§2. ПЕРСОНАЖ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚҰНДЫЛЫҚ БАҒДАРЫ
Әдеби туындыда үнемі ұшырасып отыратын, әдетте, оқырмандар назарына адамдар образы, жекелеген жағдайларда, олардың кейіптестері: адамиланған жануарлар, өсімдіктер ("Attalea princeps" В.М. Гаршин) және заттар (тауық аяқ ертегілік лашық) түседі. Әдеби туындыдағы адамның ұшырасуының түрлі формалары бар. Бұл адамды белгілі бір шекте толықтай, кеңінен танытуға қабілеті баяндаушы-әңгімеші, лирикалық қаһарман және персонаж. Француз тілінен алынған бұл терминнің төркіні латындық. "Рersona" көне римдіктерде актер киетін масканы білдірді, кейінірек бұл сөзбен көркем туындыдағы тұлғаны атады. Аталған терминнің синонимдері ретінде бүгіндері "әдеби қаһарман" және "қатысушы тұлға" сөз тіркестері қолданылады. Бірақ та осы сөз айшықтары қосымша мәнге ие: "қаһарман" сөзі жағымды рөлді, айқындықты, ерекшелікті, бейнелетін адамының айырықшалығын танытады, ал, "қатысушы тұлғада" персонаж өзін көбіне жасаған қадамдарына қарай танытады[456].
Персонаж дегеніміз – не қаламгердің таза қиялының жемісі (Дж. Свифттің Гулливері мен лилипуттары; Н.В. Гогольдің мұрнынан айырылған майор Ковалеві), не болмаса, шын өмірде бар адамының жорамалданған кейпі (ол не тарихи тұлға немесе ғұмыры жағынан жазушыға жуық адамдар, әлде өзі); не болмаса, белгілі әдеби кейіпкерлерді өңдеп, қайыра сомдаудың нәтижесі, атап айтсақ, Дон Жуан немесе Фауст. Адами дербестікке ие, әдеби қаһармандармен қатар, кейде топтық, ұжымдық персонаждар (А. С. Пушкин "Борис Годуновындағы" өз пікірін білдірген алаңдағы халық бейнесі) маңызға ие болады.
Персонаждың табиғаты екі жақты болып келеді. Ол, біріншіден, суреттелетін іс-әрекеттің иесі, сюжет түзетін оқиға өрістеуінің түрткісі. В.Я. Пропп өзінің әлемге әйгілі еңбегі "Ертегі морфологиясында" (1928) персонаждық аяға, тап осы қырынан келді. Ертегі қаһарманы туралы ғалым сюжеттегі белгілі функцияны атқаруды иеленуші ретінде сөз етіп, ертегідегі суреттелген тұлғалар ең алдымен оқиғалық қатардың қозғалысы факторы үшін маңызды деп атап көрсетті. Персонаж қатысушы тұлға ретінде кейбірде актант (лат. әрекет етуші) терминімен таңбаланады.
Екіншіден, бұл ең бастысы емес, персонаж туынды құрамында дербес, сюжеттен (оқиғалық қатардан) тәуелсіз мәнділікке ие болып: тұрақты және орнықты (кейде, шынында да өзгеріске ұшырайтын) қасиеттің, нышан-белгінің, сипаттың иеленушісі.
Персонаждарды олардың жасаған іс-әрекеттері (оны бірінші қатарға қойғаны дұрыс бола қояр ма екен), сондай-ақ, (адам тек ойлағанын іске асырып қоймайды, сондай-ақ, өзін қалай алып жүретіндігінің) қылығы мен қарым-қатынасының формасы, сыртқы келбеті мен қоршаған маңайы (атап айтқанда, қаһарманға қатысты заттар), ойлары, сезімі, емеуіріні арқылы сипаттайды. Адамның әдеби туынды бойында (шынайы өмірдегідей) көрініс табуы белгілі бір тең әсер етуші орталық керексінеді, оны М.М. Бахтин – тұлға тіні, А.А. Ухтомский болса – адамның түйсігінің жолдануын анықтайтын доминант дейді. Адамдардың тұрақты санасы мен тәлімдерінің тінін таңбалау үшін құндылықты бағдар сөз тіркесі қолданылады. "Құндылықты бағдар мен координатсыз болатын ешбір мәдениет жоққа тән" деп жазды Э. Фромм. Бұл бағдар "тіпті әр индивидуумда да бар" деп ойын жалғастырды ғалым[457].
Құндылық бағдары (оларды сонымен бірге өмірлік позициялар деп те атайды) өте әр текті, әрі көп қырлы. Адамдардың санасы мен тәлімдері діни-адамгершілік, өзіндік мораль, танымдық, эстетикалық құндылықтарға бағдар ұстауы мүмкін. Олар инстинктер аясымен, тәни өмірмен, пендауи қажетті қанағаттандырумен, даңққа, беделге, билікке ұмытылумен байланысты болып келеді.
Шынайы, сондай-ақ қаламгер ойдан шығарған тұлғалардың позициялары мен бағдар ұстаулары көбіне идея және өмірлік бағдармалар сипатына ие болып келеді. романтикалық кейігромантикалық әдебиеттегі "идеология қаһарманы" (термин М.М. Бахтиндікі) тап сондай. Бірақ та, құндылық бағдар ұстану өте жиі рационалдықтан тыс, тіке, интуитивті, адам тұрапты мен дәстүрге байлаулы болып келеді. Лермонтовтық "метафизикалық дау-дамайды" ұнатпайтын Максим Максимычты немесе толстойлық "ақылды көрінгісі келмейтін" Наташа Ростовасын еске түсірейік.
Түрлі елдер мен дәуірлердің әдеби қаһармандары шексіз де сан алуан. Сонымен бірге, персонаждық аяда туындының жанрға тиселігіне қатысты қайталанушлық орын алады, бұл қатысушы тұлғалардың құндылық бағдар ұстауы үшін өте маңызды. Әдебиетте өзіндік дәуірден үстем, интерұлттық «бетертиптер» бар. осындай бетер типтер көп емес. М.М. Бахтин және оның ізін ала Е.М. Мелетинский[458] мынаны сөз етті: көптеген ғасырлар бойы, тіпті мыңжылдық бойы көркем сөз өнерінде өз күшіне, өз бастамасына кәміл сенетін, алдына қойған мақсатына қол жеткізе блуге қабылетті нар тәуекелшіл қаһармандыққа (авантюрно-героический) бейім адам үстем болып келді. Ол өзінің бет-бейнесін тынымысыз ізденістер мен шешуші күрестер, шым-шытырық оқиғалар мен жасмпаз ерілік жасауда танытып[459], өзінің өмірдегі ерекше миссиясы туралы, жұртана ерек, айырықша жан ұғынымымен өмір сүреді. Осындай қаһармандардың толық та, нақты өмірлік позициясының формулаларын бірқатар туындыларда ұшыратамыз. Мысалға: "Когда помочь себе ты можешь сам,/ Зачем взывать с мольбою к небесам?/ Нам выбор дан. Те правы, что посмели;/ Кто духом слаб, тот не достигнет цели./ "Несбыточно!" -так говорит лишь тот,/ Кто мешкает, колеблется и ждет" (У. Шекспир. "Конец -делу венец". Орысшаға аударған М. Донскийо). "Под клобуком свой замысел отважный/ Обдумал я, готовил миру чудо", - деп өзі туралы пушкиндік Григорий Отрепьев әңгімелейді. "Ағайынды Карамазовтар" романында шайтан Иванның құпиялы ішкі былайша танытады: "Где стану я, там сейчас же будет первое место".
Нар тәуекелшіл қаһармандық бетертипке жататын персонаждар даңққа ұмытылып, сүйікті болуды қалайды, "өмір фабулизмін жоқ қылу" еркіне ие [460], яғни, күресуге, табысқа қол жеткізуге, жеңіске жетіп, өмір жағдайын өзгертуге қабілетті. Тәуекелшіл қаһармандық персонаж – бүкіл әлеуеті мен күш-жігері әлдебір сырттай мақсатқа қол жеткізуге тырысатын таңдаулы немесе жалған атақшы.
Бұл мақсаттың аясы өте зор: халыққа, қоғамға, адамзатқа қызмет етуден өзінің шегі жоқ, кейде қылмыс пен зұлымдыққа құрылған (шекспирдің Макбеті мен оның әйелін еске түсірейік) құйтырқы іс-әрекет, алдап-сулаумен байланысты менмендікке дейін тұрады.
Бұның ең құнды жағы қаһармандық эпос персонажарына жуықтайды. Вергилийдің әлемге танылған поэмасындағы Эней осындай батыл, пайымды, кеңпейіл және ізгі тап осындай қаһарман. Т. С. Элистің сөзімен айтқанда, "бірінші және соңғы деміне дейін" өз отаны Троя алдында борышына, тарихи миссиясына адал авантюрист, зымиян, қайыршы, мансапқор емес – "тағдыр адамы" ретінде мәжбүрлемеген немесе кездейсоқ жарлықпен емес өзіне тағдыр жүктеген қызметін атқарады: әрине, даңққа құштарлықтан емес, ерік-жігерін әлдебір жоғарғы биілікке <...> ұлы мақсаттарға бағындырады"[461] (бұл арада Римнің негізінің қалануы). Кейбір басқа эпопеяда, оның ішінде, "Илиада" мен "Одиссеяда", персонаждардың іс-әрекеттері олардың өзіндік әрекеттері мен авантюризмомен (бұндай үйлесім Прометейде де бар, бірақ та ол ұзақ ғасырлар бойы адамдар үшін құрбандыққа бас тігуінің символы болып табылды).
Біз бұған дейін қаһармандық туралы көп нәрсені сөз еткен болатынбыз (қара. Б.49-51). Авантюризм ұғымы әдебиетте көп кейін түсіндірілді. М.М. Бахтин авантюралық бастау көзді "мәңгілік адами табиғаттың: өзін-өіз қорғау, жеңіспен салтанатқа деген құштарлық, иелік етуге деген ынтазалық, сезімдік махаббат итермелейтін" міндеттің өз шешімін табыуымен байланыстырды[462]. Бұған алып қосарымыз, авантюризм адамның өзіндік ойын талпынысының (Н.В. Гогольдің "Үйленуіндегі" Кочкаревының, И. Ильф пен В. Петровтың Остап Бендерінің) түрткісі және сондай-ақ, пушкиндік Гришка Отрепьев пен Емельян Пугачевтердің билікке құштарлығы да болып табылады.
Сөздік-көркем туындыларда ештеңкеге қарамай, жаңаға деген ұмытылысты танытатын (яғни, адами әлемнің қозғалыстағы, кісінің жан-дүниесін әлем-тапырық ететін бастау көзі) нар тәуекелшіл-қаһармандық бетертип бір-біріне ұқсамайтын түрлі түр өзешелігімен көрініс табады.
Біріншіден, бұлар – ежелгі тарихи мифтердегі құдайлар мен олардың нышан-белгілері бойларына жинақталған халықтық-эпикалық қаһармандар Арджуна (үндінің "Махабхарата"), Ахилл, Одиссей, Илья Муромцтен бастап, Тиль Уленшпигель мен Тарас Бульбаға дейін жалғасатын асқақтанған дәріптелу. Осы қатарға орта ғасырдағы сал-серілік романдардың орталық фигураларын және де осыларға ұқсаған соңғы жүз жылдықтар әдебиетіндегі тап сондай болып табылатын детектив, ғылыми фантастика және жасөспірімдерге арналған шытырман оқиғалы туындылардың, кейде тіпті "үлкен" әдебиеттің (Пушкиннің Русланы мен жас Дубровскийін, Э. Ростанның "Сирано де Бержерак"пьесының қаһарманын, Е. Шварцтың "Айдаһарындағы" Ланцелоттың) персонаждарын да қосуға болады.
Екіншіден, XIX-XX ғғ. әдебиетіндегі романтикалық ауандағы басыбұзықтар және рухани дәруіштер, мейлі ол гетелік Фауст, байрондық Каин, лермонтовтық Демон, ницшелік Заратустра, немесе басқаша (өңі айналған ыңғайдаға) қаһарман-идеологтар: Онегин, Печорин, Бельтов, Раскольников, Орест (Ж.-П. Сартрдың "Шыбынындағы") болсын бәрі бір, аталған персонаждар (Заратустра – бұдан өзгерек) – шын мәнісінде, жартылай қаһарман, тіпті болмаса, мысалға алғанда, "Астыртын жазбасындағы" орталық тұлға мен Ф.М. Достоевскийдің Ставрогиніні антиқаһарман болып табылады. Осындай "демондық" персонаждар қатарының кейпі мен тағдыры зор ауқымды тарихи уақыттағы имандылық және мәдени дәстүрден ада байланыстағы өрелікпен пен авантюризм түр өзгешеліктері арқылы танылады [463].
Үшіншіден, демонизмді (шайтаншылдықты) кәперге алмайтын қаһармандық-авантюралық бастау көз әлдебір шамада персонаждардың романтикалық ауанына қатысты болып келіп, өзін әлдебір таңдаулы жан және қасиетті педе ретінде санап, жан-дүние әсем дегенге сеніп, мол мүмкіндігін жүзеге асырудың оңтайлы сәтін күтеді. Жазушылардың мән-жайын жайып салуда тап осындай бағдар ұстану, әдетте, ішкі дағдарысқа, шерлі драматизмге толы болып келіп, тұйыққа тіреп, апатқа ұрындырады. Гегельше: "жаңа сал-сері болып дүниенің қымқуат оқиғасының ортасына идеалдарды шетке ысырып қойып, ессіздікпен қойып кететін жасөспірімдер табылады". Дәл осындай қаһарман деп сөзін сабақтайды неміс философы: олар өздерінің "идеалдары мен жүректің шексіз заңына қарама-қайшы әрекет етін" прозалық реалдықтың фактісі "бақытсыздық" деп санап, "осы қалыптасқан тірліктің ортасын бұза-жара әлемді жақсарта түсу үшін өзгеріс енгізіп не болмаса, аспан әлемінің жердегі жиделі байсынын жасау керек" деп ұйғарым жасайды[464]. Осы секілді персонаждар (гетенің Вертерін, пушкиннің Ленскийін, гончаровтың кіші Адуевін, чеховтың персонаждарын ойға оралтайық) толық мәнінде қаһарман болып табылмайды. Олардың асқақа ойлары мен ізгілікті тегеуіріндері иллюзорлы және құр бекершілік болып табылады; романтикалық ауандағы персонаждар жеңіліске ұшырап, азап шегеді, қаза табады не болмаса, араға уақыт салып, тіршіліктің басқа салғанына көндігіп, өзі де қарапайым тіршілік иесіне немесе мансапқорға айналады. "Қаһарман,- дейді Г.К. Косиков, Стендальдің Бальзактың, Флобердің қаламгерлік тәжірибелерін негізге алып, бір мезете әрі идеалдың, әлі іріп-шірудің игеріне айналады"[465].
Осылайша, романтикалық және кейігромантикалық әдебиеттің (оның "демондық", сондай-ақ "ғажайыптық" түр ерекшеліктерінің) қаһармандары (өзінің ерекшелігінің ореолын, ерлік пен кең көлемді ауқымдылыққа иелік ету жігерін) нар тәукелшілдік-қаһармандық бетертипке қатыстылығын сақтай отырып, сонымен бірге осы бетертиптің мәдени-тарихи дағдырысынң және өзін түгесуінің нышан-белгісінің куәгері де болады.
Аталған бетерипке жататын персонаждардың арасында, төртіншіден, біз жоғарыда санамалағандарға қарағанда авантюристерді, тіпті аз мөлшердегі қаһармандық істерді жолықтырамыз. Ежелгі мифтердегі трикстердің ізі орта ғасырлық және Қайта Өрлеудегі новеллистиканың, сондай-ақ, авантюрлық романдардың қатысушы тұлғаларына қарай өріледі. Жаңа уақыттағы әдебиеттегі авантюризмді сыни байыптау ең айқын көрініс бергені Дон Жуан туралы (Тирсо де Молин мен Мольерден бастап) туындыларда. Антиавантюралық бағыттың жалғастылығы О. де Бальзак, Стендаль, Ги де Мопассанның романдарындағы жоғарғы қоғамдағы өз орнын іздеген мансапқорлар образдарынан танылады. Пушкиннің "Қиықтың мәткесіндегі" Германн, Гогольдің Чичикові, Достоевскийдің Ракитині мен Петр Верховенскийі, Толстойдың Борис Друбецкийін осылардың қатарына қосуға болады. Басқаша жағынан, өте қилы нұсқада (апологетіктен мүлдем алыстау) авантюрист типтері біздің дәуіріміздің әдебиетінде как Т. Маннда –Феликс Круль, Ильф пен Петровта – атақты Остап Бендер және одан да әйгілірек Пастернактың "Доктор Живагосындағы" – Комаровский фигураларымен айшықталып отыр.
Өзгешелеп айтар болсақ, нар тәуекелшіл қаһармандық "бетертип" орта ғасырлық әулелер өмірі және тікелей немесе жанама түрде өмірбаяндық дәстүр және де соған жуықты қамтитын туындыларда (оның ішінде, бізге жуық дәуірлерде) көрініс тапты. Бұл бетертипі заңды түрде ғұмырлық-идиллиялық деп атауға болады. әулиелер өмірінің және О родстве житийной святости и идиллиялық құндылықтардың туыстығы жарқын мысалы көпке танымал "Петр мен Феврония Муромскийлер туралы хикаят", онда "әулие-әмбиеліктің қасиеттілігі сопыханадағы без кешу тіршілігімен емес, идеалды жұбайлық өмір мен бірлесе мемлекет басқарумен айшықтанады"[466].
Осы тәрізді персонаждар әлдебір күресте жеңіске жетумен байланысты емес. Олар шындық өмірде болып, сәттілік пен сәтсіздіктің, жеңіс пен жеңілістің қарама-қайшылығынан, кейде сын сағат соққанда табандылық танытып, үмітсіздіктің елітуі мен тығырыққа тіреуінен азат болып келеді (бұны "на кроткий, ясный лад судьбы суровость" - "Как вам это понравится" деп сөз саптайтын әділетсіздіке ұшыраған Шекспир кейіпкерлерінің бірі растайды). Тіпті ақыл-ой рефлексиясына бейім осындай персонаждар (мысалға, лесковтық Савелий Туберозов) терең күмәндану және шешілмейтін шаруалардың арасында емес, аксиома мен талассыз ақиқат әлемінде тіршілік кешеді. Олардың өмірлерінде рухани қобалжуға орын жоқ, не болмаса, бұндай тебіреніс ұзаққа созылмайды, ең бастысы, бұны еңсеруге болады (Зосима дәруіштің өлімінен кейінгі Алеша Карамазовтың "оғаш та, әрі-сәрі сәтін" есімізге түсірейік), бірақ та бұл адамдар опықты ауанға бейімдеу болып келеді. Бұл арада қатаң сана мен мінез-құлық қондырғысы көрініс беріп: оны шын мәнісінде, имандылыққа кәмілдіктің негізі деп атауға болады. Осы секілді персонаждар өздерінің қуаныш, қайғысымен, күнделікті өмірдегі тірлігімен, өзара қарым-қатынас жасауымен шындық өмірге жуық тамырланған. Олар өздерін қоршаған ортаға емін-жарқындық танытып, олар сүюге қабілетті және басқаларға мейірбандық шашып, "қарым-қатынас пен сұхбаттасу қайраткерлерінің" (М.М. Пришвин) рөліне қашанда дайын. А.А. Ухтомскийдің терминологиясына жүгінер болсақ, оларға "басқа тұлғаның доминанты" тән.
XIX-XX ғғ. орыс әдеби классикасындағы қастерлі-идиллиялық бетертип өте кең көлемде, айқын көрініс тапқан. Бұл арада "Евгений Онегиннің" сегізінші тарауындағы Татьяна және "Капитан қызындағы" Гриневтар мен Мироновтардың "топтық портреті", сондай-ақ, бақытын табу үшін жер түбіне сапар шекпеген кінәз Гвидон ("Салтан патша туралы ертегі"). Пушкиннен кейінгі әдебиетте бұл: М.Ю. Лермонтовтың – Максим Максимычы, действующие лица семейных хроник С.Т. Аксаковтың отбасылық шежіресіндегі – қатысушы тұлғалар, Н.В. Гогольдің – старосветтік байбатшалары, "Жанұя бақыты" – персонаждары, Л.Н. Толстойдың – Ростовасы мен Левині, Ф.М. Достоевскийдің – кінәз Мышкині мен Макар Ивановичы, Тихоны мен Зосимі. Осы қатарға А.Н. Островскийдің, И.А. Гончаровтың, Н.А. Некрасовтың, И.С. Тургеневтің, А.П. Чеховтің көптеген кейіпкерлерін қосуға болар еді. Бұның санатына М.А. Булгаковтың Турбинін, А.П. Платоновтың "Фро" әңгімесінің кейіпкерлерін, А.И. Солженицыннің Матренасын, біздің әдебиетіміздегі "ауыл" прозының (мысалға, В.И. Беловтың "Әдеттегі жайтындағы" Иван Африкановичті, В.М. Шукшиннің "Алеша Бесконвойный" әңгімесінің қаһарманын) бірқатар персонаждарын жатқызуға болады. Шетелдегі орыс әдебиеті бойынша, Б.К. Зайцев пен И.С. Шмелевтардың (оның ішінде, "Құдай үйіндегі жаздағы" Горкин мен "Богомольясы") прозаларын атап айтуға болады. Басқа елдердің әдебиетінде осындай тұлғалар Ч. Диккенсте, біздің ғасырымызда У. Фолкнердің трагизмге толы романдары мен хикаяттарында үлкен мәнге ие.
Қастерлі-идиллиялық бетертиптердің – көне грек мифіндегі персонаждар Филемон мен Бавкида бір-біріне деген шексіз сүйіспеншілігі және қонақжайлылығы үшін құдайлар тарапынан марапатталып: олардың лашықтары ғибатханға айналып, ұзақ ғұмыр мен бір сәтте ажал табу мархабаты тарту етіледі. Міне, осыдан бастау алып өрілген идиллиялық арқауы Феокриттің "Буколикаасы" мен Вергилийдің "Георгикасына", Лонгтың роман-идиллисы "Дафнис мен Хлояға", к Овидийдің Филемон мен Бавкида туралы мифке қалам тербеуіне және араға ұзақ ғасыр салып, И.В. Гетедегі (соответствующий второй части "Фаустың" екінші бөліміндегі сәйкесетін эпизодына, сондай-ақ, "Герман мен Доротея" поэмасына) ұласады. Біз қарастырып отырған "бетертипінің" ілкі бастауында құдайлар туралы миф емес (XX ғ. орыс сөз саптауына тән лексикаға жүгінер болса, адам құдай емес), адамның адамилығы жатыр.
Қастерлі-идиллиялық бетертип, сондай-ақ, Гесиодтың дидактикалық эпосында байқалды. "Еңбектер мен күндерде" гомерлік апология: жауынгердің ерлігі, олжасы салуы мен даңқы жоққа шығарылып, бейбіт қоңыржай шаруа өмірі әспеттеліп, халық аңыздары мен тәжірибесіне сүйенген, мақал-мәтелдері мен мысалдарында айшықталған жанұядағы әдептілік пен адамгершілік құрылым жоғары бағаланды.
Біз қарастырып отырған персонаждар әлемінің қатары көне грек симпосийінің (σύμποσιον-шарап ішудің думанды отырысы-Ә.Ә.) дәстүрі негізінде достық ақылмандық бас қосуға ұласты. Осыған байланысты ең бастысы әрі реалды тұлға, әрі платондық диалогтардың кейіпкері ретіндегі Сократтың фигурасы, онда көне дәуір ойшылы кейбірде жылы жымиысқа толы емін-еркін сұхбаттасудың бастамашысы мен қатысушы жүргізушісі ретінде танылады. Осы ретте ең айқын айшықталғаны философтың өмірінің соңғы сәтінен сыр шертетін "Федон" сұхбаты.
Тұрмыстық-идиллиялық бетертиптің қалыптасуында ертегі де өзінің қызықты да, түпсіздіктің, бүкпентайлықтың құндылықты негізіне ұмытылысы арқылы өз үлесін қоса білді. Атар айтар болсақ, Күше қыздың өгей шешесі, ақымақ Иван, немесе, Шекспирдің "Дауылындағы" қайырымды сиқыршы Просперо.
Тұрмыстық-идиллиялық бағдардағы қаһарман реалдылықтан бойын аулақ салмайтын және оған тікелей қатысты болып табылатын, мінез-құлқындағы әлемге деген "перзенттік назарының" (М.М. Пришвин) шығармашылықпен ұштасып келуімен сипатталады. Біздіңше, әдебиеттің даму тенденциясы турасында: оңдымды нар тәуекелшіл-қаһармандық бағдар ұстануды ашып көрсетуде сыни байыптаманы орынды кіргізе отырып, тұрмыстық-идиллиялық образдылығын сыналап енгізу деп айтуымызға негіз бар. Аталған тенденция, көбіне, классикалық айқындылықпен А.С. Пушкиннің ( "Кавказ тұтқыны" мен "Сығанынан" бастап, "Белкин хикаяттары" және "Капитан қызындағы") шығармашылық эволюциясында көрініс тапты. Ол сонымен бірге біздің дәуіріміздің пәлсапашылдығының да негіздемесі мен түсірмесінде бой көрсетеді. Осылайша, заманалық неміс философы Ю. Хабермас табысқа қол жеткізуге бағдар ұстанған амалдау әрекеті, бірте-бірте өзара түсіністікпен адамдардың бірігуіне тырысатын коммуникативтік іс-әрекетке орын босатады деп тұжырымдайды [467].
Әдеби персонаждар тек қана құндылықты бағдар ұстанушылардың "қорғаушылары" бейнесінде емес, сонымен бірге, әлбетте, еңсесі түскен, өз биігіне көтеріле алмағандардың да жағымсыз кейіптерінде де сомдалуы мүмкін. "Жағымсыз" бетертиптердің бастау көзінде араға ғасырлар сала отырып, "Илиадада" сөз етілетін Ахилл мен Одиссейдің дұшпаны құдыс, шыли, мұрнының астынан міңгірлеп жүретін кеңкелестеу Терсит күлкі мен әшкерлеуге лайық. Бұл еуропа әдебиетіндегі ең бірінші антиқаһарман болып табылады[468]. Осы сөзді қолданысқа Ф.М. Достоевский енгізді: "Бұнда әдейлеп, антиқаһарманың барша нышаны жинақталған" ("Астыртын жазбалар"). Тағдыр тәлкегіне шарасыздық танытып, езіп жаншылған адамилық Сизиф туралы мифте көрініс табады. Бұл жердегі адамға құндылық бағдарының түкке де керегі жоқ! Сизифті А. Камю өзінің "Сизиф туралы миф. Абсурд жайлы эссе" еңбегінде архетиптік фигура ретінде қарастырды. Көне грек мифологиясының аталған персонажы өзінен кейінгі дәуір әдебиетінің талай туындыларынан асып түседі.
Шындық болмыста, әлдебір бағдарлар мен мақсаттарға лайықты адамдардың өмірде өз орнындарын таппауы XIX ғ. орыс жазушыларының, оның ішінде, Н.В. Гогольдің көптеген персонаждарынан ұшырасады. Мысалға, есуас Поприщинді немесе Акакий Акакиевичті шинелімен, тіпті болмаса, мұрнынан айырылған майор Ковалевті еске түсірейік. "Гогольдің жетекші тақырыбы болып,-деп, тұжырымдайды С.Г. Бочаров, өз шарықтау шегіне XIX ғасырда жеткен барлық Жаңа уақыттағы еуропаның тарихи кең ауқымдағы мәні болып ұғылған – "бөлшектеу" болып табылады; бөлшектенген, жіліктенген замана өмірінің бар жағынан көрініс тапқан сипаты <...> адамның өзін де жайлап алған <...> Гогольдің петерборлық хикаяттарында шенеуінік-қаһармандар арқылы адамды ерекше қырынан сомдаудың кең ауқымдылығы дүниеге келді. Оның ауқымы сонда: адам шаманың бөлшегі мен бөліндісі есебінде қабылданады (Поприщинді бөлім бастығы "нөлсің" деп иландырғандай)". Бочаров "Шинельдің" қаһармандары турасында өз ойын адам бұл арада "адамның тіршілік кешуі, құндылығы мен маңызы өзінің ең төменгі деңгейіне абсолюттендіріліп құлдилатылып <...> бәрін бір ғана түкке алғысыздықтың маңына топтастырған" деп жалғастыра отырып: "Акакий Акакиевич тек қана" кішкентай адам емес" дейді. Ол туралы айтатын болсақ, ол тіптен кішкентай адамнан да шағын, адам өлшемінен де кіші"[469].
"Кейіггогольдік" әдебиеттің көптеген персонаждары басы бүтін жаны жоқ тірліктің бодауында кетіп, өлеусірген ортаның шылбырына оранып, өздерінің менмен өркөкіректігіне басы байланады. Олар не біртектес сүреңісіз өмірдің жетегінде кетеді, не болмаса, өзін-өзі рахатқа батып жүрмін деген соқыр сенімге малданады. Блок "өрмекшінің түбіне жетіп болмас, шырмаулы дүниесі" деп атаған олардың өздеріне ғана шақталған әлемдеріне сүреңсіздіктің дәурен құруы тән[470]. Чеховтың "Ионыч" әңгімесінің кейіпкері, ол тақлеттестер (қилы нұсқадағы бірін-бір қайталамайтындар) және Достоевскийдің туындыларының бірқатарының ауаны тап осындай болып келеді. Свидригайловтың қиялында туындаған: мәңгіліктің ауыл моншасы ішінде құжынаған өрмекшіге ұқсайтындығының қорқынышты образын еске түсірейік.
Өзін алығып-жабығудың түпкіріне қуып тыққан адам тек гедонистік тән рахытана бағдар ұстанып, адамгершіліктен бетін аулақтатып, зұлымдыққа мойынұсынушы және оның апологияларына бейім жан ретінде жазушылар тарапынан талай мәрте сомдалды. "XVIII ғасырдың романистикасында гедонизм мен оның теріскей жағы зұлымдық егжей-тегжей, жан-жақты және қуанышқа кенелтпейтін сарпатауға ұшырады",- деп (батыс еуропа әдебиетіндегі Ш. Бодлердің алдындағы – Мариво, Лесажа, Прево, Дидро және де Садқа қатысты) атап көрсетеді Г.К. Косиков [471].
Достоевскийдің туындыларындағы адами болмысты қайыра қорытқан персонаждар турасында XX ғ. Ю. Кристева еш негізсіз "шытынаған мен", "жарықшақты субъектілер", "қаққа айырылған сананың" қорғаушылары деген сөз тіркестерін оңды-солды қолданады [472]. Құндылық бағдары шатқаяқтаған, не болмаса, мүлдем жоқ адам, біздің ғасырымызда қаламгерлердің ерекше зер салатын тақырыбына айналды. Бұл Ф. Кафканың үрейі және абсурд театры, адамдарды жаппай қыруға қатысушылардың образы, адамның монстр, құбыжық тіршілік иесі деп танитын көркемдік концепциясы[473].
Егер оған аксиологияның (құндылық теориясы) ракурсынан қарайтын болсақ, туындының персонаждық аясы (өзінің жуықтау мәнінде) тап осындай.
Достарыңызбен бөлісу: |