Бейбітшілік мәдениеті және жастардың толеранттық КӨЗҚарасын қалыптастырудағы отбасы мен кітапхананың ролі иманбекова К. Ж



Pdf көрінісі
Дата12.01.2017
өлшемі9,55 Mb.
#1720

БЕЙБІТШІЛІК  МӘДЕНИЕТІ  ЖӘНЕ  

ЖАСТАРДЫҢ  ТОЛЕРАНТТЫҚ  

КӨЗҚАРАСЫН 

ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ  ОТБАСЫ 

МЕН  КІТАПХАНАНЫҢ  РОЛІ

Иманбекова К.Ж. 

Ғылыми-библиография 

бөлімшесінің басшысы

Кіріспе

1 бөлім – Көп ұлтты  Қазақстандағы  

этносаралық  қатынастар. 

2 бөлім - Толеранттық ұғымы.        

Толеранттық феномені.

3 бөлім - Отбасындағы толеранттық  

тәрбие  және толеранттық

көзқарасты қалыптастырудағы 

кітапхана ролі.

Қорытынды.

Дүниежүзіндегі халықтардың  90 % астамы көп ұлтты 

мемлекет құрамында өмір сүреді.

Көп ұлтты мемлекеттерде ұлтаралық қатынастар 

қалыптасады. Ұлтаралық қатынастар – бұл көп ұлтты 

қоғамның ішіндегі саяси, әлеуметтік, экономикалық, 

мәдени, тілдік және басқа да қатынастардың жиынтығы. 

Кез-келген көпұлтты мемлекетте ұлт саясатының

өзіндік ерекшеліктері болады. Сонымен қатар ұлттық

мәселені шешуде, ұлтаралық қатынастарды реттеуде

тарихи тәжірибе арқылы дәлелденген жолдар мен әдістер

бар.

Ұлттың

өзін-өзі

анықтауы,

ұлттық

және

интернационалдық мүдделердің ұштасуы, ұлттар теңдігі,

ұлттық тілдер мен ұлттық мәдениеттердің еркін дамуына

жағдай жасау, билік жүйесінде ұлттық кадрлардың болуы

және басқа да мәселелерде тікелей саяси жүйенің атқарар

ролі ерекше.

Саяси ұлтаралық қатынастар әр түрлі ұлт

өкілдерінің азаматтық құқықтары мен бостандықтарын

жүзеге асыруға бағытталған. Түптеп келгенде, саяси

ұлтаралық

қатынастар

өз

рөлін

халықтардың

мемлекетаралық қатынастар деңгейінде атқарады.

Ұлтаралық қатынастар

:

мемлекет



аралық

ұлт ішінде

ұлтаралық

мемлекет 

ішінде

тұлғалық 

қоғамдық

Ұлттық қатынастардың 

субъектілері

Ұлттық қатынастардың субъектілеріне

үлкен және кіші этностар жатады.

Халықтың әр түрлі әлеуметтік топтары

мен жіктері де қайсібір этностардың

өкілі ретінде және ұлттық-этникалық

проблемаларды

шешудің

мақсаты

бойынша

ұлттық

қатынастардың

субъектілері бола алады.

1.  КӨП  ҰЛТТЫ 

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ 

ЭТНОСАРАЛЫҚ 

ҚАТЫНАСТАР

Шығыс

пен

Батыстың

тоғысында

орналасқан Қазақстан, тарихи тұрғыда түрлі

халықтар мен өркениеттердің дәстүрлері мен

құндылықтарын бойына жинақтаған теңдессіз

мемлекеттік құрылым ретінде қалыптасты. Біздің

тәуелсіз Қазақстан елімізде 130-дан астам ұлт

өкілдері

тұрады.

Қазақ

халқына

тән

қонақжайлықпен,

кеңпейілдікпен

барша

ұлттарды бауырымызға басқан елміз. Сондықтан

әлемге татулығы жарасқан үлгілі мемлекетке

айналудамыз.

Қазақстандағы татулығы жарасқан ұлттар

«Біздің еліміздің баға жетпес байлығы – қоғамдық

келісім

және

халықтардың

достығы.

Өйткені,

Қазақстанның өркениетті қоғам құру кезінде қол

жеткізген барлық табыстары – ұлтаралық келісім,

азаматтар бірлігі және ішкі саяси тұрақтылықтың

жемісі. Мен біздің елде тұрып жатқан 130 ұлт пен

ұлыстың

өкілдеріне

және

45

діни

конфессиялық

бірлестіктерге

өткен

жылдар

ішінде

кездескен

қиындықтарды еңсеру кезінде қосқан үлесі мен төзімділігі

үшін алғыс айтамын».

Н.Назарбаев

Барлық қазақстандықтардың ұлты мен

наным-сеніміне қарамастан, тең болуы және бір-

біріне деген құрметі, қоғамдық келісімнің

нығаюы, халықтар достығы Қазақстанның

мемлекеттік саясатының басты басымдықтары

болды және солай бола бермек. Этносаралық

қатынастардың берік бірлікке негізделген үлгісін

жасаудағы

Қазақстанның

тәжірибесі

сәтті

шыққан және бірегейлігімен ерекшеленеді.

Көп ұлтты Қазақстан халқы

Қазақстан

көпұлтты

мемлекет

болғандықтан

этносаралық төзімділік пен келісім, бейбітшілік мәселесі

республикада аса зор мәнге ие. Ол елдегі саяси

тұрақтылықтың негізі, Елбасының және үкіметтің

ерекше қамқорлығындағы мәселе болып табылады.

Әлемдегі беделді халықаралық ұйымдар Қазақстандағы

үйлесімді этносаралық қатынастардың озық тәжірибесін

бақылап,

зерттеуде.

Бүгінгі

қоғамда

ұлтаралық

қатынастарды дамыту проблемасының нақты әлеуметтік

тәжірибесі жайлы теориялар шетелде және отанымызда

философия, мәдениеттану, саясаттану, тарих, педагогика

ғылымдары саласында, әлеуметтік мәселе ретінде

біршама зерттелген.

«

Дамуымыздың

маңызды

алғышартына

айналған

Қазақстандық бірліктің

өнегелі

үлгісі

ғаламшардағы

мемлекет

басшылары мен

конфессия

жетекшілерінен

лайықты бағасын алды»

Н.Назарбаев                                                                 

Халықтардың

өзара

қарым-қатынас

мәдениетінің

қазақстандық

үлгісі



бұл

қоғамдағы шиеленістік, қақтығыстық жағдайды

жеңу ғана емес, сонымен қатар, оның болашақта

ұзаққа созылған қақтығыс пен жек көрушілікке

ұласып кетпеуін алдын алу болып табылады.

Қазақстан қоғамының бұндай жетістікке қол

жеткізуі оның халқының әрбір мүшесінің өз

бойында ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетін

жоғары қоюында болып отыр.

Ол туралы

Қазақстанның Ата заңында

басты бағдар

берілген.

Конституция –

Қазақстан 

Республикасының Ата 

Заңы - азаматтардың 

қоғамдық-саяси 

өмірге толыққанды 

қатысуына және 

олардың саяси 

шешімдер қабылдауға 

ықпал етуіне 

мүмкіндік беретін 

қоғам дамуындағы 

қуатты біріктіруші 

құжат. 

«Біз, ортақ тарихи тағдыр біріктірген Қазақстан халқы

байырғы қазақ жерінде мемлекет құра отырып» деп

басталатын басты құжатта Қазақстанның тұрақты дамуы мен

өркендеуінің берік негізі салынды. «Демократиялық, зайырлы,

құқықтық және әлеуметтік мемлекет» құру - Елдік мұраттың

басты бағыттары болып бекітілді. Конституцияда этностық

азшылық құқықтарын қорғау жөніндегі халықаралық

өлшемдерге жауап беретін қоғамдық келісім мен этносаралық

ынтымақтың қазақстандық үлгісінің құқықтық негізі

қаланды. Осының негізінде, Қазақстанның мемлекеттік

ұлттық саясаты қоғамдық келісім конституциялық қағидасына

негізделе отырып, жалпы адамзаттық тұжырымдарға сәйкес

халықтың біртұтастығын қалыптастыруға бағытталды.

Қазақстандағы

қоғамдық-саяси

жағдайды сараптаған адам қазақ жерінде

қандайда бір ұлтқа қатысты ксенефобиялық

көзқарастың жоқ екенін бірден байқайды.

Біздің елімізде әрбір ұлтқа деген қамқорлық

шексіз. 18-ге толған азаматтар – тегіне,

нәсіліне, ұлтына, тіліне қарамай сайлауға

қатыса алады. Ата Заңымызда

атап

көрсетілгендей кез–келген ұлт өкілі тең

құқылы.

«Қоғамдық келісім - Қазақстанның тұрақтылығы

мен дамуының негізі. Бұл - ойдан шығарылған формула

немесе саяси қалып емес, бұл - біздің ішкі саясатымыздың

өзегі. Бірақ ол күн сайын нақты да көрнекті әрекеттермен

толығып отыруы керек»

Н.Назарбаев

Қазақстанда дәл қазір өзге ұлт өкілдерінің діні

мен салт-дәстүрін жаңғыртуға барынша жағдай

жасалған.

Осындай

ынтымақты

тірлікке

дүниежүзінің көптеген елдері қол жеткізе алмауда.

Қазақстанда жүзеге асырылып отырған ішкі

саясаттың бір ұтымды тұсы қазақстандықтарды

түрлі

діни

конфессияларға

деген

толеранттылыққа тәрбиелеумен сабақтас.

Мұсылмандардың мешіттері

Христиандардың шіркеулері

Католиктердің костёлдері

Еврейлердің синагогасы

Қазақстанда түрлі 

діни конфессияларға 

деген толерантты-

лық  негізі ретінде  

«Қазақстан 

Республикасының 

діни қызмет және 

діни бірлестіктер 

туралы» заңы 

қабылданған.

Қазақ халқы Кеңес Одағы тарапынан

аштық пен репрессияның тауқыметін көп

тартқан ел. Бірақ біздер КСРО-ның заңды

мұрагері Ресейге қарсы ешқандай өшпенділік

пиғыл танытпадық. Ал басқа елдерде мұндай

жағдай керісінше сипат алғанын көзіміз көрді.

Іргеміздегі Ресейдің өзі әлі күнге дейін Кавказ

бен Орталық Азияның кейбір халықтарына

қатысты жағымсыз көзқарастан арыла алмай

отыр.

Өркениеттің шыңына шықты деген  Еуропаның өзінде Ислам дініне 

қатысты қайшылықты көзқарастар туындап, үлкен мәселеге айналып 

отырғаны  жасырын емес.

Әлемдік дінбасылардың құрылтайы

Бүгінгі күні Қазақстан Шығыс пен Батыстың

арасын жалғайтын «көпір» ретінде бейбітшілік пен

қауіпсіздік мәселелерін ашық талқылаудың қолайлы

алаңына айналып отыр. Мәдениеттер арасындағы

үнқатысу арқылы толеранттылықты қалыптастыру

ісі қазіргі заманғы маңызды өлшемдердің бірі ретінде

қарастырылуда. Мемлекеттік, мәдени және білім беру

салаларын қамтитын мультимәдениетті әлемдік

қоғамдастықтың біртіндеп дамуы да толеранттылық

мәселесінің маңызын арттыра түсуде.

Қазақстан



Орталық

Азияда

ұлтаралық

татулықты сақтап, алауыздыққа жол бермеген жалғыз

ел. Бүгінде кең-байтақ қазақ жерінде 11 тілде жастарға

тәлім беретін мектептер жұмыс істейді. Біздің билік

мұндай білім ошақтарының барлық шығындарын

көтеріп отырғаны белгілі. Осыдан-ақ еліміздегі өзге ұлт

өкілдеріне қандай жағдай жасалғанын бағамдай беруге

болады. Сондай-ақ, мұндай мектептер өзге ұлт өкілдері

жастарының қазақ тілін оқып-үйренуіне негіз болып

отыр. Бұдан басқа ел аумағында 13 тілде түрлі

радиохабарлар, 11 тілде газет-журналдар тарайтыны

белгілі. Бұны үлкен жетістік деп айтуымызға қақымыз

бар.

Қазақстанда 

1 мамырда Қазақстан халқының бiрлiгi 

күнi  аталып өтіледі.

Ел иесі, жер иесі саналатын қазақ халқы алмағайып

замандарда

шартараптан

бас

сауғалаған,

тағдыр

тәлкегімен босып келген басқа жұртты бауырына басты.

Өзінің тоз-тозы шыққанына қарамастан, басқаның

қайғысына да ортақтығын танытты. Кеңестік жүйе

қыспағымен қазақ даласын паналаған бөтен жұрт осында

мәңгілік тұрақтап қалды. Тәуелсіздік тұсында да қырық

жамаудай болған ұлттық құрамдағы осы ерекшелікті

негізге алғандар «жаңадан пайда болуы ықтимал үлкен

қақтығыстар алаңы» ретінде қазақ даласын меңзеген еді.

Алайда, қазақ халқының даналығы, кеңдігі мен

сыйластығы этностық тегіне, әлеуметтік, діни және де

шығу

тегіне

қарамай,

жаңа

мемлекеттің

барша

азаматының ұйысуына себепші болды.

Қазіргі таңда өзге ұлт өкілдері Қазақстан халқы Ассамблеясының 

маңайына топтасып, өзінің салт-дәстүрі мен мәдениеттерін дамытуда. 

Қазақстан халқы Ассамблеясының құрамына республикалық, аймақтық 

деңгейдегі  820-дан  аса этномәдени бірлестіктер енген. 

Қазақстан халқы ассамблеясының эмблемасы



Бүгінде  Ассамблеяның  құрылғанына 20 жыл толу мерекесін  «2015 

жылды Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы деп жариялау туралы» 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 29 тамыздағы № 407 

Қаулысы  бойынша бүкіл республика аумағында атап өтудеміз.

Ассамблеяның құрылғанына 

20 жыл толу  мерекесіне орай 

эмблема жасалынып, 

осының негізінде 2015 ж. 23 

қаңтарда № 994 қаулымен  

«Қазақстан халқы 

Ассамблеясына 20 жыл» 

мерекелік медалі 

тағайындалды.  Ол 

медальмен Қазақстан 

халқының бірлігін 

қамтамасыз етуге елеулі үлес 

қосқан  Қазақстан 

Республикасының 

азаматтары мен шетел 

адзаматтары 

марапатталады.

Қазақстандағы

аз

ұлттардың

өкілдерінің

мұқтаждығын өтеуге,

ұлтаралық қарым-қатынас

аясында үйлесім орнатуға барынша жағдай жасалған.

Барша ұлттардың азаматтық, саяси, экономикалық,

әлеуметтік, мәдени құқықтарын қорғауға байланысты

жүзеге

асырылатын

шаралар

халықаралық

стандарттарға сай және осы орайда өзге мемлекеттерге

үлгі бола алатынын айта кеткен жөн.

Өзара сыйластық пен төзімділікке, бейбітшілік пен

келісімге негізделген қоғамдық қатынастар әлем

сахнасында

Қазақстанның

шынайы

имиджін

қалыптастыруға игі ықпал жасауда деп толық айта

аламыз.

2. ТОЛЕРАНТТЫҚ  ҰҒЫМЫ.

ТОЛЕРАНТТЫҚ ФЕНОМЕНІ

Ұлтаралық

қарым-қатынас мәдениетінің

маңызды факторына толеранттық

немесе

төзімділік феномені жатады.

Толеранттылық ұғымының мәні тереңде

жатыр. Толеранттық ұғымы Антика дәуірінде

бастау алған.

Антика ойшылдары

тиімді

әсер етудегі

төзімділіктің рөлін сол кезде ақ мойындаған.

Сократ пен Платон: 

«Төзімділік» деген  -

интеллектуалды 

аскетизм  және 

адамдардың рухани 

және әлеуметтік 

бірігуінің алғы 

шарты»   деп 

қарастырған.

Аристотель: 

«Төзімділік» деген 

заттар мен 

адамдардың тең 

тіршілік ету 

мүмкіндігі»  деп  

айтқан

.


Орта ғасырдағы Еуропа философтары «төзімділік мәселесі

діни соғыстар кезеңінде пайда болады» деп атап өткен, дәлірек

айтқанда толеранттық /төзімділік/ деген ұғым ең алғаш

католиктер мен протестанттар арасындағы діни соғыс кезінде

«екі жақтың бірін-бірі аяушылық, бітімге келушілік»

мақсатында қолданылған.

«Толеранттылық» сөзі  ең  алғаш рет 1361 жылы  ұғым ретінде 

пайда болған»  деп, ХҮІІ ғ. француз филологы, педагогы  Пьер 

Ларусстың  энциклопедиялық сөздігінде  жазылған.

Ағылшын 

этимологиясының 

Оксфорд сөздігі 

«tolerance» ұғымының 

ХҮ ғасырға,  ал 

«toleration» ұғымының 

пайда болуын XVI ғ. 

жатқызады. Егер ХҮ 

ғасырда ол «төзімділік», 

«ауруға төзу қабілеті» 

мағынасында 

қолданылса, XVI 

ғасырда «ризалық», 

«ұстамдылық», 

«сабырлылық» 

ұғымдары ретінде 

қолданысқа енген.

«Толерантный»

(«толеранттылы»),

«толерантность» («толеранттылық») сөзі латын

тілінен француз тіліне, кейін еуропа тілдеріне енген.

Сөздің мәні

«рухани, адами, идеялық, діни

көзқарастар менің ұстанымдарыма жат болса да,

қабылдаймын» дегенді білдіреді.

Педагогика ғылымында толеранттылық -



төзімділік,

шыдамдылық,

ымыраластық,

байсалдылық, кісілік, ізгілік, кемелін таңдау,

келісімін табу деген мағына береді

.


1995 ж.

ЮНЕСКО-ның

Бас 

конференциясы бекіткен

«

Толеранттықтың принциптері

Декларациясында» толерантты-

лық былай қарастырылады: 

1) 

әлемнің бай мәдениеттерін, 

өзін-өзі көрсетуін, жеке адамның

қасиеттерінің көрініс табуын

дұрыс түсініп, қабылдап, 

құрметтеу; 

2) 

наным-сенімдерден, ақиқатты

шексіздендіруден бас тарту және

халықаралық құқықтық акті -

лерде бекітілген адам құқы

саласындағы ережелерді бекіту. 

Қазақ түсінігіндегі

«

қонақжайлық»  ұғымы осы 

толеранттық ұғымымен

мағыналас келеді.

Қаз дауысты Қазыбек бидің қалмақ  ханы Қалдан 

Бошоқтуға айтқан сөзі

:

«Біз қазақ деген мал баққан 

елміз, бірақ ешкімге 

соқтықпай жай жатқан 

елміз, ешбір дұшпан 

басынбаған елміз. 

Достығымызды сақтай 

білген елміз... Асқақтаған 

хан болса, ордасын таптай 

білген елміз... Берсең 

жөндеп, бітіміңді айт, не 

тұрысатын жеріңді айт!»

Тарих ғылымдарының докторы, профессор Хангелді Әбжанов:

«Толеранттылық түсінігіне 

қазақтың сабырлылық ұғымы дәл 

келеді деп ойлаймын. Қазақ 

«Сабыр түбі – сары алтын» дейді. 

Халықтың толеранттылығы және 

мемлекет құраушы ұлттың 

толеранттылығы болады. Екеуінің 

миссиясы бір-бірінен бөлектеу 

болады деп айтуға болады. Ал, енді 

бодан халықтың толеранттылығы 

шектен шығып кетсе, ездікке 

апарады. Керісінше, мемлекет 

құраушы ұлттың толеранттылығы 

шектен шығып кетпесе, онда ол 

басқа ұлттарды, этносты 

біріктіруші факторы саналады

»

Х.Әбжанов

Толеранттық және интолеранттық

Толеранттылыққа

қарама-қарсы

қайшылықтардың

(интолеранттылықтың)

адамзат тарихының барлық кезеңінде де

болғаны рас. Интолеранттылы - шыдамсыз,

үрейлі адам, кінәні өзінен емес басқа адамнан

іздейді. Сондай адамдардың өмірде жиі

кездесуі

қоғамда

түрлі

проблемаларды

тудыруға ықпал етеді. Соның салдарынан

түрлі соғыс, діни қудалаушылықтар мен

идеологиялық қақтығыстар, ажырасулар,

тастанды балалар, жасөспірімдер арасында

суицидтер туындайтыны дәлелдеуді қажет

етпейтін шындық.

Толеранттық деген сөзге қоғамдық өмірге байланысты

жалпылама мынандай түсінік қалыптастыруға болады:

Толеранттылық – бұл жергілікті халықтың басқа ұлт

өкілдеріне және басқа діндегі адамдарға түсіністікпен қарап,

оларды қудаламауының белгісі. Жалпы толеранттылық

өркениетті қоғамға тән құбылыс. Бұл – халықтың сана-

сезімінің, дәстүрінің, рухани байлығының кемелденгенінің

айқын көрінісі.

Ұлтына қарамастан Қазақстанда тұратын әрбір азамат

Қазақстанды туған Отаным деп түсінуі қажет. Сонда ғана

адамның жүрегінде қазақстандық патриотизм сезімінің, өз

Отанына деген перзенттік мақтаныш сезімнің өркен жайып

тамырлануына негіз қаланады.

Мемлекет құраушы халық ретінде қазақ халқы елдегі

этносаралық бірлік пен келісімнің сақталуына қалай жауапты

болса,

басқа

этностар

да

мемлекеттің

алдында

өз

жауапкершілігін соншалықты сезінуі қажет деген қорытындыға

келеміз.

3. ОТБАСЫНДАҒЫ ТОЛЕРАНТТЫҚ 

ТӘРБИЕ ЖӘНЕ ТОЛЕРАНТТЫҚ 

КӨЗҚАРАСТЫ  ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ 

КІТАПХАНА РОЛІ

Педагогикалық тұрғыда толеранттылықты –

төзімділік,

шыдамдылық,

ымыраластық,

байсалдылық, кісілік, ізгілік, кемелін таңдау, келісімін

табу деген мағына береді деген қорытындыға келсек,

ал осы сапаларды адамгершілік құндылықтар ретінде

қарастырсақ, өзге ұлттың тілін біліп, мәдениетін,

ділін, нанымын оқып үйреніп дүниетанымымыз

кеңісе, оны өз мәдениетімізбен салыстыра отырып,

артықшылығы мен кемшілігін ұғынуымыз тұлғалық

дамуымыздың көрсеткіші ретінде толеранттылықты

адамгершілік, мәдени, рухани құндылықтардың

құрамдас бөлігі тұрғысында қабылдай аламыз.

Толеранттылыққа тәрбиелеу ең бірінші отбасынан басталады. 

Отбасы жас ұрпақтарды жеке тұлға ретінде қалыптастырудың қайнар 

бастауы. Бала үшін отбасы бір жағынан – тіршілік қоршауы болса,  

екінші жағынан – тәрбиелік орта.

Ғалымдардың пікіріне сүйенетін болсақ олар отбасында ата-аналар 

мен балалар арасындағы қатынас түрлерін 4 түрге бөледі: 

өкім/диктат/; қамқорлық /опека/; араласпау және ынтымақтастық.



өкім /диктат/ деген қатынас ата-аналардың талабын,



бұйрығын зорлық көрсетуін бірінші орынға қояды,

талап қоюды құрмет көрсетумен ұштастырмаған

жағдайда бала тәрбиесіне зиян келтіретіні белгілі.



қамқорлық /опека/ өкімге /диктатқа/ қарама қарсы-



қатынас түрі, балаға шектен тыс қамқорлық

көрсетіп еркіндік бермеу, қиындықтарды өз бетімен

жеңуге үйретпеу, ол да бала тәрбиесіне зиянды.



араласпау - бұл қатынас түрі балалармен ата-аналар



арасында эмоционалды жылылық тудырмайды,

себебі талап, тәртіп нормалары іске аспайды.



ынтымақтастық – идеалды қатынас түрі, балаға



деген сүйіспеншілік, баланы түсіну, құрмет көрсету

талап бірлігімен ұштасады.

Интолеранттық 

қатынас түрлері:

-

өкім /диктат/

-

қамқорлық /опека/ 

-

араласпау

Толеранттық қатынас 

түрлері:

-

ынтымақтастық

Қазіргі отбасындағы қатынастардың 

төмендегідей түрлері белгіленген:



ПАРИТЕТ





тең қатынас, бір-біріне зиян келтірмейді.



ЖАРЫС





бір-бірінен асып түсуді көздейді.



КОНКУРЕНЦИЯ





билікке таласу.



АНТАГОНИЗМ





өшігу, үнемі кек алуға ұмтылу,



КОНФРОНТАЦИЯ





түсінбеушілік, қарама-қарсылық

деген ұғымды білдіреді

.


Отбасы балаға адамдармен өзара әрекеттесуге

қатысты маңызды тәжірибе береді, мұнда ол қарым-

қатынас жасауға, басқаларды тыңдауға және олардың

көзқарастарын

сыйлауға,

туған

туысқандарына

шыдамдылықпен

қарауға

үйренеді.

Ата-ана



толеранттылықтың үлгісі бола білу керек.

Толерантты мінез-құлықтың тәжірибесін меңгеру

кезінде ата-ана мен туыстардың берген үлгілері үлкен

мәнге

ие.

Ең

негізгісі

бұл

бала

бойында

толеранттылықтың қалыптасуына отбасындағы қарым-

қатынас, ата-аналар мен туысқандар арасындағы әрекет

жасау стилі жатады.

Отбасындағы қарым-қатынастың дұрыс болып қалыптаспауы 

мұғалімдерді де,  ата-аналарды да ойландыратын ортақ мәселелер.

Педагог ата-ананы қайта тәрбиелей алмайды, бірақ ата-анамен бала 

арасындағы өзара қатынасқа әсер ете алады және  арнайы жұмыс 

негізінде баланың өзгелерге деген қатынасын түзете алады,  яғни 

тұлғаның толеранттығын қалыптастырады.

Толеранттық құндылық нысаналары

білім алу барысында өзінен-өзі қалыптасады

деп

есептеуге

болмайды.

Толеранттық

құндылық бағыттарының қалыптасуы тиісті

сана-сезімді тәрбиелеп, адамның эмоциялық

өрісін дамытқан кезде ғана іске аспақ, немесе

бағытты тәрбиелік әсер етуді талап етеді.

Әрбір бала болашақ азамат, ол азамат белгілі бір қоғамда өмір 

сүреді. Ол қоғамда өзіне тән қарым-қатынастар болады, соған сай 

болашақ азаматтың да мінез-құлқы толеранттылыққа, өз-ара 

адами сыйластықты сақтай білуге тәрбиеленуі керек. Ондай 

қасиеттерді баланың бойына сіңіретін алдымен отбасы десек, 

одан кейін мектеп және кітапхана.   

Толеранттық көзқарасты дұрыс қалыптастыруда

кітапхананың

атқарар міндеті ауқымды. Өйткені

кітапхана – білім және тәрбие процесін әдебиетпен және

ақпаратпен

қамтамасыз

ететін,

рухани

және

интеллектуалдық қатынастарды, мәдениетті тарату

орталығы.

Кітапхана - бүгінгі таңдағы қоғамдық өзгерістер,

қоғамның өркениетті деңгейге көтерілуі жайлы

мағлұмат беретін ақпарат орталығы.

Қазіргі кітапханашы  тек қана кітап беруші емес, ол   - педагог,  ұстаз, 

әдіскер, библиограф, тәрбиеші, көмекші, бағыттаушы, құрастырушы, 

жинақтаушы, ұсынушы,  ұйымдастырушы, жүргізуші, 

бағдарламашы, ақпарат таратушы.

Кітапхананың жұмысын коғам мен адамнан бөліп қарауға 

болмайды.  Кітапхана рухани қазынаны жинақтайтын киелі орын. 

Сол себепті кітапхананың жас ұрпаққа тәрбие берудегі 

ролі өте зор.

Атақты авар ақыны Расул Ғамзатов: «Өзіңді өзің тану үшін кітап 

керек, өзгені тану үшін де кітап керек» деген тамаша сөз айтқан. 

Адам айнаға қарап бет жүзін көретіні сияқты кітап оқу арқылы 

жаңа әлемді таниды, басқа ұлттың, басқа халықтың, басқа бір елдің, 

қоғамның мәдениетін, тілін, тұрмысын, салт-дәстүрін біледі.

Сол себепті кітапхана қорындағы әдебиеттердің мазмұны да

тәрбие түрлеріне сәйкес болып келеді. Қордағы әдебиеттердің

басым бөлігі тәрбие құралы болып табылады.

Ал

толеранттылық рухта тәрбиелеуді кезек күттірмейтін мәселе

ретінде қарастыру қажет, өйткені ол төзімсіздік сияқты

келеңсіздікке жол бермейді.

Кітапхана қорындағы әдебиеттер

мазмұны жағынан

халық

педагогикасы,

ұлттық

тәрбие,

отансүйгіштік,

адамгершілік, азаматтық, имандылық, мәдени, эстетикалық,

этикалық т.б. тәрбие туралы әдебиеттермен толықтырылған.

Бұлардың бәрі де толеранттылықпен ұштасып жатады, себебі

біз көп ұлтты мемлекетпіз, сол себепті жас ұрпаққа алдымен

отансүйгіштік, адамгершілік тәрбиемен бірге толеранттық

тәрбие беру басты мәселе болып отыр.

Кітапхананың жас оқырмандарға әдебиет ұсынумен қатар, көптеген

тәрбиелік шаралар да ұйымдастыратын жақсы үрдістері қалыптасқан.

Кітапхана әртүрлі көпшілік шаралар өткізу арқылы оқырмандардың

толеранттылығын қалыптастыру бағытында маңызды жұмыстар атқарады.

Кітапханалар, әсіресе білім саласы кітапханалары 1

мамыр –

Қазақстан халқының бірлігі күні немесе

16

қараша Халықаралық

төзімділік (толеранттық) күніне орай толеранттық ұғымын қарапайым

тілмен жете түсіндіру, Қазақстанды мекендейтін өзге ұлт өкілдерінің

өміріне, мәдениетіне, салт-дәстүрлеріне, ұлттық өнеріне назар аударып,

құрмет білдіруге тәрбиелеу мақсатында

оқырмандарға

арналған


«Қазақстан халқының бірлігі күні», «Ынтымағы жарасқан елміз»,

«Толеранттылық – бейбітшілікке бастау», «Бүгін халықаралық

толеранттылық күні «Ынтымағы жарасқан елміз», «Достық пен

келісім», «Халық достығы – тіл достығы» «Толеранттық әр үйде» атты

фестивальдер, кештер, кездесулер, концерттік бағдарламалар, слайд-шоу,

әңгіме–презентациялар, мектеп кітапханаларында - сурет салу, қолөнер,

көркемөнерпаздар байқауларын,



«Ақпыз, қара, сарымыз – ағайынбыз

бәріміз», «Біз бәріміз әр түрліміз», «Толеранттылық планетасы» атты

тәрбие сағаттарын өткізуіне болады.



Кітапхананың көркі көрме ғой. Осы орайда кітапханада  арнайы 

«Бейбітшілік 

және келісім – басты құндылық», «Ұлтымыз бөлек болса да, отанымыз бір»,  

«Жүз халық – бір отбасы», «Отаным да, үйім де киелі мекен қазақ жері»,        

«Ырыс алды – ынтымақ»  атты кітап көрмесін ұйымдастыруға болады

Кітап көрмесіне қойылатын кітаптар

Кітап көрмесіне қойылған  

кітаптар туралы жан-

жақты ақпарат беріліп, 

төзімділік, мейірімділік

достық пен өзара көмек, 

әдептілік пен этика ереже –

лері туралы,     кітап 

көрмесіне койылған 

Қазақстанда қоныстанған 

халықтардың әдет-ғұрып, 

салт-дәстүріне байланысты 

кітаптарға, мерзімді 

басылым беттерінде жарық 

көрген мақалаларға  

ауызша шолу жасалынады.

Қорыта

айтқанда,

жас

жеткіншектерге

арналған

кітапхананың тәрбиелік саладағы атқарар жұмысы көп.

Болашақта да кітапхана тәрбиенің барлық түрлерін беретін,

мәдени, ақпараттық орта болып қала береді. Жоғарыда

айтылған шаралар бір ғана мысал, одан басқа да тәрбиелік

шараларды өткізу кітапхана жұмысына тән нәрсе. Әсіресе көп

ұлтты мемлекетте өмір сүргеннен кейін ұлтаралық

қатынастар тәрбие түрлерінің ең алдында тұратын маңызды

мәселе деп айтуға болады.

Алдағы уақытта толеранттылық біздің халқымыздың күнделікті 

өмірінің дағдысына, дәстүріне айналуы керек. Біз толерантты қоғам 

арқылы ұлттық болмысымызды жойып алмауға баса мән берген жөн. 

Қайта керісінше толерантты қоғамды пайдаланып тілдік, ұлттық 

басымдылыққа жетудің жолдарын  қарастырғанымыз  абзал.

.

Біздің жалпыұлттық идеямыз – Мәңгілік Ел. Бұл идеяны

өміршең ететін – елдің бірлігі. Бірлік болмаған, ауызбіршілік

қашқан, алауыздық болған жерде береке болмайды. Сол себепті

Елбасы Жолдауында айтқандай, біздің кейінгі ұрпаққа аманат

етер ең басты байлығымыз – ел бірлігі болуы керек. Қазақстан

халқының бірлігі, мемлекеттік тіл, барша азаматтардың теңдігі

және

олардың

Отанымыз

алдындағы

жауапкершілігі

Қазақстанның ХХІ ғасырдағы қарышты дамуын қамтамасыз

ететін темірқазыққа айналуы қажет.

Биылғы жыл – ұлттық тарихымызды ұлықтау және бүгінгі

биіктерімізді бағалау тұрғысынан ерекше жыл, яғни



Қазақ

хандығының 550 жылдығы, Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің

70

жылдығы, Қазақстан Республикасы Конституциясының 20

жылдығы және Қазақстан халқы Ассамблеясының 20

жылдығы

бір жылда аталып өтілуде. Бұл деген біздің қазақ елі

үшін үлкен жетістік, тарихи оқиғаБұл оқиғалар халықтың

бірлігінің, отансүйгіштігінің, елдегі саяси тұрақтылықтың жемісі

деп білеміз.


«Бірлігі

берекелі,

тірлігі

мерекелі,

ынтымағы жарасқан елдің ғана ырысы мен

табысы мол болмақ»

Н.Назарбаев

в


«Төртеу түгел болса төбедегі келері» хақ. Сан ұлттың

мекені болған мемлекетіміздің алар асуы алда. «Байлық –

байлық емес, бірлік – байлық» дегендей, расында,

Қазақстанның

саяси-әлеуметтік

дамуында

«бірлік»

категориясы ең негізгі құндылық болып табылады. Бірлігі

бекем елдің болашағы нұрлы, келешегі кемел. Әрдайым осы

бірлігімізден

айырылмай,

татулығымыздан

танбай,

жұбымызды жазбай, болашаққа бірге қадам баса берейік. Ел

тыныштығының тұнығы бұзылмай, бейбіт елдің берекесі арта

берсін!

НАЗАР  ҚОЙЫП, 

ТЫҢДАҒАНДАРЫҢЫЗҒА 

РАХМЕТ

!

Пайдаланған әдебиеттер:

1. Назарбаев Н. Ой бөлістім халқыммен /Н.Назарбаев. – Алматы: 

Мектеп, 2006. – 248 б.

2. Назарбаев Н. Қазақстан халқының азаматтық таңдауы – тарихи 

зерде, ұлттық татулық және демократиялық реформалар. Қазақстан 

халықтары Ассамблеясының ІҮ сессиясындағы баяндама 

/Н.Назарбаев. – Алматы: Қазақстан, 1997. – 70 б.

3.  Ұлтаралық келісім – Қазақстан Республикасының индустриалды-

экономикалық қарқынды дамуының кепілі. Аймақтық ғылыми-

практикалық конференция материалдары. 23 сәуір 2012 ж. – Тараз: 

Тараз университеті. – 2012.

4. Жумагулова Ш.Б. Бірлігіміз жарасқан / Ш.Б.Жумагулова 

//Мектептегі кітапхана. – 2014. - № 6. – 34-б.

5. Ғаламтор материалдары, ғаламтордан алынған фотолар, суреттер



Document Outline

  • Слайд номер 1
  • Слайд номер 2
  • Слайд номер 3
  • Көп ұлтты мемлекеттерде ұлтаралық қатынастар қалыптасады. Ұлтаралық қатынастар – бұл көп ұлтты қоғамның ішіндегі саяси, әлеуметтік, экономикалық, мәдени, тілдік және басқа да қатынастардың жиынтығы.
  • Слайд номер 5
  • Ұлтаралық қатынастар:
  • Ұлттық қатынастардың субъектілері
  • Слайд номер 8
  • Слайд номер 9
  • Слайд номер 10
  • Слайд номер 11
  • Слайд номер 12
  • Көп ұлтты Қазақстан халқы
  • Слайд номер 14
  • Слайд номер 15
  • Слайд номер 16
  • Слайд номер 17
  • Слайд номер 18
  • Слайд номер 19
  • Слайд номер 20
  • Слайд номер 21
  • Мұсылмандардың мешіттері
  • Христиандардың шіркеулері
  • Католиктердің костёлдері
  • Еврейлердің синагогасы
  • Слайд номер 26
  • Слайд номер 27
  • Өркениеттің шыңына шықты деген  Еуропаның өзінде Ислам дініне қатысты қайшылықты көзқарастар туындап, үлкен мәселеге айналып отырғаны  жасырын емес.
  • Әлемдік дінбасылардың құрылтайы
  • Слайд номер 30
  • Слайд номер 31
  • Слайд номер 32
  • Слайд номер 33
  • Слайд номер 34
  •       Қазіргі таңда өзге ұлт өкілдері Қазақстан халқы Ассамблеясының маңайына топтасып, өзінің салт-дәстүрі мен мәдениеттерін дамытуда. Қазақстан халқы Ассамблеясының құрамына республикалық, аймақтық деңгейдегі  820-дан  аса этномәдени бірлестіктер енген.  
  •    Бүгінде  Ассамблеяның  құрылғанына 20 жыл толу мерекесін  «2015 жылды Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы деп жариялау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 29 тамыздағы № 407 Қаулысы  бойынша бүкіл республика аумағында атап өтудеміз.
  • Слайд номер 37
  • Слайд номер 38
  • Слайд номер 39
  • Слайд номер 40
  • Слайд номер 41
  • Слайд номер 42
  • Слайд номер 43
  •  «Толеранттылық» сөзі  ең  алғаш рет 1361 жылы  ұғым ретінде пайда болған»  деп, ХҮІІ ғ. француз филологы, педагогы  Пьер Ларусстың  энциклопедиялық сөздігінде  жазылған.  
  • Слайд номер 45
  • Слайд номер 46
  • Слайд номер 47
  • Қаз дауысты Қазыбек бидің қалмақ  ханы Қалдан Бошоқтуға айтқан сөзі:
  •  Тарих ғылымдарының докторы, профессор Хангелді Әбжанов:  
  • Толеранттық және интолеранттық
  • Слайд номер 51
  • Слайд номер 52
  • Слайд номер 53
  •      Толеранттылыққа тәрбиелеу ең бірінші отбасынан басталады. Отбасы жас ұрпақтарды жеке тұлға ретінде қалыптастырудың қайнар бастауы. Бала үшін отбасы бір жағынан – тіршілік қоршауы болса,  екінші жағынан – тәрбиелік орта.
  • Ғалымдардың пікіріне сүйенетін болсақ олар отбасында ата-аналар мен балалар арасындағы қатынас түрлерін 4 түрге бөледі: өкім/диктат/; қамқорлық /опека/; араласпау және ынтымақтастық.
  • Слайд номер 56
  • Слайд номер 57
  • Слайд номер 58
  • Отбасындағы қарым-қатынастың дұрыс болып қалыптаспауы мұғалімдерді де,  ата-аналарды да ойландыратын ортақ мәселелер. Педагог ата-ананы қайта тәрбиелей алмайды, бірақ ата-анамен бала арасындағы өзара қатынасқа әсер ете алады және  арнайы жұмыс негізінде баланың өзгелерге деген қатынасын түзете алады,  яғни тұлғаның толеранттығын қалыптастырады.
  • Слайд номер 60
  •    Әрбір бала болашақ азамат, ол азамат белгілі бір қоғамда өмір сүреді. Ол қоғамда өзіне тән қарым-қатынастар болады, соған сай болашақ азаматтың да мінез-құлқы толеранттылыққа, өз-ара адами сыйластықты сақтай білуге тәрбиеленуі керек. Ондай қасиеттерді баланың бойына сіңіретін алдымен отбасы десек, одан кейін мектеп және кітапхана.  
  • Слайд номер 62
  • Қазіргі кітапханашы  тек қана кітап беруші емес, ол   -  педагог,  ұстаз, әдіскер, библиограф, тәрбиеші, көмекші, бағыттаушы, құрастырушы, жинақтаушы, ұсынушы,  ұйымдастырушы, жүргізуші, бағдарламашы, ақпарат таратушы.
  • Кітапхананың жұмысын коғам мен адамнан бөліп қарауға болмайды.  Кітапхана рухани қазынаны жинақтайтын киелі орын. Сол себепті кітапхананың жас ұрпаққа тәрбие берудегі ролі өте зор.
  • Атақты авар ақыны Расул Ғамзатов: «Өзіңді өзің тану үшін кітап керек, өзгені тану үшін де кітап керек» деген тамаша сөз айтқан.         Адам айнаға қарап бет жүзін көретіні сияқты кітап оқу арқылы жаңа әлемді таниды, басқа ұлттың, басқа халықтың, басқа бір елдің, қоғамның мәдениетін, тілін, тұрмысын, салт-дәстүрін біледі.
  • Слайд номер 66
  • Кітапхананың жас оқырмандарға әдебиет ұсынумен қатар, көптеген  тәрбиелік шаралар да ұйымдастыратын жақсы үрдістері қалыптасқан.      Кітапхана  әртүрлі көпшілік шаралар өткізу арқылы оқырмандардың толеранттылығын  қалыптастыру бағытында маңызды жұмыстар атқарады.
  • Слайд номер 68
  •    Кітапхананың көркі көрме ғой. Осы орайда кітапханада  арнайы «Бейбітшілік және келісім – басты құндылық», «Ұлтымыз бөлек болса да, отанымыз бір»,  «Жүз халық – бір отбасы», «Отаным да, үйім де киелі мекен қазақ жері»,        «Ырыс алды – ынтымақ»  атты кітап көрмесін ұйымдастыруға болады
  • Кітап көрмесіне қойылатын кітаптар
  • Слайд номер 71
  • Слайд номер 72
  • Слайд номер 73
  • Слайд номер 74
  • Слайд номер 75
  • Слайд номер 76
  • Слайд номер 77
  • Слайд номер 78
  • Слайд номер 79
  • Алдағы уақытта толеранттылық біздің халқымыздың күнделікті өмірінің дағдысына, дәстүріне айналуы керек. Біз толерантты қоғам арқылы ұлттық болмысымызды жойып алмауға баса мән берген жөн. Қайта керісінше толерантты қоғамды пайдаланып тілдік, ұлттық басымдылыққа жетудің жолдарын  қарастырғанымыз  абзал. .  
  • Слайд номер 81
  • Слайд номер 82
  • Слайд номер 84
  • Слайд номер 85
  • Слайд номер 86


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет