Балтаұлы Тайлақ – халық батыры. Елұраны (шамамен 1705 - 1793 ж.)
Жаркент уезі, Бозым болысы Тоғызбұлақ ауылында, Меркі елді мекенінде туған. Зираты белгісіз.
Тайлақ он бес жасында билік айтыпты. Көрші – қазақ қырғыздың қойы қоралас, жаны аралас отырған. Қыз беріп, қыз аласып төстесіп жататын ел арасындағы жер, жесір, мал дауы екі халыққа да тән қасиет.
Бірде қырғыз жігіттері қазақ қызылбөрік руының жылқысын ұрлауға келіпті. "Малым, жаным" деген заман. Жақсылық та, жамадықта та сол арқылы пайда болып, малдың күшімен шешімін табатын уақыт. Сондықтан да, бәрінің кермесінде ерттеулі ат, егеулі найза тұратын заман. Бірде қырғыз барымташыларының біреуі мерт болады.
Қарқара жайлауындағы Көктөбенің басында күнде жиын. Кейде баласы Тайлақ мал бағып жүріп дау жайын әбден түсінеді. Байқап қараса арадағы елші елдестірудің орныан, шағыстыру, жауластырып дау өрши түседі.
Әрі – сәрі отырған алқа топтың алдына Тайлақ шығып:
Даудың түбі жан екен, жанның құны мал екен. Төбе биден төрелік айтуды маған сұраймын, - деп, тілек білдіреді. Екі ұдай топ елең ете қалады. Ортада отырған қырғыздың ақсақалы: "Мынау бала екен. Амал – айла жасамас әділдік айтса осы айтар" деген байламға келген болу керек:
Еме, қағылайын, о-о-о, сені де құдай айдап келген шығар, тетігі. Елің тоқтаса, мен тоқтадым! – деп, қамшысын алдына тастайды. Бұл бір Албан әулетінің ата – қонысына оралып, ел ынтымағы айрандай ұйып тұрған кезі болу керек, бәрі келісіпті. Ол заманда елдің құны екі елу, яғни жүз жылқы.
Тайлақ:
Айтылған сөз, атылған оқ. Әр түрлі оймен ел тарайды. Жүйесін тауып, жетесіне жеткізе түсіндірген ешімге тоқтайтын заман. Уәделі уақытта жиналады. Үш күн арасында екі жақпен әңгіме жүргізген Тайлақ төбе биден білінбей мейірленіп кететін сәт болады. Сол қасиетті ақылдылар ғана бойында ұстап қалады. Тайлақ жалшыға табиғат сол мейірімін сыйлады – ау, сірә, Көктөбенің үстінде рухы көкке көтерілгендей биіктеп, көпшілік көлдей тынып құлақ салды.
Қазақ қырғыз төскейде малың, төсекте басың қосылған халықсың. Сендерге ағайындық керек пе, араздық керек пе, - деп сұрау тастайды. Екі жақ та:
Ағайынбыз, ағайындық керек! – деп шу ете қалады.
Ендеше елдігімізді екі тентектің кесірінен бұзбалық, көршінің малын ұрлау ең үлкен күнә.
Дұрыс па,
Дұрыс!
Бүгін қырғыз ұрласа, ертең қазақ ұрлайды.
Жымсымаға жылға көп, жымысқыға әңгіме көп...
Қырғыз, қазақ түгел қолдап Тайлақ баланың ойы толыға түседі. Қолын жоғары көтеріп, дүбірлеп кеткен елді тыныштандырған соң:
Аттан жығылып мерт болуы мұмкін. Ажалға араша жоқ. Көршінің көнектегі ырызғысына ұры қол сұққаны үшін қырғыз бауырлар елу жылқы төлейсің. Ал қазақ ағайын ауылыңа келген азаматтың ат көлігінің амандығына қарамағының үшін елу жылқы төлейсің.
/Тынышбек Алмабекұлы/.
Достарыңызбен бөлісу: |