ӘЛ-ФАРАБИ атындағы ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
А.Қ. Бегалиева
ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ
Оқу құралы
Алматы
«Қазақ университеті» 2020
ӘОЖ 94(574)(075)
КБЖ 63.3(5 қаз)я7
Б 34
Баспаға әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің Ғылыми кеңесі және Редакциялық-баспа кеңесі
шешімімен ұсынылған
(№4 хаттама 19 маусым 2020 жыл)
Пікір жазғандар:
тарих ғылымдарының докторы, профессор,
ҚР ҰҒА корреспондент мүшесі Б.Б. Кәрібаев
тарих ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Ф.М. Шамшиденова
Б 34
Бегалиева А.Қ.
Қазақстан тарихы: оқу құралы / А.Қ. Бегалиева. – Ал- маты: Қазақ университеті, 2020. – 427 б.
ISBN 978-601-04-4720-2
Қазақстан тарихы оқу құралы ҚР жоғары оқу орындарының сту- денттеріне, магистранттарына жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің тыңдаушыларына, колледж және лицей, жалпы білім бе- ретін мектеп оқушыларына арналған. Кітапта ежелгі заманнан бастап қазіргі заманға дейінгі кезең қамтылып, мемлекеттің стратегиясы, қа- зіргі даму ерекшеліктері сипатталған. Сонымен қатар тыңдаушылардың өздігінен ізденуіне арналған сұрақтар мен реферат тақырыптары, тер- миндер бойынша мағлұмат алу үшін глоссарий берілген.
ӘОЖ 94(574)(075)
КБЖ 63.3(5 қаз)я7
ISBN 978-601-04-4720-2 © Бегалиева А.Қ., 2020
© Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, 2020
Кіріспе ■
«Қазақстан тарихы» курсы ҚР Білім және ғылым министрлігі ұсынысымен бекітілген және іске қосылған ҚР жалпыға бірдей міндетті мемлекеттік білім беру стандарты бойынша жоғары оқу орнында оқытылады.
Пәнді оқытудың мақсаты ежелгі заманнан бастап қазіргі заманға дейінгі Қазақстан тарихына сипаттама беру.
Пәнді оқыту міндеттері:
ежелгі Қазақстан тарихының кезеңдерін жан-жақты сипаттау;
орта ғасырдағы түркі қағанаттарының қоғамдық-саяси та- рихына шолу жасау;
«Мәңгілік ел» идеясының мазмұнын түсіндіру;
Қазақстан жеріне жасалған моңғол шапқыншылығын, моң- ғол ұлыстарының құрылу тарихын көрсету;
Қазақ хандығының тарихына қатысты оқиғаларды мазмұндау;
Қазақстанды Ресей империясының жаулау саясатын айқындау;
әкімшілік-әміршіл жүйенің қалыптасуын көрсетіп, КСРО құрамындағы Қазақстан тарихын сипаттау;
тәуелсіз Қазақстан тарихын сипаттап, қалыптасқан Қазақ- стан тарихын талдау;
тәуелсіз Қазақстанның әлеуметтік-мәдени негіздерін көрсету;
XXI ғ. Қазақстанның экономикалық моделін айқындау;
Қазақстанның дүние жүзінің жетекші елдерімен байланы- сын сипаттау.
Тыңдаушылардың алатын білімі: көне Қазақстан тарихы, мемлекеттік туралы түсінік, моңғол шапқыншылығы, Қазақ хан- дығының тарихы, Ордалар тарихы, Ресей империясының Қазақ- стандағы саясаты, кеңестік идеологияның ықпалы, қазіргі заман- ғы тарихымыздың қайшылықты тұстарының кейбір көлеңкелі мәселелері және оны жаңа өркениетті тәсілмен сипаттау, кеңес-
3
тік тоталитарлық жүйенің жазықсыз жазалауына ұшыраған хал- қымыздың көрнекті мемлекет, ғылым мен мәдениет қайраткерле- рі туралы, Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан әлемдік қауымдас- тықтың толыққанды мүшесі болғаны, Қазақстанның 2010 жылы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төраға- лық етуі туралы шешім оның сенімді дәлелі болғаны, «Қазақстан- 2050», Елбасының Жолдаулары, Мәңгілік ел идеясы, Астана қа- ласының салынуы, XXI ғ. Қазақстанның экономикалық моделі, білім және ғылым саласы, т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |