  қан  тамырындай  тіршілік  жүрегін  соқтырған  шойын 
жол бар жаңалық, барлық жаңа өмірді ала келді де, қазақтың 
кең-байтақ даласын үлкен әлеммен жалғастырған; сонда осы 
Дәкеңдер мыңдаған шақырымдық болат жолды қол қайламен-
ақ  салып  берген.  Рельстің  жаңарып  ауысқаны  болмаса,  жол 
–  сол  Дарханның  салған  жолы.  Тұңғыш  рет  екі-үш  вагон 
тіркеп  паравоз  келгенде  осы  Аякөз  өңіріндегі  елдің  тайлы-
тұяғы қалмай, атты-жаяулы шулап келіп еді; саба-саба қымыз 
құйылып,  үйір-үйір  жылқы  сойылып,  «қуанышын  ұзағынан 
сүйдіргей» деп тілеу тілеген, жата қалып рельсті сүйген момын 
ел дүниенің, бар қызығын осынау ақ құйып қарсы алған шойын 
жолдан күтіп, күліп тұрып көзіне жас алған. «Жасасын шойын 

16
жол!  Жасасын  Турксиб!»  –  деген.  Иә,  Турксиб  шынында  да 
жасады...  Оның  тірі  куәгері  Дархан  шал  әне  қолына  күрек-
қайласын алып, қыр басындағы молаға беттеді.
Шағын  ғана  жұпыны  разъездің  таңғы  тірлігі  қыбырлап, 
осы  Дарханның  өзінен  басталатын.  Орнынан  су  шыққандай 
құлқын сәріден тұрып жөткірініп, қақырынып мазаны алатын 
жетім  шалдың  осыншалық  құс  ұйқылығы  бейқұт  елдің 
жынына тиетін-ай. Соғыс жылдары оның «Рачок-сырнайшы» 
деген лақап аты болушы еді. Ол атты қойған осы Құландының 
қырғын соғыста тамам еркегінен айырылған жесір қатындары. 
Кейін  келе  әбден  еті  үйреніп,  бұл  кісінің  бар-жоғын  мүлде 
ұмытқан;  өзі  тірі  жүріп,  әйелі  екеуіне  арнап  мола  тұрғыза 
бастаған  былтырдан  бергі  қылығы  ғана  әлгі  мазасыз  қартты 
естеріне қайта салған. Рас, Құландыда Дархан атты шал бар, 
қырық  жыл  бойы  поездың  қауіпсіздігін  сақтап,  бір  жерден 
табан тіремей обходчик болып істеген. Пенсияға шыққанына 
бес  жыл,  елу  бес  сом  ақша  алады.  Әйелі  өлген,  баласын 
жоғалтып  алған.  Содан  бері  жалғыз  тұрады.  Былтырдан  бері 
газет-жорналға  хабарландыру  жазып,  балалар  үйіне  өткізіліп 
кеткен ұлын іздеп әуре боп жүр; қысқасы, Турксибтің қайлашы 
болып бастаған кәрі жұмысшыларының бірі хақында хикая...
Кеңгірдің жотасына шыққанда күн арқан бойы көтерілген. 
Шілденің ыстығы әлден күйдіре бастады. Кеңгір жотасы онша 
биік болмағанымен, басына жеткенше екі қара санды талдырып, 
кәдімгідей шаршатып тастайтын. Әсіресе, пайғамбар жасына 
келген Дархан үшін қиын. Құландының жері оншалық күдірлі 
емес,  бөртегі  де  аз,  көбінесе  жазық  келеді.  Қыстыгүні  мал-
жанға пәлендей ығы жоқ, жалаңаш: бұл өңірден тіс шұқитын 
ағаш  таба  алмайсыз.  Кеңгірдің  арғы  етегіндегі  өзекше 
жылғаны  бойлай  жарыса  біткен  ұсақ  тал  бар.  Жалғыз  жота 
осы болған соң Кеңгір батырдың моласы салыныпты. Діл осы 
төбеге шыққанда шығыстан Егіз қызылдың мұнарлы шошағы 
көрінетін.  Оның  өзі  барып-барып  Тарбағатай  жоталарына 
ұласып аржағы Алтайға асып кететін. Бірақ осыншалық жадау- 
лығына  қарамастан  құйқалай,  бұрынырақта  аң-құс  жер 
қайыстыра жосып жүреді екен. Тышқаннан: сасық күзен, суыр, 
қосаяқ,  саркіш,  ақкіш,  майтышқандар  болса;  құстан:  дуадақ, 
қара құда, шіл әлі де бірен-саран кездеседі. 

1
Құландының  күйісі  шілдеден  бастап  кете  бастайды.  Күні 
кеше... көктемде ғана құлпырып, бой түзеген дүрия дала күз 
түспей ақтандақтанып, өз-өзінен жанып, аптабы бетті шарпып 
жататын;  мамыр  мен  маусымда  жайнап,  жап-жасыл  өңмен 
сәндене  жайқалып  тұрар  талда;  құм-сорасы,  майсасыр  мен 
шаянбунақтан кеспір етіп; сарғайып солып қурап біткен. Тек 
жер тағандана маталып өсетін қарамтау ғана төрт түлік малдың 
ендігі қорек етер азығына айналған. Күні кеше ғана емес пе еді, 
қырмызы-қызғалдағы  өзгеше  бір  көркем  сипатпен  ырғалып, 
көздің жауын ала, белгісіз бір арманға, ұшпа қиялға шақырып, 
кәрі  көңілдің  жайлауындай  толықсып  тұрғаны.  Ой,  көктем 
еді ғой... көктем болатын. Ал, қазір жаз ортасы... Кеңсірігіңді 
жыбырлататын  қаңсық  иіс  келеді.  Үп  етіп  жел  тұрса  болды 
кенезесі  кепкен  ақ  бозаң  жерден  шаң  көтеріліп,  бүкіл  әлем 
тозаңға  айналады.  Әсіресе,  соңғы  жылдары  айлап  жаңбыр 
жаумай,  берекені  алатын  ып-ыстық  жел  соғып,  мына  жердің 
қан-сөлін сорып ақтаңдаққа айналдырады. Құдықтың ащылау 
суына  қараған  адам  еңсе  көтеріп  серпіле  алмай  үнемі  төмен 
қарап,  жүрелеп  жүргендей  жүдеу  еді.  Үй  басына  байлаған 
жалғыз биенің қымызын қысып ішіп, ала жаздай ақ дамбалмен 
көлеңкеде күн кешкен шалдардың адырайып-адырайып білеу- 
леніп  кеткен  күре  тамырларына,  желсорған  түк-түк  арық 
жақтарына қарап кейде аяйсың. Олар осылайша шаруа тірлігі 
мен жұмысшылық кәсіпті селбестіріп дүбәрә ғұмыр кешер еді. 
Темір жол бойындағы жиырма шақты үйлі разъездің болмыс 
тіршілігі,  күн-көріс  тұрмысы  жайлы  ешкім  бас  қатырып 
ойламай, үстінен жайлы орын, салулы төсекте жатқан күлкітоқ 
жолаушылар анау сырты қотыр-қотыр тоқал там, анау мойны 
сорайған  жалғыз  құдық,  жалғыз  есек,  жалаңаяқ,  жалаңбас 
қарала-торала боп топырлап жүрген қазақ баласын көзше іле 
бермеуші еді. Көзге ілгеннің өзінде аса бір аяушылық сезіммен 
емес, таңсық көре тамсана, таңырқаумен ессіз қарайтын, есіней 
күлетін.  Дала  кең,  жол  ұзақ...  Әр  он-жиырма  шақырымда 
қауіпсіздігін сақтар бір-бір разъезд; сол разъездің барлығында 
адамдар тұрады.
Кеңгірдің  биігінде  ойға  қарап  ойланып  отырған  Дархан 
туған  жерінің  келбетіне  алғаш  рет  жаны  ашып,  жатырқай 
қараған. «Тәңірім-ау, қалай ғана шыдап келгем?»

18
Көз ұшынан... Айғыржал жақтан бұлдырап поезд көрінді... 
Ташкенттен шыққан «скорый» болар» деп ойлады. Бұдан соң 
орнынан лып етіп жеңіл тұрды да, Кеңгір батырдың моласын 
асықпай айналып шықты. Ол өзі мен әйеліне тұрғызар мүрде- 
хананың  құрылысына  кірісер  алдында  «пісмілдасы»  секілді 
міндетті түрде осынау зәулім ескі бейіттің мұнарасына ықтият- 
пен  қарап  алатын.  Ескі  тәсілмен  салынған  моланың  сыртқы 
топырағы түсіп, әр жері мүжілгені болмаса қалған қабырғасы 
әзірше аман. Анау бір жылдары темір жол құрылысына кірпіш 
керек деп бұздырған Дарханның өзі еді... Кейін келе әрі өтіп, 
бері өткендер тізе бүгер қалтарыс ретінде пайдалана бастағанда 
ара түскен тағы да Дархан.
Күн  көтеріле  балшық  езіп,  кірпіш  қалауға  кіріскен  шал 
қапшағай  қимылдап  біраздан  соң  таңдайы  кеуіп  шөлдей 
бастаған.  Моланың  көлеңкесіне  малдас  құрып  отырды  да 
үйінен  ала  шыққан  сусынын  жұтты.  Сусын  дегенде  қымыз 
емес, айранға шылаған қайнаған қылау су. Езуінен ағып, өңірін 
былғағанына қарамастан сыңғытып қатты ішті. Екі қары талып, 
белі тез ұйи береді. Күн жеп кірлеген шыт көйлектің омырауын 
алқа-салқа ашты да, жуасып соққан самалға тосты. Ып-ыстық 
екен. Сосын шынтақпен қисайды. Шөкімдей бұлтсыз төбеден 
төнген аспанға қарап еді көкшиіп тұр екен. Көкжиек мүлдем 
алыстап кеткен секілді. Дүниедегі бар тіршілік атаулы майып 
болған-ау: жым-жылас, тек әлгінде... көз ұшында бұлдыраған 
поезд  ғана  мұның  қасынан  бұлаң  қағып  өте  берді.  Ендігі 
мәурітте ауылдан шығып өзіне қарай аяңдаған жалғыз жаяуды 
көрді: «И-и, мына бейбақ тағы да мазамды алып, жұмысыма 
кедергі болады-ау».
Жалғыз жаяу жақындап келеді. Қолында дорбасы бар, басы  
дода-дода, желмен желпілдеген шашы бетін бүркейді. Екінші 
қолында ағарандаған жаулығын анда-санда айғай сап бұлғайды. 
Кімді  шақырғаны  беймәлім,  әйтеуір  тұра  қалып  озандайды. 
Дархан шапшаңдатып қарекетіне қайта кірісті. Әлгі әйел тура 
жанына келіп: «Уа, қақбас» дегенше жұмған аузын ашқан жоқ, 
есендеспеді де.
– Әй, қақпас, – деді дударбас әйел көзі қанталап. – Мола 
көбейсін,  молаға  көмер  көбейсін.  –  Сосын  өзі  етегін  желп 
еткізіп  отыра  қалды  да  ішін  басып  сықылықтап  күлді-ай... 
Дархан  назар  аудармаған  қалпы  ләм-мим  дей  алмады,  ұял- 

19
ған тек тұрмастың кебін келтіріп, теріс қарап күйбеңдеп кір- 
піштерді  қалай  бастады.  Күлкі  тыйылды.  Әлгі  әйел  кенеп 
дорбадан арағы жоқ шөлмекке құйылған қара суды шығарып 
өзі  ала  келген  екі  стақанға  мөлдіретіп  құйды.  Сон  соң  бірін 
алып Дарханға ұсынды.
–  Әй,  қақпас,  кел,  сенің  анау  салып  жатқан  бейітіңнің 
төзірек бітуі үшін алып қоялық. – Дархан керең адамдай селт 
етпестен жұмысын істей берді. Күн шыжып тұр. Өн бойынан 
тер сорғалады, ол тіптен де ыстықтан терлеп тұрған жоқ еді...
– Әй, қақпас, – деді қызылкөз әйел, – ішпесең қой, сен баяғы- 
дан-ақ  татпаушы  едің,  шыққан  мүйізің  қане.  Кел  ендеше, 
«Қамбаржан,  екеуміз  тартып  жіберейік»,  –  деп  кірпіш  үстін- 
де тұрған екінші стақанға сыдыр еткізіп соғыстырды да қыл- 
қылдатып жұта жөнелді.
Дархан кірпіш қалауға бұрынғыдан да зор күшпен кіріскен. 
Дүниедегінің  бәрін  ұмытқандай.  Ал,  әйел  «су-арақтың» 
қалғанын толтырып құйып алды да, «Кел, Қамбар, ішіп қояйық» 
деп иесіз стақанға соғыстырып тартып жіберді. Дархан көйлегін 
шешіп әбден сүңгілескен терді сығып тастап, қайта киді.
– Сен баяғыда осындай болатынсың, – деді әйел. – Маң- 
айыңа  жан  жуытпайтын  жанкешті  ит  едің.  Көмусіз  қалам  ба 
деп шошығаннан өз көріңді өзің қазып жүрсің-ау (күлді).
Дарханнан жауап болмады.
Дарханнан  жауап  болмаған  соң  әйел  «Кел,  Қамбар,  ішіп 
қоялық» деп судың қалғанын сарқып жұтып алды.
–  Әй,  қақпас,–  деді  есі  енді  ғана  кіргендей  жаулығын 
жөндеп тартып, етегін қағып нығыз жайғасты. –Үзеңгі бауыңды 
сегіз қабаттан тағып, заманыңның болып тұрған шағында, ие, 
шиден оқ, шырпыдан жақ жасап ілдалдамен ғұмыр кешкен мен 
бейбақты менсіндің бе-ей... Енді міне...
–  Қой  енді!  –  деп  жекіді  Дархан  жалт  бұрылып.  Көзінен 
шоқ ыршып түскендей болды. – Құтырсаң менен аулақ барып 
құтыр өзің!
Екеуі  бірдей  арбасқандай  қадала  қарасты.  Екеуі  бірдей 
жанарларына  жас  үйірді.  Екеулері  бірдей  көзін  төмен  салды. 
Дархан балшық езуге қайта кіріскенде ғана барып әйел орнынан 
тұрып,  етекте  тойған  қозыдай  жусап  жатқан  Құландыға  күн 
салып қарады. Жаулығын шешіп алып «Қамбар-ау, оу жаным, 
қайдасың?»  –  деп  айғайлап  шақырды.  Бұл  жерден  әлдеқайда 

20
алыста, бұдан отыз жыл бұрын болып өткен соғыстың жапан 
түздегі  жаңғырығындай  естілген  үн  Дарханның  шемендене 
бастаған кәрі жүрегін тырнап өткендей... Алақанына шеңгелдеп 
ұстаған  балшықты  сорғалатып,  жаулығын  бұлғап  күйеуін 
шақырып тұрған әйелге аңтарыла қарады.
–  Қамбар-а-у-у,  жаным,  қайдасың?  –  Жауап  жоқ...  Жауап 
орнына батыстан оқтай зулап келе жатқан поезд ғана боздап, 
Құландыға қарай жақындай берген.
Әйел  орнына  қайта  келіп,  шөлмектің  түбіндегі  суды 
сарқып стақанға құйды да: «Кел, Қамбар, ішіп қоялық», – деді. 
Дархан  ауыр  күрсінген  күйі  қолындағы  балшықты  моланың 
қабырғасына былш еткізіп ұрды. Барған сайын аптапқа ұласып, 
күйіп-жана бастаған күн көкшірейген аспаннан қарғып түскісі 
келгендей адамзатқа өштесіп тұр.
–  Ішпедің  ғой,  ауырып  жүрсің  бе,  Қамбаржан?  –  деді 
әйел  жанындағы  көзге  көрінбейтін,  мүмкін  тек  өзіне  ғана 
көрінетін пірімен сөйлескендей. – Менің де соңғы кезде асқа- 
заным  қыжылдататынды  шығарды.  Баяғыдағы  ортекедей 
ойнақтаған күн жоқ, Қамбар, жоқ келмеске кеткен. Келмеске 
менің денсаулығым ғана емес, сен де, Гүлия да кеткен, Қамбар. 
– Солқылдап жылады. Көз жасын жаулығының ұшымен сүртіп, 
өзіне-өзі тоқтау айтты.
– Қой, жылама, Дүрия. «Қамбарың» есен-сау келді ғой... Әттең 
кеш оралдың. Соғыс біткелі отыз жыл өтті. Ал, сен кеше ғана келдің. 
Қайда жүрдің сонда? Тау едің... Қандай жүдеу, тозақтан шыққан- 
дайсың.  (Әлдекімнің  бетін  сипалағандай  болды.)  Жүр,  үйге 
қайтайық, мына қақпастан бәрі бір қайыр жоқ, қалсын осылай 
қубас боп...
Орнында отырған қалпы әлдекімге қолын ұсынды: «Қамбар- 
жан, қолымнан тартып тұрғызшы, белім шойырылып қалыпты», 
–  деді  наздана  күлімсіреп.  Осы  сәтте  әйелдің  жүзінде  айтып 
жеткізгісіз әдемі шырай бар еді. Қанталаған жасты көз өзгеше 
бір нұр шашып, шынында да белгісіз біреу демеп жібергендей 
орнынан атып тұрып, етегін қақты.
–  Рахмет,  жаным,  күшің  әлі  қайтпаған  екен,–  деді.  Мола 
соғып аң-таң делдиіп тұрған шалға қараған жоқ. Кеңгірдің кең-
кеңінен  шашы  желбіреп,  жанындағы  әлдекімге  еркелегендей 
асықпай аяңдап бара жатты.

21
Тас төбеге тырмысқан күн от жалап, Дарханға жұмыс істет- 
педі. Терге әбден малшынған шыт көйлегін енді шешіп алды 
да  сығып,  бейіттің  шетіне  жая  салды.  Балшығы  тобарсыған 
қабырғаға тыртиған арқасын тіреп шалжия отырды. Шалдың 
жарық  көрмеген  денесі  аппақ  қағаздай  еді.  Арса-арса  етсіз 
қабырғасын  қиындықсыз-ақ  санап  алуға  болар.  Қолтығының 
астындағы  сүтке  түскен  қарандыздай  қалы  шал  тақыр  басын 
сипағанда көрініп-көрініп, қолын түсіргенде жасырына қалады. 
Орамалы ағараңдап ауылдың шетіне ілінген Дүрияның әлгін- 
дегі  қылығы  есінен  кетпей  қайдағы-жайдағы  ойға  итерме- 
леген.
– Қайран Дүрия сұлу, – деді күбірлеп. – Қор болғаның осы 
да. Баяғыда қалай еді... баяғыда... баяғыда:
...Жаз еді, жайлау еді.
Елге  келгелі  Дарханға  ептеп  шыр  біте  бастап  еді.  Су 
сорып, көгіс тартқан өне бойы жарықтық жайлаудың салқын 
самал,  саумал  қымызын  ішкелі  бері  сергігендей,  қыстан 
қылдырықтай  болып  тарамасына  ілініп  әрең  шыққан  арық-
тұрақ  малмен  бірге  көкке  аунап-құнап  құлпырып  шыға 
келген.  Ел  іші  әлі  де  берекесінен  айрылмаған  алтын  бесік 
күйінде екен: ер-азамат, алыстан ат терлетіп келер жолаушы, 
құдайы қонақ атаулыны қойын сойып, қолын құсырып құрмет 
тұтар  дәстүрі  үзілмепті;  Дарханды  әке-шешеден  тірідей 
айрылған,  ағайынсыз  адасқан  қаз  санамай,  барын  аузына 
тосты,  базарлы  күндеріне  қызғаныш  жасаған  жоқ.  Жүдеп-
жадаған,  өзгеден  теперіш  көріп,  басына  тағдырдың  құрығы 
тиген  өзекті  жанның  сауға  тілеп,  пана  тұтып  елге  қашары, 
басқа-басқа  қазақтың  ұлттық  ерекшелігі  сықылданатын. 
Ұзақ  та  ауыр  жүрістен  шаршап,  зорыққан  жылқыдай  әбден 
сілікпесі шыққан Дархан аталас ағайынның осындай іштартар 
пейіліне риза, масаң көруші еді. Өзінің осындай береке, ырыс 
дарыған кеңқолтық, ыстық құшақ айналайын жұртынан безіп,  
ит  өлген  жер  –  Семейге  қаңғып,  кәсіп  қуып  кеткен,  осы 
жамағаттың есігіне ергенек, қазанына қақпақ болмаса да, елде 
бардың  ерні  қимылдайды  деп,  отымен  кіріп  күлімен  шығып 
жүре  бермегеніне  өкінгендей-тін.  Қалаға  барды,  не  тапты? 
Тепсе темір үзетін атан жілік айналдырған аз жылдың ішінде 
аш  аруаққа  айналды.  Енді  міне,  екі  бетіне  қан,  жілігіне  май 
жүгіріп  бұрынғы  төртпақ  дене  қайтадан  жұмырланып,  екі 

22
білегі баяғыша оқтаулана бастаған. Сүйегі ірі адамның азғаны 
біртүрлі көзге оғаш, қызық көрінеді екен.
Дархан  Ертіс  үстіне  көпір  салу  жұмысын  аяқтап,  арбаға 
мініп ауылға келгенде ұрт еті суалған, жақ сүйегі шодырайып 
шығып,  бүкіл  дене  қарағайдың  бұтағы  секілді  адырайған, 
білеу-білеу  көк  тамырдан  өзге  қырым  еті  жоқ  үкі  кез,  қатпа 
жігітті ешкім танымап еді. Ағайындықтан гөрі жанашырлығы 
басым  туған  ауылы  тізгін  ұшынан  іліп  алып,  кезек-кезек 
қонаққа  шақырып,  қыстан  қалған  сүріні  қажалатпай,  бір-бір 
малын  сойып  жас  сорпа  ішкізді.  Арамза  туып,  көкке  ауызы 
іліне марқая жадырап шыға келген бағланның үгілмелі сырбаз 
еті  мен  балдай  тәтті  сорпасы  –  жақсы  тамақ  ішсе  қараңғыға 
қамаған  қаздай  жылдам  семіретін  қазақтың,  баяғы,  жұмыр 
жон  күйін  қайтарып  өзіне  беріп  еді...  Бірақ...  қаншалықты 
ерке,  сыйлымын  деп  бұлданғанымен  қонақ  –  қырық  күнге 
ғана қонақ, онда да тек қазақтар үшін. Шынтуайтқа келгенде 
сый-құрметтің өзі де өмірдің өзі секілді өлшеулі ғой, Дархан 
қадірінің  барында  қалаға  қайтып  кетуді  де  есінен  шығармай 
жүрген.
Тарбағатайда  бірге  туған  ағайыны  жоқ,  тек  рулас,  аталас 
деген  бес-алты  үй  болмаса,  қалғандары  түгел  анау  апалас-
төпелес уақытта арғы бетке ауып кеткен екен. Осынау Малтыкөл 
деп  аталар  жұртта  емшегі  үзілер  ешкімі  болмағанына  уайым 
қылып, қапаланбаған. Қиыр жайлап, шет қонып жүрген қалың 
елдің  қайсы  бірінде  де  бірер  қонар  жолаушысын  жатсынар 
оғаш  мінезі  болған  емес;  десек  те,  пұлын  өткізіп  қойғандай 
тісін шұқып қиқайып жата беру қадірімен қонақтың өзіне сын 
екені  тағы  рас.  «Шырағым,  егінімді  орып,  шөбімді  шауып 
келген  жоқсың,  жөніңді  тап»  деп  ажырайса  да  Дарханның 
өкпе сайлауға құқы жоқ-ты. Ондай, әлгіндей, бөтен ауылдың 
тайлағы санар салқындық білінгеннің өзінде, торсаңдап, торы 
атына міне шабар бұл елдің тұлға тұтар сал-серісі емес, жұртта 
қалған жетім күшік секілді иесіз, жападан-жалғыз – өте жалғыз 
еді.  Жалғыздықты  Құдайдан  кім  тілеп  алар.  Мынау  аз  аталы 
Малтыкөлдің ішінде сілкіп салар сырмағы, шек деп қайырар 
лағы жоқ сіңірі шыққан кедей осы Дарханның әкесі еді. Майды 
майға  құйып,  жал-жаяны  кертіп,  қазы-қартаны  жонып  жеп 
отырған өзге жұрт атпен шапқанда мұның жалғыз атты әкесі 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет