Ондық бөлшекті түрлендіру. Жай бӛлшектерді ондық бӛлшек
түрінде ӛрнектеу екі әдіспен қарастырылады:
1.
бӛлімнің орнына кӛбейткенде 10, 100,1000 сандары болатын
сан таңдалады:
1/5=2/10=0,2
¼=25/100=0,25
1/8=125/1000=0,125
2.
әр ондық бӛлшек алым мен бӛлімнің бӛліндісі ретінде
қарастырылады:
3/4 = 3:4=0,75 1/3 = 1:3= 0,333
Бұл бӛліністе сандарды әрі қарай жалғастырып жазуға болар еді,
оны нүктелер кӛрсетіп тұр. 0,33 дегеніміз жуықталған 1/3 бӛлігінің нақты
емес мәні.
Пайызға оқыту әдістемесі. Ондық бӛлшектерді ӛткеннен кейін %
туралы ұғым беріледі. Пайыз дегеніміз бӛлімінде 100 саны бар бӛлшек.
Оның ерекше атауы мен жазуы бар: 1/100 = 0,01 – 1%.
Ондық бӛлшекті пайызбен ӛрнектеу пайызды белгілеуге сүйеніп
жасалынады.
0,02=2%
0,1=10%
1,5=150%
Ондық бӛлшекті пайызбен алмастыру үшін үтірді оң жаққа қарай 2
таңбаға жылжытуы қажет және % белгісін қою керек. Жетпесек
таңбалардың орнына «0» қойылады.
Жай бӛлшекті % ӛрнектеу үшін, оны алдымен ондық бӛлшек тү-
рінде қарастыру қажет. Пайызды ондық бӛлшекпен алмастыру үшін
үтірді сол жаққа 2 таңбаға жылжыту керек, % белгісі қойылмайды.
Санның 1% табу үшін оны жүз бӛліп, қажетті санға -1-ге кӛбейтеміз.
% пайыз бойынша санды табу үшін кері іс-әрекетжаслынады, сан жүзге
кӛбейтіледі.
Ондық бӛлшектермен арифметикалық амалдарды орындау әдістемесі.
Ондық бӛлшектерді қосу мен алу. Бӛлшектерді қосу үшін балалар
бүтін сандармен жасалынатын іс-әрекет алгоритмін игеруі қажет. Ол
үшін тұтас сандардың + мен – алгоритмдерін еске түсіру қажет:
разрядтық жазу және разрядтық + мен – іс-әрекетінің орындалу
бірізділігі:
1. бүтін мен ондық бӛлшектерді қосу, ондық бӛлшектерден бүтінді
алу.
3+0,5=3,5-
3= алгоритм негізі – бүтіндерді «+» мен «-» бӛлшек бӛлімі
ӛзгермейді.
97
2. үтірден кейін 0 таңбаларды бірдей саны бар ондық , бӛлшектерді
«+» «-» :
0,4+0,2=
0,6-0,2=
1,25+2,14=
3,39-1,25=
Алгоритмнің негізі разрядтық «+» және «-»
3.
үтірден кейінгі таңбалар саны әртүрлі ондық бӛлшектерді «+»
және «-» (разрядтан ӛтпей)
3,5+2,21=
5,71-3,5=
Алгоритм негізі-сандарды ортақ бӛлімге келтіру, оны мәнді
цифрлардың оң жағына нӛлдерді жазу арқылы келтіреміз, разрядтық «+»
мен «-»
4.
разрядтан ӛту арқылы «+» мен «-»
қорытындысы 1 болатын ондық бӛлшектерді қосу:
0,2+0,8=
1-
ден ондық бӛлшектерді алу
1-0,2=
Бір разрядқа ауысып, ондық бӛлшектерді қосу мен алу
7,23+0,48=
7,43-0,18=
Екі немесе одан да кӛп разрядқа ауысу арқылы ондық
бӛлшектерді қосу мен алу.
Алгоритм негізі – разрядтық жазу мен разрядтық қосу мен алу.
Бӛлшектерді қосу мен алу барысында түрлі бӛлімдерді ортақ
бӛлімге келтіру.
Ондық бӛлшектерді бүтін санға кӛбейту мен бӛлу. Кӛбейту мен
бӛлу іс-әрекетінің оқыту бірізділігі:
1. Ондық бӛлшектерді 10, 100,1000-ға кӛбейту және бӛлу. Алғашқы
кезеңде ондық бӛлшек жай бӛлшек сияқты кӛрінеді, іс-әрекет орындалып
оның нәтижесі ондық бӛлшек түрінде кӛрсетіледі. Баларды ережеге
әкелу үшін алғашқы бӛлшектен алынған нәти слыстырылады. Ондық
бӛлшекті 10, 100, 1000 кӛбейткенде (бӛлгенде) екінші кӛбейткіште
(бӛлгіште) неше нӛл бар сонша таңбаға үтір оңға қарай (солға қарай)
жылжытады.
2.
Ондық бӛлшектерді 1 таңбалы санға кӛбейту мен бӛлу. Кӛбейт-
кен жағдайда кӛбейтінді мен кӛбейткіш бүтін сандар ретінде кӛбейтіледі.
Кӛбейтіндінің мәнінде бірінші кӛбейткіште неше таңба бар, сонша
таңбаға үтір оң жаққа жылжытылады.
Алғашқы кезеңде кӛбейту бірдей қосындылардың қосындысымен
алмастырылады. Бӛлу іс-әрекетін орындау барысында алдымен
бӛлінгіштің барлық разрядтары бӛлгішке қалдықсыз бӛлінуі қажет:
3,39:3= одан кейін бүтін немесе үлестің біреуі толық бӛлгішке бӛлінбейтін
98
амалды қарастыру қажет: 2,12:2= бірінші жағдайда бӛлуді ауызша
шығаруға болады, екіншіде бӛлшектерге бӛлеміз.
3.
Ондық бӛлшектерді толық ондықтарға бӛлу мен кӛбейту:
4,2 x 60 = 4,2(6 x 10) = (4,2 x 6) x 10 =
4. Ондық бӛлшектерді 2 таңбалы сандарға бӛлу мен кӛбейту. Бұл
есептер бүтін сандармен орындалатын амалдарретінде қарастырады.
Назарды үтірдің орналасуына аудару қажет.
Ӛзін-ӛзі бақылауға арналған сұрақтар:
1. Арнайы мектепте ондық бӛлшектерді оқыту міндеттері қандай?
2. Зияты зақымдалған оқушылар ондық бӛлшектердің меңгеру
барысында қандай қиындықтарға тап болады?
3. Ондық бӛлшектерді оқыту барысында қандай кӛрнекі құралдар
қолданылады?
|