Оқыту әдістері/дәріс түрі : кӛрнекі-түсіндірмелі баяндау/ақпараттық



Pdf көрінісі
бет1/2
Дата28.11.2023
өлшемі325,51 Kb.
#131133
түріПрезентация
  1   2
Байланысты:
12-Лекция Кору кабилет закымдн бала ДШ



Дәріс №12. Кӛру қабілеті бұзылған балалар үшін дене шынықтыру мазмұны. 
 
Оқыту әдістері/дәріс түрі
: кӛрнекі-түсіндірмелі баяндау/ақпараттық. 
 
Оқытудың техникалық құралдары, көрнекі құралдар
: интерактивті тақта, 
компьютер, презентациялар (тақырып бойынша). 
 
Дәрістің оқыту нәтижелері: 
1. Кӛрмейтін және нашар кӛретін балалардың ерекшеліктерін айтып береді. 
2. Кӛру қабілеті бұзылған (кӛрмейтін және нашар кӛретін) оқушыларға арналған 
бастауыш білім беру бағдарламасындағы негізгі түсініктемелерді сипаттайды. 
3. Спорттық құрал-жабдықтарға қойылатын талаптар мен оқу пәнінің дайындық 
сыныбындағы базалық білім мазмұнын кӛрсетіп береді. 
Дәрістің мазмұны (жоспары): 
1. Кӛрмейтін және нашар кӛретін балалардың ерекшеліктері.
2. Кӛру қабілеті бұзылған (кӛрмейтін және нашар кӛретін) оқушыларға арналған 
бастауыш білім беру бағдарламасындағы негізгі түсініктемелер.
3. Спорттық құрал-жабдықтарға қойылатын талаптар. 
4. Оқу пәнінің дайындық сыныбындағы базалық білім мазмұны. 
Дәрістің тезистері:
1. Кӛрмейтін және нашар кӛретін балалардың ерекшеліктері.
Кӛрмейтін (зағиптар) деп кӛру кӛмегі арқылы зат формасының сұлбасы мен жарықты 
сезінуді қабылдау мүмкіндігі толықтай жоқ балалар есептеледі. Мұндай екі кӛзінен толық 
айрылу (тотальді) болып саналады. Бұлардың қатарына кӛру аймағы 10% кӛретіндер де 
жатады.
Медициналық зағиптықтан практикалық зағиптықты ажырата білу қажет, жарықты 
сезгіштігі немесе қалдық кӛруі бар, жарықты, заттардың сұлбасын, түстерін қабылдай алуы, 
қалғандары медициналық зағиптыққа жатады. Практикалық зағиптық (қалдық кӛруі бар) 
кәдімгі түзету құралдарын (кӛзілдірік ) қолдануда кӛру ұшқырлығы жарықты сезінуі 0,05 
сипатталады. Тотальді кӛрмейтіндер қалдық кӛруі бар (нашар кӛретіндер) Брайл жүйесі 
бойынша жазатын және оқитын балалар. Қалдық кӛруі кеңістікте бағдарлауға және дыбысты 
естуі арқылы қабылдауға кӛмек береді.
Нашар кӛретін балалар, орталық кӛру кӛзі жақсы кӛретін,түзету арқылы жіті 
кӛретін(кӛзілдірік, байланыс линзалар) 0,05-ден 0,3-ке дейін, сонымен қатар, ӛте жіті кӛретін 
бірақ кӛру қызметінің басқа бұзылулары бар балалар (кӛру аймағының кішіреюі, бірінші, 
екінші - глаукома, кӛру жүйкелерінің аяқталмаған атрофиясы, пигменттік кӛздің тор 
қабығының бүлінуі, тор қабықтың ажырауы және т.б.). арнайы жағдайда оқытуды қажет 
етеді.
Балалардың біраз бӛлігінің кӛруінің бұзылуын кӛру нашарлығы және қылилық 
құрайды

Аталған категориялардағы балаларды оқыту арнайы сыныпта және кәдімгі 
сыныптарда да ұйымдастырыла беруі мүмкін.
Зағип және нашар кӛретін балалардың даму процесі кӛретін балалар сияқты бір 
заңдылыққа бағынады. Алайда, кӛруден айрылу немесе қалдық кӛруі бар балаларды 
дамытудың кейбір ерекшелігін ескеруді талап етеді. Олар заттар мен құбылыстарды кӛзбен 
шолу сипатындағы - жарықты, түсті т.б. бақылау мен қабылдаудың қиындығын сезінеді. 
Оларда кеңістік белгілерін, орналасуын, бағытталуын, қашықтығын, кӛлемін, нәрсенің 
бедерін т.б. бағалауда үлкен қиындық келтіреді. Мұның барлығы зағип балалардың сезу 
тәжірибесін азайтады, яғни кеңістікте бағдарлауын әсіресе қозғалыс барысын қиындатады, 
сенсорлық және интеллектуальдық қызметінің үйлесімді дамуы бұзылады.
Алайда, зағип балаларда қоршаған ортаны тануға негізделген қызмет жасайтын есту 
және сезу рецепторы сақталады. Естуді еріксіз пайдаланатын зағип балалар айналасындағы 


адамдармен қарым-қатынас барысында ауызша байланыстырып сӛйлеуді үйренеді. Сӛйлеу 
арқылы олар ақиқат шындығы, адамдардың іс-әрекеті мен амалы т.б. туралы ақпарат алады. 
Зағиптардың естуіне қарағанда сезімі нашар, сылбыр дамыған. Қоршаған ортадағы заттарды 
ӛз бетімен дұрыс бақылау әдістерін қолдана алмайды. Тәжірибе кӛрсетіп жүргендей, 
мектепке келген оқушылар сезгіштік қабілеті мен қолының ұсақ моторикасының дамуының 
тӛмен деңгейін байқатады. Бұл ӛз кезегінде, олардың жалпы психофизикалық дамуына қарсы 
әсер етеді, яғни қоршаған шынайы ақиқатпен дербес танысуына және Брайл жүйесі бойынша 
оқып және жазып үйренуін тежейді.
Қазіргі кезде инклюзивті білім беру жүйесі жоғарылаған сайын, кӛптеген мүмкіндігі 
шектеулі балалар, дене тәрбиесімен дені сау оқушылармен бірге әдеттегі бағдарлама 
бойынша айналысуға мүмкіндіктері бар. Егер қосымша қажетті іс-шаралар жүйесі жолға 
қойылса, оқытудағы мұндай кӛзқарастың тиімділігі артады. Кӛру қабілеті бұзылған 
балаларды оқытуда ескерген жӛн, олар дені сау құрдастары жасай алатын қозғалыс түрімен 
де айналысады. Оларға қарапайым қолданыс әдістерін ӛзгерту керек, мысалы: доптың түсін 
ӛзгерту, қызылға немесе т.б түске бояп, ол бала алаңда кӛріп байқауы үшін, солай оқушының 
толыққанды сабаққа қатысуын қамтамасыз ету керек. Ал кейбір жағдайларда кеңірек қолдау 
жүйесі қажет, мысалы: дене шынықтыру сабағында мамандардың қатысуы, ол балаға 
кӛмектесіп ӛз кӛңілін толық сабақты түсініп орындауға бӛледі. Бірақ та кӛптеген 
жағдайларда мүмкіндігі шектеулі балаларды ешқандай ешкімнің кӛмегінсіз дені сау 
балалармен бірге дене тәрбиесімен айналысуға мәжбүрлейді. Мұндай, біріктіру дені сау бала 
мен мүмкіндігі шектеулі балаларды инклюзивті білім беру деп, бір сыныпта біріктіріп сабақ 
ӛту ешқандай да пада әкелмейді.
Осындай білім беру нәтижесінде мүмкіндігі шектеулі балалар, ешқашан бірлесіп 
велосипед теппеген, жүгірумен немесе кӛптеген спорт түрлерімен белсенді түрде 
айналыспаған, соған байланысты оның дағдысынан тыс болып есептеледі. 
Осыған байланысты, тиісті қолдау жүйесін, олардың ата-анасы немесе баланың 
күтіміне бапшыл адамдарды талап ету қажеттігі туындайды. Басқа мамандармен 
ынтымақтастық орнату қажет. Мәселені шешу үшін бейімдік дене мәдениеті мамандарынан 
кӛмек қажет, немесе тифлолог-мұғалім, бағдар беру мамандары қажет. Баланы жеке 
бағдарламада оқыту-үйрету қажеттілігіне байланысты, қолдау жүйесін пайдалану қажет.
Мүмкіндігі шектеулі балалардың оқу бағдарламалары мен сабақ кестесі ашық және 
жабық спорт түрлерін және қозғалыс белсенділігін қамтиды. Спорттың ашық түрлеріне 
жататын, сыртқы жағдайлары жиі ӛзгерісте болатын спорт түрлері: мысалы, теннис, 
волейбол, футбол, американдық футбол и лакросс. Бұл ойын, болжамсыз, доптың ұшу 
траекториясы мен жылдамдығы және ойыншылар қозғалысы ескертусіз жиі ауысып 
отырады. Спорттың жабық түрлері тұрақты және болжанатын болып келеді, ол садақ ату, 
боулинг, диск және ядро лақтыру, обручты таяққа лақтыру, шарлармен ойнау (петанк). 
Ойынға және қозғалысқа деген сүйіспеншілік пен дағдылар дене шынықтыру сабағына 
белсенді қатысу арқылы қалыптасады. Кӛру қабілеті бұзылған оқушылар спорттың барлық 
түрлерімен, белсенді қозғалыс түрлерімен де таныс болуға мүмкіндік алу керек. Олардың 
ӛмірлерінде есте сақталып қалатындай спорт түрлерін бағдарламаға енгізу керек, бұл 
жұптасып велосипед тебу, жүгіру, жүзу, дзюдо және боулинг.
2. Кӛру қабілеті бұзылған (кӛрмейтін және нашар кӛретін) оқушыларға арналған 
бастауыш білім беру деңгейінің 0-4 сыныптары үшін «Бейімделген дене шынықтыру» 
пәнінен типтік оқу бағдарламасы 
1. Түсінік хат 
1. «Бейімделген дене шынықтыру» пәнінің оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 қаулысымен бекітілген орта білім берудің 
(бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына 
сәйкес әзірленген.


2. «Бейімделген дене шынықтыру» кӛру қабілеті зақымдалған балаларды (кӛзі 
кӛрмейтін және нашар кӛретін) арнайы оқыту және тәрбиелеудің жалпы білім беру 
компонентіне кіретін негізгі пәндердің бірі болып табылады.
3. Бейімделген дене шынықтыру – бұл кӛру қабілетінің бұзылуына шалдыққан 
адамдарды оңалтуға және қалыпты әлеуметтік ортаға бейімдеуге, олардың толыққанды 
ӛмірді сезінуіне кедергі болатын психологиялық тосқауылдарды жоюға бағытталған 
спорттық - сауықтыру іс-шаралар кешені. 
4. Бұл бағдарлама кӛру қабілеті зақымдалған 0-4 сынып оқушыларына арналған. 
5. Бейімделген дене шынықтырудың сабақтары санитарлық-гигиеналық және ӛртке 
қарсы талаптарға сай келетін спорттық объектілерде жүргізіледі (спорттық залдар,
стадиондар, бассейндер; ашық спорттық аландар және т.б.). Осы объектілер тиісті 
мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асуына қажетті спорттық бұйым мен құрал-
саймандармен жабдықтардырылуы керек.
6. Кӛрмейтін және нашар кӛретін оқушыларға арналған «Бейімделген дене 
шынықтыру» пәннің негізгі мақсаты: қозғалыс белсенділігінің максималды еркінділігін, 
тиімділігін, үнемділігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ оның кеңістікте еркін 
бағдарлау іс-әрекетін дамыту.
7. Қозғалыс икемділіктер мен дағдыларды қалыптастыру мақсаттардың шешілуі 
коррекциялық-компенсаторлық бағыттылыққа ие: 
1) тұрақтылықты, статикалық және динамикалық тепе-теңдікті дамыту; 
2) бағдарлау дағдыларын дамыту (есту және сипап сезу қабылдауын пайдалану 
арқылы); 
3) коррекциялық-компенсаторлық даму және бұлшық ет-буын сезімдерін арттыру; 
4) қозғалыстардың бӛгеліп қалушылығы мен шектелгенділігін жою; 
5) қозғалыс әрекеттерді орындау сапасын жетілдіру (соның ішінде қолдың күрделі 
қимыл-қозғалыс іс-әрекетін сапасын); 
6) қозғалыс икемділіктер мен дағдылардың ауқымын арттыру; 
7) дене тәрбиенің кемшіліктерін түзету.
8. Бейімделген дене шынықтырудың сабақтарында пәнаралық байланыстары бар 
құралдар қолданылады: балалардың ойлауын, сӛйлеуін, зейінін, есін, математикалық 
қабілеттерін белсендіретін жаттығулар, ертегі және ойын терапиясында, тақырыптық ойын 
композицияларында орындалатын рӛлдік қозғалыс функцияларына байланысты музыкалық-
әдеби, хореографиялық, би жаттығулары.
9. «Бейімделген дене шынықтыру» пәнін оқыту барысында балалардың жас 
ерекшеліктері мен кӛру кемістігінің сипаты есепке алынады. Оларды мүмкіндіктерін жете 
зертегеннен кейін, медициналық тексерулердің, педагогикалық бақылаулардың және 
қорытынды бақылау сынақтардың нәтижелерін есепке ала отырып, оқушыларды екі топқа 
бӛледі: 
1) біріншісі – арнайы топ. Бұл топқа бағдарламалық материалды менгеруде кӛптеген 
шектеулер қойылған; 
2) екіншісі - негізгі топ. 
10. Дене шынықтыру сабақтардың нәтижелілігін бақылау мақсатында әр сыныпта 
жылына екі рет балалардың дене дайындылық тексерісі жүргізіледі. Тексеріс 
қорытындылары талданады, дене дайындылығының анықталған кемшіліктерін жоюға 
әрекеттер жасалынады және барлық мәліметтер оқушыларға, ата-аналарға және 
педагогикалық ұжымға баяндалады.
11. Дене шынықтыру пәні бойынша баға қоюды қолданудың ӛзі балалардың ӛзіндік 
жетілуіне талаптандыруы қажет, олардың ӛз кӛрсеткіштерін жақсартуға талпынуын 
ынталандырып, дене жаттықтырудан қуанышты сезінуіне себепші болу керек. Жетістіктерді 
бағалау кезде балалардың оқу орта нормативтерін орындау сапасынан гӛрі, олардың ӛзіндік 
жеке дамуындағы қозғалыс қабілетінің даму қарқындығына кӛбірек кӛңіл бӛлу керек.


12. Дене шынықтыру сабақтарынан уақытша босануды мектеп дәрігері ғана бере алады. 
Сабақтан уақытша босатылған оқушылар дене шынықтырудың кемшіліктерін түзетуге 
бағытталган жеке немесе топтық тапсырмаларды бӛлек орындайды.
13. Кӛру қабілеті зақымдалған оқушаларға дене шынықтыру-сауықтыру іс-шаралары 
басқа да сабақтарда, үзіліс кезінде жүргізіледі, оған сергіту сәттер, жалпы жаттықтыру, қол 
моторикаға жаттығу жасау және т.б. жатады.
14. Кӛзі кӛрмейтін және нашар кӛретін балалардың дене шынықтыру бойынша 
сабақтан тыс жұмыс түрлеріне (кӛпшілікке арналған дене шынықтыру-спорт мерекелік іс 
шаралар, қолайлы бағдарлама бойынша құрастырылған сынып арасындағы сайыстар және 
т.с.с.) қатысуын қадағалап, соған үлкен назар аудару қажет. 
Сабақтарда оқу бағдарламасын меңгеруде ауырлық түсетін (кӛретін) оқушылардың 
психикалық функцияларының бұзылуын түзетуге арналған жеке және топтық сабақтар. Бұл 
сабақтар жалпы дамытушылық, сонымен бірге пәнге бағытталған сипатқа ие.
Сабақтардың мақсаты: 
– оқушылардың жалпы даму деңгейін кӛтеру; 
- бұрынғы дамыту мен оқытудағы кемшіліктердің орнын толтыру; 
- жеткіліксіз меңгерілген оқу біліктері мен дағдыларын қалыптастыру бойынша жеке 
жұмыстар жүргізу; 
- танымдық қабілетінің дамуындағы ауытқуларды түзету; 
- жаңа оқу материалын қабылдауға арналған мақсатты-бағытталған дайындық.
3 (16). Спорттық құрал-жабдықтарға қойылатын талаптар: 
1) кӛрмейтіндер үшін кӛзбен кӛретін ақпаратты дыбыстық ақпаратпен үйлестіру 
міндетті. Аккустикалық бағдарлағыштарды қолдану ұсынылады – бұл секіруды, лақтыруды 
орындау үшін «дыбыстық бағдар беру» болады. Кӛзі кӛрмейтін оқушылар үшін спорттық 
залдың периметрі бойынша 100см биіктік бойымен жүруде, жүгіруде бағдар болатын 
тұтқаны орналастырады; 
2) кӛрмейтіндер үшін дыбыс – басты бағдар беруші болғандықтан, залды арнайы 
дыбыстық құрал - жабдықтырмен қамтамасыз ету маңызды (зал қабырғаларды қорғаныш 
тӛсенішпен жабдықтау, еденге жұмсақ тӛсемді жабу); 
3) залдар кӛлемі кем дегенде технологиялық талаптардың ең тӛмен мӛлшерлеріне сай 
болуы тиіс. Зал тӛбесінің кейбір жақтарын, мүмкіндігіне қарай, перфорациялаңған (тесілген) 
немесе қатпарлы аккустикалық етіп жасау жӛн болып саналады; 
4) сонымен қатар, спорттық залда кӛзбен кӛретінге жатпайтын басқа да бағдар беруші 
кілттер болу керек, оларға еден фактурасынын ӛзгеруі, дӛңес әріптермен жазылған жазулар, 
ойын зоналарды белгілейтін хабарлама жолақтар және т.б. жатады; 
5) жарық түсудің сапасы да маңызды. Жарық беретін арматураның жарығы шамадан 
тыс жарқын және жылтыр болуына жол бермеу қажет және терезелердің тым үлкен 
болмауын, жарықты қатты шағылыстыратын аймақтардың болмауын қадағалау керек. 
Жарақаттанудың немесе тікендердің кіріп кетудің мүмкіндіктерін толық жою үшін, еден беті 
мінсіз тегіс болуы міндетті; 
6) залда құрал-жабдықтарға қол жеткізудің оңайлығын және оларды тасымалдау 
мүмкіндіктің болуын қамтамасыз ету тиіс. 
2. Оқу пәнінің дайындық сыныптағы базалық білім мазмұны 
17. Негізгі гимнастика. 
18. Гимнастикалық жаттығулар. Сап құру және сапқа қайта тұру. Бір қатар лекке сапқа 
тұру. Қатарда «бірінші-екінші» тәртібі бойынша санасу. Орнында тұрып адымдау. Адымдап 
жүру. Адымдап жүруді тоқтату. Бір қатар сапқа тұру. Шеңбер сапқа тұру. 
19. Жалпы дамыту жаттығулары (заттарсыз): 
1) бастапқы қалып: тік тұрып, аяқты алшақ қою (иіқтың енімен). Қолдардың негізгі 
қалыптары: алға қарай созу, екі жаққа созу, белге қою, бүгіп кеуде алдында ұстау, басқа, 
бастың артына қою; 


2) тік қолдардың қозғаластары: алға, екі жаққа, жоғары, кері қарай. Иық және шынтақ 
буындардың қозғалыстары. Тізеден бүгілген аяқты кӛтеру. Тік аяқпен қозғалыстар жасау (оң 
және сол аяқпен): алға, бір жаққа, кері қарай
3) денені бір жаққа қарай еңкейту. Қолмен тізеге таянып, гимнастикалық орындыққа 
таянып, денені алға қарай еңкейту (басты тӛмен түсіруге болмайды);
4) гимнастикалық орындық үстінде жаттығулар жасау. Гимнастикалық қабырғасының 
таяғынан ұстап, отырып, тұру. Гимнастикалық қабырғаға қырынан тұрып, бел деңгейіндегі 
таяқшаны ұстап алу. Аяқты алға қарай кӛтеру, кері қайтару, бір жаққа қарай кӛтеріңкіреу. 
Гимнастикалық қабырғасына алдымен тұрып, алға қарай еңкею, тізе деңгейдегі таяқшаны 
ұстап алу; 
5) аяқ ұштарын қосу және ажырату. Аяқ ұшымен тұрып, кӛтерілу, жартылай отыру 
және осы күйден тіземен тұру қалыпқа ауысу. Аяқтарды біріктіру (алшақтау), алға қарай 
еңкею (басты түсіруге болмайды). Аяқтарды кезек-кезек кӛтеру, «Қарлығаш» қалыпқа 
еліктеп, тіземен тұрып, таяну;
6) шалқасынан жату қалыптан - жинақталу. Шалқасынан жатып жинақталу қалыпты 
ұстап алға-артқа аунау. 
20. Үлкен доппен орындалатын жаттығулар:
1) доппен жасалатын негізгі қалыптар: допты қолында ұстап тӛмен, алға қарай, жоғары 
кӛтеру; 
2) допты ары-бері домалату. Зал қабырғасының бойымен, одан 100-130 см қашықтықта 
бірнеше гимнастикалық орындықтарын бірінен кейін бірін қырынан кояды. Осылайша 
қалыптасқан коридорға екі бала бір-біріне қарама-қарсы отырып, аяқтарын кең алшайтып 
қояды. Олар допты кӛтермей, оны бір-біріне домалатады. Алғашқыда балалар арасындағы 
қашықтық 1-1,5 м құрайды, кейіннен бұл ара қашықтықты біртіндеп ұлғайтады; 
3) допты қалқанға, қақпаға лақтыру. Секірген допты тауып алу және ұстап алу. 
Шеңберге аяқты айқастырып, отырып немесе аяқтарды алшақ қойып, тұрып, денені бұру 
арқылы допты шеңбер ішінде оңға-солға қарай ӛткізу. 
21. Мүсінді қалыптастыратын жаттығулар. Аяқтын ұшымен жүру, қол буындары 
бастын артында ұстасқан, шынтақтары жан жақта, арқасы тіке, жауырындар жақындасқан. 
Бастапқы қалып – қабырғаға жақындап, желке, жауырын, жамбас, шынтақ және ӛкшені 
тигізіп тұру. Сол тұрған күйде алға қарай кету және қайта келу. Желке, жауырын, жамбас, 
шынтақ және ӛкшені қабырғаға тигізіп, тіке тұрып, қолдарды екі жаққа кӛтеру, қабырғаға 
желке мен жауырынды тигізіп, отыру. 
22. Бағдарлауға бағытталған жаттығулар. Дыбыс белгісі бойынша жүру (10-15м дейін). 
Дыбыс белгісінің артынан түрлі бағыт бойынша жүру. Зал қабырғасынан жарты қадам 
қашықтықты ұстап, залды айналып жүру. Қадам ұзындығын ӛзгерту арқылы жүру. 
Ұзындықтық түрлі бӛліктерін жаңғырту (5, 10, 15м). Орыннан түрлі қашықтыққа секіру. 
Тапсырыс бойынша допты түрлі қашықтыққа лақтыру: 
1) ӛрмелеу және асып түсу. Гимнастикалық қабырғада еркін ӛрмелеу (жоғары, тӛмен). 
Гимнастикалық қабырғада тӛрт аяқтап ӛрмелеу. Шағын кедергіден асып түсу. Ұзындығы 
50см-ден кем емес кедергінің астынан ӛрмелеп немесе еңбектеп ӛту. Ойындар кезіндегі 
ӛрмелеу, еңбектеу және асып түсу; 
2) жүру. Барлығымен бірге бір бағытта, жалпы қарқынды ұстаным, еркін жүру. 
Қарқынды жүру. Аяқтың ұшымен жүру. Бір-бірінің артынан жүру. 
23. Жеңіл атлетика: 
1) жүгіру. Баяу жүгіру. Мұғалімнің белгісі бойынша бағытты ӛзгертіп жүгіру. 2-3 
реттен 10-20 м қашықтыққа жүгіру. Бір орында тұрып жай жүгіру – 30 сек. 2 рет. Ойын 
кезіндегі еркін жүгіру; 
2) лақтыру. Үлкен допты екі қолмен ұстап, жерге, қабырғаға, жоғары лақтыру, соңынан 
қағып алу. Шағын доптарды, тастарды, кар кесектерін алыстық пен дәлдікке лақтыру. 
Дыбыс белгісімен бейнеленген сырыққа шағын шығыршықтарды лақтыру. Ойын кезінде 
допты лақтыру; 


3) секіру. Гимнастикалық қабырғаның жанында тұрып, оның таяқшасынан ұстап, екі 
аяқпен секіру. Бір аяқпен кезек-кезен секіру (3-4 секіруден). Қолдар белде, аяқты бірге 
қойып, секіру және аяқты алшақ қойып, секіру. Секіру жібін бастан жоғары алға-артқа 
сермеу. Қозғалмай асулы тұрған және теңселіп жатқан ұзын секіру жібінен екі аяқпен секіру; 
4) қолшанамен сырғанау. 
24. Шанамен сырғанау жеріне қойылатын талаптар: ұзындығы 15-20 м тегіс еңіс жол, 
еңіс бұрышы - 5-10. Қолшаналарды ұстап, сапқа тұру. 
25. Шана үстінде жасалатын жаттығулар. Отыру: шананы екі қолмен ұстап алу, 
аяқтарға тірену. Отыру: шананы екі қолмен ұстап алу, оң аяқты алға, сол аяқты артқа ұстау. 
Отыру: шананы екі қолмен ұстап алу, аяқтарды алға. Шанаға екіден отырып, сырғанау; 
отыру: шананы екі қолмен ұстап алу, аяқтарды алға. Отыру: шананы екі қолмен ұстап алу, 
аяқтарды алға қою. «Шананың үстіне дұрыс отыру» атты практикалық сабақты жүргізу. 
Еркін сырғанау, еңіске сырғанау. 
26. Ойындар: 
1) «Допты кӛршіңе бер». Жүруді аяқтанған соң, мұғалім балаларды бір-бір қатар екі 
қарама-қарсы сапқа тұрғызады, допты бір-біріне беру шарттарын түсіндіреді. Екі қатар 
саптардың ара қашықтығы – 50-60см. Сап ішіндегі балалардың ара қашықтығы - 30-40см. 
Балаларға допты тек қолға беру керектілігін алдын ала айту қажет, қолды алға қарай созу 
арқылы. Допты лақтыруға тыйым салынады. Допты лақтырған адам, ойыннан шығады; 
2) «Жақындаған кім». Балалар қол ұстасып, шеңберге тұрады, олар жүргізушіні 
таңдайды. Жүргізуші шеңбер ортасына тұрады, ал балалар бір-бірден оған жақындап келіп 
кетеді, әр бала жақындағанда жүргізушінің иығынан ұстап, «а», «о», «у», «е», «и», «ю» және 
т.б. дыбыстарды айтады. Жүргізушінің мақсаты: жақындаған баланы дауысынан танып айту. 
Үш-тӛрт баланы танып қойған жүргізушіге сыйлық беріледі; 
3) «Орынға тез тұру». Мұғалімнің «Тараңдар!» командасы бойынша балалар залдың 
жан-жағына жүгіріп кетеді (волейбол аланның тек бір жағында ған). «Сапқа тұр» командасы 
бойынша балалар сапқа тұрады және «Теңел!», «Тік тұр!» командаларын орындауды 
үйренеді. Мұғалім әр балаға командаларды орындауда дұрыс қалыпты ұстануға кӛмектеседі.
27. Дайындық сынып оқушысының даярлық деңгейіне қойылатын талаптар. 
Нормативті талаптар: 
1) дененің алға қарай еңкею деңгейі – 10см ден кем емес;
2) тепе-теңдік функциясы – 4-6 сек; 
3) жылдамдылық – 12-14 рет; 
4) қол буынның күші – 7-8 кг; 
5) жалпы тӛзімділік – 25-30 сек; 
6) орнынан алға қарай секірудің ұзындығы - 100-106 см.
7) оқушылар білуі тиіс: сабақтардың жүру орнын (зал, алаң); дене шынықтыру залында, 
спорт алаңында жүріс-тұрыс ережелерін; күн тәртібі мен жеке тазалық туралы мәліметтерін; 
қатар, лек, сап, бағана туралы түсініктерін; саптағы ӛз орнын; негізгі тұру қалыптарын; 
қолдардың негізгі қалыптарын; 
8) оқушылар жасай алу тиіс: залға ұйымдасқан түрде кіру; колоннамен (саппен) жүру; 
сапқа тұру. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет