3-
тарау. Оқу процесін ҧйымдастырудағы педагогикалық тәсілдер
17. «Математика» пәні бойынша оқу процесін ұйымдастырудың
педагогикалық тәсілдемелерінің жүзеге асырылуы жеңіл ақыл-ой кемістігі
бар білім алушылардың білім алудағы ерекше қажеттіліктерін
қанағаттандыруға бағытталған арнайы педагогикалық қағидаларға
негізделген.
18.
Жеңіл ақыл-ой кемістігі бар білім алушыларды оқытудың
түзете-дамыту бағыттылығының қағидасы оқу және оқыту әрекетінің
арнайы тәсілдемесі мен әдістерімен қамтамасыз етіледі. Сонымен бірге,
білім алушылардың ойлау әрекетінің баяулылығы, танымдық белсен-
ділігінің тӛменділігі, ойлаудың жалпылау және абстракциялаушы
атқарымдарының әлсіздігі, сӛйлеу тілінің дамуының артта қалуы есепке
алынады. Білім алушылармен жұмыста олардың еліктеу қабілеті, кӛр-
некілік-әрекеттік ойлау қабілетінің сақталуы тірек етіледі. Математикаға
оқыту білім алушыларда қабылдау, есте сақтау, сӛйлеу тілі, ойлау сияқ-
ты психикалық атқарымдардың дамуы үшін жағдай тудырады. Сонымен
бірге, бастаған жұмысын аяғына дейін жеткізуге, күш жетерлік қиындық-
тарды жеңуге, ұқыптылық пен дербестікті байқатуға мүмкіндік туды-
рылады.
19. Оқытудың әлеуметтік бейімдеу бағытылығының қағидасы жеке
тұлғаның әлеуметтік бейімделе алмауын жеңуді немесе тӛмендетуді
білдіреді. Білім алушылардың әлеуметтік ӛмірге қатысуы үшін қажетті
тәртіп нормаларынан, қарапайым гигиеналық, коммуникативтік, тұрмыс-
тық дағдылардан бастап, әлеуметтік дағдылармен, кӛзқарастармен,
102
сенімдерге дейінгі күрделі ӛмірлік дағдыларды меңгеру бойынша арнайы
жұмыс қарастырылады.
20. Білім алу құралы ретіндегі ойлау қабілетін, сӛйлеу тілін және
қарым-қатынасты дамыту қағидасы. Жеңіл ақыл-ой кемістігі бар білім
алушылардың оқуы мен әлеуметтенуінің табыстылығын қамтамасыз ету
үшін олардың сӛйлеу тілінің, ойлау қабілетінің, қарым-қатынастық
дамуындағы педагогикалық құралдармен міндетті түрде жойылуға
немесе ӛтелуге тиісті ерекше мәселелері болады.
21. Әрекеттік тәсілдеме қағидасы. Жеңіл ақыл-ой кемістігі бар білім
алушыларды оқыту процесінде педагогтың басшылығымен оқу материа-
лын ұғынуы үшін табиғи жағдай құратын заттық-тәжірибелік әрекет
кеңінен пайдаланылады. Заттық-тәжірибелік әрекет жоғары психикалық
атқарымдардың (қабылдау, сӛйлеу тілі, ойлау) сенсомоторлық негізін
дамытуға, білім алушылардың жеткіліксіз ӛмірлік тәжірибесінің орнын
толтыруға, әлеуметтік ӛзара әрекетену дағдыларын меңгеруге мүмкіндік
береді.
22. Саралау және жекелеу тәсілдеме қағидасы. Ұжымдық оқу
процесі жағдайындағы ақыл-ой кемістігі бар білім алушыларға қатысты
сараланған тәсілдеме бұзылыстары бір санаттағы білім алушылардың
вариативтік типологиялық ерекшеліктерінің барлығына шартты болады.
Арнайы мектептегі және ақыл-ой дамуы бұзылған білім алушылар
сыныбындағы білім беру процесі 4 типологиялық топты қамтитын, педа-
гогикалық жіктеу (В.В.Воронкова бойынша) негізінде жүзеге асырылады.
Педагог әрбір типологиялық топтың білім алушылары үшін оқу
материалының қолжетімді күрделілігі мен кӛлемін есепке ала отырып,
мазмұны білім алушылардың мүмкіндігіне сәйкес оқу материалын
таңдайды. Сонымен бірге, оқу жұмысының қарқыны, білім алушылардың
дербестік деңгейі, оқытудың тәсілдемесі мен әдістері түрленіп тұрады.
Білім алушыларды топтарға бӛлу шартты және қозғалмалы түрде
болады. Жіктелген тәсіл оқытудың жекелендірілуімен толықтырылады.
23. Арнайы педагогикалық басшылықтың қажеттілік қағидасы.
Жеңіл ақыл-ой кемістігі бар білім алушылардың, әсіресе 3 және 4
типологиялық топ білім алушыларының ӛзіндік оқу-танымдық әрекеті
әлсіз болған немесе мүлдем болмаған жағдайда, педагог оқу
тапсырмаларын табысты орындалуын қамтамасыз ету үшін білім
алушының жетілмеген компонентінің атқарымын ӛзіне алады. Арнайы
педагог ақыл-ой кемістігі бар білім алушы дамуының жалпы заңдылығын,
сыныптағы әрбір білім алушының танымдық мүмкіндігін, арнайы педа-
гогикалық кӛмек тәсілдерін біле отырып, білім алушылардың оқу-таным-
дық әрекетін ұйымдастырып қана қоймай, сонымен бірге, бұл процесті
бағыттай алады. П.Я. Гальпериннің ақыл-ой әрекеттерін біртіндеп қалып-
тастыру теориясы ақыл-ой кемістігі бар білім алушыларды математикаға
оқыту процесінің арнайы педагогикалық басшылығына психологиялық
негіз болады.
103
24.
Білім алушыларды математикаға оқыту процесі арнайы
тәсілдемелік қағидалардың негізінде ұйымдастырылғанда педагогикалық
міндеттер де дұрыс шешіледі. Сонымен, жаңа материал ақыл-ой кемістігі
бар білім алушыларға аз кӛлемде мӛлшерленіп беріледі. Бұл мате-
матикалық дерексіз ұғымдарды түсінуге зерделік мүмкіндіктердің жетіс-
пеушілігіне, сондай-ақ білім алушылардың зерделік қажуының жоғары
болуына шартты болады. Жаңа материалдың аз мӛлшері аяқталған
түрде және ӛткен материалмен байланыста болуға міндетті. «Кішкентай
қадамдар» тәсілі қандай да бір түсініктерді бүтіндей қалыптастыру
процесінің уақытын созатындығына байланысты, білім алушыларда білім
шашыраңқы және кӛріністік түрде қалыптаспауы үшін мұғалім білім
алушыларға кішкентай мӛлшерде оқытылатын материалды жалпылауға
және математикалық түсініктер, қасиеттер, байланыстар туралы түсі-
ніктерді тұтас қалыптастыруға кӛмектесетін арнайы сабақтарды жүргі-
зеді. Педагог бұл сабақтарда білім алушыларға талдауды, жіктеуді, са-
лыстыруды және жинақтауды орындауға, қажетті тұжырымдамалар мен
қорытындылар жасауға кӛмектесе отырып, білім алушылардың таным-
дық әрекетін басқарады. Бұндай сабақтардың үлкен түзете-дамыту мәні
болады.
25.
Математикалық дерексіз ұғымдарды қалыптастыруда, білім
алушыларда оқылатын түсініктің мағынасын жақсы ұғынуы үшін қажетті
нақты бейнелерді құруға кӛмектесетін кӛрнекі материалдарды тірек ету
ӛте маңызды. Кӛрнекі материалдар білім алушылардың ойлау қабілетін
тежемеуі үшін оларды біртіндеп дерексіздендіреді. Математикалық түсі-
ніктерді оқытудың бастапқы кезеңдерінде заттық кӛрнекілік пайдала-
нылады. Жұмыстың келесі кезеңінде иллюстрацияны тірек етеді. Соңғы
кезеңде сызбалық кӛрнекіліктер (схема, сызба, кесте) мен цифрлар мен
таңбалар пайдаланылатын математикалық жазбалар пайдаланылады.
26. Кӛрнекілік құралдарды кӛрсетіп қана қоймай, сонымен бірге,
осы құралдарды пайдалана отырып, білім алушыларды тәжірибелік
әрекетке тартады. Заттық-тәжірибелік әрекет математикалық қатынас-
тарды, арифметикалық амалдардың мәнін нақтылауға мүмкіндік береді.
Бұл жерде білім алушылардың сақталған кӛрнекілік-әрекеттік ойлау
қабілеті тірек етіледі.
27. Білім алушылардың тәжірибелік және ақыл-ой әрекетін сӛйлеу
тілдік қолдау. Арнайы педагог білім алушылардың сабақтағы тәжірибелік
және ақыл-ой әрекетін басқара отырып, оларды ӛздерінің тәжірибелік
және ақыл-ой әрекеттері туралы айтуға ынталандырады. Сӛйлеу тілі мен
әрекеттің (тәжірибелік және ақыл-ой) үйлесімділігінің жүзеге асуы әр
түрлі болады:
1
) тәжірибелік және ақыл-ой әрекеттерін, түсініктерді қалыптасты-
рудың бірінші кезеңінде білім алушылар үшін осы үйлесімділіктің
барынша қолжетімді түрі пайдаланылады: сӛйлеу тілі тапсырманы
үндемей орындағанға ілеседі. Мысалы, педагог жаңа материалды,
тәжірибелік және ақыл-ой әрекеттердің жаңа тәсілдерін кӛрсете отырып
104
түсіндіргенде, білім алушыларға бұл әрекетті педагогқа еліктеу бойынша
орындауды, содан кейін нені істегені, оны қалай істегені туралы айтып
беруді ұсынады. Білім алушылар алдымен мұғалімнің жетектеу сұрақ-
тарына жауап береді. Содан кейін бұл сұрақтар азая бастайды, біраз
уақыттан кейін білім алушылар орындалған жұмыс туралы ӛздігінен
айтуға қабілетті болады;
2) оқытылатын материалмен жұмыс істеудің келесі кезеңінде білім
алушылар үшін күрделірек болатын сӛйлеу тілі мен әрекеттенудің үйле-
сімділігіне кӛшуге болады: ӛзінің әрекеттерін айтып отыру. Бұл жұмыс-
тың күрделілігі білім алушылар екі әрекетті бір мезгілде орындауымен
анықталады, мысалы, есептеуді (немесе сызуды) орындау мен оның
қалай орындалатыны туралы айтып беру. Ӛзінің әрекетін айту – білім
алушылар үшін күрделі жұмыс, олардың кейбіреулері үшін сӛйлеу тілі
мен әрекеттің үйлесімділігінің бұндай түрі қолжетімді болмайды. Олар
үшін жоғарыда сипатталған бірінші нұсқаны пайдалану дұрыс болады;
3) кейіннен орындалатын жұмыс, тапсырманы қалай орындайтыны
(есепті шығару, сызуды орындау) туралы білім алушының алдын-ала
әңгімелеп беруі сӛйлеу тілі мен әрекеттенуді үйлестірудің ең күрделі
тәсілі болып табылады. Бұл тәсіл ойлаудың дамыған жоспарлау атқары-
мын, сӛйлеу тілі дамуының жақсы деңгейін, қажетті математикалық
терминологияны меңгеруін тірек етеді. Сӛйлеу тілі мен әрекеттенуді
үйлестірудің бұл тәсілін сыныптың білім алушыларының барлығы бірдей
орындай бермейді. Педагог білім алушыларға осындай оқу тапсырма-
ларын ұсынғанда, олардың жеке мүмкіндіктерін есепке алады.
28. Білім алушылардың жаңа оқу материалын меңгеру процесін
жеңілдету үшін «алға шығу» педагогикалық стратегияны қолданады. Бұл
білім алушыларды күрделі математикалық тапсырманы қабылдауға және
меңгеруге біртіндеп дайындау. Бұндай дайындық берілетін материалды
білім алушыларға тікелей таныстырудан бұрын (бір ай, екі ай бұрын, бір
тоқсан және одан да ерте) басталады. Білім алушыларды жаңаны қа-
былдауға және ұғынуға байқатпай кіріктіретін тапсырмалар мен жаттығу-
лар дайындық жұмысының мазмұны болып табылады. Дайындық жатты-
ғуларымен қалыптастырылған дағдылар жаңа ұғымның құрамына кіреді.
Математика курсының кейбір тақырыптарына қатысты «алға шығу»
педагогикалық стратегия бағдарламаға ендірілген.
29. Зерделенген материалды үнемі қайталау мен бекітудің қажет-
тілігі ақыл-ой кемістігі бар білім алушылардың оқыған білім мен дағды-
ларды тез ұмытып қалуларымен түсіндіріледі. Математиканың әр саба-
ғында қайталауға уақыт бӛлінеді. Педагог қайталау үшін қандай мате-
риалды ендіру керектігін ӛздігінен анықтайды. Бұл таңдау сынып білім
алушыларының оқу материалын меңгеру ерекшеліктеріне қарай анықта-
лады. Жаңа тақырыптың негізгі немесе құрамды бӛлігі болып табылатын
материал міндетті түрде қайталанады.
30. Ақыл-ой кемістігі бар білім алушылардың жинақтау және
абстракциялаушы атқарымдарының жетілмеуі ескеріле отырып, түсінік-
105
темені жаңа материалды жинақтау қасиеті немесе ұғымына нақты факі-
лерден құрастыру, яғни индуктивтік тәсілмен ұсынылады. Бұл жағдайда
білім алушыларды жаңа материалды тану процесіне белсенді қатысуға
ынталандыру мүмкіндігі туады, бұл білімді саналы және берік меңгеруге
кӛмектеседі. Педагог жетелеуші сұрақтармен білім алушыларды есептер-
дегі қосылғыштар мен қосындыны салыстыруға, олардың қандай ерек-
шелікті байқағандары туралы ойлауына және айтуына кӛмектеседі.
31.
Ақыл-ой кемістігі бар білім алушылар қалыптастырылатын
ұғымдардың оларды басқа, ұқсас, қарсы ұғымдардан ерекшелейтін ма-
ңызды белгілерін қиындықпен анықтайды және ұғымдарды ұқсатуға
бейім. Сондықтан оқыту процесінде педагог салыстыру, қарсы қойып
салыстыру тәсілдерін пайдалана отырып, жаңа материалды меңгеруде
болатын дәлсіздіктердің алдын алады. Азайтуды қосумен қарама-қарсы
амал ретінде, қосуды кӛбейтумен ұқсас амал ретінде салыстыру, санды
бірнеше бірлікке арттыру түсінігін санды бірнеше бірлікке азайтумен
қарама-қарсы түсінік ретінде, санды бірнеше есе арттырумен ұқсас
түсінік ретінде салыстыру қарастырылады.
32.
Математика сабақтары басқа оқу пәндерімен пәнаралық бай-
ланыста тұр. Әсіресе математиканың қол еңбегі сабақтарымен байланы-
сы маңызды. Қол еңбегі сабақтарында математикалық мазмұндағы оқу
материалына қатысты «алға шығу» стратегиясы жүзеге асырылады. Бі-
лім алушылар бұйымдарды жасай отырып, олар жасалатын материал-
дардың сапасы мен санын, қасиеттерін бақылау тәжірибесін алады.
Осылардың барлығы бақылау және қарапайым математикалық түсінік-
терді қалыптастырудағы сезіну тәжірибесін пайдалануға негіз болып
табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |