Ббк 84 Қаз 7-5 с 12 Пікір жазған: филология ғ. к доцент А. Мауленов с 12. Әдебиет теориясы Алматы, 2012 – 280 бет



бет4/118
Дата02.12.2023
өлшемі2,54 Mb.
#132188
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   118
§2. ӘДЕМІЛІК

Әдемілік философиялық-эстетикалық санаттама* сипатында ежелгі Грекияда орныққан еді[23]. Ол Платон мен Аристотельден Гегель мен Вл. Соловьевке дейін еш өзгеріссіз заттың айшығы мен оның әлдебір әмбебап (онтологиялық) кейпінің мәні турасындағы сөзсіз және абсолюті жағымды ұғынылым ретінде танылды. Әдемілік көбінесе идеяның игі құрылымдық айшықтауы мен сезімдік танылымы болып сипатталды. Поэтикалық тілге бет бұрсақ, Н. Заболоцкийдің "Ажарсыз қыз" өлеңі ойға оралады. "Әсемдік дегеніміз не/Адамдар неге оны ұлықтайды?/Ол іші қуыс құмыра,/ Немесе ол құмыра түбіндегі жылтыраған от?" Бұған алып қосарымыз жоқ.


Әдеміліктің тұрмыстық (онтологиялық) негізі түрлінше ұғынылды. Аристотельше, әсемдік дегеніміз – ең алдымен белгілілік, өлшемдестік пен реттілік. Осының негізінде ұзақ дәуірлер бойы ол үндестік пен симметрия, сәйкестік пен тынымдылық ұғымдарымен түсіндіріліп келді. Тап осы концепция христиан эстетикасында да бар. Осылайша, Әулие Августиннің әсемдік туралы танымының негізінде тәртіп (огdо) санаты жатыр, яғни, әр нәрсе орын-орны және рет-ретімен қиюласып келуі шарт[24].
Сонымен бірге, христиан эстетикасына бағыт ұстанған басқаша ұғыным әдемілікті жоғарыдан түскен нұр деп санайды[25]. Осылайша, Николай Кузанский (XV ғ.) әмбебап және тұрмыстың кез келген көрініп тұратын бастау көзін мәңгілік тәңірлік нұр және аспани шұғыла деп сөз етіп, «шұғалалы форма» арқасында зат әсемдене түседі деп түйіндеді[26]. Осы эстетикалық пайымдау өз бастауын византия дінтанушысы Симеон Новийдің (XI ғ.) "Құдай дегеніміз – сәуле" деген пайымдауы және де Григорийдің ілімі мен исихастерші Фаворсийдің Жарығы жер сұлулығынан артық деген ойларынан алады[27]. Осы ойды кейін Вл. Соловьев «әдемілік тек аян алу», ал жарық дегеніміз – «әлемдік біртұтастықтың айшықтануы» деп таныды[28].
Әдеміліктің теориясы XVIII-XIX ғғ. аралығында Алманияда жасалып, көп жағынан жетілдірілді. Әсіресе, әдеміліктің заттың мазмұны мен формасымен қатысты проблемалары ерекше мәнге ие болды. Оны шешудің екі үрдісі бой көтерді. Гегель ежелгі және орта ғасыр эстетикалық дәстүріне сүйене отырып, «әсемдік пен ақиқат» дегеніміз – «бір нәрсе» деп тұжырымдап, әдемілік дегеніміз – «идеяның сезімдік бой көрсетуі», яғни әлдебір рухани мәнділік: «тіршіліктің сезімдік көрініс беруіне» «рухтың сіңімі»[29] деген ой түйді.
Кант Гегельге дейін бірнеше он жыл бұрынырақ оны басқаша пайымдаған болатын. Оның түсінігі бойынша: әсемдік затқа оның формасы арқылы беріледі. Ол «алуан түрліліктің тұтастыққа жинақталуы» болып саналады. Әдемілік болып қабылдану үшін не тартымдылық, не сезімдік қозғау салушылық, не жетілгендіктің затқа еш қатысы жоқ, бірақ қатаң тұрапаттық тәртіптілік, ішкі пропорция мен симметрия ғана қажет. Таза және еркін әсемдіктің үлгісі ретінде философ гүлдерді, құстарды, моллюскаларды ауызға алады. Адамның әсемдігі (бұл арада ең басты канттық тезисті түзудің өзі қиындау болатын) «сәйкесіп келушілік» болып табылады[30]. Кейіннен Гегель мен Канттың әдемілік туралы ілімдерін мазмұн эстетикасы мен форма эстетикасы деп атады.
Ұзақ ғасырлар бойы әдемілік эстетикалық санат ретінде қарастырылып келді. Бірақ та XVIII ғ. ортасына дейін өнер саласындағы философтар мен мамандар эстетикалықтың аясы әдеміліктен де ауқымды деген ойдан аулақтау болды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   118




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет