Бегежанова Райхан Карымжановна



Pdf көрінісі
бет22/45
Дата04.03.2022
өлшемі1,34 Mb.
#27012
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   45
Байланысты:
Бегежанова Р.К. Мүмкіндігі шектеулі балаларға математиканы оқытудың арнайы әдістемесі-2

Күрделі арифметикалық есептерді шешуге үйрету әдістемесі 
Күрделі арифметикалық есеп дегеніміз екі немесе кӛп санды ариф-
метикалық амалдармен шығарылатын есеп. Зияты зақымдалған оқушы-
лар үшін күрделі арифметикалық есепті шығару қиын. Егерде қарапайым 
есепті  шығару  барысында  оқушы  сандық  кӛрсеткіштер  арасындағы 
тәуелділікті  анықтауға  міндетті  болса  және,  есеп  сұрағын  жетекшіленіп 
қажетті  амалды  тандау  керек  болса,  күрделі  есепте  (ең  болмаса  екі 
амалмен) оқушы жетпейтін үшінші кӛрсеткішті, немесе үш сандық кӛрсет-
кіштерден екеуін тандау міндетті және, олардың арасындағы қатынасты 
есепке алып қажетті амалды тандау керек. Аралық жауапты алып, оқушы 
оны  мен  есеп  шартында  берілген  үшінші  кӛрсеткіш  арасындағы  тәуел-
ділікті  тауып,  және  есептің  басты  сұрағын  жетекшіленіп,  дұрыс  амал 
табуы  қажет.  Сонымен,  күрделі  есепті  шығару  үшін  оқушы  логикалық 
ойлау тізбегін жүргізіп ой қорытындысын жасай білу қажет. 
Күрделі  есептерді  шешу  барысында  оқушылар  кӛрсеткіштерге 
сұрақ  қоюлары  керек,  немесе  сұраққа  кӛрсеткіштерді  іріктеуі  қажет. 
Сондықтанда  дайындық  кезеңінде,  бірінші  оқу  жылы  мен  екінші  оқу 
жылының  басында  оқушыларға  тапсырмаларды  ұсыну  қажет:  1)  дайын 
шартқа  сұрақ  тандау;  2)  жетпейтін  сандық  кӛрсеткіштерді  іріктеп,  сұрақ 
бойынша есеп құрастыру. Бұл іскерліктер оқушылармен күрделі (құрам-
ды) есептерді шешуде қажет болады. 
Келесі  жұп  есептерді  шығару  пайдалы,  оларда  екінші  есеп  бірінші 
есептің жалғасы болып саналады, басқаша айтқанда бірінші қарапайым 
есептің  жауабы  екінші  қарапайым  есептің  кӛрсеткіші  болып  табылады. 
Мысалы:  «Вазада  5  қызыл  және  7  сары  алма  болды.  Вазада  барлығы 
неше  алма  болды?»;  «Вазада  12  алма  болды,  8  алманы  жеп  қойды. 
Вазада неше алма қалды?» 
Оқушылар  әр  есепті  жеке  шығарады.  Есептердің  шешімі  салысты-
рылады.  Мұғалім  түсіндіруді  сұрайды,  неге  бірінші  есеп  қосумен  шыға-
рылады, ал екінші – алумен. Оқушылардың назары екінші есептің бірінші 
сандық кӛрсеткішіне аударылады. Бұндай дайындық жұмыс оқушыларға 
келешекте осындай жұп есептерді құрастыруға үйренуіне қажет. 
Арнайы  мектеп  жұмысындағы  тәжірибеде  карточка-тапсырмалар-
мен  жұмыс  жасау  тәсілі  ӛзін-ӛзі  ақтады,  оларда  есепті  шығарудағы 
жұмыстың бірізділігі берілген. 


68 
Осындай тапсырманың бір үлгісін келтірейік: 
1. Есепті жақсылап оқы. 
2. Бұл есеп не туралы? 
3.  Есепте  не  белгілі?  Әр  санды  ата  да,  ол  нені  кӛрсететіндігін 
түсіндір. 
4. Есептің басты сұрағын ата. Есепте нені білу қажет, түсіндір. 
5. Есепті қысқартып жаз немесе сызбасын жаса. 
6. Қысқаша жазу бойынша есепті қайтала. 
7.  Есептің  басты  сұрағына  бірден  жауап  беруге  бола  ма?  Бұл 
сұраққа бірден жауап беру үшін қандай кӛрсеткіштер жетіспейді? 
8.  Ең  алдымен  нені  табамыз?  Қандай  амалмен?  Одан  кейін  нені 
табуға болады? 
9.  Шешу  жоспарын  құрастыр  және  амалдарды  белгіле.  Шешімін 
орында. 
10. Шешімін тексер де есептің жауабын жаз. 
Осындай нұсқау-тапсырмалар бойынша жұмыс істеуге оқушыларды 
үйрету  керек.  Ең  алдымен  мұғалім  ӛзі  тапсырманың  әр  пунктін  жеке 
оқиды және әр пункттің сұрақтарына оқушыларды жауап беруге үйретеді. 
Оқушылар  ойлау  (талдау)  барысын  мұғалімнің  сонынан  қайталайды. 
Одан  кеін  тапсырмалар  пункттерін  оқушылардың  біреуі  оқып,  қалған-
дары  мұғалімнің  жетекшілігімен  ойларын  ауызша  айтуға  дайын  болуы 
қажет.  Одан  кейін  есепті  шығару  үшін  тақтаға  шақырылған  оқушы  тап-
сырма пунктін ішінен оқып, ауызша ӛз ойын білдіреді. Мұғалім оған кӛмек 
кӛрсетеді.  Бұл  оқушының  жауабына  сыныптың  басқа  да  оқушылары  қа-
тысады. Одан кейін оқушылар тапсырмаларды ішінен оқып, амалдарды 
түсіндіру  барысында  мұғалімнен  аз  кӛлемді  кӛмек  алады.  Бұл  кезеңде 
кейбір оқушылар есепті дербес шығара алады, карточканың кӛмегіне аз 
ғана сүйенеді, басқаша айтқанда олар есепті шешу жұмысының барлық 
жүйесін меңгерді деп санауға болады. 
Оқушылардың  жартысы  бұл  карточкалармен  әлі  де  ұзақ  уақыт 
қолданады,  бірақ  оларда  да  біртіндеп  есепті  шығаруда  дербес  жұмыс 
істеу дағдылары қалыптасады. Сыныпта  мұғалімнің кӛмегін қажет ететін 
бір  немесе  бірнеше  оқушы  болады.  Бұл  оқушылар  дербес  жұмыстың 
дағдыларын  игермейді  сондықтанда  оларға  нақты  сұрақтармен  кӛмек 
кӛрсету  қажет,  есептің  мазмұның  жазуда,  жоспарды  құрастыруда  және 
амалдарды тандауда кӛмек қажет. 
 
Ӛзін-ӛзі бақылауға арналған сұрақтар: 
1.  Оқушыларға  мәтіндік  арифметикалық  есептерді  шешуді  үйретудің 
маңызы неде? 
2.  Қарапайым  және  күрделі  арифметикалық  есептердің  айырмашы-
лықтарын атаңыздар. 
3.  Арифметикалық  есептерді  орындау  барысында  қандай  кӛрнекі 
құралдар қолданылады? 
 


69 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет