Бәйдібек Баба- алып Бәйтерек Ұрпақтар шежіресі 2003 жыл б 32 Бәйдібек баба- алып бәйтерек


ЕЛІМ ДЕП СОҒАР ЖҮРЕГІ САБАНШЫ – БИ



бет331/333
Дата18.11.2023
өлшемі1,19 Mb.
#124407
1   ...   325   326   327   328   329   330   331   332   333
ЕЛІМ ДЕП СОҒАР ЖҮРЕГІ САБАНШЫ – БИ

Сақай Сәйбек Сабаншы шешен шамамен 1835-40 жылдары дүниеге келген. 1910-1912 жылдары бұл Фәниден өткен. Сабаншы – би Қыстық руының қарақыстық тармағынан шыққан. Әкелері аты Елбақтыдан Қожаберді одан Түлпар одан Сақау Сәйбек одан Сабаншы мен Еренші туады. Сабаншыдан Тауатбек Нұрахмет. Ереншіден – Қожахмет бұдан бір қыз бар. Аты Тұрсынқан. Басқа тұқым жоқ. Дегенмен Сабаншы – бидің тұқымы аз. Мұны кезінде жеңбекке кейбір қарсыластары бетіне салық етіп айтады. Сабаншы мүдірместен менің сұраушым іздеушім жоқ деме ақпен қатарым кетсе. Албаным аман болса менің атым көкке өрлер дейді екен.


Есбергенов Сағыныш
АЛДЕРБАЕВ МОЛДАН – МЕМЛЕКЕТ ҚАЙРАТКЕРІ, ЕЛАҒАСЫ

1925 ж. Кеген (қазіргі Райымбек)ауданы, Қарабұлақ ауылында туған. 1943 – 1950 жылда дейін Армия қатарында болды. 3-украйын


фронтының 252 ерекше тапсырмалы бағыта соғысатын ботальонда әскерлі міндетін атқарған.


Жорық жолын Одесса қаласынан бастап бүкіл шығыс Европа елін неме – фашистерінен азат етіп Австрияның Вена қаласында аяқтаған Екінші дүниежүзі соғысының жауынгері.
Бүкіл жастық шағын Армия қатарында өткізген Молдан елге оралғаннан кейін. Красноярск қаласындағы Шығыс – Сібір орман шаруашылғы институтына оқуға түсіп 1955 жылы Жоғары білімді орман инженері мамандығын алған. Оқуды бітірісімен Алматы облысы Таушелек орман басқармасына Бас инжинер болды. Республикадағы ағаш өсіру, өңдеу технологиясын жақсы білетін білімді, білікті маманды Алматы қаласындағы (ДОК) ағаш өңдеу коминатына шақырып, оны басқару міндеті жүктелді.
А. Алдербаев 1961 жылы Москва қаласындағы орман шаруашылық институты бітірді. 17-СМУ-Алматы құрылыс басқармасында бастық, кейін құрлысты ағаш өнімінен қамтамасыз ететін Бас басқармаға басшы болды.
1969 жылы Қазақстан Орталық Партия комитетіне Республика құрлысына басшылық жасайтын бөлімге жетекшілікке шақырады. Сол қызметте 6 жыл еңбек еркен шебер ұйымдастырушы, республикадағы ірі өндірістік Завод, фабрикалардың құрлысын салуға тікелей атсалысты. Бұл Қазақ Республикасының өркендеген жылдары еді.
1975 жылы орман және ағаш өңдеу Министрлігіне Министр болып тағайындалды.
Тұған ерінің өнімінен өз отандастарын қамтамасыз етуді мақсат еткен М.Әлдербаев жиһаз жасайтын жаңа өндіріс орнын салуды бірінші кезекке қойды. Соның нәтижесінде, Қарағанды, Ақтөбе, Алматы, Талдықорған т.б. Қалалардан ірі мебель (жиһаз) жасайтын фабрикалар, комбинаттар ашты. Олар заманға сай ең жаңа технологияны іске пайдалана отырып әлемдік жаңалықтармен бәсекеге түсетін өнімдер шығарды.
Ең алғаш ұлттық баспанамыз Қазақ үй шығарытын, автоматтандырылған Үштөбе қаласынан жылына 20 мың үй жасайтын Комбинат ашылды. "Одақтық жаңалық тапқыш" деген құрметті атақтың иегері.

Қазақ Республикасының Жоғарғы Кеңесінде 3 рет сайланған халық қалауласы.


5 мемлекеттік орденмен 20 медальмен марапатталған. Республикалық дәрежедегі құрметті демалысқа шыққан.
М.Алдербаев іс-тәжрибесін, тапқан жаңалықтарын миллиондаған жерлестерімен бөлісіп отырады. 1986 ж. "Қайнар" баспасынан 10 баспатабақ ("Дом без углов") "Қазақтың үйі" – деген кітабын, 1998 ж. "Қазақ орманы аңыз - ба. Әлде "Ақиқатпа?" ("Казахский лес – миф или реальность?") деген 10 басқа табақтық кітабын "Санат" баспасы оқырмандар қолына ұсынды.
М.Әлдербаевтың өмірі мен Еңбегі жайлы жазылған деректер; "Егеменді Қазақстан" газеті 1995 IX – 13. "Уақыттан қалмау үлкен
өнер" Ж.Тұрлыбайұлы.
"Жетісу" газеті. 1995 IX – 15 "Алыптар шоғырының кенжесі" С.Байжанұлы.
"Вести Қазахстана" 14- IX. 1995 "Дорога, длиною в семьдесят лет "Жолжанов Б.И.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   325   326   327   328   329   330   331   332   333




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет