Толерантты мінез–құлықты қалыптастырудың маңызды шарты, бір жағынан, бала үшін ортаның маңызын, әр түрлі жақтарына баланың көзқарасын зерттеу болып табылса, екінші жағынан орта көзқарасы оқушының «болу» мүмкіндігін жасауға мүмкіндік беруі, яғни толеранттық мінез-құлық белгілеріне ие тұлға ретінде қалыптасуына жағдай жасауы керек.

Толерантты мінез-құлықты қалыптастыруға әдіснамалық көзқарасты теориялық талдау бізге толерантты мінез-құлықты қалыптастыру мәдениеті тұлғаны қалыптастыруда осы үдерістің білімдік және тәрбиелік бағыттармен арақатынасы нақты анықталғанда өзінің лайықты орнын алады деп қорытынды жасауға мүмкіндік береді.
Толерантты мінез-құлықты қалыптастыру екі жақты келісімді макро және микро деңгейлері бар.
Макро деңгей бүкіл мемлекет шеңберінде іске асады және оның басты мақсаты қоғамдағы жеке тұлғалар мен әлеуметтік топтардың демократиялық мемлекеттегі азаматтық келісімнің кепілі ретінде мінез-құлық тұрақтылығын сақтайтын, сондай-ақ басқа мемлекеттер мен әлем халықтарымен қарым-қатынаста позитивті геосаясатты жүзеге асыратын толерантты сананы қалыптастыру болып табылады.
Функциональдық мағынада бұл қасиетті қалыптастыруда үлкен жауапкершілік мемлекетке және сол арқылы мемлекеттік орындарға, мемлекеттік бағдарламалар мен заңдылықтарға жүктеледі.
Микро деңгей-жанұя, педагог пен оқушы тұлғасы. Микро деңгей шегінде табиғи-климаттық, ұлттық ерекшеліктерімен сипатталатын кіші Отанды қалыптастыруға назар аударылады. Мұндай жағдайларда оқушылардың сол жерде өмір сүретін әртүрлі халыққа толерантты мінез-құлқы қалыптасады.