Бәйдібек Баба- алып Бәйтерек Ұрпақтар шежіресі 2003 жыл б 32 Бәйдібек баба- алып бәйтерек


Жолай – Сәрменбет – Ноғай атасынан



бет203/333
Дата18.11.2023
өлшемі1,19 Mb.
#124407
1   ...   199   200   201   202   203   204   205   206   ...   333
Жолай – Сәрменбет – Ноғай атасынан.

Ноғайдан – Дөнен, Бесті, Сералы, Қарабек, Әжібек /бұл бесеуі бәйбішеден туған/, Жарықбас, Мейманқожа /екеуі тоқалы Қарашаштан туған/.
Дөненнен – Бүйенбай, Ескелді. Бүйенбайдан – Жәутік, Жұман, Жанпейіс. Наурызбай, Жадағай. Жәутіктен – Жақыпбек, одан

Мұқаман, Әдікен. Жұманнан – Сарыбас, одан Телмұхамбет, Сатыбалды, Таубалды, Ерболат, Бекболат. Телмұхамбеттен – Мұрат. Сатыбалдыдан – Медет. Ерболаттан – Марат, Ринат. Жанпейістен – Кеңесбай, Төлеген. Кеңесбайдан – Тұрсын, Айтан. Тұрсыннан – Ерболат, Талғат, Жомарт, Болат, Бекболат. Ерболаттан – Рамазан, Дархан. Талғаттан – Рысбек. Наурызбайдан – Мұқаш, одан Иса, одан Сағымбек, Дәулет, Данияр. Жадағайдан – Нұрман, Жұман, Құрман. Нұрманнан – Тұрлыбек, Тұрлықожа. Тұрлыбектен – Қуанжан, Қуанышбек. Қуанжаннан – Нұркен. Қуанышбектен – Қалижан, Қайыржан, Бауыржан, Әділжан. Құрманнан - Арғынбай, одан Нұрқанат, одан Таубалды, Ерболат, Бекболат. Ерболаттан – Ринат, Марат. Ескелдіден – Жидебай, одан Құсайын, Қасен, Манап. Құсайыннан – Нұрдәулет, одан Мұқажан, одан Тұрдақын, Әлек, Қайрат. Манаттан – Қанапия, одан Әппас, одан Әбдіғали, Нұрғали, Қуаныш, Қуандық. Әбдіғалиден – Құанышбай, Дәурен, Дәулет. Нұрғалиден – Мәулен.


Бестіден – Кебек, Толқынбай, Диқанбай, Тойлыбай, Қауымбай, Қойлыбай. Кебектен – Райымбек, Молдыбай.
Қосуын батыр, Тойбай. Кебекұлы Қосуын батыр – ел атасына қарағанда XVIII – ғасырдың аяғында өмір сүрген батыр. Батыр болу – бойына, ойына, күшіне біткен адамның қасиеті.
Батырлық өзі өскен ортасын, туған елін, туған жерін шын жүректен сүйген, үлкен тұлғадан шығыуы мүмкін. Елінің жұртының басына қиын – қыстау түскен жағыдайда, елін, жерін, ата – мекенін сыртқы жаудан қорғауға өзінің жанын пида ететін адам ғана батыр. Міне осындай батырдың батырлық Қосуын батырдың бойында болған. Оған дәлел еліне аяқ астынан дұшпан шабуыл жасаған мезгілде, жайдақ атына міне сала, қолына тиген, қысқа найзасымен, жаудың қолбасшысымен жекпе – жекте қысқа найзамен жауын түйпеп өлтірген көрінеді. Сөйтіп елін жау шапқыншылығынан аман – есен алып қалған.
Бұл батырдың атында Шетмеркіде "Қосуының текшесі" – деген жердің аты бар.
Райымбектен – Тоқтыман, Зейнел. Тоқтыманнан – Нұрмұхаммед, Мұқтар. Нұрмұхаммедттен – Сейтбек, Сейтқазы, Ұлан. Сейтбектен – Абиыр. Мұқтардан – Оралбай. Зейнелден – Сыдық, одан Талайбек. Молдыбайдан – Нүсіпбай, одан Әшірақын, Тұрғынақын.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   199   200   201   202   203   204   205   206   ...   333




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет