Бегалиева А.Қ



бет14/104
Дата04.10.2024
өлшемі0,81 Mb.
#146827
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   104
Байланысты:
Бегалиева Қазақстан тарихы оқу құралы-(2020) (1)

Бақылау сұрақтары:

  1. Орхон-Енисей жазбалары қайдан табылған және қандай атақты тұлға- лар туралы мәлімет береді?

  2. Түргеш, Қарлұқ мемлекеттерінің құлау себептері не?

  3. Х – ХІІ ғасырларда қарлұқ тайпалары қай жерге қоныстанды?

  4. Оғыз мәмлүктері деген кімдер?

    1. Дамыған орта ғасырлардағы мемлекеттер (ХІ ғ. басы – ХІІ ғ.)




Қарахан мемлекеті (942-1210 ж.). «Қарахандар» терминін ғылымға орыс шығыстанушы В.В. Григорьев енгізген. «Қара хан» – осы мемлекеттің билеушілері лауазымдарының бірі бол- ған, мағынасы (ауыспалы) – ең жоғарғы, жоғары мәртебелі деген- ді білдірген. Бұл мемлекетте билеушілер, сонымен қатар арслан хан (шігілдер тайпасынан шыққандар), боғра хан (яғмалардан шыққан билеушілер), тамғаш хан, елік сияқты лауазым атақтары болған.
Х ғасырдың орта кезінде оңтүстік Шығыс Қазақстан мен Шығыс Түркістан жерінде Қарахан мемлекеті пайда болды. Орта- лығы – Баласағұн қаласы. Қарахан мемлекетінің құрылуы тари- хында Қарлұқ конфедерациясы зор рөл атқарды. Қарлұқтар мен

41


  • Қазақстан тарихы

бірге шікілдер мен яғма кірді. Қарахан мемлекетінің құрылуы Батыста Жетісудан Испиджабқа дейінгі және Шығыста Қашқарға дейінгі ұланбайтақ аумақта болған саяси оқиғалар және Қарлұқ мемлекетінің ыдырауымен тығыз байланысты болды.


Ал этникалық тегіне келсек, Қарахандар мемлекетінің басым көпшілігін қарлұқ бірлестігіне кірген ру-тайпалар құрды. Олар – қарлұқтар, тұхси, яғма, шігіл, оғыз, ұйғыр, т.б. Қарахандар мем- лекетінің Орталық Азия тарихындағы орны ерекше. Өйткені, бі- ріншіден, Орталық Азиядағы ислам дінін мемлекеттік дін етіп қа- былдаған, мұсылмандық өркениет негіздерінде дамыған алғашқы түркі қағандығы. Сондықтан бұл елдің мәдени деңгейі де биік болып, осы елден атақты ғұлама, ойшылдар көп шықты. Екінші- ден, Қарахандар қағандығы мемлекеттік тұрғысынан да бұрынғы қағандықтардан озық түрде дамыды, халықаралық байланыстары да кең ауқымда болды.
Мемлекеттің құрылған жері – Шығыс Түркістан мен Жетісу аймақтары. Қағандықтың негізін салған Сатұқ Боғра Қара хан (915-955 ж.). Мұсылман дәстүрінде ол Сатұқ Боғра хан әл Мүд- жаһид Әбд әл Кәрим ибн Базир деп аталады. Қарахандардың ерте кездегі тарихы туралы деректер мардымсыз. Исламды қабылдап, Саманилердің қолдауын пайдалана отырып, Сатұқ Боғрахан Оғулшаққа қарсы шығып, оны талқандады, сөйтіп, Тараз бен Қашқарды бағындырды: 942 жылы ол Баласағұнда билеушісін құлатып, өзін жоғарғы қаған деп жариялады. Сатұқ өлгеннен кейін билік басына Мұса қаған келді. Ол Қағанаттың мемлекеттік діні ислам деп жариялады. Оның астанасы Қашқар болды. Мұса қаған қаза болған соң билік Әли-Арыстан қағанға өтеді. Ол Тараз бен Баласағұнды да өзіне бағынышты қалалар есебінде жарияла- ған. Қарахан мемлекетінің алғашқы саяси тарихы, Сатұқ ұрпақ- тарының ішіндегі ең күшті екі әулетінің Әли-Арыстан хан мен Хасан Бура ханның тұқымдарының арасында билік үшін ұзақ жылдарға созылған талас тартыстар басталды.
Мемлекеттік-әкімшілік құрылыс иерархиялық қағидатқа не- гізделді. Қарахандар мемлекеті көне түркі мемлекеттік негіздерін сақтай отырып, өркениетаралық синтез үрдістерінің нәтижесінде Саманилер мемлекеттігінің көп тұстарын қабылдаған. Әсіресе отырықшы-қалалық жерлерде, Мәуереннахрда саманилік саяси
42
2. Орта ғасырдағы Қазақстан ■

құрылымдар сол қалпында қала берді. Ал көшпелі аймақтарда саяси басқарудың ерекшеліктері сақталды, билік ру-тайпа бас- шылары, ақсақалдар арқылы жүргізілді. Қаған сарайында әр түр- лі қызметшілер мен шенеуніктер болды. Ханның уәзірі маңызды рөл атқарды. Сарай лауазымдары арасында сарай күзетінің бас- шысы (қапуқ баши), қазынашы (ағнашы), т.б. аталады. Шенеунік- тердің (тапұқшы) көп бөлігін іс-қағаздарды жүргізушілер құра- ды, оларды бітікші деп атады. Қағанның тапсырмаларын орын- дайтын елшілер (ялавашылар) болды. Мемлекет өмірінде шари- ғат негіздері толық іске асырылды. Діндарлар, суфизм өкілдері ерекше құрметке ие болды.


Аса маңызды әлеуметтік-саяси институт әскери-лендік жүйе болды. Хандар өздерінің туысқандары мен жақындарына белгілі бір ауданның, облыстың не қаланың халқынан, сол уақытқа дейін мемлекет пайдасына алынып келген салықты өзіне жинап алу құқығын берді. Мұндай қызмет үшін уақытша берілетін тарту
«иқта» деп аталды, оны иеленуші муқта (арабша) немесе иктадар (парсы термині) деп аталған. Сөйтіп, жергілікті билеушілер оты- рықшы-егіншілік халықтан, сол сияқты көшпелі шаруашылықтар мен қолөнершілер қауымдарынан түсетін пайданы алып отырды. Көшпелі әскери ақсүйектер өз тіршілік салтын сақтай отырып та, иқта иелері бола берді. Бара-бара иктадарлар салық жинауда қа- наушылық көрсетіп, сол сияқты шарт бойынша пайдалануға бе- рілген иеліктерді өз меншігіне қаратып алуға тырысты. ХІ – ХІІ ғ. аралығында Қарахандар мемлекетіндегі икта институтының эво- люциясы, ақыры жер иеліктерін жеке меншікке айналдырған ірі бай иктадар-феодалдар тобын туғызды. Олардың саяси сепара- тизмге ұмтылуы заңды еді. Икта институты Қазақстанның оңтүс- тігі мен оңтүстік-шығысының шаруашылық және саяси өмірінде қарақытайлар кезеңіне дейін елеулі рөл атқарды. Иктадан басқа да ірі феодалдық жер иелену формалары болды. Уәкфтық меншік

  • ірі байлардың діни ұйымдарға тарту еткен, мемлекеттік салық- тан босатылып, діни мекемелердің пайдасына берілген жерлер мен әртүрлі осы меншіктегі мүліктер.

Халықтың басым көпшілігі көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығымен айналысты. Жылқы шаруашылығының үлесі зор болды. Ол туралы Ж. Баласағұнның «Құтадғу білік»
43

  • Қазақстан тарихы

поэмасында айтылады. Сондай-ақ қой, түйе, ешкі және ірі қара мал түліктері де өсірілді. Көшпелі халық үшін аң аулау да маңыз- ды еді. Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан тұрғындарының бір бөлігі егіншілікпен айналысып, бау-бақша өсірді. Іле, Шу, Талас, Сыр- дария бойында орналасқан халық балық аулаумен де айналысты. Сол сияқты түркі тайпаларының отырықшылыққа көшу үрдісі жүріп жатты. Ұлы Жібек жолындағы сауданың да өркендеген кезеңі Қарахандар дәуіріне сай келеді. Қарахандар кезеңі – қала мәдениеті ерекше дамып, гүлденген кезі. Қалалар қолөнер, сауда, саясат және дін мен мәдениет орталықтары қызметін атқарды. Әйгілі Махмұд Қашқари, Жүсіп Баласағұни – Қарахан мемлеке- тінің бас қалаларында өмір сүрген. Араб ғалымы Йакуттың ай- туынша, Баласағұннан басқа да мұсылман ғұламалары шыққан. Мысалы, Әбу Абдаллаһ Мухаммад ибн Мұса әл Баласағұни ат- Түрки, ол Бағдатта дінді (фикхты) оқып, кейін Дамаскіде қайтыс болды. Қарахандар тұсында түркі мәдениеті жаңа сапалық дең- гейге көтеріледі. Медреселер, мешіттер мен мазарлар салынды. Ғылым мен білім саласы, өнер, тіл, әдебиет дамыды.


Қарахан мемлекеті екі иеліктен тұрды: 1) Шығыс хандық. Оның жері Оңтүстік Шығыс Қазақстан мен Шығыс Түркістан, ас- танасы Баласағұн, кейде Қашқар қаласы болып тұрған; 2) Батыс хандық. Орталығы Тараз, кейде Бұхар болған. Шығыс хандық қа- рахандықтардың негізгі бөлігі болып саналған. Сондықтан да оның қағаны дәстүр бойынша ұлы қаған деп есептелген.
Қарахан мемлекеті жер үлесі жүйесі негізінде құрылғанымен ерекшеленеді. Осы жүйе саяси тартыстарға алғышарт жасады. 1005 жылдан бастап шығыс қарахандар басшысы атақты Қадыр хан Юсуф күшейіп, 1017-1018 ж. ол бүкіл Қарахандар мемлекеті- нің жоғары билеушісіне айналды. Біраз уақыт ол Ғазнауи сұлта- ны Махмұдпен одақтасып батыс қарахандар әулетіне жататын Әли тегинге қарсы Мәуереннахрды тартып алу үшін соғыс жүр- гізеді. Бірақ бұл әрекеттері нәтижелі болмайды. Қадыр хан Юсуфтың мұрагерлері де Әли тегинге қарсы саясатты жалғасты- рады. Бұл кезеңде Мәуереннахрда саяси билікке Ибраһим ибн Насыр жетеді. 1040 ж. ол Орта Азиялық иеліктерді толықтай өзі- не қаратады. ХІ ғасырдың 30-жылдарының аяғында Ибраһим ибн Насырдың тұсында Қарахан мемлекеті екіге бөлінеді. Біріншісі,
44
2. Орта ғасырдағы Қазақстан ■

Батыс Қарахан хандығы (Мәуереннахр, орталығы Үзкент, кейін- нен Самарқан), екіншісі, Шығыс Қарахан хандығы (Жетісу, Қаш- қар, сол сияқты Тараз, Исфиджаб, Шаш, Ферғана аймағы кірген), саяси орталығы – Баласағұн, кейіннен Қашқар. Екі мемлекеттің шегарасы Ходженттен, Сырдарияны бойлай өтті. Екі қағандық- тың билеушілері арасында саяси тартыстар мен әскери қақтығыс- тар болып тұрды. 1042 жылы Арслан хан Сүлейман тұсында мем- лекеттің екіге бөлінгені заң жүзінде бекітілді. Алайда Шығыс қа- ғандықта билік үшін талас жалғаса берді. Ақыры, елді 15 жыл бойы (1056-1074) Қадырханның ұлдары – Тоғрұл хан және Боғра хан Харун биледі. Олардың тұсында Ферғана Шығыс қағандыққа күштеп қосылады. Боғра хан Харун билік құрған кезеңде (1074- 1102) мемлекетке Селжүктер тарапынан қауіп төнді. 1089 жыл- дан бастап Боғра хан Харун Селжүк сұлтаны Мәлікшахтың вас- салына айналады. Сұлтан Санжар билігі тұсында (1118-1157) Селжүктер Мәуереннахрда шексіз билік жүргізеді. Осы кезеңде Қарахан әулетінің саяси құлдырауының белгілері біліне бастай- ды. 1089 жылы Орта Азиядағы Селжүк сұлтандығы шабуыл жа- сап, Самарқан қаласын басып алады. Осы кезде Шығыс Қарахан қағанатына Шығыс Түрік қағанатының билеушісі Тоғырыл ша- буыл жасап, Қашқар қаласын өзіне қаратты.


ХІІ ғасырдың екінші ширегінің басында қидандар (қарақы- тайлар) алдымен Жетісуды, Баласағұнды, сонан соң Шығыс Қа- рахандарының барлық иеліктерін түгелдей басып алып, Батыс Қарахандарға да қауіп төндіреді. 1141 ж. Қарахан-Селжүк әскерін Қатуан даласында (Самарқан өңірі) талқандаған қарақытайлар Қарахандар елінің екі хандығын да өзіне қаратады. 1210 жылы шығыс Қарахандар әулеті наймандармен күрес барысында үзіліп кетеді. Ал 1212 ж. Хорезм шахы Мұхаммед батыс қағандықтың соңғы билеушісі самарқандық Османды өлтіреді.
Осындай шапқыншылықтан кейін ХІІ ғасырдың бірінші жар- тысында Қарахан мемлекеті іс жүзінде жойылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   104




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет