Бегежанова Райхан Карымжановна


ЗЕРДЕ БҦЗЫЛЫСТАРЫ БАР БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН



Pdf көрінісі
бет35/45
Дата04.03.2022
өлшемі1,34 Mb.
#27012
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   45
ЗЕРДЕ БҦЗЫЛЫСТАРЫ БАР БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН 
«МАТЕМАТИКА» ПӘНІНЕН ЖАҢАРТЫЛҒАН МАЗМҦНДАҒЫ ҤЛГІЛІК 
ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ 
 
Жеңіл ақыл-ой кемістігі бар білім алушыларға арналған  
бастауыш білім беру деңгейінің 0-4 сыныптары ҥшін  
«Математика» пәнінен жаңартылған мазмҧндағы  
ҥлгілік оқу бағдарламасы 
 
1-
тарау. Жалпы ережелер  
 
1. 
Оқу  бағдарламасы  Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің  2012 
жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің 
(бастауыш,  негізгі  орта,  жалпы  орта  білім  беру)  мемлекеттік  жалпыға 
міндетті  стандартына  сәйкес  және  жеңіл  ақыл-ой  кемістігі  бар  білім 
алушылардың  ерекше  білім  алу  қажеттіліктерін  ескере  отырып 
әзірленген.  
2. 
Оқу  бағдарламасы  білім  алушылардың  танымдық  мүмкіндік-
теріне сәйкес әр оқу пәнінің мазмұнын және олардың білім, білік, дағды-
ларының кӛлемін анықтайтын оқу-нормативтік құжат болып табылады. 
3. 
Оқу  бағдарламасы  оқыту  процесін  білім  алушылардың 
мүмкіндіктеріне  сәйкес  пән  салалары  бойынша  қолжетімді  білім  мен 
икемділіктерді  меңгеруі  үшін  әр  пәннің  әдістемелік  әлеуетін  қолдануға, 
оқу әрекетінің тәсілдерін меңгеру арқылы дербестігін, әлеуметтік-мәдени 
кеңістікте бағдарлау икемділігін барынша дамытуға бағыттайды. 
4. 
Оқу  бағдарламасында  оқу-нормативтік  құжаттың  дәстүрлі 
міндеттері  заманауи  мектепте  білім  беру  процесін  ұйымдастырудың 
инновациялық  тәсілдерімен  үйлесімді  сабақтасқан.  Оқытудағы  тәсілдер 
пән  бойынша  оқу  бағдарламасының  түбегейлі  жаңа  құрылымын  құруда 
негізгі бағдарлары болып табылады. 
5. 
Құндылыққа,  іс-әрекетке,  тұлғаға  бағдарлық,  коммуникативтік 
тәсілдер  білім  берудің  классикалық  негізі  ретінде  оқыту  мақсаттарының 
жүйесі  мен  білім  беру  процесі  нәтижелерінің  басымдылығын  арттыру 
үшін  қолданылып,  оқу  бағдарламасының  жаңа  құрылымында  кӛрініс 
тапты.  
6. 
Қазіргі кезеңде білім алушының ӛздігінен білімді игеруі үшін оның 
белсенді  іс-әрекетін  ұйымдастыру  оқу  процесіне  қойылатын  негізгі 
талаптардың  бірі  болып  табылады.  Мұғаліммен  бірлесіп  шығармашы-
лықпен  айналысу  және  серіктес,  кеңесші  ретінде  мұғалімнің  қолдауы 
кезінде білім алушының белсенді танымдық қабілеті тұрақты сипатқа ие 
болады.  
7. 
Тұлғалық-бағдарлық  білім  беруді  осылайша  күшейту  білім  беру 
процесінде  барлық  қатысушылардың  ӛзара  қарым-қатынасында 
ӛктемшілікке  жол  бермей,  ынтымақтастығы  үшін  алғышарттарды 


100 
құрайтын оқытудың алуан түрлі интербелсенді әдістерін қолдану кезінде 
болады.  
8. 
Оқу  процесін  ұйымдастырудың  барлық  инновациялық  тәсілдер 
оқытуды  білім,  идеялар  және  іс-әрекет  тәсілдерімен  белсенді  түрде 
алмасуды  кӛздейтін  білім  алушының  шынайы  шығармашылық 
процесіндегі қарым-қатынас үлгісіне айналдырады.  
9. 
Пәннің  оқу  бағдарламасы  жергілікті  сипаттағы  материалдарды 
(нысандар, кәсіпорындар, ақпарат кӛздері) пайдалануға бағытталған оқу-
жобалау іс-әрекеттерін ұйымдастыру арқылы танымдық және әлеуметтік 
тұрғыдан білім алушының белсенділігін арттыруға мүмкіндік береді. Осы 
пәннің оқу мақсаттары аясында жүзеге асырылатын тәрбиелік сипаттағы 
жоба  жұмысын  ата-аналармен,  жергілікті  қауымдастық  ӛкілдерімен 
бірлесе отырып, ұйымдастыруға болады.  
10. 
Оқу  бағдарламасында  мұғалім  білім  алушыларды  оқытудың 
жеке  бағдарламасын  құруда  басшылыққа  алатын  және  оқу  пәнінің 
мазмұнын  анықтаудың  негізі  болып  табылатын  оқыту  мақсаттарының 
жүйесі  қалыптастырылған.  Мазмұны  тұрғысынан  оқу  бағдарламалары 
білім  алушыны  ӛзін-ӛзі  оқыту  субьектісі  және  тұлғааралық  қарым-
қатынас  субьектісі  ретінде  тәрбиелеуде  оқу  пәнінің  қосатын  үлесін 
айқындайды.  
11. 
Пән  бойынша  күнделікті  білім  беру  процесінің  мазмұны  оқу 
мақсаттарына  бағынады  және  білім  алушылардың  меңгерген  білім, 
икемділік  және  дағдыларын  кез  келген  оқу  процесінде  және  ӛмір 
жағдаяттарында пайдалану даярлылығын қалыптастыруға бағдарлаған.  
12. 
Кең ауқымдағы дағдылармен бірлікте жеке қасиеттердің дамуы: 
«қазақстандық  патриотизм  мен  азаматтық  жауапкершілік»,  «құрмет», 
«ынтымақтастық», «еңбек пен шығармашылық», «ашықтық», «ӛмір бойы 
білім  алу»  сияқты  білім  берудің  басты  құндылықтарына  білім  алу-
шыларды  дағдыландырудың  негізі  болып  табылады.  Бұл  құндылықтар 
білім  алушының  тәртібі  мен  күнделікті  іс-әрекеттерін  ынталандыратын 
тұрақты тұлғалық бағдары болады. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет