Бегежанова Райхан Карымжановна


- тарау. Оқу жетістіктерін бағалау тәсілдері



Pdf көрінісі
бет38/45
Дата04.03.2022
өлшемі1,34 Mb.
#27012
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   45
4-
тарау. Оқу жетістіктерін бағалау тәсілдері 
 
33. Ақыл-ой кемістігі бар білім алушылардың оқудағы жетістіктерін 
бағалау  шараларына  қойылатын  талаптар  гуманизация  идеяларына, 
осы  санаттағы  білім  алушылардың  мектептік  оқуының  табиғатына 
сәйкестігіне шартты болады.  
34. Ақыл-ой кемістігі бар білім алушылардың математика бойынша 
оқу  материалдарын  меңгеру  нәтижелерін  бағалау  нормасы  деңгейлік 
мақсатты  тұжырымдауға  негізделген  және  білім  алушылардың  оқудағы 
жетістіктерін  тексеру  мен  бағалауды  ұйымдастырудағы  бірыңғай 
тәсілдемені жүзеге асыруға бағытталған. 
3
5.  Осы  бағдарламада  берілген,  күтілетін  нәтижелердің  негізінде 
сынып  білім  алушыларын  математикаға  оқыту  процесін  жобалау  кезін-
дегі  педагогпен  орындалатын  деңгейлік  мақсатты  тұжырымдау  білім 
алушылардың  жетістіктерін  бағалауда  баллдарды  ғана  емес,  сонымен 
бірге  критериалды  сипаттамалық  бағалауды  да  пайдалануға  мүмкіндік 
береді.  


106 
36.  Оқытудың  деңгейлік  мақсатты  анықталған  дағдыларды  қалып-
тастырған  тапсырмалар  мен  жаттығулар  бағалау  құралдары  болып 
табылады. 
37.  Жеңіл  ақыл-ой  кемістігі  бар  білім  алушылардың  жетістіктерін 
бағалау  тек  ішкі  бағалау  құралдарымен  ғана  жүзеге  асырылады.  Оқу 
бағдарламасын жүзеге асыру нәтижелері білім беру процесі барысында 
мұғаліммен  сабақтарда  тікелей  бағаланады.  Ақыл-ой  кемістігі  бар  білім 
алушылармен жүргізілетін педагогикалық  процес арнайы педагогиканың 
«диагностика мен түзете-дамыту жұмысының бірлігі» қағидасына сәйкес 
құрылады,  педагогтар  бақылау-бағалау  әрекетін  жүйелі  түрде  жүзеге 
асырылады. 
38.  Жеңіл  ақыл-ой  кемістігі  бар  білім  алушылардың  нәтижелілігін 
бағалау  ағымды (сабақтағы),  әлсін-әлсін  (тақырыптық)  және  қорытынды 
бақылау түрінде жүзеге асырылады. 
39. Ағымды бақылау сабақ барысында білім алушыларды бақылау, 
тәжірибелік және дербес жұмыстарды, әрекеттердің ұжымдық түрін тал-
дау арқылы жүреді. Сабақ барысындағы бақылау оқу процесінің сапасын 
қамтамасыз ету үшін педагогтың пайдаланатын оқытудың мазмұны мен 
тәсілдерін түзету  мақсатында  жүргізіледі.  Бұндай  бақылау  білім  алушы-
ларға қатысты ынталандыру және тәрбиелеу сипатында болады.  
40. Әлсін-әлсін бақылау бағдарламалық тақырыпты, бӛлімді ӛткен-
нен  кейін  жүргізіледі.  Педагог  белгілі  бір  тақырып  аясындағы  оқу  мате-
риалын  оқыту  нәтижесі  әр түрлі типологиялық  топтардағы  білім  алушы-
ларда бірдей болмайтынын түсінеді және соған дайын болады. 
1-
типологиялық  топ  білім  алушылары  (В.В.Воронкова  бойынша)  оқу 
материалын білімді қолдану деңгейінде меңгере алатындарын кӛрсетеді. 
2-
типологиялық топ білім алушылары тақырыптың негізгі мазмұнын түсі-
нетіндерін байқатады. 
3-
типологиялық  топ  білім  алушылары  материалды  тану  деңгейінде 
меңгере  алады,  ӛзінің  білімін  ӛзектендіруде  мұғалімнің  кӛмегіне  мұқтаж 
болады.  
4-
типологиялық  топ  білім  алушылары  аясында  олардың  жетістіктері 
жүзеге асырылатын жеке бағдарлама бойынша оқиды.  
41.  Қорытынды  бақылау  тоқсанның,  оқу  жылының  соңында  жүргі-
зіледі. Педагог оқу жылы бойы бақыланған сыныптың әр білім алушының 
даму және табыстылық динамикасы талқыланады және білім алушылар-
дың жетістіктер картасында тіркеледі. 
42.  Бағалау  шараларының  кӛмегімен  алынған  ақпарат  педагогқа 
дағдылар мен икемділіктерді меңгеру процесінде туындаған қиындықтар-
ды  дер  кезінде  байқауға  және  сайма-сай  бағалауға  мүмкіндік  береді. 
Педагог  білім  алушыларға  жеке  кӛмек  кӛрсетудің  мазмұны  мен  тәсіл-
дерін дәйекті анықтау мүмкіндігіне ие болады.  
43.  Сипаттамалық  бағалау  даму  мен  оқудың  бар  деңгейін  ғана 
емес,  сонымен  бірге  білім  алушымен  жұмыстағы  келесі  қадамдарды  да 
анықтайды. Сипаттамалық бағалау білім алушыларда ӛзін-ӛзі адекватты 


107 
бағалауды  қалыптастыруға  мүмкіндік  береді.  Сонымен  бірге,  білім  алу-
шылардың  жетістіктерін  бірімен-бірін  салыстыруға  болмайды.  Білім 
алушының жетістігін тек ӛзінің бұрынғы жетістіктерімен ғана салыстыруға 
болады. Ақыл-ой кемістігі бар білім алушыларға қатысты оқу үлгерімінің 
пайызы мен білім сапасын анықтауға болмайды.  
44.  Ақыл-ой  кемістігі  бар  білім  алушылардың  жетістіктерін  крите-
риалды  сипаттамалық  бағалауды  қолдану  педагогтардың  бағалау 
әрекеттерінің әділ болуына мүмкіндік береді.  
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет