Беделов камбар амангельдиевич


Primavera Portfolio Management, Oracle NetSuite,  «Галактика», 1C, IFS Applications) және т.б



Pdf көрінісі
бет13/36
Дата07.09.2023
өлшемі2,51 Mb.
#106526
түріДиссертация
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   36
 
Primavera Portfolio Management, Oracle NetSuite, 
«Галактика», 1C, IFS Applications) және т.б.
 
Бұлттық 
технологиялардың 
заманауи 
дамуы 
«қызмет 
ретінде 
басқарылатын бұлт» MCaaS туралы айтуға мүмкіндік береді. MCaaS бұлттық 
сервисі пайдаланушыға өз сұраныстары бойынша жеке бұлт жасауға мүмкіндік 
береді. Қазіргі уақытта SAP корпорациясында бюджеттік және қаржылық 
жоспарлау жүйелері, аналитикалық шешімдерді қолдау енгізілген.
Бұлттық ресурстарды ұсыну үшін бұлттарды орналастырудың әртүрлі 
модельдері пайдаланылады, модельдің түріне байланысты құқықтар мен 
ресурстарға қолжетімділік өзгеріп отырады. АҚШ Ұлттық стандарттар және 
технологиялар институтының (NIST) «Бұлттық есептеулерді анықтау» 800-145 
стандартында бұлттарды орналастырудың төрт моделі айқындалған [98]. 
Жеке бұлт - «бұлттық инфрақұрылым бірнеше тұтынушыдан тұратын тек 
бір ұйымның пайдалануына арналған» [98]. Жеке бұлттың жеке және бірлесіп 
басқаруының әртүрлі амалдары болуы мүмкін, провайдер серверлерінде де, өз 
серверінде де орналастырылады. 
Қауымдастық бұлты - «бұлттық инфрақұрылым ортақ мүдделері бар 
ұйымдардағы тек белгілі бір қауымдастық тұтынушыларының пайдалануына 
арналған» [98]. Басқару мен қолжетімділік жеке бұлтқа ұқсас, тек
айырмашылығы - ауқымы кеңірек. 
Гибридті бұлт - «бұлттық инфрақұрылым деректер мен қосымшаларды 
тасымалдауға мүмкіндік беретін стандартталған немесе патенттелген 
технологияның көмегімен бірге байланысқан бірегей объектілер болып қалатын 
екі немесе одан да көп жеке бұлттық инфрақұрылымдардан тұрады». Өзара 
байланысты түрлі бұлттық инфрақұрылымдарды біріктіреді. Мұндай бұлттың 
ерекшелігі жабық ішкі деректері бар сыртқы ресурстарды тарту мүмкіндігі 
болып табылады. Виртуализация технологиясын пайдалану гибридті бұлт 
моделіне оңай көшуге мүмкіндік береді. 
Көпшілік бұлт - «бұлттық инфрақұрылым көпшіліктің ашық 
пайдалануына арналған» [98]. Көпшілік бұлт провайдер серверінде 


34 
орналастырылады, белгілі бір ұйымға тиесілі. Қолданылуы жеңіл, бұлттық 
сервистердің қолжетімділігінің және шектеулі дискілік кеңістікте тегін қол 
жеткізу мүмкіндігінің арқасында көпшілік бұлттар пайдаланушылар арасында 
кең танымал. 
Microsoft және Google компаниялары бұлттық сервистер нарығында 
Интернет желісін пайдаланушыларға арнап электрондық поштадан бастап 
кеңселік шешімдер мен деректерді сақтауға дейінгі кең ауқымды қызметтерді 
ұсынады.
Білім беру жүйесіне арналған бағдарламалық құралдарды ұсынатын 
алғашқы компаниялардың бірі IBM, Microsoft, Google болып табылады. 
Коммуникациялар жүйесінің дамуына және Интернет желісінің 
қолжетімділігіне байланысты спутниктік және сымсыз қосылу арқылы білім 
беру жүйесінде «бұлттық» технологияларды пайдалану мүмкін болды. Ұялы 
байланыс құралдары (смартфондар, планшеттер және т.б.) қосылыс үдерісін 
күшейтіп, пайдаланушылардың мүмкіндіктерін кеңейтті. Білім алушы, әлемнің 
кез келген жерінде және ыңғайлы уақытта қажетті ресурстарды қолдана алады, 
сарапшымен байланыс орнатады, қажетті кітапханаларға қол жеткізеді және 
деректерді бұлттық есептеулерде сақтау мүмкіндігі бар. Бұлттық 
технологияларды оқытуда пайдалану үздіксіз білім беруді қолдауды жүзеге 
асырады. 
Қазіргі қоғамды ақпараттандыру және білім беруді жаңғырту 
жағдайларында ақпараттық және коммуникациялық технологиялар (АКТ), 
соның ішінде бұлттық технологиялар білім беру үдерісін қолдау мен іске 
асыру, болашақ информатика мұғалімдерін даярлау үшін ажырамайтын
технологиялық құрал болып табылады. Өз кезегінде, бұл білім беру жүйесінің 
алдына жоғары АКТ - құзырлық деңгейіне, соның ішінде, бұлттық 
технологиялар саласындағы жоғары құзыреттілік деңгейіне ие болуға тиіс 
педагогикалық бағыттағы студенттерді, болашақ информатика мұғалімдерін 
даярлау мәселесін, сонымен бірге қазіргі заманғы оқыту әдістері мен 
құралдарын енгізу есебінен құзырлық пен білім беру парадигмасының негізгі 
идеяларын қолдауды қамтамасыз ететін оқыту технологияларын жаңарту 
қажеттігін қойып отыр [101]. 
Аталған мәселені шешу бағыттарының бірі деп, болашақ информатика 
мұғалімінің АКТ - құзырлығының құрамдас бөлігі ретінде бұлттық 
технологиялар саласындағы арнайы құзыреттерінің қалыптасуын қамтамасыз 
ететін әдістемелік оқыту жүйесін жасауды есептеуімізге болады [102].
Инновациялардың таралуы уақыт өткен сайын желілік принцип бойынша 
көбірек құрылып отырған жағдайларда болашақ информатика мұғалімдерінің 
желілік әрекеттестігін ұйымдастыру өте маңызды. Желілік әрекеттестік 
бірлескен ғылыми-білім беру қызметінің тиімділігінің күрт күшеюіне алып 
келеді, жұмыстардың нәтижелерінің енгізілуінің жылдамдауына, ғылыми-
педагогикалық қызметкерлер мен оқып, білім алушылардың тең құқықтарын 
қамтамасыз ететін оң әлеуметтік әсерлерге жетуге жағдай жасайды. Осындай 


35 
желілік әрекеттестік бұлттық технологиялардың көмегімен айтарлықтай тиімді 
ұйымдастырылады. 
Болашақ информатика мұғалімдерін білім беру үдерісін ұйымдастыру 
үшін қазіргі заманғы АКТ құралдарын тиімді пайдалануға даярлау және 
бұлттық технологиялар саласындағы олардың арнайы құзырлықтарды 
қалыптастыру қазіргі таңда оларды педагогикалық бағыттағы жоғары оқу 
орындарында кәсіби даярлауды жетілдірудің ең келешегі бар бағыттарының 
бірі болып табылады. 
Білім беру үдерісінде заманауи виртуалдандыру жүйелерінің және 
бұлттық технологиялардың мүмкіндіктерін пайдалануға ерекше назар 
аударылады. Бұлттық технологиялар оқып, білім алушылардың танымдық 
қажеттілігінің қалыптасуына, аналитикалық қабілеттерінің қалыптасуына
уәждемесінің артуына, осы құралдарды пайдалана отырып әлеуметтік 
тәжірибені беру мен жаңғырту функцияларының артуына жағдай жасайтын, 
түлектердің әмбебаптануына жағдай жасайтын(жаңа қызмет құралдарын, 
пәнаралық білімдерді, жылдам қайта бейімделуге біліктіліктерді меңгеруге 
қабілеттілік), білім беру, білім алу қызметінің жаңа түрлерін іске асыратын, 
оқып, білім алушылардың танымдық белсенділігін, зерттеу мен жобалау 
дағдыларын ынталандыруға, жалпы зияткерлік біліктіліктерін дамытуға жағдай 
жасайтын дидактикалық мүмкіндіктердің кең спектріне ие [102].
Біздің жағдайымызда оқып, білім алушылардың желілік ақпараттық 
әрекеттестігі ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың және бірлескен 
(ұжымдық, топтық) ғылыми-білім беру қызметінің әлеуеті мен мүмкіндіктеріне 
негізделген. 
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар оқып, білім алушылардың 
жай ғана әрекеттестігін ғана емес, олардың оқу мен ғылыми іс-қимылдардың 
белгілі бір мақсаттарына жету, «өзара жауапкершілік аймақтарын бөле 
отырып», желілік оқу ресурстарын жасау бойынша оқу қауымдастығы 
режиміндегі жұмысын да алдын ала анықтайды. Желілік әрекеттестік –біздің 
заманымыздың өзінде орасан зор әлеуетті қамтыған және оның жиынтықтаушы 
әсерлерін оқып, білім алушылардың ғылыми-оқу ісінде іске асыруға жағдай 
жасайтын феномені. 
Ұжымдық желілік әрекеттестік – бұл тек өнімді ақпарат алмасу ғана емес, 
осылардың негізінде кәсіби (соның ішінде АКТ) құзырлықтың кеңейтілуі 
жүретін жаңа білімдер мен біліктіліктер алудың негізі де. Желілік 
әрекеттестікте педагогтардың әрқайсысының жүріс-тұрысы бір мезгілде 
ынталандыру да, қалғандардың жүріс-тұрысына жауап та болып әрекет етеді. 
Желілік әрекеттестікке қосыла отырып, педагог тек жаңа білімдер алуға ғана 
емес, оларды іс-тәжірибеде пайдалануға және қол жеткенге тоқтамастан, 
құзырлығын (соның ішінде АКТ - құзырлығын) арттыруын жалғастыру 
мүмкіндігіне де ие болады [103]. 
Болашақ 
информатика 
мұғалімдерін 
оқытқан 
кезде 
бұлттық 
технологиялардың мүмкіндіктерін пайдалану оқудың сапасын, материалды 
меңгеру деңгейін арттырады, оқыту үдерісін үздіксіз және жүйелі етеді. 


36 
Бұлттық технологиялардың негізіндегі виртуалды кеңістік ақпараттық оқыту 
ресурстарын жасауға және оларды қолдап отыруға, ғылыми жұмысты және 
әдістемелік зерттеулерді жүргізуге, сонымен бірге басқа білім беру 
мекемелерімен қатынас жасауға мүмкіндік береді. Бұлттық технологиялардың 
негізіндегі желілік сервистерді пайдаланған кезде білім беру сапасын және 
білімділік деңгейін арттыруға бағытталған міндеттердің тұтастай қатарын 
табысты орындаудың алғышарттары, ал, атап айтқанда: ақпараттық деректер 
мен білімдердің ашықтығы мен қол жетімділігі, қаржылық және материалдық 
ресурстардың үнемделуі, желілік ресурстар арқылы оқыту үдерісінің үздіксіз 
дамуы, оқуды жүйелі бақылау қамтамасыз етіледі. 
Бұлттық сервистер сабақтарды, сабақтан тыс іс-шараларды ұйымдастыру 
және оқып, білім алушылардың жұмысын тек үй жұмыстарын және өз бетімен 
жұмыстарды орындаған кезде ғана емес, оқушылардың жобалау мен зерттеу іс-
әрекетін ұйымдастырған кезде де бақылау үшін кең мүмкіндіктер ашады. 
Бұлттық технологиялар тек оқытушылардың ғана емес, болашақ информатика 
мұғалімдерінің де уақыты мен күштерін қосымша жұмсаусыз, бақылауды 
жылдам әрі тиімді ұйымдастыруға мүмкіндік береді [101]. 
Олардың білім беру үдерісінде қандай мақсаттар үшін және қандай жас 
топтары үшін пайдаланылатындығына байланысты, критерийлерге сәйкес 
іріктеп алынған бұлттық технологиялардың негізіндегі желілік сервистер бірін-
бірі алмастыратын сервистер болып табылады. Бұлттық технологиялардың 
негізіндегі желілік сервистер оларды оқытуда пайдаланған кезде күрделілік 
дәрежесі бойынша әртүрлі болып табылады және педагогикалық қызметкерлер 
қажетті желілік сервисті тұжырымдалған критерийлерге сәйкес өздері таңдап 
ала алады. 
Бұлттық технологиялардың негізіндегі желілік сервистерді пайдаланудың 
нәтижесінде 
оқып, 
білім 
алушылардың 
танымдық 
қызығушылығы 
ынталандырылады, оқудың уәждемесі артады, өз бетімен жұмыстың тиімділігі 
артады, осының барлығы оқу үдерісін дербестендіруге және жіктеуге, 
жұмыстың ұжымдық түрлерін оқытудағы дербес тәсілмен ұтымдырақ 
үйлестіруге жағдай жасайды.Ақпараттық-коммуникациялық ортада бұлттық 
сервистердің көмегімен дамытылатын және жетілдірілетін тұлғалық 
сипаттамаларды, олардың арасында байланысқа бейімділікті, жасампаздықты, 
білуге құмарлықты, ойлаудың сыншылдығын, ойлаудың болжамдылығын, 
оңтайлылықты, іске шығармашылықпен келуді, өз ісінің табысына сенімді, 
бейімделгіштікті, нандыра білуді, келіссөздер жүргізе білуді, ұжымда жұмыс 
істей білуді, эмпатиялықты (әңгімелесушісін сезінуге қабілеттілікті), команда 
құруға және көшбасшы болуға қабілеттілікті, өз-өзін дамытуға, өз-өзін билеуге, 
өз-өзін жетілдіруге, шығармашылықпен іске асыруға қабілеттілікті ерекше 
бөліп көрсетуге болады [101]. 
Қазіргі таңда кәсіби білім беру саласында оның мазмұнын жаңарту 
жолдарын белсенді іздестіру жүріп жатыр, мұның нәтижесі білім беру 
стандарттарын жаңғырту, білім беру үдерісін ұйымдастырудың осылар көбіне-
көп болашақ маманның тұлғалық қалыптасуына бағытталған жаңа түрлерін 


37 
пайдалану болып табылады. Қазақстандық білім беруді жаңғыртудың басты 
мақсаты оның Қазақстанның қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайларына 
жауап беретін жаңа сапасына қол жеткізу болып табылады. 
Қазіргі заманның мұғаліміне, болашақ информатика мұғаліміне үнемі 
өзгеріп отыратын жағдайларда жұмыс істеуге тура келеді, бұл өз кезегінде 
оның кәсіби қасиеттерін жетілдіруді талап етуде. Педагогикалық теориялар мен 
әдістемелердің үнемі дамып отыруы, жаңа оқыту мен тәрбиелеу мен 
педагогикалық іс-тәжірибеге енгізілуі қазіргі заманның мұғалімін білім беру 
технологиялары саласында қосымша даярлау қажет екендігін көрсетіп 
отыр[104]. 
Педагог – білім беруді реформалаудың басты тұлғасы. Кәсіпқой ретінде 
табысты педагогтың негізгі сипаттамалары ретінде келесілерді атап 
көрсетуімізге болады: еңбектің жылдам өзгеріп отыратын жағдайларында 
өзгерістерге дайындық, жинақылық,стандартты емес жағдайларда шешімдер 
қабылдаудағы жауапкершілік пен дербестік. Осы бір құнды қасиеттерге ие болу 
педагогикалық шығармашылық кеңістігін кеңейтусіз мүмкін емес, өйткені 
педагогтың біліктілігіне қойылатын талаптар өзгеріп отырады. 
Жоғары оқу орнында болашақ информатика мұғалімдеріне білім беру 
үдерісінде 
заманауи 
виртуалдандыру 
жүйелерінің 
және 
бұлттық 
технологиялардың 
мүмкіндіктерін 
пайдалануға 
ерекше 
назар 
аударылады.Оқыту барысында бұлттық технологияларды және желілік 
сервистерді пайдалану, сондай-ақ олардың негізінде оқытудың әдістемелік 
жүйесін құру нормативтік құзыреттерді, сонымен бірге бөліп көрсетілген 
арнайы құзыреттерді қалыптастырудың тиімді құралы болып табылатын 
болады [105]. 
Қазіргі технологиялар компьютерге орнату үшін қымбат тұратын 
бағдарламалық жасақтаманы сатып алмауға мүмкіндік береді, бұлттық 
инфрақұрылымды өрістетуге және оған кез-келген жерден,интернет желісіне 
қосылған 
кез-келген 
жабдықтан 
қатынау 
мүмкіндігіне 
ие 
болуға 
болады.«Бұлтқа» қатынау мүмкіндігіне,қатынау құқығы бар мыңдаған 
адамдардың бір мезгілде ие бола алатындығын атап өту керек. 
Бұлттық есептеулердің пайда болуы мен даму эволюциясы келесі бірнеше 
технологиялық жетістіктерге жетуге жағдай жасады: 

жылдамдығы жоғары сенімді желілердің пайда болуы; 

виртуалдандыру мүмкіндіктері; 

деректер өңдеу орталықтарына арналған бағдарламалық жасақтаманың 
құнын төмендеткен,ашық бастапқы коды бар бағдарламалық жасақтама 
(мысалға, Linux, Apache, Hadoop); 

web 2.0 технологиясының ашық стандарттарының қабылдануы, бұл 
бұлтта қосымшалар жасауды анағұрлым оңайырақ және жылдамырақ етті; 

серверлік жабдықтың дамуы мен жетілдірілуі. 
Қорыта айтқанда білім беру үдерісінде бұлттық технологияларды (cloud 
computing) пайдалану, оқу орындарына Интернет арқылы есептеу ресурстарын 
және сервис ретінде қосымшаларды пайдалануға мүмкіндік береді, бұл оқыту 


38 
үдерісін қарқынды етуге және жақсартуға, сонымен бірге дәстүрлі ақпараттық 
технологияларға тән емес арнайы функциялардың есебінен оқытудың сапасын 
жақсартуға жағдай жасайды [106]. Сондай-ақ, бұлттық технологияларды 
пайдалана отырып, оқыту үдерісінің өзі оқып, білім алушылар үшін көбірек қол 
жетімді болып шығады, өйткені «бұлттағы» қосымшалардың көпшілігі тегін 
болып табылады және оларға әлемнің кез-келген нүктесінен, орнатылған веб-
браузер арқылы кез-келген уақытта, «бұлттық» сервисті қолдайтын кез-келген 
электронды құрылғыдан қатынауды іске асыруға болады. Бұлттық 
қосымшалардың пайда болуы білім берудегі оқу әдебиеттеріне де көбірек қол 
жетімділікті қамтамасыз етті, бұл әдебиетті кез-келген электронды 
құрылғыларда (компьютерлерде, ноутбуктарда, планшеттерде, смартфондарда) 
зерделеуге болады, бұл дәстүрлі оқу әдебиетінің мүмкіндіктерін кеңейтуге және 
сабақтарда интербелсенділік элементтерін қосуға жағдай жасайды [101]. 
Оқытуда «бұлттық» технологиялардың мүмкіндіктерін атап көрсетейік: 

таратылатын электрондық білім беру ресурстарын ұйымдастыру; 

оқу, әдістемелік, ғылыми және анықтамалық ақпаратты мәтіндік, 
графикалық, дыбыстық және бейне-форматта жіберу; 

медиа құрамдас материалдарды қарау; 

оқу ақпаратын әртүрлі форматтарда (мәтін, графика, анимация, дыбыс, 
бейне) визуалды көрсету және шығару; 

білім беру мазмұнына тұрақты қолжетімділік; 

компьютерлік технологияларды және Интернетке қосылуды пайдалана 
отырып, оқу-әдістемелік және анықтамалық ақпаратқа еркін қол жеткізу; 

білім беру үдерісіне қатысушылардың географиялық орналасуына 
тәуелсіз 

бірлескен іс-әрекет; 

мамандармен, педагогтармен кеңес беру және материалдарды 
талқылау; 

жедел кері байланыс; 

кез келген техникалық құрылғыдан (компьютер, смартфон, планшет) 
қол жеткізу мүмкіндігімен электрондық форматта бағалау шараларын 
бақылауды ұйымдастыру; 

әртүрлі ақпаратты сақтау және қосалқы (резервтік) көшіру; 

нақты уақыт режимінде телеконференцияларды (аудиоконференциялар 
мен бейнеконференциялар) ұйымдастыру; 

белгілі бір тақырып бойынша көптеген пайдаланушылардың 
(форумдар, чаттар, қоғамдастықтар) бір уақытта ақпарат алмасуы; 

ғылыми және оқу орталықтарының зерттеу жұмысын ұйымдастыру 
[107]. 
«Бұлттық» технологиялар деректерді жылдамырақ визуализациялауға 
мүмкіндік береді, үш өлшемді кеңістіктегі өзара әрекеттесу мүмкіндіктерін 
кеңейтеді, оқу үдерісінің бүкіл материалдарының көрнекілік элементтерін 
арттырады, оқу үдерісіне қатысушылар арасында нақты және виртуалды 


39 
қарым-қатынас формаларын құрады, әдістемелік рефлексиямен қамтамасыз 
етеді. 
«Бұлттық» технологияларды пайдалану: 

оқуға деген ынтаны арттыруға;

барлық құрылымдық бөлімшелерді (электрондық журналдарды, 
күнделіктерді, электрондық оқулықтарды пайдалану, қашықтықтан оқыту 
технологияларын дамыту) қоса алғанда, білім беру үдерісін ақпараттандыруға; 

желілік өзараәрекеттесуді қамтамасыз етуге, білім беру ортасын 
әзірлеу мен қолдануда қатысуға, желілік қоғамдастықтарды пайдалануға; 

оқыту мазмұнының вариативтілігі мен саралануына; 

білім беру үдерісінде зерттеу және ойын технологияларын пайдалануға 
ықпал етеді [107]. 
Оқытуға «бұлттық» технологияларды ендіру желілік өзара әрекеттесудің 
архитектурасын заманауи әлемнің, соның ішінде, білім беру жүйесінің 
талаптарына сәйкес өзгертуді көздейді. 
Айта кетейік, «бұлттық» технологияларға негізделгенде бірлескен оқыту 
түрлі байланыстарда жүзеге асырылуы мүмкін. Жасалған мазмұн көп 
пайдаланылатын сервистерге бағдарланған, оның құрылымында «топтық 
оқытуды» ұйымдастыру оңай. 
Жүргізілген талдау негізінде «бұлттық» технологияларды оқыту 
барысында қолдану орынды деп қорытындылауға болады. Білім беру үдерісіне 
оның барлық қатысушыларын белсенді тарта отырып, «бұлттық» 
технологиялар заманауи білім берудің талаптары мен міндеттеріне жауап 
беретін оқу мазмұнын ұйымдастыру мүмкіндігін береді. 
«Бұлттық» технологиялар мен олардың сервистерінің дербес жағдайы 
ретінде телекоммуникациялық желілік онлайн web-сервистер оқытуда 
«бұлттық» технологиялардың өзіне қарағанда кеңірек қолданылады. Бұдан осы 
ұғымның 
толық 
мағынасында 
«бұлттарды» 
пайдалану 
педагогтан 
педагогикалық дағдылар мен ақпараттық-коммуникациялық технологияларды 
білуді ғана емес, сонымен қатар әкімші деңгейінде «бұлттарды» басқару 
біліктілігін, оларды пайдалану үшін «ұйымдастыру» білігін талап етеді. 
Осылайша, педагогтардың «бұлттық» технологияларды оқытуда ішінара 
онлайн сервистер деңгейінде пайдалануы түсіндіріледі. 
Сондықтан, оқытуда «бұлттық» технологияларды пайдалану, ең алдымен, 
web-технологиялар 
мен бұлттық технологиялардың қағидаттары мен 
технологиялары 
бойынша 
онлайн 
режимде 
Интернет 
арқылы 
ұйымдастырылған қолжетімді «бұлттық» сервистерді білдіреді. Ақпараттық-
коммуникациялық технологиялардың құрамдас бөлігі ретінде ақпараттық 
технологиялар, Интернет-технологиялар, web-технологиялар қазіргі кезде 
оқыту құралы ретінде зерделеу және пайдалану үшін өзекті болып қалады.
Оқытудағы заманауи тәсіл арқылы «бұлттық» технологиялардың негіздерін 
зерттеу қамтылады: 

деректер орталығы; 

заманауи инфрақұрылымдық шешімдердің даму үрдістері; 


40 

бұлттық есептеу қағидаттары; 

виртуалдау технологиялары; 

«бұлттағы» web-қызметтер [108]. 
Сондықтан оқытуда «бұлттық» технологияларды және олардың 
қызметтерін пайдалану, әсіресе информатика мұғалімдері үшін ерекше рөлге 
ие. 
Біздің ойымызша, оқу мақсатында оқыту және пайдалану үшін өзіндік 
«бұлттарды» орналастыру емес, дайын «көпшілік» бұлттар мен олардың 
сервистерін пайдалану неғұрлым қарапайым әрі ыңғайлы болып табылады. 
Бастапқы кезеңде техникалық жүзеге асыру тұрғысынан ең қарапайым желілік 
бұлттық сервистерді пайдалану болып табылады.
Білім беру мақсатында жиі пайдаланылатын желілік сервистер мен 
қызметтер мыналар [101]: 

қарым-қатынас жасау сервистері: электронды почта, форумдар, 
блогтар, чаттар, ІР-телефония (Sкуре) және т.с. 

сақтау және деректер алмасу сервистері; 

электрондық журналдар мен күнделіктер; 

қашықтықтан оқыту жүйесі, кітапхана, медиа-кітапхана; 

әлеуметтік желілер: Twitter, Facebook, ВКонтакте және басқалар; 

виртуалды серверлер, хостингтер;

бейнематериалдар хостингтері: YouTube, бейнеконференция және 
басқалар; 

web 2.0 құралы: wiki-парақтар және басқалар [109]. 
21 ғасырдың келесі онжылдығы білім беру үшін талай мүмкіндіктер 
береді. Американдық ғалым К. Бонк өзінің «Ашық әлем: веб-технологиялар 
білім беруді қалайша революцияландырып отыр» атты кітабында [109] ашық 
әлемнің білім беруге әсер ететін бірқатар маңызды трендтерін көрсетті. Енді 21 
ғасырда қажетті дағдыларды қалыптастыратын және білім беруге оң әсерін 
тигізетін және білім алушылар мен педагогикалық қызметкерлер үшін көптеген 
жаңа мүмкіндіктер ашатын негізгі трендтерді қарастырайық. 
1.
Интернет желісінде іздестіру. Интернет желісі педагогикалық 
қызметкер мен білім алушылар қажетті мәліметтерді және дереккөздерді таба 
алатындай: ақпарат, электронды кітаптар және құжаттар, әртүрлі кітапханалар, 
ресурстар,қосымшалардан 
тұрады. 
Сондай-ақ, 
мәлімет 
алмасу 
үшінжәнемәліметтерге ашық қол жеткізугемүмкіндіктер жасайтын үлкен 
көлемді жады іспетті. Сондықтан Интернет желісінде іздестіру дағдылары 
оқып, білім алушылардың цифрлық әлемдегі АКТ-сауаттылығының маңызды 
құрамдас бөліктері болып табылады. 
2.
Аралас оқыту. Аралас оқыту тек «бетпе-бет» қарым-қатынас жасауды 
және «топтық қарым-қатынас жасауды» ғана емес, заманауи ақпараттық 
технологияларды пайдалана отырып, нақты уақыт режиміндегі әрекеттестікті 
де шамалайды. 
3.
OpenCourseware. Массачусет технологиялық институты (MIT) 
OpenCourseWare-нің бас провайдері болып отыр. Осы тәріздес ресурстарда бар 


41 
оқу материалдары педагогикалық қызметкерлерге де, оқып, білім алушыларға 
да пайдалы. 
4.
Оқыту порталдар. Мұндай порталдар қазіргі кезде айтарлықтай 
дамыған болып табылады және жаңа материалды зерделеуге де, өзінің әртүрлі 
ғылыми салалардағы білімдерін дамытуға да жағдай жасайды. 
5.
Студенттер оқытушылар ретінде. Қазіргі уақыт оқып, білім 
алушылардан үлкен бастаманы талап етеді. Олар өздерінің білім алуы үшін 
пайдалы материалды өз бетімен зерделей білуге тиіс. 
6.
Электронды ынтымақтастық. Оқытатын ұйымдар тиісті құралдарды 
(кітапханалар, күнтізбелер, форумдар, жоспарлар, жергілікті жердің карталары 
және бас.) пайдаланған кезде электронды ынтымақтастық дағдыларын 
қалыптастырады. 
7.
Имитациялық ойындар және виртуалды шындық. Оқытудың 
интербелсенді әдістерінің бірі ретінде, ойындарды да білім беру үдерісінде 
пайдалануға болады. Олар оқып, білім алушыларды іздестіруге және шешімдер 
қабылдауға мәжбүр етіп, нақты өмірдің жағдайларын модельдеуге жағдай 
жасайды. 
8.
Мобилді оқыту. Мобилді құрылғылардың көмегімен білім беру 
ұйымына келуге мүмкіндіктері жоқтарды оқытуға болады, кеңестер бере 
отырып, кез-келген жерден сабақтан тыс уақытта оқытуға болады.
9.
Дербестендірілген оқыту желілері. Оқыту үшін қазіргі заманның 
буынында танымал болып отырған желілік ресурстарды, мысалға, Facebook, 
Вконтакте және басқа әлеуметтік желілерді пайдалануға болады. Бұл ресурстар 
өзінің көптеген қосымшаларын оқу мақсаттарында пайдалануға да, өздерінің 
ресурстарын әзірлеуге және жүзеге асыруға да жағдай жасайды. 
10.
CloudComputing ресурстары. Бұлттық технологиялар білім беру 
ұйымдарына осыларды білім беру үрдісінде пайдалануға болатын тегін бұлттық 
сервистер береді. Жоғарыда қарастырылған барлық трендтерді бұлттық 
ресурстарда әбден іске асыруға болады. 
Өткен ғасырдың соңында компьютерлік есептеу техникасының пайда 
болуының және жаппай таралуының бұлттық есептеулер эволюциясында үлкен 
рөл ойнағандығын атап өтуіміз керек. Үлкен ЭЕМ-ның есептеу қуаттары мен 
жалға берілетін машиналық уақыт өзекті емес болып шыққандықтан, бір 
жағынан, дербес компьютерлердің пайда болуы бұлттық технологиялардың 
дамуын әлдебір уақытқа тоқтата тұрды. Екінші жағынан, компьютерлік 
техниканың жаппай таралуы желілік технологиялардың дамуы мен дербес 
компьютерлерді желілерге біріктіру үшін серпін берді, бұл бұлттық 
есептеулерді одан әрі дамыту үшін негіз болып шықты. 
Бұлттық сервистер нарығында болып жатқан соңғы тенденциялар 
бұлттық провайдерлер ортасындағы күшті бәсекені куәландырып отыр. 
«Есептеу бұлты» концепциясын әртүрлі компаниялар, мысалға, Amazon, Google 
және Microsoft белсенді қолданады. 
Бұлттық есептеулердің пайда болуы мен эволюциясына келесілерді қоса, 
бірнеше технологиялық жетістік жағдай жасады: 


42 

жылдамдығы жоғары сенімді желілердің пайда болуы; 

виртуалдандыру мүмкіндіктері; деректер өңдеу орталықтарына 
арналған бағдарламалық жасақтаманың құнын төмендеткен, ашық бастапқы 
коды бар бағдарламалық жасақтама (мысалға, Linux, Apache, және Hadoop); 

web 2.0 технологиясының ашық стандарттарының қабылдануы, бұл 
бұлтта қосымшалар жасауды анағұрлым оңайырақ және жылдамырақ етті; 

Google, Microsoft және Amazon секілді өндірушілер өрістеткен 
инфрақұрылымдардың пайда болуы; 

серверлік жабдықтың дамуы мен жетілдірілуі [110]. 
Информатика мұғалімдерінің құзыреттілігін қарастыратын тақырып 
бүгінде ең өзекті тақырыптардың бірі болып табылады. Бұл желілік кеңістікте 
педагогтарды даярлау мены оқытудың қажетті құралдарын іздестіруге әкеледі. 
Бұлттық технологиялар осыған байланысты өте қызықты. Айта кету керек, 
заманауи зерттеушілердің бұлттық технологияларға қызығушылығына 
қарамастан, олардың болашақ информатика мұғалімдерінің құзыреттілігімен 
байланысын әлі күнге тек үстірт қарастырылған. Бұл тақырыпты зерттеудің 
ғылыми жаңалығы білім беру мүмкіндіктерін нақтылауға және оларды оқытуда, 
сондай-ақ болашақ информатика мұғалімдерінің кәсіби-педагогикалық 
қызметінде пайдалану үшін бұлттық технологиялар негізінде бұлттық 
сервистердің дидактикалық әлеуетін түсіндіруге байланысты. Бұған қоса, 
зерттеудің жаңалығы бұлттық технологиялар негізінде бұлттық сервистерді 
іріктеу критерийлерін әзірлеумен байланысты. 
Бұлттық технологияларды оқытуда және мұғалімдердің, атап айтқанда 
информатика сабақтарында мұғалімдердің одан әрі кәсіби қызметінде 
пайдалану ұжымдық желілік өзара әрекеттесу мүмкіндігін қамтамасыз етеді. 
Бұл өнімді ақпараттық алмасумен ғана емес, кәсіби құзыретті дағдыларды 
жинақтаумен және дамытумен, педагогикалық тәжірибеге жаңашылдықтарды, 
тәжірибелік іскерліктерді енгізумен байланысты екенін түсіну маңызды.
(Е.Ы. Бидайбеков, Б.Г. Бостанов [109]).
Жүргізілген талдау негізінде бұлттық технологияларды және олардың 
сервистерін оқытуда пайдалану заманауи білім беруді дамытудың қазіргі 
кезеңінде орынды болып табылады деген қорытынды жасауға болады. Білім 
беру үдерісіне оның барлық қатысушыларын белсенді тарта отырып, бұлттық 
сервистер заманауи білім берудің талаптары мен міндеттеріне жауап беретін 
оқу мазмұнын, оқу әрекетінің нәтижелерін ұсыну мен сақтаудың ыңғайлы 
тәсілін ұйымдастыруға мүмкіндік береді [109]. 
Осылайша, бұлттық технологиялардың білім беру жүйесінде, оқыту 
үдерісінде маңызы зор және білім алушылар мен болашақ мұғалімдердің, оның 
ішінде информатика мұғалімдерінің АКТ-құзыреттілігін дамытуда елеулі рөл 
атқарады. Жоғарыда айтылғандар болашақ информатика мұғалімдерін кәсіби 
қызметте бұлттық технологияларды пайдалануға дайындау қажеттілігін 
растайды. 


43 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет