Бәйдібек Баба- алып Бәйтерек Ұрпақтар шежіресі 2003 жыл б 32 Бәйдібек баба- алып бәйтерек



бет105/333
Дата18.11.2023
өлшемі1,19 Mb.
#124407
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   333
ДИҚАНБАЕВ ҚАЖЫМҰҚАН – ЕҢБЕК ЕРІ

1938жылы Қайнар ауылында дүниеге келген Диқанбай қарияның Қажымұқан өзге үш ұлына қарағанда ел назарына ерте ілінді. Жаңа талап, жасөспірім шағында «кішкентай тракторист» атанды. Он алтыға толар-толмас шағында тең құрбыларынан құрметі артып, шаршы топтың алдында сыйлыққа сағат алды. Ол алғаш еңбекке араласып, трактор тізгінін ұстаған шағында Қалиев Асылбек, Құдайбергенов Ысмарұл секілді тәжірибелі механизаторлардан алған тәлі-тәрбиесі аз болған жоқ. Білмегенін үйренді. Ағаларының ақылын алды. Жалықпай еңбектенді. Мұндай еңбек жас жігітті биіктерге жетеледі.


Әсілі, Қажымұқан жастайынан - ақ еңбекке жұғымды болып өсті. Бұған әкесі Диқанбайдың шаруақорлығы мол шарапатын тигізген

секілді. Туған колхозының іргетасын қаласуға бар жанымен, еңбегімен үлесін қосқан Диқанбай да асыл сүйекті азамат еді. 1966жылы колхозда бидай бітік өсті. Сол жылы Қажымұқан нағыз ер жігітке тән қимыл көрсетіп, бір маусымда 818 гектар алұаптың егінін орып, 16584 центнер астық бастырды. Осынау еңбегі үшін Еңбек Қызыл Ту орденін кеудесіне тақты. 1972 жылы оның қол жеткізген табысы одан да жоғары болды. Сөйтіп, Социалистік Еңбек Ері атанды. Өңіріне Ленин ордені мен Алтын жұлдыз тағылды. Кеудесіне күн сәулесі жарқыраған жігіт, ауданның мақтанышына айналды. КПСС XXV съезіне делегат болды.


Сүйменді

Айт Бозым Қыстық (Байжиен)


Таңатар Бидайшы Унаншы Мамадияр
Қаңылбай Қанқарбай Жанбаба Қалыбек

Қабылан Серікбай Кенбаба Сүйіндік (ұрпақ жоқ) Дәутай


Тұматай Ерназар

Қаңкелді Наурызбек


ТАҢАТАР

ТАҢАТАРДАН - Қаңлыбай, Хангелді, Қасабан, Туматай Таңатар, Қаңлыбай, Рай ата ұрпағы
Таңатар - Қаңлыбай.
Қаңлыбайдан - Рай, Естемес, Ырсымбет, Шонды- Шоншы, Бапан. Райдан - Ыстыбай, Шонды, Бапан, Байғара, Шойғара, Берсүгір. Шондыдан - Айдос, Жайлмыс, Құдайқұл.
Айдостан - Баукенбай, Күлдір, Мендеке, Таутеке, Текелі, Жәндеке, Құлан, Сарбағыс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   333




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет