47
Оқушылар ӛлшеу бірліктері мен ӛлшеуіш құрал-саймандарды
шатастырады.
Шамаларды ӛлшеу бірліктерін нашар білу және оларды ажырата
алмау ӛлшем арасалмағын белгілегенде үлкен қиындықтарды туғызады.
Аталмыш тақырыпты оқу барысында оқушылар әр түрлі қателіктер
жібереді. Мысалы, ӛлшеу барысында алынған сандармен амалдарды
орындағанда атаулары кӛңілге алынбайды (4 м + 3 см = 43), бұл
сандарды жазуда ӛлшем бірліктері орындарымен алмастырылады (5 м
50 км), кейде амалдарды орындау барысында кездейсоқ атаулар жиі
жазылады.
Бұндай қателіктердің басты себебі болып әр ӛлшеу бірліктерінің
кӛлемі туралы нақты кӛзқарастарының жоқтығы саналады.
Зияты зақымдалған оқушыларға сонымен қоса жасалынған
ӛлшеулердің дәл еместігі де тән. Бұл тәжірибеде ӛлшеу дәлділігінің
мәнін түсінбеуімен, құрал-сайманды дұрыс қоя алмауымен, сәйкесті
ӛлшеу бірлігін тандай алмауымен, ӛлшеу құрал-сайманы (сызғыш,
таразы, сағат циферблаты) бойынша санауды жүргізе алмауымен,
ӛлшеу нәтижесін дұрыс жаза алмауымен туғызылады.
Достарыңызбен бөлісу: