Әлемдік
рейтинг
Google Disk
Baidu Cloud
DropBox
OneDrive
53,9
Ресей
Google Disk
Yandex Disk
облако@Mail.ru
75
22
2
0,8
Қазақстан
Google Disk
Yandex Disk
Облако@Mail.ru
OneDrive
68
арқылы әртүрлі құрылғылардан қол жеткізуге болады. Google Docs
пайдаланушылар онлайн режимде басқа пайдаланушылармен бірге нақты уақыт
режимінде құрады және өңдейді.
«Бұлттың» жалпы көлемі тегін 15 Гб құрады, оған Google Docs, Gmail
электрондық поштасының файлдары кіреді. Google Docs маңызды ерекшелігі
«Бөлісу» пәрменімен құжаттарға қолжетімділік мүмкіндігі болып табылады.
Құжатты өңдеу мүмкіндігі пайдаланушы құқықтарына байланысты: редактор,
пікір беруші, оқырман. Нақты уақыт режимінде бірлесіп жұмыс істеу үшін
түсініктеме, түзету сияқты мүмкіндіктер пайдаланылады [75].
Google компаниясы бұлттық технологияларды дамытуға, атап айтқанда,
білімге елеулі үлес қосып отыр. Google сервистерінің артықшылығы олардың
тегін және білім беру үрдісінде белсенді пайдалануға қабілеттілігі болып
табылады, сонымен қатар білім алуға көмектесетін көптеген қосымшалар мен
қызметтері бар [110].
Олардың ішінде:
−
Google
ArtProject
-
интерактивті түрде әлемнің танымал
мұражайларын ұсынды;
−
Google Docs – онлайн-офис;
−
Google Maps - карта жиынтығы;
−
Google Sites – бұл wiki технологиясын пайдаланатын тегін хостинг
қызметі;
−
Google Translate - аудармашы;
−
YouTube - бейне хостинг;
−
Google Forms – онлайн-тест, сауалнама, барлық қатысушылардың
жауаптарын жиынтық кестенің автоматты құру жасауға мүмкіндік береді.
−
Google Drive - файлдарды сақтау және олармен жұмыс істеу кеңістігі.
−
Google ClassRoom - электрондық пошта, құжаттар және сақтау
құралдарымен жұмыс істеудің еркін құралдар жиынтығы. Бұл қызметті
мұғалімдермен бірлесе отырып, уақытты үнемдеуге, сабақты оңай және
жылдам ұйымдастыруға және студенттермен тиімді қарым-қатынас жасауға
бағытталған.
−
ClassFlow бұл мұғалімдерге интерактивті тақта сияқты түрлі
технологияларды біріктіретін сабақтарды жасауға және өткізуге мүмкіндік
беретін бұлтқа негізделген бағдарлама.
−
G Suite Enterprise for Education - білім беру мекемелеріне,
компаниялардың қажеттіліктерімен ұқсас келетін әкімшілік бөлімдерді,
басқаруға қажетті құралдар жиынтығын қамтамасыз етеді. Бұл жиынтыққа
жетілдірілген басқару құралдары, іздеу және талдау функциясы, сонымен қатар
коммуникацияның корпоративтік құралдары кіреді.
G Suite Enterprise for Education төменде көрсетілген құралдар мен
функциялардан тұрады.
−
Қауіпсіздік орталығы – жүйе әкімшісіне қауіпсіздікті арттыруға,
сонымен қатар ұйымның практикалық маңызы бар статисткалық мәліметтеріне
және деректеріне қолжетімділікті қамтамасыз ететін құрал.
69
−
Өңірлерге
қатысты
деректерді
сақтау
ережелері
әкімшіге
қолданушылардың жеке деректерін қай өңірде сақтауды таңдауға көмектеседі:
АҚШ-та немесе Еуропада.
−
Cloud Search – бұл G Suite өнімдерінде бірыңғай іздеуге арналған
құрал. Енді ақапаратты тез тауып алуға болады, сондықтан да қолданушыларға
алынған деректерді толығырақ талдауына болады.
−
Hangouts Meet-тің кеңейтілген функциясы тікелей көрсетілім жүргізу,
бейнекездесулерді жазып алу және оларды Google Disk-те сақтауға, телефон
арқылы кездесуге қосылуға (АҚШ және басқа елдерде қолжетімді),
қатысушылар саны көп бейнекездесулерді ұйымдастыру (100 адамға дейін)
мүмкіндіктерінен тұрады. Тегін лицензияға ие қолданушыларға тікелей
көрсетілім мен бейнекездесулерді жазып алу қол жетімсіз.
−
Қызметкерлер
жұмыс
мақсатында
қолданатынмобильді
құрылғылармен кеңейтілген басқару үлкен ұйымдарға жеке құрылғыларын
пробелсенді басқаруды қолдануға көмектеседі. Мысалы, әкімшілер мобильді
құрылғылардың аудит журналын талдай алады, ережелерді орнатып,
қосымшаларды басқара алады.
−
G Suite есебі және BigQuery-гі Gmail журналы білім беру мекемелерінің
әкімшілеріне ақауларды анықтауға және статистиканы алуға көмектеседі.
−
Архивациялаудың бөгде құралдары – ең маңызды хабарламаларды
іздеуге және сақтау үшін қолданылады.
−
Кеңейтілген қолдау –мамандардан өнім бойынша тезірек көмек алуға
мүмкіндік береді. Бұл мүмкіндік 200-ден көп лицензция алған ұйымдарға
қолжетімді [110].
Google онлайн-офис қосымшаларын қарастырайық.
Мәтіндік
құжаттарды
броузерде
(мысалы,
Google
Chrome)
әріптестеріңізбен біруақытта құруға және өңдеуге, есептер дайындауға, ортақ
ұсыныстар жасауға, кездесулерге жазбалар қосуға болады. .doc Microsoft Word,
.pdf Adobe Pdf форматтарын қолдау мүмкіндігі бар. Құжаттар арнайы сақтауды
қажет етпейді, олар Google Disk-те автоматты түрде сақталады. Құжаттың
көшірмесін кез келген құрылғыға немесе ақпарат тасығышқа сақтауға болады.
Мәтіндік құжатқа бейнелер, кесте, сурет, диаграмма сияқты сызбалық
объектілерді
кірістіруге
болады.
Сондай-ақ
бетбелгіні
рецензиялау
элементтерін, мазмұнын жасауға; ескертпе қосуға; гиперсілтемелерді қосуға
болады.
Google Sheets – бұл «Google ұсынған Google құжат редакторларының
тегін онлайн-кеңсесінің құрамына кіретін электрондық кестелермен жұмыс
істеуге арналған бағдарлама» [75]. Кестелік құжаттарды броузерде (мысалы,
Google Chrome) әріптестеріңізбен біруақытта құруға және өңдеуге болады.
Кестелер онлайн сервисі арқылы есептерді, ортақ ұсыныстарды жасауға,
кездесулерге жазбалар қосуға мүмкіндік бар. .doc Microsoft Excel, .pdf Adobe
Pdf форматтарын қолдау мүмкін. Құжаттың көшірмесін кез келген құрылғыға
немесе ақпарат тасығышқа сақтауға болады. Кестелік құжатқа бейнелер, кесте,
70
сурет, диаграмма, бетбелгіні рецензиялау элементтері, мазмұн, ескертпе қосу
секілді графикалық объектілерді кірістіруге болады.
Google Slides - бұл «Google ұсынған Google құжаттар редакторларының
тегін онлайн-офисінің құрамына кіретін презентациялық бағдарлама» [75].
Презентацияларды броузерде (мысалы, Google Chrome) әріптестеріңізбен
біруақытта құруға және өңдеуге мүмкіндік бар, есептерді көрсетуге, бірлескен
ұсыныстарды, жоспарларды, тауарлар мен қызметтерді және т.б. ұсынуға
болады. .ppt Microsoft PowerPoint, .pdf Adobe Pdf форматтарын қолдауға
мүмкін. Презентацияға бейнелер, кесте, сурет, диаграмма сияқты графикалық
объектілерді кірістіруге, анимация элементтерін жасауға, аудио және бейне
файлдарды қосуға мүмкіндік бар.
Google құжаттарын құру үшін Үлгілер галереясында дайын үлгілер бар,
осы үлгілердің арасында «Білім» бөлімінде мұғалімдерге арналған үлгілер
жарияланған. Құжаттар арнайы сақтауды қажет етпейді, олар автоматты түрде
Google Disk те сақталады.
Google Forms - бұл «Google ұсынған Google құжат редакторларының тегін
онлайн-офисінің құрамына кіретін сауалнамаларды әкімшілендіруге арналған
бағдарлама» [75]. Google формалары екі түрде болады: Сауалнама (опрос) және
тесттер. Формалардың ерекшелігі респонденттердің немесе тестіленушілердің
толтыруы үшін Формаға қолжетімділік мүмкіндігі болып табылады. Формада
мынадай объектілер қолданылады: «тізімнің бірі» - Ауыстырып-қосқыш
батырмалары - «пайдаланушыға алдын ала анықталған жиынтықтан (топтан)
бір опцияны (пунктті) таңдауға мүмкіндік беретін интерфейс элементі»;
«тізімнен бірнешеуі» - Құсбелгі батырмасы – «пайдаланушыға параметрді екі
қалып-күйде басқаруға мүмкіндік беретін графикалық пайдаланушы
интерфейсінің элементі»; «ашылмалы тізім» -«төмен ашылатын тізім» - бұл
параметрінің алдын ала анықталған бірнеше мәндерінің бірін таңдауға
мүмкіндік беретін, пайдаланушының графикалық интерфейсінің элементі.
Сауалнама түсініктеме жазу немесе Тестілерде ашық жауаптар беру үшін
«Мәтін (жол)» және «Мәтін (абзац)» секілді мәтін енгізу объектілері
пайдаланылады. Google Кестесінде форма нәтижелерін өңдеу мүмкін,
нәтижелерді Диаграмма түрінде көрсетуге болады. Формаларға суреттер,
бейнелер сияқты графикалық объектілерді кірістіруге болады. Бұдан барлық
деректер орталықтандырылған түрде «бұлтта» сақталады, Кесте форматында
сақталады, бұл тестілеу нәтижелерін талдауға, білім сапасына бақылау
(мониторинг) жүргізуге мүмкіндік береді. Google Формалар тестілерді құру
барысында басқа онлайн-сервистерге қарағанда бірқатар артықшылықтарға ие,
олар төменде атап көрсетілген:
1. Әрбір жеке сұрақты графикалық суреттермен, бейне файлдармен
бекіту; әрбір сұраққа өзінің сипаттамасын қосу мүмкіндіктері қарастырылған,
сонымен қатар бүтін бөлімдерді құруға болады, осылайша тесттердің елеулі
қорын қалыптастыруға болады және т.б.
2. Жиынтықтағы тақырыптарды пайдалана отырып, сәнді безендіру
немесе өз суретіңізді жүктеу.
71
3. Қарапайым мәтіндік өрістерден күрделі шкалалар мен торларға дейінгі
сұрақтар түрлерін таңдауға мүмкіндік беретін «таңдамалы баптаулардың» бар
болуы.
4. Респонденттердің жауаптың қандай нұсқасын таңдауына байланысты
түрлі беттерге түсетіндей форманы теңшеу мүмкіндігі.
5. Тестілерді ұялы құрылғылардың көмегімен құруға болады.
Бірақ Google қызметі дұрыс жауаптары бар жеке кестені құрмайды,
барлық деректер кесте жолына жазылады, сол арқылы оқушылардың
жауаптарын өңдеуге көп уақыт жұмсалады және барлығы Excel құрал-
саймандарын пайдаланып қолмен жасалады. Осылайша, Google Формалар
онлайн-тесттер құруға арналған ең көп функциялы құралдардың бірі болып
табылады.
Google Meet - бұл «Google компаниясы әзірлеген бейне-телефон
байланысы және бейнеконференциялар сервисі» [75]. Google Meet-тің негізгі
мақсаты – бейне-кездесулар (бейнеконференциялар) ұйымдастыру үдерісін
жеңілдету. Бұл платформа компьютерге орнатуды қажет етпейді, қолжетімді.
Google Meet-тің бейнеконференциялар платформаларына қатысты басқа да
ерекшеліктері бар: ең қауіпсіз стримингтік платформалардың бірі болып
есептеледі, барлық платформалар үшін тегін және қолжетімді; бейне-кездесуді
100 адамға дейін қолдайды, тегін тарифте бейне-кездесу ұзақтығы 60 минутқа
дейін, компьютерге арнайы қосымша орнатуды талап етпейді, қолданылуы -
қарапайым, сілтеме бойынша, код бойынша бейне-кездесуді ұйымдастыруға,
Google Calendar кіріктіруді жоспарлауға мүмкіндік береді; жұмыс үстелін
көрсетеді, Jamboard интерактивті тақтасын пайдалануға, Google Disk
нәтижелерді сақтауға, Google Meet-ті еркін қолжетімділікпен таныстырға
мүмкіндігі бар.
Google JamBoard бұл интерактивті онлайн-тақта, «бұл интернет арқылы
бірлесе
отырып,
сурет
салу
үшін
қолданылатын
құрал-сайман».
Бейнеконференциялардың кез келген стримингтік платформасы «электронды»
интерактивті тақтамен біріктірілген. Google Meet сервисі Google JamBoard-пен
біріктірілген [16].
YouTube бұл Google компаниясына тиесілі «бейнені сақтау, жеткізу және
көрсету қызметтерін пайдаланушыларға көрсететін бейнехостинг». YouTube
бейне стримингтік платформаларға арнап бірқатар ерекшеліктерін атап
көрсетелік: ең қауіпсіз бейне стримингтік платформалардың бірі, тегін және
қолжетімді; компьютерге арнайы қосымшаны орнатуды талап етпейді,
пайдалануы қарапайым, тікелей эфирде бейнетрансляцияны ұйымдастыруға,
Google
Calendar
(Күнтізбеге)
кіріктіру
арқылы
бейнетрансляцияны
жоспарлауға, бейнетрансляцияны YouTube арнада сақтауға, Google Disk - те
сақтап, оған қолжетімділікке мүмкіндік береді; бейне мазмұнға (контентке)
жас шектеулері қойылған, жарнаманы шектеу мүмкіндігі бар, жеке YouTube
Аккаунт құруға, оны Google Аккаунтпен байланыстыруға болады, әртүрлі
платформалармен,
оның
ішінде
білім
беру
платформаларымен
(пайдаланушыларға, әзірлеушілерге арналған қосымшаларды қамтиды)
72
интеграцияланған. YouTube құрамына YouTube TV, YouTube Music, Балаларға
арналған YouTube Kids, Авторларға арналған академия, музыканттарға
арналған YouTube сияқты қосымшалар кіреді. YouTube Shorts – бұл Google
әзірлеген қысқа бейнелерді (1 минутқа дейін = 60 секундқа дейін) біруақытта
түсіруге және жариялауға мүмкіндік беретін бағдарлама. YouTube Studio - «бұл
жаңа идеяларды табуға, бейнебаян түсіруге, сондай-ақ жергілікті авторлармен
және орындаушылармен қарым-қатынас жасауға және ынтымақтасуға болатын
алаң» [75]. YouTube Studio тікелей және жоспарланған трансляцияларды
өткізуге мүмкіндік береді, бұдан «тірі» режимде онлайн бейне сабақты
ұйымдастыруға болады.
Google ClassRoom - бұл «тапсырмаларды қағазсыз әдіспен жасауды,
таратуды және бағалауды жеңілдетуге арналған Google мектептерге арналған
тегін веб-сервисі. Google ClassRoom негізгі мақсаты - мұғалімдер мен
оқушылар арасындағы файлдар алмасу үдерісін жеңілдету».
Google ClassRoom - бұл біріктірілген толыққанды білім беру онлайн
платформасы, келесі компоненттерден тұрады:
1. Google Disk - сабақтың оқу-әдістемелік материалдарын сақтауға
арналған «бұлт»;
2. Google Docs - сабақтың мәтіндік материалдарын жасауға арналған
онлайн-сервис;
3. Google Sheets - сабақ материалдарын кестелік түрде жасауға арналған
онлайн-сервис;
4. Google Slides - сабақтарды ұйымдастыру мақсатында интерактивті оқу
презентацияларын жасауға арналған онлайн-сервис;
5. Google Сalendar - тапсырмаларды тапсыру мерзімін жоспарлауға
арналған онлайн-сервис;
6. Gmail - мұғалімдер мен оқушылар арасындағы қосымша өзара іс-
әрекеттерді ұйымдастыруға арналған пошталық сервис;
Google ClassRoom пайда болғанға дейін осындай сыныпты эмуляциялау
үшін Google-дің аталған онлайн-қызметтері арасында өзара іс-әрекеттерді
ұйымдастыруда мұғалімнің арнайы білімі болуы қажет болатын. Google
ClassRoom интеграцияланған білім беру онлайн-платформасының пайда
болуымен бұл мәселе айтарлықтай жеңілдеп, кез келген мұғалім үшін
қолжетімді болды.
Оқушыларды оқытылатын курсқа шақыру үшін енді мұғалімге курстың
бірегей кодын құру немесе курсқа сілтеме жасау жеткілікті. Бұған дейін
мұғалім оқу курсының әкімшісі ретінде әрекет етіп, оқу материалдарына да,
әрбір оқушыға да жеке қол жеткізуге мәжбүр болған. Оқу курсымен өзара
әрекеттесу кезінде әрбір оқушы үшін жұмысты сақтауға арналған Google Disk -
те орындалған тапсырмалардың нәтижелері бар бума автоматты түрде
жасалады. Мұнда орындалған тапсырманы бағалау мүмкіндігі бар.
Google ClassRoom онлайн-сервисі «Орта білім беру ұйымдарында
қашықтықтан оқыту форматындағы оқу үдерісі» 2-тарауында егжей-тегжейлі
мазмұндалған интернет-платформаларға қойылатын ең төменгі талаптарды
73
қанағаттандырады. «Коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеуге
байланысты шектеу шаралары кезеңінде орта білім беру ұйымдарында оқу
үдерісін ұйымдастыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдар» 2.1 пунктінде
интернет-платформаларға қойылатын ең төменгі талаптар қарастырылады
[133]:
«Білім беру ұйымы таңдаған интернет-платформа мынадай талаптарға
сай болуы тиіс:
−
қашықтықтан оқыту кезінде сабақтарды әзірлеу және толықтыру үшін
ыңғайлы құрал-саймандардың бар болуы;
−
оқушылардың бірлескен жұмысын қолдау (форумдар, чаттар,
құжаттармен, презентациялармен жұмыс және т.б.);
−
Интернет желісі (Web-портал) арқылы білім беру платформасының
пәндері, сервистері бойынша типтік оқу бағдарламаларына сәйкес ақпаратқа,
оқу материалдарына қол жеткізу;
−
стриминг режимін қамтамасыз ету;
−
педагогтар мен оқушылар үшін бірыңғай кіру нүктесін қамтамасыз ету;
−
оқытудың барлық кезеңінде оқушылармен жұмыс үдерісін көрсету;
−
дербес компьютерлерде арнайы бағдарламалық қамтамасыз етуді
орнату қажеттілігінің болмауы;
−
тегін мобильді қосымшаны орнату мүмкіндігі;
−
кез келген құрылғыларда (компьютерлер, планшеттер, смартфондар)
іске қосу мүмкіндігі;
−
интуитивті-түсінікті және ыңғайлы пайдаланушылық интерфейстің
болуы;
−
пайдаланушының сұранысына жауап беретін, оқушының барынша
ыңғайлы жеке кабинеті;
−
интернетке қосу - (кең жолақты) сымды немесе сымсыз (3G немесе
4G/LTE);
−
динамиктер мен микрофондардың бар болуы: орнатылған немесе USB
немесе сымсыз Bluetooth;
−
веб-камераның немесе HD-веб-камерасының бар болуы: орнатылған
немесе USB, HD-камера немесе бейнежазба картасы бар HD-бейнекамера.
Бейнежазба картасы бар HD-бейнекамерасы.
Жоғарыда аталған бағдарламалар қашықтықтан оқыту үдерісінің мониторингін
қамтамасыз етуге мүмкіндік береді» [133].
Оқытуды сауатты ұйымдастыру үшін кіріктірілген онлайн білім беру
платформасының, мысалы, Google ClassRoom көмегімен Google Disk пайдалана
отырып, «бұлт» ұйымына жүйелі түрде қарау қажет. Кейбір критерийлер
бойынша жалпы және жеке бұлттардың ұйымдастырылуын салыстырайық (5-
кесте) [115].
74
Кесте 5 – Бұлтты ұйымдастыру тәсілдері
Көпшілік бұлттарды пайдалану
Виртуалды бұлт жасау
көпшілік
жеке
жеке
−
Тегін;
−
Деректерді сақтау;
−
Деректерге қолжетімділік;
−
Спамнан қорғау;
−
Меншікті ресурстарға қол
жеткізуді ұсыну;
−
Бұлттық сервистер;
−
Мәтіндік,
цифрлық
деректерді өңдеу;
−
Сервистердің
шектеулі
жиыны;
−
Деректерді үйлестіру;
−
Шектелген
деректер
көлемі (5-15 Гб).
−
Мысалы: Google Drive,
Dropbox,
Yandex
Disk,
Microsoft
OneDrive,
Облако@Mail.ru, Amazon
−
Ақылы;
−
Деректерді сақтау;
−
Деректерге қолжетімділік;
−
Спамнан қорғау;
−
Меншікті ресурстарға қол
жеткізуді ұсыну;
−
Кейде
бұлттық
сервистердің болмауы;
−
Мәтіндік,
цифрлық
деректерді өңдеу;
−
Сервистердің
шектеулі
жиыны;
−
Деректерді үйлестіру;
−
Қажетті кеңістік мөлшері
төленеді.
−
Мысалы:
OwnCloud,
Amazon, Microsoft Azure,
Oblako.kz
−
Шартты түрде «Тегін»;
−
Деректерді
сақтау
ТСҚ/ССҚ мүмкіндіктерімен
шектелген;
−
Меншікті ресурстарға қол
жеткізуді ұсыну;
−
Бұлттық
сервистердің
болмауы;
−
Қажетті бағдарламаларды
қосу;
−
Қосымшаларды
пайдалануға рұқсат беру;
−
«Бұлт» өзімен бірге.
−
Мысалы:
Жеке
Бұлт
«өзімен бірге», ол мысалы,
OwnCloud
көмегімен
орналасқан
«Бұлт» Amazon Web Services, Microsoft Azure, Google Cloud Platform және
т.б. түрлі бұлттық платформалар негізінде құрылуы мүмкін. Ол мұғалімдер мен
оқушыларға оқытуда және білім алмасуда көмектесетін деректерді сақтау
жүйелері, курстарды басқару платформалары, бейне-конференциялар,
электрондық
кітапханалар,
онлайн-тестілеу,
әлеуметтік
желілермен
интеграциялау және басқа да құралдардан тұратын компоненттерді қамтуы
мүмкін. «Бұлтты» құру үшін платформалардың бірімен шектелу жеткілікті.
Жоғарыда сипатталған Google Cloud Platform және оның бұлттық сервистері
ұсынатын олардың мүмкіндіктеріне қатысты «бұлтты» құру үшін біз Google
ClassRoom бұлттық сервисіне таңдау жасадық.
Google ClassRoom платформасында сыныпты құру үшін келесі
қадамдарды орындау қажет:
1.
Google есептік жазбасын жасаңыз.
2. classroom.google.com сайтында Google ClassRoom өз аккаунтыңызға
кіріңіз.
3. Экранның жоғарғы оң жақ бұрышындағы «+» белгішесін басыңыз.
4. Ашылмалы мәзірден «Сыныпты құру» параметрін таңдаңыз.
5. Сынып атауын, сипаттамасын және қатынас деңгейін қоса алғанда,
сынып құру формасын толтырыңыз.
6. «Құру» батырмасын басыңыз.
7. Сыныпты құрғаннан кейін оқушыларды немесе студенттерді сыныпқа
шақыра аласыз: сыныптың басты бетіндегі «Шақыру» белгішесін басыңыз және
электронды шақыруды пошта арқылы жіберіңіз.
75
8. Өз кезегінде, оқушылар немесе студенттер сыныпқа қосылып, жұмысқа
кірісе алады.
Google ClassRoom бұлттық сервисінің көмегімен құрылған сынып
виртуалды сыныптың талаптарын қанағаттандырады. Виртуалды сынып - бұл
интерактивті бұлттық платформа, ол мұғалімдер мен оқушыларға дәстүрлі оқу
аудиториясының орнына интернетте сабақтар мен тренингтер өткізуге, ақпарат
алмасуға, оқу материалдарын жүктеуге және көшіріп алуға, сұрақтар қоюға
және оларға жауап алуға, онлайн-тестілеуден өтуге, орындалған үй
тапсырмалары мен өзіндік жұмыс нәтижелерін жүктеуге және т.с.с. мүмкіндік
береді. Осылайша, виртуалды сынып бейне-конференциялар, чаттар, форумдар,
блогтар, бейне-сабақтар мен презентациялар, онлайн-тесттер сияқты
қызметтерді орындайды.
Бұдан, біз Google Class-ты ғана емес, біз Интернет арқылы есептеу
ресурстарын ұсыну моделі болатын виртуалды сыныпты құрдық, мұндағы
деректер мен қосымшалар қашықтықтағы серверлерде сақталады және
интернет арқылы қолжетімді. «Бұлттық» сыныпты құру әрекеттері Microsoft
шешімдері негізінде С.Н. Коневаның бірқатар жұмыстарында қолданылды.
Google ClassRoom пайда болғаннан кейін бұлттық сыныпты құру міндеті
бағдарламалық жүзеге асыру тұрғысынан айтарлықтай оңай болды.
Бұлттық сыныпты құруды автоматтандыру бұлттық қоймада бұлттық
сыныптың сәйкес «бейнесін» құру сәулетін автоматтандыруға әкелмейтінін
атап өткен жөн. Бір қарағанда, Google Class-та құрылған бұлттық сыныпты ашу
кезінде біз сабақтардың, практикалық жұмыстардың реттелген тақырыптарын,
мәтіннен бастап мультимедиа мен тестілеуге дейінгі түрлі форматтағы негізгі
және қосымша оқу-әдістемелік материалдарды көріп отырмыз. Бірақ бұлттық
қойманы ашқан кезде біз «сұрыпталмаған» файлдардың көрінісін байқаймыз,
мұндай тәсіл арқылы файлдардың қандай тақырыпқа немесе сабаққа жататыны,
оның үстіне бұлттық сыныпқа жататыны белгісіз.
Деректер қоймасындағы бумалардың иерархиялық құрылымы файлдар
мен директорияларды қисынды байланысты топтарға ұйымдастыруға
мүмкіндік береді, бұл деректерді сақтау, іздеу және басқару үдерісін неғұрлым
ыңғайлы және тиімді етеді. Бұлттық қойма үшін бумалардың иерархиялық
құрылымының маңызды болуының кейбір себептерін атап өтейік:
1. Деректерді ұйымдастыру және құрылымдау. Бумалардың иерархиялық
құрылымы файлдар мен директориялардың қисынды байланысқан санаттарын
жасау арқылы деректерді ыңғайлы түрде ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Бұл
деректерді іздеу мен басқаруды неғұрлым ыңғайлы етеді, қажетті ақпаратты
жылдам табуға және қойма бойынша навигацияны оңай жүзеге асыруға
мүмкіндік береді.
2. Сақтау және басқару ыңғайлылығы. Бумалардың иерархиялық
құрылымы файлдар мен директорияларды қосу, өзгерту және жою үдерісін
жеңілдетіп, қажетті файлдар мен директорияларды оңай табуға және қажет
болған жағдайда оларды басқа санаттарға ауыстыруға мүмкіндік береді.
76
3. Бірлесіп жұмыс істеудің қолайлылығы. Бумалардың иерархиялық
құрылымы жобаға қатысушыларға қажетті файлдар мен директорияларды оңай
табуға, ашуға және өзгертуге мүмкіндік бере отырып, деректермен бірлесіп
жұмыс істеуді ықшамдайды.
4. Деректерді қорғау. Бумалардың иерархиялық құрылымын пайдалану
деректерді қателерден және рұқсатсыз кіруден қорғауға да көмектесуі мүмкін.
Осылайша, бұлттық деректер қоймасындағы бумалардың иерархиялық
құрылымы ақпаратты басқару және іздеу үдерісін жеңілдетеді, бірлескен
жұмысты ықшамдайды және деректерді қателіктерден және рұқсатсыз кіруден
қорғайды.
Кез келген пән үшін силлабус, дәрістер, практикалық сабақтар, бақылап-
өлшеу материалдары, қосымша материалдар, ұсынылатын әдебиеттер,
емтиханға дайындалуға арналған сұрақтар қамтылған оқу-әдістемелік кешен
(ОӘК) әзірленеді. Бұлттық сыныпта ОӘК ұсыну үшін иерархиялық құрылым
түрінде көрсететін ОӘК деңгейлеріне тоқталық:
−
курс деңгейі - бұл деңгей курс жайлы, оның мақсаттары мен міндеттері
туралы жалпы ақпараттарды, сондай-ақ қаралатын тақырыптар тізімін қамтиды;
−
тақырып деңгейі - бұл деңгей курстың мақсаттары мен міндеттерін,
игеруге арналған материалдарды, орындауға арналған тапсырмаларды,
әдістемелік нұсқаулар мен қосымша материалдарды қоса алғанда, курстың
нақты тақырыбы туралы ақпаратты қамтиды;
−
материал деңгейі - бұл деңгей игеруге арналған нақты материалдан
тұрады, мысалы, мәтіндер, бейне сабақтар, аудиожазбалар;
−
тапсырмалар деңгейі - бұл деңгей студенттерге оқытылған материалды
бекітуге және оны тәжірибеде пайдалануға көмектесетін тапсырмаларды
қамтиды;
−
әдістемелік нұсқаулар деңгейі - бұл деңгейде тақырыпты игеру,
тапсырмаларды орындау бойынша нұсқаулар, сондай-ақ емтихандар мен
тестілеуге дайындық жөніндегі кеңестер қамтылады;
−
қосымша материалдар деңгейі - бұл деңгей студенттерге игерілетін
тақырыпты, мысалы, қосымша мақалаларды, бейне сабақтарды жақсырақ
түсінуге көмектесетін қосымша материалдардан тұрады.
−
Бұлттық қоймада ОӘК ұсыну үшін басқа тәсілдерді де ерекше атап
көрсетуге болады:
−
сыныптың ортақ бумасы – бұл мұғалім жасаған барлық бумаларды
қамтитын басты бума. Бұл бумадан оқушылар мұғалім жүктеген барлық
материалдар мен тапсырмаларды көре алады;
−
материалдар бумалары - мұғалім презентациялар, құжаттар, бейне және
т.с.с. түрлі материалдарды сақтауға арналған бумаларды жасай алады. Әрбір
бумада бірнеше файл болуы мүмкін;
−
тапсырма бумалары - мұғалім өзі жіберетін әрбір тапсырма үшін
бумалар жасай алады. Әрбір бумада жауаптарды жіберуге арналған
нұсқаулықтар, құжаттар мен формалар болуы мүмкін;
77
−
оқушылардың жұмыстарына арналған бумалар - мұғалімге өз
тапсырмаларын немесе жобаларын жүктеу үшін әрбір оқушыға арнап бума
жасауға болады. Бұл бумада оқушы өз файлдарын жүктей алады, ал мұғалім
олардың жұмысын қарап бағалайды;
−
мұрағат - мұрағат бумасы аяқталған тапсырмалар мен жобаларды
сақтау үшін пайдаланылады. Аяқталған бумаларды сақтауға арналған мұрағат
бумасына көшіруге болады.
Әрбір деңгей курстың белгілі бір бөлігінің егжей-тегжейлі сипаттамасын
ұсынады және оқушыларға немесе студенттерге оқытылатын материалды
жақсы түсінуге және меңгеруге көмектеседі. Осылайша, ОӘК иерархиялық
құрылымы курстың мазмұнын ретке келтіруге және оның тиімді
пайдаланылуын қамтамасыз етуге, сондай-ақ кешеннің әртүрлі элементтері
арасындағы қисынды байланысты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Айтылғандарды қорытындылай келе, біз Google Disk бұлттық
қоймасында ОӘК келесі иерархиялық құрылымын ұсынамыз [134]:
- Пәннің оқу-әдістемелік кешені
- силлабус
- дәрістер
- дәрістерге арналған белсенді материал
- дәрістерге арналған презентациялар
- практикалық сабақтар
- практикалық сабақ №1
…
- практикалық сабақ №
N
- білім алушының өзіндік жұмысы
- студенттің өзіндік жұмысы
- оқытушының жетекшілігімен білім алушының өзіндік
жұмысы
- бақылап-өлшеу материалдары
- бақылау жұмысы
- тестілеу
- межелік бақылау
- қорытынды бақылау
- оқу-әдістемелік құралдар
- негізгі әдебиет
- қосымша әдебиет
Осы иерархиялық құрылымға сәйкес біз болашақ информатика
мұғалімінің кәсіби даярлығына байланысты пәндер циклі үшін Google Disk-те
бұлттық қоймалар жасадық. Google ClassRoom-да 20-дан астам сынып
әзірленді.
«6B01507 - Информатика» мамандығының студенттеріне арнап әзірленген
бұлттық сыныптардың тізімін келтірейік:
−
Бұлттық технологиялар – таңдау пәні, 3-курс студенттері үшін
жүргізіледі, 6 семестр;
78
−
Web-технологиялар - базалық пән, 3-курс студенттері үшін жүргізіледі,
6 семестр;
−
Робототехника негіздері базалық пән, 2-курс студенттері үшін
жүргізіледі, 4 семестр;
−
Білім беру робототехникасы базалық пән, 2-курс студенттері үшін
жүргізіледі, 4 семестр;
−
Компьютерлік желілер - базалық пән, 3-курс студенттері үшін
жүргізіледі, 6 семестр;
Төмендегі 5-суретте Google ClassRoom платформасындағы Google сыныптары
бейнеленген.
5-сурет - Google ClassRoom-дағы Google сыныптары
«Бұлттық технологиялар» пәні мысалындағы бұлттық сыныпты
ұйымдастыруды егжей-тегжейлі қарастырайық. «Бұлттық технологиялар»
пәнінің ОӘК иерархиялық құрылымына сәйкес Google Disk бұлттық
қоймасында «Бұлттық технологиялар» бумасының архитектурасы айқындалды
(6-сурет).
Бұдан, «Бұлттық технологиялар» Google сыныбы құрылды, мұнда оқу
материалының деңгейіне және силлабуста ұсынылған графикке сәйкес (Б
қосымша) төменде көрсетілген 7-суреттегідей ОӘК-нің дәрістері, практикалық
сабақ материалдары, бақылап-өлшеу материалдары және басқа да
компоненттері жүктелді.
79
6-сурет – Google Disk-тегі «Бұлттық технология» бумасының иерархиялық
құрылымы
7-сурет Google ClassRoom-дағы «Бұлттық технологиялар»
пәнінің сыртқы көрінісі
Әрі қарай «Бұлттық технологиялар» Google Class барлық қатысушылары,
яғни оқытушылар мен оқушылар қамтылған экранның сыртқы көрінісін
келтірейік (8-сурет).
80
8-сурет - Google Clas қатысушыларарының сыртқы көрінісі
9-суретте «Бұлттық технологиялар» пәні бойынша студенттердің
тапсырмасын орындауының «статистикасы», ал 10-суретте бүкіл курс бойынша
«статистикасы» көрсетілген.
9-сурет - Google Class студенттердің практикалық тапсырманы
орындау «статистикасы»
81
10-сурет - «Бұлттық технологиялар» пәні бойынша студенттердің
практикалық тапсырмаларды орындау «статистикасы»
11-суретте Google Class жеке студенттің қолжетімділігінің сыртқы
көрінісі келтірілген.
11-сурет - Google Class студент режиміндегі сыртқы көрініс
Осыған ұқсас болашақ информатика мұғалімдерін кәсіби даярлау басқа да
пәндері
«Компьютерлік
желілер»
«Web-технологиялар»,
«Оқу
робототехникасы» бойынша Ғ қосымшасында келтірілген.
Айта кетейік, бұлттық технологияға интеграция ерекшелігі тән, бір
жағынан ол цифрлық ақпараттың дереккөзі ретінде, екінші жағынан осы
ақпаратты алу құрал-сайманы ретінде әрекет етуі мүмкін. «Бұлтта»
82
орналастырылған оқу материалы мағыналық қисындылыққа ие; цифрлық
ақпараттың үлкен көлеміне, оқушылардың танымдық қызметіне, негізгі оқу
материалын іздеу жағдайының болмауына сәйкес жүйелілікке, «бұлтта»
орналастыру тұрғысынан шектеулілікке қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Оқу материалы білім жүйелілігінің бұзылуын, ақпараттық хаостың туындауын
болдырмайтындай нысанда ұсынылуы тиіс. Мұнда оқушылардың оны
қабылдауын ескере отырып, цифрлық ақпаратты ұсынуды қарастыру қажет, әрі
оқушының бұлттық технологиялар жағдайында өзіндік өңдеуі, сақтауы және
алған оқу әрекетінің жетістіктеріне қол жеткізуі тиіс екенін ескеру маңызды.
Бұдан «бұлтта» орналастырылатын оқу материалының ерекшеліктері
анықталды:
−
ақпаратты цифрлық форматта орналастыру;
−
ақпараттың өзектілігі;
−
ақпараттың қолжетімділігі, өйткені материал үнемі «бұлтта» тұрады;
−
«бұлтта» орналастырылған бумаларды иерархиялық құрылымдау
есебінен ақпараттың жүйелілігі;
−
«бұлт» құру кезіндегі модульділік;
−
ақпаратты қайта жүктеу есебінен тақырыптар мен көлемдерді жаңарту
мүмкіндігі;
−
материалды оффлайн дербес режимінде «бұлтпен» үйлестіру есебінен
зерттеуге болады;
−
дәріс, практика, бағалау материалдарын орналастыру мүмкіндігі;
−
қосымша материалды орналастыру мүмкіндігі;
−
Интернетте орналастырылған ақпараттық ресурстармен байланыс
мүмкіндігі;
−
зерттелетін теориялық бөліктің көрнекілігі;
−
ақпаратты ұсынудың сызықтық емес моделі;
−
орналастырылатын ақпаратқа деңгейлік тәсіл;
−
оқушының ерекшеліктеріне қарай материалды саралау [135].
«Бұлт» ақпарат алудың құрал-сайманы ретінде оқу әрекетін және
оқытудың барлық үдерісін ұйымдастырудың әдістері мен формаларына әсер
етеді. Бұлттық технологиялар жағдайында оқыту әдістерінің негізгі
ерекшеліктері оқушыларға ақпаратты сақтауға, осы ақпаратқа қол жеткізуді
ұйымдастыра білуге, бұлттық технологияларды және олардың құрал-саймандық
құрылғыларын пайдалануға үйрету болып табылады.
Бұлттық технологиялар өзіндік жұмысты тиімдірек ұйымдастыруға
мүмкіндік береді. Өздігінен білім алу пассивті сипатта болмауы тиіс, оқушы
басынан бастап проблемалық-іздестіру әдістері арқылы белсенді танымдық
әрекетке қатысқаны жөн [135]. Дәл осы бұлттық технологиялар жеке сипатта
да, топтық өзара әрекеттесуде де оқытуды ынталандыруға ықпал етеді.
Қашықтықтан оқытуды ендіру практикасы көрсеткендей, оқу үдерісін
ұйымдастыру нысаны жеке сипатқа ие, әрбір оқушының өз «бұлтының» болуы,
сондай-ақ бұлттық сервистерге өзіндік кіруі жеке сипатты қамтамасыз етеді.
Бұлт зертханалық практикумды ұйымдастыру нысанын өзгертуге мүмкіндік
83
береді, ол әрбір оқушының компьютерге жеке өзінің жоспары бойынша және
барлық түпкілікті нәтиже үшін ортақ қарқынмен жұмыс істеуін білдіреді [135].
Бұлттық технологиялар оқу әрекетінің нәтижелерін бағалауға жаңаша
қарауға, нәтижесінде «мұнда және қазір» қосымша адам ресурстарын
пайдаланбай, нақты режимде алынған бағалар мен сынақтарды жедел өңдеуге
мүмкіндік береді.
«Бұлттың» өзі ішінара оқытудың белсенді ортасына айналуы мүмкін, ол
мұғалімдер мен оқушылардың өзара әрекеттесу жүйесін өзгертеді, мұғалімнің
жүктемесін азайтуға және оған әрбір оқушыға жеке қарауға мүмкіндік береді,
бақылау нәтижелерінің әділдігін арттырады.
Әрине, оқыту бұлттық технологиялар жағдайында педагогикалық жоспар
мәселелерімен қатар, оқу үдерісінің бұзылуына әкеп соқтыратын техникалық
жоспар мәселелерін тудырады. Олардың кейбірін қарастырайық.
Қауіпсіздік мәселесі. Оқушылардың жүйенің өзіне зиян келтіруге
мүмкіндігі болмауы тиіс, мұнда оқушылар, әдетте, қызығушылықтан немесе
кездейсоқ оқу орны үшін қаржылық проблемалар туғызуы мүмкін. Осыған
байланысты оқушылардың қандай да бір «бұлттарға» қол жеткізу жүйесін
мұқият ойластыру қажет, сондай-ақ «бұлтқа» қол жеткізу шектелген, бұдан
сырттан алынған ақпаратқа қол жеткізуді шектеуді арттыруға ықпал етеді және
тиісінше оқу ақпараты мен белсенді ортаны қорғауды қамтамасыз етеді.
Интернетке қосылу мәселесі. Байланыс арналарына түсетін үлкен
жүктеме қашықтықтан оқытуда бұлттық технологияларды пайдалануға кері
әсер етеді. Бірақ бұл жақын арада шешілетін уақыт мәселесі.
Цифрлық теңсіздік мәселесі. Бұл мәселе де шешілуде.
Бұлттық технологияларды пайдалана отырып, хат-хабарламаны жіберу
немесе алудың мүмкін еместігі (мұның қажеті жоқ), хабарламаларда
вирустардың болуы (олар бұлттық серверлермен алдын ала тексеріледі),
байланыстың ажыратылуы («бұлт» пен компьютерді үйлестіру арқылы
деректерді сақтау қамтамасыз етіледі және оларға қол жеткізу оффлайн
режимінде де мүмкін), ақпаратты кодтау (барлығында бір уақытта жұмыс
істейтін «бұлт» ортақ) сияқты мәселелердің іс жүзінде жойылып жатқанын атап
өткен жөн, әрі тегін көпшілік «бұлттарды» пайдалану қосымша шығындарды
үнемдеуге мүмкіндік береді.
Сонымен, бұлттық технологиялар жағдайында оқыту өзінің ішкі белсенді
оқыту ортасын құруға мүмкіндік береді, сондай-ақ оқытуды жаңа сапалық
деңгейге шығарады, бұл әсіресе өтпелі кезеңде қашықтықтан оқытуға өзекті.
Бұлттық технологияларды пайдалану тәрбие үдерісін ұйымдастыру сипатын да
өзгертеді, оқушының шығармашылық әлеуетін ашуға мүмкіндік береді, оның
цифрлық сауаттылығын дамытуға ықпал етеді.
Оқытуды сауатты ұйымдастыру үшін кіріктірілген онлайн білім беру
платформасының, мысалы, Google ClassRoom көмегімен Google Disk-ті
пайдалана отырып, «бұлт» ұйымына жүйелі түрде қарау қажет.
Бұлттық сервистер педагогикалық құндылыққа ие: олар оқытуды
синхронды режимде де, асинхронды режимде де ұйымдастыруға мүмкіндік
84
береді. Жоғарыда аталған әдістемелік нұсқаулықтарда «Синхронды режимде
сабақтарға арналған нұсқаулықтар» 1.2 бөлімінде және «Асинхронды форматта
сабақтарға арналған нұсқаулықтар» 1.3 бөлімінде сабақтардың әрбір форматын
өткізудің әдістемелік ерекшеліктері айқындалған:
«12.Синхронды режимде сабақтарға арналған нұсқаулықтар:
5) Сабақтардың мазмұны келесі талаптарға сай болуы тиіс:
-
көрнекілік, қолжетімділік, саналылық, теорияның практикамен
байланысы, циклдік, ғылыми-көпшілік баяндау, оқу материалының
оқылуы/эстетикалығы секілді негізгі дидактикалық қағидаттарды есепке алу;
-
телевизиялық, ақпараттық-коммуникациялық және мультимедиялық
технологиялар саласындағы заманауи әлемдік жетістіктерге сәйкестігі;
-
қабылдауды ескере отырып, аудиовизуалды ақпараттың қалыпты
көлемі мен көрсетілу ұзақтығы;
-
түрлі ақпараттық оқыту материалдарын пайдалану: мәтіндік,
презентациялар, графикалық, медиа, суреттер, кестелер, инфографика және т.б.
8) Сабақ жазбасы сақталады және кез келген уақытта оқушыларға
материалдар қолжетімді.
13. Асинхронды форматта сабақтарға арналған нұсқаулықтар:
1) Сабақ асинхронды форматта мұғалімнің оқушылармен интернет-
платформалардың мүмкіндіктері арқылы өзара әрекеттесуі кезінде іске
асырылады. Сабаққа арналған оқу тапсырмаларын педагог интернет-
платформалардың мазмұны мен мүмкіндіктерін ескере отырып әзірлейді.
Оларға электрондық оқулықтарды, бейнематериалдарды, іскерліктерді
пысықтауға арналған тренажерларды, білімді бақылауға арналған ресурстарды
және басқаларды қамтитын цифрлық білім беру ресурстары жатады.
2) Сабақты асинхронды форматта дайындау кезінде педагог:
-
сабақты оқыту мақсатына сәйкес оқу материалын дайындайды
(электрондық оқулықтар, бейнематериалдар, ТД-сабақтар, презентациялар және
т.б.);
-
мұғалім оқу үдерісінде тек интернет-платформадағы материалдарды
ғана емес, сондай-ақ өзіндік әзірлеген оқу материалдарын да қолданады;
-
оқушыларға
кез
келген
уақытта
электрондық
платформаға
орналастырылған немесе мұғалім өзіндік жазып дайындаған телесабақты
немесе бейне сабақты қарауға мүмкіндік береді» [133].
Google ClassRoom оқытуды асинхронды форматта ұйымдастыруға
мүмкіндік береді, YouTube стримингтік бейне платформалары, Google Meet
бейнеконференцбайланыс платформасы сабақ өткізудің синхронды формасын
қолдайды.
Осылайша, Google ClassRoom интеграцияланған білім беру онлайн-
платформасы ғана емес, сонымен қатар мұғалім портфолиосы мен оның
оқушыларының портфолиосы ретінде де әрекет етеді. Бейне файлдарға сілтеме
жасау мүмкіндігінің арқасында мұғалім Google ClassRoom сабақтарға Google
Youtube онлайн-қызметінде жарияланған бейнеге сілтемелерді қоса алады.
85
Бұдан, Google ClassRoom интеграцияланған білім беру онлайн-
платформасы ғана емес, сонымен қатар мұғалім портфолиосы мен оның
оқушыларының портфолиосы ретінде де әрекет етеді. Мұғалім бейне
файлдарға сілтеме жасау мүмкіндігі арқылы Google Class Google Youtube
онлайн-сервисінде жарияланған бейнеге сілтемелерді қоса алады.
Синхронды оқытуға арналған платформаны таңдау кезінде Zoom, Google
Meet, Microsoft Teams және т.б. сияқты түрлі бұлттық сервистерді пайдалануға
болады. Оқыту қажеттіліктері мен құралдардың қолжетімділігіне қарай ең
қолайлы платформаны таңдау маңызды. Синхронды оқытуды ұйымдастыру
мақсатында бұлттық сервистерді пайдалана отырып, мынадай кезеңдерді
орындауға болады:
1. Синхронды оқытуға арнап қолайлы бұлттық сервисті таңдаңыз.
Синхронды оқыту үшін танымал бұлттық сервистердің ішінен Zoom, Microsoft
Teams, Google Meet атап айтуға болады. Олардың ерекшеліктерін, бағаларын
және басқа құралдармен біріктірілу мүмкіндіктерін өзіңіздің мақсаттарыңызға
сай таңдау үшін қараңыз.
2. Сервис үшін есептік жазба жасаңыз және қатысушылар тобын
ұйымдастырыңыз. Курстар, сыныптар немесе кез келген басқа қолайлы ұйым
жүйесі негізінде қатысушылар тобын жасаңыз.
3. Қатысушыларды шақырыңыз. Топқа қосылу үшін шақыруларды
электрондық пошта немесе басқа байланыс арналары арқылы жіберіңіз.
4. Оқу жоспарын әзірлеп, материалдарды дайындаңыз. Тақырыптарды,
сабақ кестесін және бағалау критерийлерін қамтитын оқу жоспарын әзірлеңіз.
Оқыту материалдарын, соның ішінде презентацияларды, бейне сабақтарды,
тапсырмалар мен тестілерді дайындаңыз.
5. Сабақ өткізіңіз. Таңдалған бұлттық сервисті пайдалана отырып,
сабақтарды оқу жоспарына сәйкес өткізуді бастаңыз. Материалдарды
түсіндіріп, сұрақтарға жауап беріңіз және қатысушылардың сабақты қалай
түсінгенін тексеріңіз.
6. Қатысушылардың жетістіктерін бағалаңыз. Оқушының білімі мен
дағдыларын бағалаңыз.
Google бұлттық сервистерін қолдана отырып, синхронды оқытуды
ұйымдастыру үшін келесі кезеңдерді пайдалануға болады:
1. Google ClassRoom бағдарламасында сыныпты құрыңыз және
электрондық пошта адресін пайдалана отырып, оқушыларды платформаға
қосыңыз.
2. «Тапсырмалар» қойындысын ашып, синхронды сабақ кезінде
орындағыңыз келетін тапсырманы жасаңыз.
3. «Жоспарлау» параметрін пайдаланып, синхронды сабақтың өткізілетін
күні мен уақытын көрсетіңіз.
4. Тапсырма сипаттамасы хабарламасында оқушылар синхронды сабақ
кезінде немен айналысу керектігін, мысалы, Zoom немесе Google Meet
конференциясына қосылу керектігін сипаттаңыз.
86
5. Сабақ өтетін күні оқушыларға Zoom немесе Google Meet
бағдарламасына «Материалдарды қосу» параметрін пайдаланып, кездесуге
шақыру жіберіңіз.
6. Синхронды сабақ кезінде презентацияларды, бейне және басқа да
материалдарды көрсету үшін экран алмасу функциясын пайдаланыңыз.
7. Сабақ аяқталғаннан кейін «Материалдарды қосу» параметрін
пайдалана отырып, оқушыларға кездесу жазбасын немесе басқа материалдарды
жіберуге болады.
Бұлттық сервистерді пайдалана отырып, асинхронды оқытуды
ұйымдастыру мақсатында келесі кезеңдерді орындауға болады:
1. Оқытудың мақсаттары мен міндеттерін анықтау және осы мақсаттар
мен міндеттерге сүйене отырып, оқыту платформаларын таңдау.
2. Көпшілікке қолайлы оқыту форматын таңдау. Кейбір платформалар өз
платформасында оқыту мүмкіндігін берсе, басқалары тек жүктеуге арналған
материалдарды ұсынады.
3. Платформада есептік жазба жасау және қажетті курсты таңдау.
4. Материалдармен танысып, тапсырмалар мен тестілерді шешу арқылы
курсты оқып үйрену.
5. Қажет болған жағдайда басқа студенттермен және оқытушылармен
форумдарда, чаттарда немесе виртуалды сыныптарда байланысу.
6. Курсты аяқтаған кейін курстан өткені туралы сертификат алу.
Бұлттық сервистерде оқытуды ұйымдастырудың басты ерекшеліктерінің
бірі әлемнің әр өңірінен келген студенттерге басқа қалаға немесе елге ауыспай-
ақ оқып-үйренуге қатысуға мүмкіндік беретін оқу уақыты мен орнын таңдауда
икемділік мүмкіндігі болып табылады.
Google бұлттық сервистерін пайдалана отырып, асинхронды оқытуды
ұйымдастыру ерекшеліктері мына кезеңдерден тұрады:
1. Студенттерге тапсырмаларды орындауға көмектесетін материалдар мен
ресурстарды жариялаңыз. Google ClassRoom студенттерге тапсырмаларды
орындау үшін пайдалы болуы мүмкін файлдарды, веб-сайттарға сілтемелерді,
бейнелерді және басқа да материалдарды бекітуге мүмкіндік береді.
2. Студенттер өз жұмыстарын жіберген соң, оларды бағалап,
түсініктемелер беріп, кері байланыс жасай аласыз.
3. Сыныпта ортақ пікірталас жасаңыз. Google ClassRoom студенттердің
сұрақ қойып, өзара байланыса алатын талқылаулар жасауына мүмкіндік береді.
4. Студенттермен
байланысу
үшін
бейнеконференциялар
ұйымдастырыңыз. Осы кезде Google Meet біріктірілген құралын пайдалануға
болады.
Достарыңызбен бөлісу: |