Ббк 84 қаз-7 а 37 Құрастырушы: Шекербану Рахметолдақызы Жақыпова Ақатай С. Н



Pdf көрінісі
бет11/27
Дата27.03.2017
өлшемі3,32 Mb.
#10430
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   27

Жалаңтөс батыр Сейітқұлұлы

Ұлттық өнер мен мəдениет тарихының танымал зерттеушісі, 

əдебиетші,  тарих  ғылымдарының  кандидаты,  Республикалық 

халық  аспаптары  музейінің  директоры  Сəбетқазы  Ақатаев 



152

50   жасқа толып отыр. Газетіміздің біраз жылдан бергі белсенді 

авторын  осы  мүшелтойымен  құттықтай  отырып,  төмендегі 

мақаласын назарларыңызға ұсынуды жөн көрдік. 

“Біз  таяуда  Өзбекстанда  болып  қайтқан  едік.  Самарқант 

қаласының  кейбір  көне  ғимараттарының  қабырғаларына 

орнатылған  арнайы  тас  плиталарға  “бұл  ғибадатхананы 

салдырған  Алшын  Жалаңтөс  Бахадур”  деген  жазуды  оқыдық. 

Жалаңтөс деген кім?”

Зəуре, Сəуле жəне Гүлім Оразбековалар. 

Алматы қаласы. 

Тарихи  жазба  деректер  мен  кейбір  ауыз  əдебиеті  нұсқа-

ларында Жалаңтөс есімі жиі кездесіп отырады: 

Ер Жалаңтөс ер деңіз, 

Елдің қамын жер деңіз. 

Ел шетіне жау келсе, 

“Мен барайын” дер деңіз... 

Жолдастарын сұрасаң, 

Отырарда Арыстан, 

Ерлердің ері данышпан, 

Арыстанбай аталған. 

Алатауда Манасты, 

Қонысы оның Талас-ты. 

Жиделі-Байсын жерінде. 

Қоңырат деген елінде, 

Алпамыс ермен сырласты... 

Көрұғлы – сұлтан Рүстем, 

Олармен де белдескен, 

Жалаңтөске жол беріп, 

“Шері Қыпшақ Ер” дескен. 

Қазақ  фольклоры  Жалаңтөсті  Манас,  Алпамыс,  Көрұғлы 

мен  Рүстем  секілді  ортаазиялық  қаһармандық  эпостардың 

замандасы ретінде тұлғаласа, белгілі ғалым ағамыз, Қазақ ССР 

Ғылым академиясының корреспондент мүшесі Ақжан Машанов 

“Біздің Фараби” деген кітабында оны Отырардан шыққан ғұлама 


153

ойшылымыздың тұстасы деп қарайды. Бұл – əрине, ұшқарылау 

пікір болса керек. 

Шынында,  Жалаңтөс  кім?  Беймəлім  батырдың  Самарқант 

қаласының  көкпен  тірескен  көгілдір  күмбезіне  қандай 

қатысы бар?

Жалаңтөс – тарихта болған адам. 1576 жылы Сырдарияның 

Арал  теңізіне  қияр  сағасында  дүниеге  келген.  Халқымыздың 

тарихында  жиі  айтылатын  Əйтеке  бидің  бабасы  болып 

келеді. Əкесінің аты – Сейітқұл. Москвада жарық көрген төрт 

томдық  “Əлемдік  архитектура  тарихы”  кітабының  авторлары 

Жалаңтөс есіміне “алшын” сөзін қосып жазыпты. Оның мəнісі 

мынау.  Батырдың  руы – алшын,  оның  ішінде  Қазалы  маңын 

мекендеген  –  төртқара.  Тарихи  жазба  деректерде  Жалаңтөс 

көбіне лақап аттармен аталады: “Шері Қыпшақ ер”, “Асад шері” 

(асад – арабша арыстан) “Əсет сері”. Халқымыздың тарихында 

Жалаңтөс есімі жиі кездесіп отырады. Белгілі ғалымымыз Əлкей 

Марғұланның  аталарының  бірінің  есімі  Жалаңтөс  болғанын 

білеміз.  Əсілі,  Жалаңтөс  деген  атау  батырлықты  білдіретін, 

ешбір  сауыт-саймансыз  жауға  атой  салатын  баяғының  көзсіз 

батырларының  бітімін  тұлғалаудан  келіп  шықса  керек.  Бұған 

Жалаңтөс Сейітқұлұлының да өмірбаяны дəлел бола алады. 

Жалаңтөс  жас  кезінде  жоқшылық  зардабын  көп  тартқан 

жанға ұқсайды. Дінмұхаммед ханға 12 жасынан қызмет етеді. 

Шешендігі  мен  тапқырлығының  арқасында  жұрт  көзіне  ерте 

шалынады. Би атанады. Жалаңтөс өз заманының ірі өмірлерінің 

бірі болады. 

Жалаңтөстің  өмір  сүрген  дəуірінен  біраз  кейін  жазылған 

“Тарихи-Қыпшақ”  кітабының  авторы,  Балқыдан  шыққан 

Қыпшақхан бұл батырдың қызылбастарға жасаған жорықтарын 

баян  етеді.  Кіші  жүз  рулары,  əсіресе  алшындар  Ақсақ  Темір 

əулетінің  ықпалынан  босап,  олардың  бұрынғы  астанасы 

Самарқантты  бетке  алып,  феодалдық  қақтығыстарды 

арқа  тұтып,  Қабыл,  Мешхет,  тіпті  Темір  əулетінің  кейінгі 

астанасы Гератты да жаулап алу мақсатымен алыс сапарларға 

аттанып  жүреді.  Алшындардың  бұл  жорықтарын  басқарған 



154

Сейітқұлұлы  Жалаңтөс  батыр  еді.  Жиі-жиі  өткен  жеңіс 

салтанаты  Жалаңтөс  иелік  еткен  Самарқант  қаласына  жан-

жақтан:  Үндістаннан,  Ираннан,  Ауғанстаннан,  Қашғариядан, 

Хорезмнен, Жоңғариядан, Тибеттен аса қымбат тартулар келіп 

түсіп жататын. 

Бірақ бұл соғыстар баянды болмады. Өйткені дəл осы кезде 

1635  жылы  Қазақстанның  оңтүстік-шығыс  шекарасында  жаңа 

феодалдық  мемлекет – Жоңғар  хандығы  орнады  да,  ол  өзінің 

сыртқы саясатын Сырдария бойындағы қазақ қалаларын басып 

алуға бағытталған қантөгіс соғыстардан бастады. Қазақ халқы 

ұзаққа созылған ауыр жағдайға ұшырады. Жоңғарлардың қазақ 

қолдарымен  шайқасы  жиілей  түсті.  Зеңбірекпен  қаруланған 

жоңғар  əскері  қазақ  жасақшыларының  қатарын  жиі-жиі 

ойсыратып  отырды.  Бұл  соғыстың  алғашқы  кезеңі  қазақтарға 

ауыр  тиеді.  Əр  түрлі  ұлыстарға,  жүзге,  ұсақ  хандықтарға 

бөлінген қазақ халқының басын қосып, оны жауға ұйымдасқан 

тұтас  көш  ретінде  қарсы  қою – сол  кездің  түбегейлі  саяси 

мəселесі еді. Біржарым ғасырға созылған қазақтың ұлт-азаттық 

күресін  өмір  тəжірибесі  мол,  əлеуметтік  зердесі  жетік,  ұрыс-

қағыстарда шыныққан, ел сынынан өткен Қаракерей Қабанбай, 

Қаз дауысты Қазыбек, Қанжығалы Бөгенбай, Шақшақ Жəнібек, 

Қу  дауысты  Құттыбай,  Райымбек,  Шынғожа  секілді  қалың 

бұқарадан  шыққан  халық  ұлдары  басқарғаны  мəлім.  Сайдың 

тасындай осындай ел азаматтарына бір ғасыр бұрын өмір сүрген 

Жалаңтөстей  ағаларының  ерлік  ісі  үлгі-өнеге  болды. 1640 

жылдың өзінде Жоңғар мемлекетінің негізін қалаушы Батурмен 

айқаста Жалаңтөс бастаған қазақ пен Орта Азия халықтарының 

біріккен қалың қолы тұңғыш жеңіске жетті. 1643 жылы Жетісу 

өңіріне баса көктеген жоңғарларды күйретуге, ол Самарқанттан 

2 дұт қол жіберіп (I дұт – 10000 жауынгер), қазақтардың жеңіске 

жетуіне  жағдай  жасады.  Жоңғар  хандығының  өрлеу  кезіне 

дəл  келген  осы  соғыстарда  Жалаңтөстің  атағы  алысқа  кетті. 

“Жалаңтөс” атауы батырлықтың ұранына айналды. 

Міне,  осы  соғыстарда  Жалаңтөс  қолбасшылық  қырымен 

танылды. Алайда, батырдың өмір жолын саралауда, оған баға 

беруде оның таптық тегін есте ұстаған жөн. 


155

Жалаңтөстің  аса  бір  қадыр  тұтқан  ісі – сəулет  өнері 

болды.  Ол  өзі  иелік  еткен  Самарқант  қаласын  зəулім  де  көз 

тұнарлық ғимараттармен молайта түсті. Шартараптан ағылған 

мол  байлықты  Жалаңтөс  Самарқантты  қайта  салуға,  жаңа 

медреселер  мен  мешіттер,  моншалар  мен  керуен  сарайлар, 

жолдар мен арықтар салуға жұмсады. 

Жалаңтөс  Əмір-Темірдің  немересі  Ұлықбектің  сəулет 

өнеріндегі үлгісін өнеге тұтты. Жалаңтөстің тікелей басшылық 

етуімен  салынған  Шери-Дор (“Арыстан  қақпа”)  медресесі 

1620  жылы  басталып, 1636 жылы  бітті.  Шери-Дор  медресесі 

1417–1420 жылдары Ұлықбектің Регистан алаңына бой түзеген 

медресесінің  негізгі  идеясын  өрбіту,  толықтыру  барысында 

дүниеге  келді.  Ұлықбек  идеясына  еліктеу  осы  Шери-Дор 

медресесінен  анық  байқалып  отырады.  Медресенің  қасбеті 

(порталы)  заңғар  иықты,  мұнаралары  түзу  де  биік,  күмбезі 

дөңгелек  барабанға  орнатылған.  Ұлықбек  медресесінің  негізгі 

архитектуралық  бөліктері  ұтымды  қолданылып,  қарама-қарсы 

қойылған екі медресенің ұқсастығы үйлесім тапқан. Сонымен 

бірге  осы  құрылыстар  ортаазиялық  сəулет  өнеріне  біршама 

жаңалықтар  да  енгізді.  Бұл  жаңалықтар  көбіне  медресе 

қабырғаларын безендіру үлгісі мен қолданған материалдарынан 

біршама анық байқалады. 

Мəселен,  Шери-Дор  медресесінің  кіре  беріс  қақпасының 

маңдайшасы (қасбетінің) хайуанаттар бейнесімен əшекейленді, 

Жалаңтөстің  бұйрығы  бойынша  қақпа  порталына  (қасбетіне) 

жолбарыстың, еліктің жəне адам тəріздес күн бейнесі салынған. 

Бұлар  əрине,  ислам  дініне  үш  қайнаса  сорпасы  қосылмайтын, 

Қызылқұм  мен  Маңғыстауды  мекендеген  оғыздар  мен 

маңғыттардан  мирас  болып  қалған  көшпелілердің  безендіру 

дəстүрі  (жолбарыс  пен  елік – рулық  тотемдер,  ал  дөңгеленіп, 

шапақ  шашқан  күн  бейнесі  бүкіл  көшпелілерге  ортақ  құдай-

тəңірінің белгісі) екеніне дау айту да қиын. 

Жалаңтөстің  басшылығымен  салынған  көп  ғимараттардың 

тағы  бірі – Тилля  Кари (“алтынмен  қапталған”).  Оны  салу 

1646  жылдан 1660 жылға  дейін  созылды.  Шери-Дордан 10 



156

жыл кейін басталған бұл медресені салу барысында Жалаңтөс 

тағы  да  Ұлықбектің 1418 жылы  Бұқара  шаһарында  тұрғызған 

медресесінің  конструкциясын  үлгі  тұтты.  Тилля  Каридің 

салынуымен  Самарқант  орталығы  тұтастық  сипат  алды.  Бұл 

медресе  Ұлықбек  медресесі  мен  Шери-Дордың  арасындағы 

ескі  Мирзои  керуен  сарайының  орнына  түсті.  Үш  үлкен 

медресе  шоғырланған  кең  алаң  өте  қарапайым  сызықтармен 

геометриялық  фигуралар  құрап,  көздің  жауын  аларлықтай 

архитектуралық  образ  тудырды.  Шери-Дор  мен  Ұлықбек 

медреселерінің  фасадтары  шаршы  фигура  құрады,  олардың 

биіктігі  алаңның  еніне  тең.  Міне,  осылайша  салтанат  түзеген 

Регистан  алаңы XVI–XVII ғасырларда  Орта  Азия  қала  салу 

өнерінің  ғажап  туындысы  болды.  Қазіргі  кезде  туризм 

орталықтарының  біріне  айналған  Самарқанттың  дəстүрлі 

бейнесін Жалаңтөстің басшылығымен салынған ғимараттар да 

көркейтіп  тұр.  Олардың  қақпаларына: “Ғимаратты  салдырған 

Алшын  Жалаңтөс  бахадур”  деген  жазуы  бар  тас  тақтайшалар 

ілінген.  Апалы-сіңлілі  Оразбековаларға  сауал  тудырған  осы 

тақтайшалар.  Бұл  ғимараттар  үкімет  қамқорлығында,  көбі 

Өзбек ССР мəдениет ескерткіштерін қорғау қоғамына тіркелген. 

Бұл  партиямыздың  көне  дүние  ескерткіштеріне  деген  ыстық 

ілтипатының  бірден-бір  айғағы.  Орта  Азия  сəулет  өнерінің 

дамуына  Қазақстанның  қыратты  далаларын  мекен  еткен 

көшпелі  халықтар  да  игі  ықпал  еткен.  Бұл  ықпал  Жалаңтөс 

салдырған  мұралармен  шектелмейді.  Шахи-Зинда  зираттар 

комплексіне мұрындық болған да – көшпелілердің кеңістіктік-

эстетикалық  талғамы  екені  аян.  Күмбезді  архитектураның 

идеялық  негізі – мимезис,  космосқа  еліктеу,  ғарыштық 

кеңістіктің  бітіміне  еліктеуден  туады.  Күмбездің  алғашқы 

варианттары – ертедегі жəне ортағасырлық көшпелілердің сырт 

пішіні жағынан төңкерілген аспанды бейнелейтін қорғандары. 

Қорған – көшпелі  халықтардың  материалдық  мəдениетінің 

айнымас  белгісі.  Күмбезді  үй  құрылысы  Евразия  көшпелілері 

үшін  ежелден  белгілі  тəсіл.  Ұлы  грек  ақыны  Гомер  (б.  з.  б. 

IX  ғ.)  өзінің  дастандарында  көшпелі  скиф  халықтарының 



157

тұрмыс  ерекшеліктерін  жырлағанда,  күмбезбен  көмкерілген 

киіз  үйлерде  тұратынын,  қымыз  ішетінін (“гиппокологи”) 

жазады. Орталық Қазақстан үшін тастан өрілген күмбез біздің 

эрамызға дейінгі IV–V ғасырларда болғаны белгілі. Оған дəлел – 

Қарағанды облысының “Бесоба” совхозының территориясында 

ашылып, 1970 жылы  академик  А. X. Марғұлан  зерттеген 

“Шапқан-төбе” қорғанынан табылған күмбезді үйі. 

Жалаңтөстің  жоңғарлардың  шабуылына  байланысты 

жорыққа жиі шығуына орай “Тилля кари” ойдағыдай аяқталмай 

қалды. 1656 жылы  Жалаңтөс  батыр  Сейітқұлұлы 80 жасында 

дүние  салды.  Сүйегі  Самарқант  қаласынан 12 шақырым 

жерде,  Дағбит  қыстауында  (Қазақ  Совет  энциклопедиясы, 

4-том).  Жалаңтөс  ұрпақтары  қазір  де  бар.  Соның  бірі – Ораз 

Баймұрзаев, Жалаңтөс бабасының жолын мирас еткен сəулетші, 

Алматы қаласының бас архитекторы, Казақ ССР Мемлекеттік 

сыйлығының  лауреаты,  Қазақтың  М.  Əуезов  атындағы 

академиялық драма театры үйінің авторы, Қазақ ССР Жоғарғы 

Советінің депутаты. 

Қазақ əдебиеті. 7 қазан 1988 ж.

Найман мемлекеті

Найман  мемлекеті  (қытай  деректерінде  “найман-го”) – 

ХІ–XII  ғғ.  Қазақстанның  шығыс  өңірін  қоныс  еткен  түрік 

тектес  тайпалардың  саяси  мемлекет  бірлестігі.  Бұл  бірлестік 

алғашында  тарихта  “сегіз  оғыз”  деген  атпен  шықты  да,  кейін 

көрші халықтар оны “цзу-бу”, ал ХІ–ХІІ ғғ. бастап “найман” деп 

атап  кетті  (найман – монғолша – сегіз).  Наймандар  арасында 

əріпті жазу мен христиан дінінің несториан ағымы кең тараған. 

Найман тайпалары Орталық Азиядағы мəдениеті биік дамыған 

халықтардың  бірі  болды,  ХІІІ  ғ.  Басындағы  монғолдар  жазу 

үлгісін  осы  наймандардан  алды (“Шаньши  Юань”  монғол 

əулетінің тарихы, Бо-на басылымы, 124-тарау, са-со парақтар). 

Найман ұлысы шығыс Қазақстан мен Батыс Монғолстанды 

алып  жатқан  Алтай  мен  Хинган  таулы  өлкесіне  орналасты. 



158

Коңсыларының  саяси  оқиғаларына  зер  салып,  барлығын  тізіп 

отырған  Қытай  “Ляо  ши”,  Цзинь-ши  деректерінде  найман 

аталымы XII ғ. Бірінші ширегінен бастап кездесетініне қарап, 

наймандар  басқа  жақтан  ауып  келді  деген  ұғымға  арқау  бола 

алмайды. XI ғ.  найман  тайпасының-тарихи  жыл  санау  межесі 

деу де ағаттық болар. Сөз жоқ, наймандардың ерте феодалдық 

тұрпаттағы  мемлекет  құру  процесі  мезгілі  жағынан  көп 

ғасырларға созылған əлеуметтік-тарихи процесс. 

Найман  дүниесіне  ғылымның  назар  аударғанына  ғасырға 

жуық уақыт болады. Көпке дейін мəселе шешуін таба алмады. 

Ғалымдар арасындағы пікірталас нəтижесінде наймандар түркі 

тілдес тайпа деген пікірге келіп отыр. Бұл пікірді қолдаушылар 

қатарында  орыс  Н.  Аритов,  Прум-Пржимайла,  Викторова, 

түрік  Инан,  жапон  Мураяма  бар.  Сөйте  тұра,  зерттеушілер 

наймандарды монғол тайпасы деп келді. Олардың ішінде орыс 

ғалымдары  И.  Я.  Шмидт,  В.  П.  Васильева,  А.  М.  Позднеев, 

В.  В.  Бартольд, француз ғалымы Д`Оссон, ағылшын Г. Форвард 

қазақ ғалымы Ш. Уалиханов бар. Бұлардың біразы наймандарды 

тек монғол тектес деп қана қарамай, оларды монғол халқының 

əдеби  тілі  мен  жазба  мəдениетінің  негізін  қалаушылар  деп 

қарады.  Академик  Б.  Я.  Владимирцов  монғолдар  өздерінің 

əдеби  тілі  мен  жазба  мəдениетінің  негізін  қалаушылар  деп 

қарады. Академик Б. Я. Владимирцов монғолдар өздерінің əдеби 

тілі мен жазу үлгілерін наймандардан алды десе, ал Н. Поппе 

керейлер  жазу  өнерін  наймандардан  үйреніп  алып,  соңынан 

қос тілдес: түрік жəне монғол тілдерін бірдей меңгерген халық 

деген пікірді венгр ғалымы Д. Кара ұсынып отырды. 

Наймандар  “сегіз  оғыздармен”  тікелей  этногенетикалық 

байланыста  болған. “Сегіз  оғыз”  деген  тайпа  аты  (көне 

түркі  түрі  сакиэ  оғыз)  жазба  деректерде  тұңғыш  рет  Ұйғыр 

қағанатының  ірге  тасын  қалаушы (745 ж.)  Мойоншораға 

қойылған  ескерткіште  кездеседі.  Ескерткіш  Мойоншораның 

Ұйғыр тағына таласушылардың барлығын жеңіп, “сегіз оғызға” 

қарсы  жорыққа  шыққанын  баяндайды.  Ескерткіш  мəлімет 

бойынша “Сегіз оғыздар” Мойоншорадан жеңіліп, ұйғырлардың 



159

үстемдігін мойындайды. Бұл оқиға 747–750 жылдар арасында 

орын алған еді. Сондықтан “сегіз оғыздар” осы мезгілде көрші 

мемлекеттерге  қарсы  бас  көтере  бастаған  тайпалардың  саяси-

соғыс  бірлігі  ретінде  танылады  да  олардың  этникалық  нығаю 

процесі  өріс  алып  жатқанын  аңғартады.  Ұйғыр  қағанатының 

құрамына  кіргеннен  кейін  “сегіз  оғыздардың”  тарихы  төрт 

ғасыр  бойы  жұмған  аузын  ашпайды.  Тек XII ғасырда  бұл 

бірлестік монғолша “найман” деген атпен қайта пайда болады. 

Бұл кезде наймандар монғол тектес қара қытай мемлекетінің қол 

астында болады. Бірақ “сегіз оғыз” деген ат “найманға” өзгеруі 

қалай?  Не  себептен  “оғыз”  деген  этникалық  белгі  этноним 

құрамынан шығып қалды? Бұл сұрақтарға жауап бере қою оңай 

емес болғанымен, көпке созылған монғол тілдес қара қытайдың 

үстемдігінің  салдарын  да  ұмытуға  болмайды.  Сөйтсе  де XIII 

ғасырда “сегіз” деген аттың “найман” есімінің баламасы ретінде 

қолданудан түспегенін ескерсек, “найман” деген атау “сегіздің” 

монғолша аудармасы деп қабылдауымызға болады. Өйткені сол 

XII  ғасырдың  тарихшысы  Ата  Мəлік  Джувейни  наймандарды 

кейде “сегіз” деп, ал Джемал Қаршы наймандардың сүт кенже 

ханы  Күшлікті  “Кучлуг  хан  ас-сегізи”  деп  атайды.  Бұл  дерек 

XIII ғасырда этнонимнін түрік түрі монғол баламасымен бірдей 

қолданылғанын  көрсетеді.  Сөйтіп,  түрік  атауы  көп  уақытқа 

дейін монғол есімімен қатар қолданылып, монғол тілі Шыңғыс 

ханның жаулап алған жерлеріне үстем тіл болғаннан соң ғана 

қала бастағанын байқатады. 

Ерте феодалдық мемлекет бірлестігіне тəн белгілер найман 

мемлекетіне де сай болды. Түрік, ұйғыр, қырғыз қағанаттарына 

ұқсас  найман  ханы  да  өзін  ұлыстың  толық  егемені  ретінде 

сезіне  алмады.  Жазба  деректер XII ғасырдың  аяғынан  бастап 

Найман  мемлекетін  “күшлік” (күшті,  ұлы)  жəне  “бұйрық” 

(бұйыру,  бұйрықшы)  деген  лауазымы  бар  ағайынды  екі  хан 

басқарды.  Күшліктің  үкімі  үстемірек  болды.  ХІІ  ғасырдың 

аяғына дейін найман Инаншы Білікті Бұқа хан (инаншы – сену, 

сенімді, білік-дана, данышпан) басқарды. Наймандардың əскери 

саяси  босаңсуы  осы  ханның  дүние  салуымен  орайлас.  Бұл  да 



160

өлкеміздегі ерте феодалдық мемлекеттердің бірден-бір белгісі 

еді. XI ғасырдың аяғында өмір сүрген найман ақыны Құбатегін 

наймандардың кенелген, бақытты шағын Инаншы Білік тұсы еді 

дегенді айтады. Наймандардың қара қытайлардан өз азаттығын 

жеңіп  алуы  да  осы  Инаншы  Біліктің  есімімен  байланысты. 

Инаншы Білік өлген соң найман ұлысы екіге ыдырайды Бірін 

Таян  хан  (шын  аты  Бай-Бұқа), (“таян”  деген  қытай  лауазымы 

“бір аймақтың бегінің ұлы”), ал екіншісін Бұйрық хан биледі. 

Таян  хан  мен  Бұйрық  хан  үнемі  бақталас,  араздықта  болды. 

Өкінішке  қарай  наймандардың  сарай  маңындағы  ішкі  саяси 

дағдарысы  Шыңғыс  ханның  соғыс  күшінің  дəуірлеуімен 

сəйкес келді. Монғол ханының найман ұлысының шекарасына 

орналасқан тайпалармен қақтығысы шиеленісе түсті. Инаншы 

Білік өлгеннен кейін көпке созылмай керейт ханы Онхан (Ван-

хан), Шанжар тайпасының көсемі Жамұха шешен мен мұңғыл 

ханы Шыңғыс хан бастаған əскери қол 1199 ж. Бұйрық ханның 

ұлысына ентелеп кірді. Қарсы тұруға шамасы келмеген Бұйрық 

хан Енесайдың қырғыздарына қашып құтылады. 

Шыңғыс  ханның  қатерінен  қауіптенген  көптеген  тайпалар 

1201 жылы мұңғұлдарға қарсы одақтасып құрылтайға жиналады. 

Бұл  құрылтайға  белсенді  қызмет  атқарғандардың  ішінде 

Бұйрық хан да болды. Құрылтай Шыңғыс ханға қарсы жорыққа 

шығуға шешім қабылдады. Мұны құлағы шалған Шыңғыс хан 

қонаққа Онханды шақырды да екеуара дереу жорыққа аттанды. 

Наймандар басқарған тайпалардың одақтас қолы Шыңғыс хан 

мен  Онханның  сарбаздарымен  Қойтан  деген  сайда  шайқасты. 

Бұйрық  хан  мен  Жамұха-шешен  қол  астында  болған  əскер 

күші  жойқын  жеңіліске  ұшырап,  одақ  ыдырап,  Бұйрық  хан 

өз  нөкерлерін  ертіп,  Алтайдың  оңтүстік  етегін  паналады.  Бұл 

жеңіс Шыңғыс хан үшін де оңайға түспеді, қалың қолы сиреп, 

ұнжырғасы түсті. Сөйтсе де ол өзіне қарсы одақ жинады. Бірақ 

бұл  одақ  Шыңғыс  ханмен  шайқасқа  түспей  жатып  ыдырап 

кетті. Монғол ханының жазасы Бұйрын ханды көп күттірмеді. 

1202 жылы Шыңғыс хан мен Онхан Бұйрық ханға қарсы жорық 

ашты. Төтеп беруге шамасы келмеген Бұйрық хан кейін шегініп 



161

бара  жатып,  оңтүстік  Алтайда  найманның  Жеті  Тулық  деген 

əскербасы екеуі қолға түседі. 

Інісі  Бұйрықтың  от  басып,  қатер  үстінде  жүрген  бұл 

шақтарын  ағасы  Таян  хан  біліп  отырғанымен,  қол  ұшын 

кешіктіріп  береді.  Найманның  тағы  бір  Көксау  Сабырақ  атты 

қолбасшысы бастаған жазалау тобы Шыңғыс хан мен Онханды 

соғыс майданынан таппайды, өйткені монғол мен керей хандары 

найман  қолынан  сескеніп  тайып  отырыпты.  Көксау  Сабырақ 

алдымен  Онханды  жазаламақ  болып,  керейлердің  ұлысына 

тиісіп,  Онханның  баласының  үй-ішін  тұтқындап,  қалың 

олжамен  оралады.  Осы  жорықта  найман  əскері  керейлердің 

қол астында қалған меркіттердің де тəуелсіздігін жаулап алып 

береді. Бұл жолы не Онханның, не Шыңғыс ханның найманның 

тепкісінде қалған керейлерге көмекке келуге бата алмағанына 

қарағанда,  наймандардың  дəл  осы  кезеңдегі  соғыс  күшінің 

басым болғандығын аңғарамыз. 

Осыдан  көп  кешікпей  Онхан  қарауылда  жүрген  найман 

тобының  қолынан  қаза  болады.  Қарауыл  басы  Қорыса  бек 

Онханның басын көсіп, хан ордасына алып келеді. Осылайша, 

керейлердің соңғы ханы Онхан жəне керейлердің ертефеодалдық 

мемлекеті өмір сүруін тоқтатады. Шыңғыс хан найман қолымен 

өзінің ежелгі бақталасы Онханның көзін өстіп құртады. 

Еңдігі  жерде  Орталық  Азия  қыраттарында  Шыңғыс  ханға 

бəсекеге  түсерлік  дара  найман  ханы  Таян  ғана  қалады.  Бұл 

Шыңғыс  хан  əскерінің  көптеген  таласты  бастарынан  өткізіп, 

ширап  қалған  кезі  болғанымен  Найман  ұлысына  баса  көктеп 

кіруге  əлі  де  бата  алмады.  Енді  Найман  мемлекеті  Шыңғыс 

ханның дербес бақылауына түсті. 

Шыңғыс хан найманмен соғысуға əзірлік ісіне қызу кірісіп 

кетті.  Өзінен  күшті  қалың  əскері  бар  Найман  мемлекетімен 

шайқасу  оңайға  түспесін,  оған  дайындық  жұмысы  көп  уақыт 

керек  ететінін  білген  монғол  ханы  найманға  қарсы  шағын  да 

болса жақсы ұйымдастырылған күшті қарсы қоюды ойластырды. 

Таян хан да қарап жатпады, ол да өз маңына Шыңғыс ханның 

барлық қарсыластарын жинап, соғысты бірінші болып бастауды, 



162

армандап, өз ойын оңғұт ханы Алақұс тегінге жеткізеді. Алақұс 

тегін  опасыздық  жасап,  Таян  ханның  құпия  сырын  тұптура 

Шыңғыс ханға жеткізеді. Шыңғыс хан Алақұс тегіннің айтқанын 

қабыл  көріп,  оған  сыйлыққа 500 жылқы  мен 1000 қой  тарту 

етті.  Монғол  ханы  наймандардың  əскери  дайындығы  туралы 

бұрыннан да хабардар еді. Суыт хабарды ала сала дереу құрылтай 

ашты.  Монғолдар  алдағы  соғысқа  əзір  болмай  шықты.  Бірақ 

Шыңғыс  хан  шұғыл  қимылдап,  əскерін  қайта  ұйымдастырып 

жіберіп, тез арада 1204 жылы найманға қарсы жорығын бастап 

жіберді. Найман қолы 50000–65000 еді, ал монғол қолы 45000-

ға ғана жуық еді. Қайта құрылған монғол армиясы сан жағынан 

емес,  тəртіппен  күшейді.  Бұрынғы  көптеген  шайқастарда 

жеңіліс  дегенді  көрмеген  монғол  сарбаздарының  көңіл-күйі 

биік  жатты.  Қосындарының  тəртіпке  тапшы,  ұйымшылдық 

міндеті олқылау болуы найман мемлекетінің туы жығылуының 

басты  себебі  де  болды.  Бұл  жолы  жеңіліс  найман  жағында 

жатуы сондықтан. Шайқас үстінде найман сарбаздары өз шебін 

тастап,  топ-тобымен  кетті.  Сөйте  тұра  найман  сарбаздары 

ерліктің  небір  түрлерін  көрсетті.  Шыңғыс  хан  ұрыстан  кейін 

найман  сарбаздарының  батырлығына  “Мынадай  нөкерлері 

бар қолбасшының арманы не екен?!” деп баға береді. Таян хан 

шайқас  үстінде  қаза  табады.  Ауыр  жараланса  да,  ол  өмірінің 

соңғы  сəтіне  дейін  жауларын  жапырып  жатты.  Таян  ханның 

ұлы  Күшлік  аман  қалған  шағын  тобымен  майданнан  қашып 

үлгерді. Күшлікті қуған монғолдар Ертіс, Күршім, Бұқтырмаға 

дейін  жетіп,  найман  ұлысына  жататын  жерлерді  түгелдей 

бағындырып қол астына бағынышты етті. 

Күшлік  хан  Шу  өзенінің  бойындағы  Баласағұнға  жетіп, 

қара  қытай  Гөрханын  паналады.  Гөрханның  сеніміне  кіріп, 

хан қызына үйленген ол қара қытай ордасындағы ең мəртебелі 

мемлекет  қайраткері  ретінде  таныла  бастады.  Гөрханның 

қолпаштауына  сүйенген  Күшлік  қара  қытайлардың  сыртқы 

жəне ішкі саясатына араласа бастады. Біраз уақыт өткен соң ол 

Гөрханды  орнынан  ығыстырып,  мемлекет  тізгінін  өз  қолына 

алып,  негізінде  біріккен  (найман-қара  тай  империясын  құру 

əрекетін  жасады.  Күшліктің  басты  мақсаты  Шыңғыс  ханға 


163

қарсы  тұра  аларлық  найман  ұлысын  қалпына  келтіру  еді. 

1218 ж. Шыңғыс ханның атақты қолбасы Жебе бастаған 2000 

қол  Күшлікті  Таулы  Бадақшанның  Сарыкөл  көлінің  маңында 

қолға  түсірді.  Өмірінің 15 жылын  монғолдарға  қарсы  күреске 

сарп еткен Күшліктің де басы кесілді. Күшлік қарамағындағы 

наймандар Шыңғыс ханға қызмет етуге құлшынды. 

Сонымен, 1204 ж.  Найман  мемлекеті  құлады.  Алтай  мен 

Ертіс бойын мекендеген найман тайпалары монғолдардың жаңа 

империясына кірді. Наймандардың біразы өздерінің атамекенін 

тастап,  Алакөл,  Балқаш  көлдері,  Жетісу  Есіл,  Сырдария 

өзендері жəне Ұлытау, Атбасар өңіріне қоныс ауыстырады да, 

біраз бөлігі кейін Алтын Орда мемлекеті ыдыраған тұста ноғай, 

өзбек,  қарақалпақ,  қырғыз,  башқұрт  жəне  т.  б.  халықтардың 

құрамына енді. 

“Құлан құдыққа құласа, құлағында құр бақа ойнайды” дейді 

қазақ.  Орыс  шовинистерінің  “Ертістің  оң  жағалауы  Ресейдің 

бөлшегі” деп таласқа түскен жердің қысқаша тарихаты осы. 



Шалқар. 27 тамыз 1993 ж.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет