§2. ӘЛЕМДІ ЖЫЛЫ ҚАБЫЛДАУ ЖӘНЕ ЖҮРЕК ТӘЛКЕГІ
Осы ой ауаны шеңбері христиан дәстүрінде қалыптасқан арнада көбіне өнердің жоғарғы жанрларында эмоционалдық реңкті айқындап берді. Өмірді құдаяттық ыңғайда қабылдау көптеген өнер туындыларында көрініс тапты. Тап осындай эмоционалдылық көбіне "жалбарыну" сөзімен таңбаланып, әсіресе, Ф.М. Достоевскийде мәнділікке ие болды. Макар Иванович турасындағы ("Жасөспірім" романдағы) әңгімеші-қаһарманның сөзі мынандай: "Ол көбінесе жалбарынуды ұнататын, сондықтан әңгімесінің көбі сол төңірегінде өрбитін еді"., Біздің ғасырымыздың бірінші жартысындағы орыс философ-мәдениеттанушысы Н.С. Арсеньевтің сөзінше, рухтан өмірдің биігінен "жалбарыну сыйы, игілікті көз жасы" өз арайын шашады[202].
Ізгіліктің жүзеге асуы – христиан мәдени дәстүрімен жіпсіз байланыстағы әлемді түйсінудегі жүректі ашып, тәубеге келудің жолы ретіндегі ең бастысы арып-аршып азап шегу болып табылады. С.С. Аверинцев: "көз жасты көлдетіп, әлемді құшаққа алу" бұл жерде "уақытша хал кешу емес, өзіңмен өзің алысып, «Құдайға ұқсау» ретінде ұғынылады[203].
Сөз болып отырған сезімдік ауан әулие-әмбиелер тірлігі мен соған туыстас жанрларда басымдыққа ие. Ол әдебиет пен сурет өнеріндегі ақиқат іздеушілік тақырыбы, әсіресе, XIX ғ. отандық классикасыдағы (И.С. Тургенев, Н.А. Некрасов, Л.Н. Толстой, Н.С. Лесков, Ф.М. Достоевский, А.П. Чеховтар шығармашылығындағы) бірқатар туындыларға да тән. Осы (біз оны нақты таңбалауға біз лайықты термин таба алмай отырған) ауан XX ғасырдағы орыс әдебиетінде көбіне И.С. Шмелев прозасында ("Құдай үйіндегі жаз" және әсіресе, "Ғибадатта") және Б.Л. Пастернактың кейінгі шығармашылығында айқын сезіліп кезігеді.
§3. ИДИЛЛИЯЛЫҚ, СЕНТИМЕНТАЛДЫЛЫҚ, РОМАНТИКАЛЫҚ
Тамыры көне дәуірлердегі эпостардан бастау алатын қаһармандық және өз шығу төркіні орта ғасырдағы христиандықпен байланыстағы эмоционалдылықтан бөлек өмірді бекемдеудің өнерде ұшырасатын тағы бір формалары идиллиялық және Жаңа уақыттағы сентименталдылық пен романтика бар.
Өнер мен әдебиеттегі идиллиялық дегеніміз – өмірдің тамылжып, көз тойдыруы адам өзі үшін жанұялық шадымандық пен махаббаттан өз бақытын тауып (Гете "Герман мен Доротеясы", Л.Н. Толстойдың "Соғыс пен бейбітшілігіндегі" кейбір эпизодтар), өзінің шығармашылық еңбегі нәтижесінде табиғатпен тұтасып кетуі (пушкиннің "Деревня" өлеңінің бірінші бөлімі). Идиллиялық әлем асып-төгілген құштарлықтан, кез келген дүрдараздықтан, әлдебір өмірді қайыра өзгертетін іс-әрекеттерден мүлдем алшақ[204]. Сонымен қатар, идиллиялық тіршілік қорғансыз да, әлсіз, өзіне қарсы күштердің баса көктеуіне бағынышты. Көркем әдебиетте идиллиялық ошақтың тас-талқаны шығу тақырыбы осы турасында аңғартады[205]. Н.В. Гогольдің "Старосветтік байбатшалары" немесе М.А. Булгаковтың «Шебер мен Маргарита» романындағы махаббат тарихын еске алайық.
Қазіргі заман авторларының сөздерінше, "идиллияның астарында жатқан бақытты да, табиғи тіршілік идеясы жалпыадамзаттық және әмбебап"[206]. Әдебиеттегі идиллиялық тар ауқымдағы қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған қамсыз өмірді бейнелуді ғана қамтымайды, сонымен бірге, кей кезде онсыз өмір бейберекеттікке айналатын қамсыз өмір үшін өзін құрбандыққа шалуды да суреттейді. Н.А. Некрасовтың еңбектің шаруа отбасындағы «өрнегін» танытатын ("Аяз, Қызыл тануын") еске түсірейік.
Өнер мен әдебиеттегі идиллиялық екі түрлі береді: оның бірі – жүзеге асқан идиллия кейпінде, екіншісі – идиллиялық құндылықтарға деген талпыныс.
XIX ғасырдағы орыс әдебиетінде идиллиялық құндылық кеңінен және көп қырлылықпен айшықталды. Ол біздің ғасырымыздың ірі қаламгерлері Б.К. Зайцев, И.С. Шмелев, М.М. Пришвин, Б.Л. Пастернактардың шығармашылықтарында да терең мәнділікке ие.
Сентименталдылық дегеніміз – бұл ең алдымен қоғамның төменгі қауымдарына тән түрлі сипаттағы «жәбір және азап шегудің» негізінде туындайтын сезімталдық. Бұл арада ашық, қулықсыз, иманына сенімді адамның жылы шуақты сезімі асқақталып әспеттеледі. Эмоционалдылықтың бұл түрі XVIII ғасырдың екінші жартысында Ресейді қоса алғандағы еуропа елдеріндегі мәдени және көркемдік өмірмен сәйкесетін сентиментализм әдеби бағытын өмірге әкелді. Сентименталдылық XIX ғ. бірқатар орыс әдебиетіндегі туындаларда, мысалға, Ф.М. Достоевскийдің "Бейшарларында" көрініс тапты. Осындай эмоционалдылық таңдамалы түрде, әрі жарым жартылай христиандық «жалбарынуды» мұраға алып, оны жалпытұрмыстық (онтологиялық) негізден азат етеді.
Романтикалық ой ауаны деп тұлғаның сезімдік асқақтауын, толық қанды жан-дүниені, адамның өзінің шексіз мүмкіндігіне деген сенімін, ішіне бүккен тылсымды сыры мен қуаныш толқындарын емеуіріні мен қалауын атауға болады. Романтиканың жастықтың үлесі екендігін сөз еткен Л.Н. Толстой өзінің "Казактарында" Олениннің бойында "адамға өмірінде бірақ рет берілетін пәрменді сол бір қайталанбас жігерлілік, оған әлемдегі нені қалап, нені ұнататындығына қол жеткізуге мүмкіндік беретінін" аңғарды.
Қоғам санасындағы романтикалық ой ауаны белсеніп шығып, алдыңғы орынға үміттену мен дәмелену кезеңінің мәдени-тарихи алға басулары шығарылады. Бұған айқын куә – неміс ілкі романтиктері мен XVIII-XIX ғғ. тоғысындағы ерте романтиктер (Ф. Шиллер, Новалис), бір ғасыр кейінгі – Блок пен ерте Горькийдің туындылары. Романтикалық ой ауанын ("романтизм" деп атап оны кең ауқымда ұғынып) оның жақтаушысы мен қызу қанды қорғаушысы сипатында 1840-шы жылы В.Г. Белинский кірісті. Өзінің Пушкин туралы екінші мақаласында: "Адам қайда болса, романтизм сонда <...> Оның аясы <...> -жүрек пен жан өзінің ішіне сырын бүккен адам өмірінің бүкіл ішкі, жан-дүниесі, осы жерден барша жақсыға деген, асқақтыққа деген айқындалмаған талпыныс буырқанып сыртқа лықсып, фантазия өмірге әкелетін идеалдардан өзіне қанағат табуға тырысады" деп ой толғайды[207].
Романтика әр текті. Оның бойында діни реңк болып, оны біз жалбарыну деп атаған (В.А. Жуковский поэзиясы) ой ауанымен жақындасып, не мистикалық (А. Блоктың ертеректегі өлеңдер топтамасы) сипатқа ие болады, не әлеуметтік-азаматтық сипатқа оранып, қаһармандықпен кіндіктеседі (Пушкиннің 1818 ж. "Чаадаевқа" өлеңі, Н.А. Некрасов поэзиясындағы орыс халқының жарқын болашағына сену мотиві).
Романтикалық ой ауаны өте жиі рефлексиямен, адамның ой тереңіне сүңгуімен, оның өмір алуандығынан бойын тартынып, өзімен-өзі қалушылығымен байланысты болып келеді. Гегель осы ыңғайда: "Романтикалық өнер <...> қарама-қарсылықтың билігінде қалып, оның ішкі шексіз субъективтілігі оның сыртқы материалынан бөліп алғысыз болып келеді <...> Өзінің ішкі әлеміне басы бүтін еніп кетушілік романтикалықтың мазмұнын құрайды",-деп тұжырымдады[208]. Бір қызығы, адамның романтикалық ой ауанының соңынан кетуі кейбірде жазушылар мен ақындар тарапынан сыни көзқарастан адаланып беріледі. Пушкиннің Ленскийі, Гончаровтың "Әдеттегі оқиға" романының басындағы Адуев-жиені, чеховтық "Шие бағындағы" Петя Трофимовтар (мейлі жаның ашыса да)... ирония туғызады.
Оның үстіне романтикалық ой ауаны әдетте, тұрақтылыққа ие болып келмейді. Оның ар жағында айран-асыр болудың, драмалық күйініш, қайғылы иронияның табы төбе көрсетеді. Осы ыңғайда Лермонтовтың шығармашылығы айырықша, оның "Мцыри" поэмасы жоғарғы романтикалық және сонымен бір мезетте терең трагизмге толылығымен бөлектенеді. Қазіргі заманның зерттеушілерінің сөзімен айтқанда: "кейінгі романтизм – тартып алынған мақсаттың мәдениеті, жойылған иллюзияның, болмай қалған болашақтың мәдениеті"[209].
Достарыңызбен бөлісу: |