Ббк 84 Қаз 7-5 с 12 Пікір жазған: филология ғ. к доцент А. Мауленов с 12. Әдебиет теориясы Алматы, 2012 – 280 бет


§7. АВТОР ӨЛІМІ ҰСТАНЫМЫ (КОНЦЕПЦИЯСЫ)



бет26/118
Дата02.12.2023
өлшемі2,54 Mb.
#132188
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   118
Байланысты:
Хализев В. Теория литературы на казахском языке

§7. АВТОР ӨЛІМІ ҰСТАНЫМЫ (КОНЦЕПЦИЯСЫ)

XX ғ. авторлық турасында жоғарыда біз сөз еткен басқаша көзқарас орнықты. Ол бойынша көркем іс-әрекет туынды иесінің рухани-ғұмырнамалық тәжірибесінен бөлектенген дүние болып табылады.


Марсель Пруст Сент-Бевпен пікірталасқа түсе отырып, шынайы автор мен оның өз шығармасындағы көрініс беруі арасындағы айырмашылық турасында белгілі мөлшерде қатаң пікір айтты. Оның ойынша, тек өз шығармасында ғана автор өзінің шынайы «мендік» кейпін танытса, күнделікті өмірде жағымсыз қылыққа толы «сыртқы мені» көрініс береді. Сонымен бірге, «қаламгерді адамнан бөліп тұратын шыңырау бар»[185]. деп осыған дейін айтқандарынан да қатты кетті. Міне, осы рухтағы X. Ортеги-и-Гассеттің мына бір пікірін келтірейік: "Адам түгесілген жерден ақын өз жұмысын бастайды. Біреудің тағдыры – өзінің "адами" жолымен жүру; өзгенің миссиясы – жоқтан бар жасау <...> Өмір – ол біреу. Ал, поэзия – басқа бір әлдене"[186]. Осы сөз алынған еңбек "Өнердің бейгумандануы"(1925) деп аталады.
Соңғы он жылдықта өнердің бейгумандануы автор өлімі концепциясын тудырды. Р. Барттың сөзінше, бүгінде "құндылықтың сақтаушысы қаламгер туралы миф жоғалған". Метафораға жүгіне отырып, ғалым авторды мәтін Әкесі деп атап, оны деспот, әрі жеке билеуші ретінде сипаттайды. Мәтінде әкелік құқылық туралы жазба жоқ, жазушының тұлғасы туындыны билеп-төсеушіліктен ада, автор еркімен санасудың еш керегі жоқ, қайта оны естен шығарған ләзім деп тұжырымдайды. «Анықтама бойынша» Әке өлді деп жар сала отырып, Барт шұғыл түрде авторға тірі мәтінді қарама-қарсы қояды. Ендігі жерде Автордың орынына "өз бойындағы құштарлықтан, көңіл-күйден, сезім немесе әсер алудан ада, тоқтау дегенді білмей, шексіз сөздіктерден өз хатына сөз алатын" Скриптор (яғни, жазғыш) келді деп ұйғарады. [187]. Бартша, автор дегеніміз – бұл әлдебір жартылай бүркеншіктік: ол мәтін жазылғанға дейін де, ол жазылып болғаннан соң да бой көрсетпейді; мәтінге толыққанды билікті тек оқырман ғана жүргізе алады.
Барт концепциясының негізінде туынды авторынан толық тәуелсіз, белсенділігінің шегі жоқтық идеясы жатыр. Бұл идея еш жаңалық емес. Ресейде ол А.А. Потебня еңбектерінде көрініс тапты. Солай бола тұрса да, оны Р. Барт шегіне жеткізіп, автордың сұхбаттылыққа қабілеттілігіне күмән келтіріп, оқырман екеуін бір-біріне қарсы қойды. Бұл арада ол оқырманның еркіндігі мен бастамасын эссеистикалық бассыздық ретінде пайымдады. Қай жағынан алып қарасаңызда Барт концепциясының постмодерндік сезімталдықпен байланыстылығы аңғарылады.
Автор өлімі концепциясы, әлбетте, өз бойына біздің заманымыздың көркемдік және көркемдік маңындағы тәжірибенің алғышарттары мен түрткі болуларын сыйдырып, біздіңше, мәдениеттегі, оның ішінде, гуманитарлық ойдағы дағдарыстың біреусінің көрініс беруі деп бағалауға болады.
Автор өлімі концепциясы соңғы жылдар аясында бірнеше мәрте байыпты сыни талдауға ұшырады. М. Фрайзе (Алмания) замана әдебиеттануындағы "антиавторлық" үрдіс өз бастауын авторды тек «амал-тәсіл қолданып» мәтін өндіруші шебердің белгілі бір дағды-машығы деп қарастыратын формалды мектептің концепцияларынан алады деп орынды атап өтеді де, төмендегідей қорытындыға келеді: "жауапкершілік" терминінің көмегімен авторды маңайына көркем ой мөлдірлігі топтасатын орталық сипатында қайыра қалпына келтіру керек деген ой айтады[188]. В.Н. Топоровша, мәтін "автор образынсыз" (ол қалай терең жасырынса да) жадағай механикалық" сүлдер не болмаса, өз мәні бойынша өнерге еш сорпасы қосылмайтын "кездейсоқтық ойыны" болып қалады [189].
Барттың бұрынғы шәкірті А.Кампаньион өзінің 1998 жылы шыққан кітабында автор өлімі концепциясына қатысты өте қатаң және уәжді негізде сөз қозғады. Автор мен оқырман арасындағы сұхбаттасудан барттық бас тартып аулақтауды «догматтық ревлятивизмге (салыстырмалыққа)» жол беріп, автор талпынысын елемеушілік деп сипаттады. Осының негізінде ғалымның шығарған қорытындысы мынау: «мәтін немесе автор» деген жалған баламаны еңсеру керек»[190]. Көріп тұрғанымыздай, авторды ешбір алдамшы өрелілік туындылары мен олардың мәтіндерінен шеттете алмайды.
* * *
Әңгімемізді аталған тарауға эпиграф болуға татитын көркем субъективтілік туралы Н.М. Карамзиннің: "Туындыгер өте жиі өз туындысында қашанда өз еркінен тыс сомдалады"[191], және В.В. Вейдленің: "Танып білуге жеткізе айтуға тырысусыз <...> көркем шығармашылық жоқ"[192] деген екі бірдей дәйексөзбен аяқтағымыз келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   118




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет