Қанайұлы Серікбай – елағасы
1872 жылы Жаркент уезі, Шелек облысы Жалаңаш елді мекенінде туған. 44 жасында Қызылбөрік руына болыс болған. Еліне басшылық жасап Ағанас жазығына егін егіп, ағайын – туыстарын отырықшылыққа айналдырған. 1916 жылы ақпатшаға солдат бермейміз деп Қарқара жәрмеңкесінде Ұлтазаттық көтеріліс болады. Осы көтерілісті ұйымдастырушының бірі Қанайұлы Серікбай. Ұлттық көтерілістің батыры. Осы Қарқара жәрмеңкесіндегі көтеріліс жайлы ұлы жазушы Мұхтар Әуезов "Қилы заман" атты көркем туындысын жазды. Кітап 1928 жылы Қызылорда қаласынан жеке кітап болып шыққан. Тарихи шындықты көркем тілмен суреттеген бұл шығарманы кеңес өкіметі халыққа кең таратпады. Содан 1972 жылы кейін Шығыс Айтматовтың алғыс сөзімен "Новый мир" журналында жарық көрді. Мұхтар Әуезов бұл шығармасын Кеген ауданындағы Көкбиік деген жайлауда Серікбай Қанайұлының үйінде жатып жазған. Өйткені көтерілістің жетекшісі Серікбай көркем туындының негізгі кейіпкері. Бұндай көтеріліс қазақтың әржерінде – ақ болды. Олардың көбі, идеялогиялық пікірмен ұласқан еді. Ал нағыз қазақтың қанына тән көтеріліс Қарқара көтерілісі болғандықтан жазушы көп көңіл бөлді. Осы көтеріліске Албан руларындағы 69440 жанның 35100 адамы қырылғандығы 1917 жылы 6 желтоқсанда шыққан "Қазақ" газетінің 554 санында жарияланды. Бұл жайлы белгілі қаламгерлер Т.Жұртбаев, С. Тәнекеев, С. Байжанов, Т. Ілиясұлы, Ж. Қарабайұлы т.б. архивте отырып деректі шығармалар жазды. Патша өкіметінің
зияндық саясатын әшкереледі. Сол саясаттың құрбаны болған Қанайұлы Серікбай халық зердесінде мәңгі сақталады.
Әдетов Бекболат – жазушы, журналистер одағының мүшесі
1938 жылы 16 тамызда Алматы облысы Талғар қаласында туған. Осы жердегі С.Сейфуллин атындағы Қазақ Мемлекеттік Университетінің филология факультетіндегі журналистика бөліміне 1957 жылы Алматы облысы "Коммунизм таңы" газетінде бастаған. Кейін арнайы жолдамамен Қостанай облысына жіберілді. Мұндағы Жангелдин атындағы "Жаңа өмір" газетінде 1962-1964 жылдары жауапты хатшы болып қызмет атқарды. 1964 жылы қайтып келіп, Шелек ауданындағы "Еңбек туы" газетінде 1964-1966 ж. редактордың орынбасары болды. 1966 ж. республикалық "Қазақстан коммунисі" журналында 1966- 1968 жж. Аға әдеби қызметкер.
Алматы облыстық "Жетісу" газетінде 1968-1972 жж. Бөлім меңгерушісі, Торғай облыстық "Торғай таңы" газетінде 1972-1973 жж. Бас редактордың орынбасары, республикалық "Социалистік Қазақстан" газетінде 1973-1986 жж. Бөлім меңгерушісі, редакциялық алқа мүшесі жұмыстарын атқарды. Осыдан кейін білікті журналист, шебер аудармашы ол "Қайнар" баспасында 1986-1990 жж. Аға редактор, республикалық "Ауыл" газетінде 1990-1995 жж. бас редактор болды. Қазір ҚХБП Орталық Комитетінің органы "Дәуір - Время" газетінің бас редакторы.
Жазушы, танымал тәржімеші. Кезінде оның қаламынан туып баспа бетінен жарық көрген "Алтынай" 1977, "Бәйшешек" 1979 ж. "Жердегі жұлдыздар" 1989 ж. атты әңгімелер мен повестер жинағы оқырмандар тарабынан ыстық ықыласқа ие болса, В.Коротичтің "Өшпенділік ұсқыны" Д.Янчардың "Қашқын" романдары Б. Әдетовтың аудармасында қазақша жатық тәжілмалануымен бағалы.
Әдетов – республика баспасөзі саласындағы табанды еңбегі үшін кезінде "Құрмет белгісі" орденімен 1989 ж марапатталған. Ол – Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының иегері.
Достарыңызбен бөлісу: |