Бәйдібек Баба- алып Бәйтерек Ұрпақтар шежіресі 2003 жыл б 32 Бәйдібек баба- алып бәйтерек



бет19/333
Дата18.11.2023
өлшемі1,19 Mb.
#124407
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   333
Байланысты:
албан шежіресі

Б. Атыханұлы

Әжібай – халық батыры Шамамен /1699-1778 ж./
Әжібай батыр есімі Қызылбөрік әулетіне ортақ ұран. Ел болған соң одан кейін де атақты адам туған. Соның атын иеленейік, /өзімшілдік қай заманда да бар ғой/ ұран етелік деген қызылбөріктер табылған. Кейін жолы болмағандықтан "бәйгеге қосқан аттары түгел өліпті" Қой, Әжібай батырдың киелі әруағын аттамалық деген пәтуаға тоқтаған. Әзірше бұзғаны жоқ. Қызылбөріктің ата қонысы – Алматы, Есік, Түрген, Асы-Сағы, Шілікті /Шелек ауд. орталығы /Шарын өзенінің басынан Көлсайға дейінгі жер. Қазіргі Медеу мұз айдынында Құланаяндар отырған. Ақиық Құланаян Құлмағанбет ақынның аталары. /Құланаяннан: Айтқұл. Одан: Танабай, Одан: Жаңбыршы. Одан: Мамаш, одан: Медеу, Одан: Мамырайым, Ыбырайым. Мамырайымнан – Дәулетияр, Одан: Ұйқасбай т.б./. Әжібай батыр Асы жайлауында туған. Бозым, Әлмерек Абыздың, Айт, Қалыбек батырдың Қоңырбөрік, Өтей батырдың Сегізсары, Байсейіт батырдың, осылардың ізін баса даңқы шыққан Алжан Райымбек, Қыстық Малай т.б. батырлардың заманында өмір сүріп, ерен ерлік көрсеткен. Жоңғар империясынан ата-қонысын азат еткен Сарбаздарды басқарған. Батырдың ерлік жорықтары жайлы ел жадында сақталған әңгіме, жыр көп. /ол өзі бір кітап. Біздікі энциклопедиялық мақала/. Соның бірі XX ғасырда Мем. Мұрахат қоймасынан табылған "Ер Әжібай" дастаны. Оны тегі Дулат, Әбзейіт / Абдолзейіт/ Мәлікеұлы жазған. Кітапты ҚР Ғылым академиясының ғалымы Тоқтар Әлібектің ректорлығымен, Әжібай батырдың ұрпағы шығарған медицина ғылымының докторы, академик Кеңесбай Үшбайұлы 1997 ж. Асысаға ауылында, Әжібай батыр мешітін орнатты.

Халқы қадірлеген батыр XX ғасырдың аяғында туған елінің ұрпақтарымен қайта табысты. Оны баласының баласына үлгі – өнеге ету өсер өркеннің парызы. Әжібайдың туған жылы Дулат, Өтеген батырмен шамалас екені анықталды. Батырдың тікелей ұрпағы медицина ғылымдарының докторы Кеңесбай Ұшбайұлының айтуынша Әжібайдың кенже баласы Бердіқожаның шөбересі Ноғайбай ақсақалда XYII ғасырдың аяғында туғанын межелейді. Ноғайбай Тұрысбекұлы 103 жасында 1953 жылы дүниеден қайтты. Ер Әжібай жайлы Әбсейіт Мәлекеұлы тарихи дастан жазды. Бұл кітап 1997 жылы "Журналист" баспасынан жарық көрді. Алғысөзін тархи ғылымдарының докторы профессор ҚР ғылым министірлігі-ғалым академиясының корреспондент мүшесі Кеңес Нұрпейісұлы жазды. Осы жинақта батыр жайлы ел аузындағы мына төменгі адамдар жинақтады Медеубекұлы Сағатбек, Тоқтар Әлібек, Сариев Сағыныш, Жақыпжан Нұрғожаев секілді қаламгерлер өз үлесін қосты.


Ал Әбсейіт Мәлікеұлы "Ер Әжібай" дастанында: Бір ата Ұлы Жүзден Албан елі
Шығыпты бұл Албаннан талай сері Қалмақтың жау кезінде көп алысқан Өтіпті Әжібай деген ердің ері Албаннан бұл Әжібай батыр шыққан Өзімен алысқанның бәрін жыққан Шабысып қалмақпенен өмір бойы Ақыры Алатаудан айдап шыққан Әжібай Найманбайдың баласы екен, Көзінің ағыменен қарасы екен. Ішінде төрт баланың түрі бөлек, Басқасы бұныменен талас екен.
Батыр туралы дастан сол замандағы қалмақтармен қатарлас күрескен сарбаздар жайлы кең мағұлымат береді. Ұрпақ есінде мәңгі сақталатыны даусыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   333




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет